ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНІНІҢ ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕГІ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ:
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.
Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек)
Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.
Қола дәуірі мәдениеттерінің шығу тегі мәселесі мен таралу аймағы.
Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар.
Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері.
Тасмола мәдениеті: қорғандар мен материалдық мәдениеттің ерекшеліктері.
Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы.
Сақтар. Сақтардың Александр Македонскийдің жаулап алуына қарсы күресі.
Сақтар мен сарматтардың саяси құрылымдары.
Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.
Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары.
XVII ғ. және XVIII ғ. Қазақ халқының рухани мәдениеті.
Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
Жоңғар хандығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары.
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы.
Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев басқарған хан Әбілқайыр елшілігі.
Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі.
1739-1741 жж. жоңғар-қазақ соғысы. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері.
1846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы.
Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу.
Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 ж.) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы.
Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 ж.). Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 ж.).
Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.
ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі.
Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері.
Бөкей хандығындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақтардың көтерілісі (1836-1838 ж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, кезеңдері, маңызы.
Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847): қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері және жеңіліс себептері.
1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.
«Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы.
ХIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанды еуропалық және ресейлік ғалымдардың зерттеуі. Қазақстандағы экспедициялар.