Студенттерге арналған
пәннің бағдарламасы
Нысан
ПМУ ҰС 7.18.2/07
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология және экология кафедрасы
Экология және тұрақты даму пәнінен 050724 Технологиялық машина
жасау, 050709 Металлургия, 050712 Машина жасау, 050713
Көлік,техника, 050901 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысын
тасымалдауды ұйымдастыру, 050119 -Шет тілі; ағылшын , 050301-
Құқықтану, 050604-Физика, 050114-Тарих(бакалавр), 050203-Тарих,
050204 -Мәдениеттану, 050704-Есептегіш техника және басқару,
050716-Аспап жасау, 050509-СҚаржы, 050508-СЕсеп және аудит,
050731-СӨмірге қауіпсіздік, 0500106-СМузыкалық білім, 050119
-СШет тілі; ағылшын, 050718-СЭлектроэнергетика
мамандықтары
бойынша күндізгі және сырттай оқитын студенттерге арналған
Экология және тұрақты даму пәні бойынша
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН
ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Павлодар
Студенттерге арналған пәннің
бағдарламасын бекіту парағы
Нысан
ПМУ ҰС 7.18.1/11
«БЕКІТЕМІН»
Химиялық технологиялар және
жаратылыстану факультетінің деканы
_______________ Қ.Қ. Ахметов
“____”_____________200_ж.
Құрастырушы: доцент Оспанова А.К._________
Биология және экология кафедрасы
Экология және тұрақты даму пәнінен
050724 Технологиялық машина
жасау, 050709 Металлургия, 050712 Машина жасау, 050713
Көлік,техника, 050901 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысын
тасымалдауды ұйымдастыру, 050119 -Шет тілі; ағылшын , 050301-
Құқықтану, 050604-Физика, 050114-Тарих(бакалавр), 050203-Тарих,
050204 -Мәдениеттану, 050704-Есептегіш техника және басқару,
050716-Аспап жасау, 050509-СҚаржы, 050508-СЕсеп және аудит,
050731-СӨмірге қауіпсіздік, 0500106-СМузыкалық білім, 050119
-СШет тілі; ағылшын, 050718-СЭлектроэнергетика мамандықтары
бойынша күндізгі және сырттай оқитын
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы «___» ________ 200_ж.
негізінде жасалды.
Кафедра мәжілісінде ұсынылды «10» 11 2009ж. , № 5хаттамасы
Кафедра меңгерушісі _____________ Ж.М. Исимбеков
Химиялық
технологиялар
және
жаратылыстану
факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды
“30” 11 2009ж., № 3 хаттамасы
ОӘК төрайымы ______________ Ұ.Д. Буркитбаева
Оқытушы туралы мәліметтер:
Биология және экология кафедрасы
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті
б.ғ.к., доцент ПМУ: Оспанова Айнаш Кенжешовна
Тел. (8-7182) 67-36-87
Қабылдау уақыты: сейсенбі – 16
00
- 18
00
,
341 аудитория
Пән бойынша мәлімет:
Пән 1,2 семестрде оқытылады, оқытылу мерзімі 15 апта. Пәннің жалпы
еңбек ауқымдылығы 90 сағат, оның ішінде 30 сағат аудиторияда жүргізіледі
оның ішінде 15 дәріс, 15 тәжірибелік және 60 сағат студенттердің өзіндік
жұмыстарына берілген. Сабақ түрі бойынша аудиторияда өткізілетін уақыт
күнтізбелік жоспарда берілген.
Пән 2 семестрде оқытылады, оқытылу мерзімі 2 апта. Пәннің жалпы
еңбек ауқымдылығы 90сағат, оның ішінде 12 сағат аудиторияда жүргізіледі
оның ішінде 3 дәріс, 6 тәжірибелік, 3 зертханалық және 78 сағат
студенттердің өзіндік жұмыстарына берілген. Сабақ түрі бойынша
аудиторияда өткізілетін уақыт күнтізбелік жоспарда берілген.
Пән 2 семестрде оқытылады, оқытылу мерзімі 2 апта. Пәннің жалпы
еңбек ауқымдылығы 90сағат, оның ішінде 12 сағат аудиторияда жүргізіледі
оның ішінде 6 дәріс, 6 тәжірибелік және 78 сағат студенттердің өзіндік
жұмыстарына берілген. Сабақ түрі бойынша аудиторияда өткізілетін уақыт
күнтізбелік жоспарда берілген.
Мақсаты:
студенттерде қоршаған ортаға және өз денсаулығына ұқыптылықпен
қарау сезімін қалыптастыру. Мұндай көзқарас болашақ жоғары білімді
мамандардың экологиялық тұрғыдан сауатты шешімдер қабылдап, сол
арқылы биосфераның тұрақты дамуына көмектесуіне септігін тигізеді.
