Бағдарламасы негізінде құрастырылды. ПƏннің ОҚыту бағдарламасы sillabus пəн атауы «Шағын жинақты мектептегі оқыту əдістемесі»


Жалпы құзіреттілікке қойылатын талаптар



бет4/53
Дата16.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#116053
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі 44 (1)

Жалпы құзіреттілікке қойылатын талаптар.


Əр мамандықтағы білім бакалавры еңбек рыногы мен жұмыс берушінің талаптарына жауап беретін жаңа формация маманы ретінде:

  • жаратылыстану жəне əлеуметтік-гуманитарлық білім саласынан іргелі білімдерді меңгеруі;

  • психологиялық-педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін түсіну құзырлығына ие болуы;

  • гуманитарлық, жаратылыстану жəне əлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы ғылыми-практикалық жағдайларды білуі;

  • өзінің міндеттерін орындауға кешенді түрде қарау, ойлау мəдениетін меңгеруі, ойлау операцияларының түрлерін жоғары дəрежеде меңгеруі, өзін-өзі дамыту, өзін- өзі көрсете білу амалдарын меңгеруі;

  • өз ойын жазбаша жəне ауызша дұрыс жеткізе білуге қабілетті болуы;

  • қазіргі кездегі жаңа технологияларды меңгеруі, əртүрлі ақпараттармен жұмыс істей білуі, қажетті ақпараттарды өз бетімен іздеп, талдау жасап, олардың ішінен қажеттісін таңдап алып, қайта құрып, сақтай білуі жəне оларды тарата білуі керек.



Əлеуметттік-этикалық құзіреттілікке қойылатын талаптар


Əр мамандық бакалавры еңбек рыногы мен жұмыс берушінің талаптары сай:


- еңбек рыногындағы бəсекеге қабілетті болуы;

    • педагогикалық жəне əлеуметтік қарым-қатынас амалдарын меңгеруі;

    • саяси-қоғамдық жəне əлеуметтік-экономикалық процестердің даму тенденцияларын анықтап, кəсіптік іс-əрекетінде ескере білуі;

  • мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас тілді меңгеруі, бір шет тілін қолдана білуі;

  • өзінің кəсіби еңбегінің нəтижесі үшін əлеуметтік жауапкершілікті сезінуі, кəсіби бірлестікпен қарым-қатынас жасай білуі қажет.

Кəсіби құзіреттілігіне қойылатын талаптар


Əр мамандық бакалаврлары:

  • өзінің педагогикалық іс-əрекетті, педагогикалық қарым-қатынас пен белгілі бір педагогикалық сана мен идеалдардың, құндылықтардың иесі ретіндегі тұлғалық қасиеттерінің қалыптасқандығын анықтайтын пəндік, психологиялық- педагогикалық, əдістемелік білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеруі;

  • адамдармен қажетті қарым-қатынас орната білуі;

  • өзінің даму мүмкіндіктерін анықтау, өзін дене, рухани жəне интелектуалдық жағынан дамыту, өзінің көңіл-күйін реттеу жəне өзін-өзі қолдау амалдарын меңгеруі;

  • өзінің жұмыс нəтижелерін жақсартуға, жекелік-тұлғалық ерекшеліктері мен кəсіби психологиялық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде еңбек тиімділігін көтеруге даярлығының болуы;

  • оқыту бейінділігіне байланысты білім беру мазмұнын таңдай білуі, білім беру процесін жобалай жəне ұйымдастыра білуі;

  • қазіргі заманғы əдістемелер негізінде бейіналды жəне бейінді сынып оқушыларының өзбетімен жəне өзін-өзі жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту жəне түзету бағдарламаларын жасау жəне жобалау, инновациялық əдістерді бейімдеу жəне модификациялау, таңдау туралы білімдерді меңгеруі қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет