Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Тығыздық
Мектеп: Қ.Нұрғалиев атындағы «№43 мектеп -лицейі» КММ
Мұғалімнің аты жөні: Муртазалиева Анар Амангазиновна
Күні: 22.11.2017ж.
Сынып: 7
Қатысқандар:
Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы
Тығыздықты есептеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына
Сілтеме)
Барлығы: Тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану.
Басым бөлігі : Тәжірибе жүзінде әр түрлі денелердің тығыздықтарын анықтау.
Кейбір оқушылар: Сапалық есептерге логикалық анализ жасау, есептер құрастыру.
Бағалау критерийі
Қолдану: 1.Тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолданады.
2.Әр түрлі денелердің тығыздықтарына тәжірибе жүзінде анықтайды.
Талдау: сапалық есептерді талдайды, тәжірибелік есептер құрастырып, шығарады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар не істей алады?
Өз ойларын анық жеткізу, сараптама анализ жасау.
Негізгі сөздер мен тіркестер: масса, көлем, тығыздық
Құндылықтарға баулу
4. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу жаһандық бәсекеге қабілетті жоғары кәсіби маман даярлауға және өмір бойы оқып үйренуге баулу.
Пәнаралық байланыс
Жаратылыстану, математика
Алдыңғы білім
Масса, денелердің массасын өлшеуді
Денелердің көлемін анықтауды
Тығыздық формуласын біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
10 мин
Оқушылармен амандасып , түгендеу.
Жағымды психологиялық ахуал тудыру.
Егер сіз мектепке көтеріңкі көңілмен келсеңіз
Оң қолыңызды көтеріңіз.
Егер сіз адамның адалдығын бағаласаңыз
сол қолыңызды көтеріңіз
Егер сіз өз біліміңе сенсеңіз
Екі қолымызды жоғары көтереміз
Егер сізге физика пәні ұнаса
Үш шапалақ
Болашақ біздің қолымызда деп сенсеңіз , қол ұстасыңыз. Бүгінгі сабаққа сәттілік.
Топқа бөлу: 1,2,3, сандары арқылы топқа бөлінеді.
Күтілетін нәтиже: Тығыздықтың формуласын және оны түрлендіруді біледі. Тығыздық формуласын қолданып есептер шығарады, қорытынды жасайды. Сапалық есептерді талдайды және түсіндіреді. Тәжірибе жасайды, есептер құрастырады.