Міндеттер:
-тірі ағзалардың, әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің,
бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың
тұрақтылығын оқып-білу;
-биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары және
адамның шаруашылық әрекеттерінің, әсіресе табиғатты қарқынды пайдалану
кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;
-әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы тұрақты
дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы және практикалық міндеттері
туралы заманауи түсініктерді қалыптастыру;
-студенттердің экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың және тұрақты
дамудың күрделі және шиеленіскен мәселелерін талқылауда ауқымды
кешенді, объективті және шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.
Студент нені білу керек:
-тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы
заңдылықтарын;
-тірі ағзалардың кеңістікке таралуын және сан динамикасын,
қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын;
-энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі және заттар айналымының
заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның қызмет
атқару заңдылықтарын;
-табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі
принциптерін;
-антропогендік .рекеттің әлеуметтік – экологиялық салдарларын;
-тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын,
оларды әлемдік, аймақтық және жергілікті деңгейде шешуге қатысты
көзқарастарды игеруі тиіс:
-табиғи және антропогендік экологиялық процестерді анықтап, талдауы
және олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауы;
-биосфераның тұрақтылығын сақтау және адамзат қоғамының апатты
күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің
дәстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде
өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы
тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуі;
-тірі организмдер мен қоршаған ортаның әсерлесу заңдылықтары
туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты
дамуын сақтау үшін қолдана білуі тиіс.
Студент нені істей білу керек:
машықтануы тиіс: экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау
қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге және
алған білімдерін экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалануға
машықтануы тиіс; биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының
сақталу шарттары, сондай – ақ, әртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде
Қазақстан республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы
жөнінде білімдер жинақтауы тиіс.
Перереквизиттер:
«Экология» пәнін игеруге қатысты пәндер «Химия», «Биология»,
«Математика», «Физика», «География».
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, Ғылым, 1997.
2. Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М. Жалпы экология. Алматы, «Қазақ университеті»,
2006.
3. Мамбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, Қайнар, 1990.
4. Бигалиев А.Б., Халилов М.Ф., Шарипова М.А. Основы общей экологии Алматы, «Қазақ
университеті», 2007.
5. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен
экологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 2000.
6. Акимова Т.А., Хаскин В.В.. Экология. Человек-экономика-биота-среда., М., «ЮНИТИ»,
2007.
7. Шилов И.А. Экология. М.: Высшая школа, 2001.
8. Ильин В.И.. Экология, М., «Перспектива», 2007.
9. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. М., «ФАИР-ПРЕСС»,2003.
10. Никаноров А.М., Хорунжая Т.А.. «Глобальная экология», М., ЗАО, «Книга сервис»,
2003.
11. Марфенин Н.Н. Концепция «устойчивого развития» в развитии / Россия в окружающем
мире: 2002 (Аналитический ежегодник) // Под общей редакцией: Данилова-Данильяна
В.И., Степанов С.А. -М.:Изд-во МНЭПУ, 2002.
12. Национальные доклады о состоянии окружающей природной среды в Республике
Казахстан в 2000-2006 г.г.. Алматы, 2001-2007 г.г.
13. Никаноров А.М., Хорунжая Т.А.. «Глобальная экология», М., ЗАО, «Книга сервис»,
2003.
14. Дрейер О.К., Лось В.А. Экология и устойчивое развитие, М., «УРАО», 1997.
15. Доклад конференции ООН по окружающей среде и устойчивому развитию, Рио-де-
Жанейро, 1992. Том 1, Нью-Йорк, 1993.
16. Ермолаев Б.В. Основные положения о ноосфере. Единство биосферы и человека. – М.,
1999.
Қосымша:
1. Хандогина Е.К, Герасимова Н.А., Хандогина А.В.. Экологические основы
природопользования, М., «Форум», 2007.
2. Вернадский В.И. «Философские мысли натуралиста», М., «Наука», 1988.
3. Вернадский В.И. «Живое вещество», М., «Наука», 1969 г.
4. Гутенев В.В., Денисов В.В., Камышев А.П., Москаленко А.П., Нагибеда Б.А., Осадчий
С.Ю., Хорунжий Б.И. Промышленная экология, М., «МарТ», 2007.
5. Маркович Д. Социальная экология. Москва «РУДН», 1998.
6. Медоуз Д.Х., Медоуз Д.Л., Рандерс Й., Беренс В.В. Ш. Пределы роста. Москва: МГУ,
1991.
7. Концепция экологического образования Республики Казахстан. Астана, 2002.
8. Концепция экологической безопасности Республики Казахстан. Астана, 2002.
9. Доклад конференции ООН по окружающей среде и устойчивому развитию, Рио-де-
Жанейро, 1992. Том 1, Нью-Йорк, 1993.
10. Экологический кодекс РК, Астана 2007 г.
11. Экология. Под ред. Денисова В.В. Ростов-на-Дону: МарТ, 2002.
12. Арустамов Э.А., Левакова И.В., Баркалова Н.В. Экологические основы
природопользования. М.: 2001.
13. Ермолаев Б.В. Основные положения о ноосфере. Единство биосферы и человека. – М.,
1999.
Пәннің тақырыптық жоспары
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№
Пән тақырыбының атаулары
Сағат саны
Дәріс
Тәж.
СӨЖ
1
Кіріспе.
Экологияның ғылым саласы ретіндегі анықтамасы. Экологияның
мақсаты, міндеттері және зерттеу әдістері. Экологиялық білімдердің
қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы. Экологияның бөлімдері:
аутэкология, демэкология, синэкология, глобалдық экология.
Экологияның өзге ғылым салаларымен өзара байланыстылығы.
Экологияның практикалық міндеттерді шешудегі рөлі. Экологиялық
проблемалар, олардың осы заманғы экономикалық және саяси
үрдістердегі алатын орны мен рөлі. “Тұрақты даму” ұғымына анықтама
және тұрақты даму тұжырымдамасын іске асырудағы экологияның рөлі.
Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың
теориялық негізі.
1
1
2
2
Жалпы экология негіздері.
Дара организмдер экологиясы – аутэкология. Биологиялық жүйелердің
ұйымдастырылу деңгейлері. Организм және оның тіршілік ету
жағдайлары. Экологиялық факторлар және олардың классификациясы.
Антропогендік фактордың әсерінің өзіндік ерекше-ліктері. Ю.Либихтың
минимум заңы. В.Шелфордтың толерантылық заңы. Толеранттық
диапазоны. Стенобиоттық және эврибионттық организмдер.
Организмдердің тіршілігі үшін негізгі абиотикалық факторлардың
экология-лық мәні. Қоршаған ортаның экологиялық сыйымдылығы.
Негізігі тіршілік орталары, олардың сипаттамалары.
1
1
4
2.1
Популяциялық экология-дем-экология. Популяциялар
экологиясы -демэкология Популяция туралы түсінік. Популяцияның
статикалық сипаттамалары: популяцияның саны (тығыздығы) және
биомассасы, жастық және жыныстық құрамы. Организмдердің
кеңістікте орналасу, орналасудың негізгі типтері: кездейсоқ, біркелкі,
топтасып орналасу. Олли принципі. Популяция-ның динамикалық
сипаттамалары: туылымы, өлім-жітімі, тірі қалу қисық сызықтары, өсуі
жылдамдығы. Популяция санының экспотенциалдық және
логистикалық өсуі. Популяция санының реттелуі. Популяция
тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар. Популяция – түрдің
тіршілік ету формасы, популяцияның негізгі критерийлері.
1
1
4
2.2
Қауымдастық
экологиясы-син-экология.
Қауымдастықтар экология-сы – синэкология. Биоценоз, биогеоценоз,
экожүйе туралы түсінік. Экожүйедегі түраралық байланыстардың
негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протоко-операция,
мутуализм, жыртқыштық, паразитизм). Түр аралық бәсекелестік –
қауымдастықтың түрлік құрылымын сақтаушы негізгі механизмдердің
бірі. Г.Ф. Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық
қуыс: потенциалдық және іске асырылған экологиялық қуыс.
Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы.
Негізгі биогендік элементтердің экожүйедегі айналымы.
1
1
4
2.3
Қауымдастық
экологиясы-син-экология.
Термодинамиканың бірінші және екінші бастамалары. Линдеманның
энергия тасымалының 1% және 10% ережелері. Биоценоздың
трофикалық құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер).
1
1
4
Қоректік тізбектер және трофикалық деңгейлер, қоректік торлар.
Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия пирамидасы).
Экожүйелердің өнімділігі (бастапқы және туындаушы өнім).
Экожүйелердің табиғи дамуы: бастапқы және қайталанған сукцес-
сиялар. Экожүйелердің біртұ-тастығы және тұрақтылығы,
экожүйелердің тұрақтылық механизмдері. Табиғи экожүелердің
тұрақтылық критерий-лері және тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері.
Экожүйелердің орта түзушілік рөлі және бұзылған экожүйелерді
қалпына келтіру.
