Тепе-теңдік сақтау. Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) гимнастикалық орындықтың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модульге және тағы басқа), тұру, қолын жоғары көтеру, түсу; заттардан ( биіктігі 10-15см), шеңберден шеңберге аттау; төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттау, орнында баяу айналу.
Мәдени-гигиеналық дағдылар.
Мәдени-гигиеналық ережелерді орындау білімін бекіту.
Киіміндегі ұқыпсыздықты байқап, оны өз бетінше, ересектердің көмегімен жоюға, қол орамалды пайдалануға үйретуді жалғастыру.