3
Биосфера және оның ресурстары. Биосфера және оның
тұрақтылығы Биосфера тұжырымдамасының қалып-тасуы.
В.И.Вернадский биосфера және ноосфера туралы ілімі. Тірі зат
тұжырымдамасы. Тірі заттың ғаламдық рөлінің анықталуы. Антро-
погендік әрекетті қуатты геологиялық және геохимиялық факторлар
ретінде мойындау тұжырымдамасы. Адамның экожүйедегі орны.
Биосферадағы заттар айналымы. әлемдік биогео-химиялық циклдар.
В.И.Вернад-скийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Қазіргі биосфера.
Өндірістің дамуы және қоршаған ортаға түсетін салмақтың артуы.
Биосфераның құрылысы және биосфера шекаралары.
1
1
2
4
Тұрақты даму тұжырымдамасы.
“Тұрақты даму” ұғымының пайда болу тарихы: Рим клубы, Медоуз
және Форестер еңбектері (Өсу шектері, 1972). БҰҰ-ның Қоршаған орта
жөніндегі бірінші конференциясының Декларациясы (Стокгольм, 1972).
Рио-де-Жанейрода (1992) және Йоханнес-бургте (2002) өткен
Дүниежүзілік саммиттер. Еуропа қалаларының тұрақты даму хартиясы
(Ольборг қ., Дания, 1994). Тұрақты даму фактор-лары: экологиялық
фактор (өркениет дами алатын дәліз шекаралары), экономикалық
фактор (нарық жүйесін қайта құру), әлеуметтік фактор
(ауылшаруашылық өндірісі, адам құқықтары, демография). Тұрақты
дамудың стратегиясы мен принциптері. В.И.Вернадскийдің ноос-фера
туралы ілімінің Тұрақты даму тұжырымдамасын қалыптастырудағы
бағыттаушы ролі.
1
1
4
4.1
Тұрақты даму тұжырымдамасы.
Тұрақты даму деңгейлері – жергілікті, аймақтық, ұлттық,
мемлекетаралық, әлемдік деңгейлер. әр деңгейдегі тұрақты даму
мүмкіншіліктерін анықтаушы факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз
ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық. Тұрақ-ты дамудың
ғылыми теориясын жасау жолындағы халықаралық ұйымдардың
қызметі. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану –
тұрақты даму аспектілерінің бірі. Қоршаған ортаны оңтайландыру –
табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Тұрақты қоғам
моделі, оның белгілері және қызмет атқару принциптері.
2
2
4
4.2
Тұрақты даму тұжырымдамасы.
Жердің табиғи ресурстарының сипаттамалары: литосфера, гидрос-фера
және атмосфера ресурстары. Табиғи ресурстардың классификация-сы:
сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін
ресурстар. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі.
Табиғатты қорғау. Табиғатты ұтымды пайдалану, аз қалдықты және
қалдықсыз технологиялар. Экология-лық тұрғыдан таза, альтернативті
энергия көздерін пайдалану – экожүйелер мен қоғамның тұрақты
дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Биосферадағы тұрақсыздықтың
пайда болуының антропогендік факторлары. Адамзат қоғамының
табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасы.
1
1
4
4.3
Қоршаған ортаға түсетін антропогендік салмақтың өркениет түрлерінің
олардың даму сатыларына байланысты жіктелуі. Адамзат қоғамының
қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың ролі. Табиғат пен қоғамның
өзара қарым-қатынас тарихы: негізгі кезеңдері (биогендік, аграрлық,
өнеркәсіптік, ақпараттық), өзгешеліктері және сабақтары. Қазіргі
заманның әлемдік экологиялық проблемалары (климаттың өзгеруі, озон
қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық
әралуандылықтың кемуі, әлемдік мұхиттың ластануы және т.б.)
1
1
4
олардың пайда болу себептері және зардаптары. Қоршаған орта және
тұрғындардың денсаулығы.
4.4
Ауыл шаруашылығы мен өнерк.сіптің қарқынды дамуына байланысты
пайда болған экологиялық проблемалар. Қоршаған ортаның физикалық,
химиялық, биологиялық ластануы және олардың экологиялық-
генетикалық зардаптары. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық
проблемалары және тұрақты даму әлеуметтік-экологиялық дағдарыс
және тұрақты даму. Халық санының өсуі және оның сапалық
көрсеткіштерінің өзгеруі.Туылым мөлшеріне әсер ететін факторлар,
отбасын жоспарлау әдістері. Урбандалу проблемалары. Кедейшілік
және табыстың әділетсіз бөлінуі. Энергетикалық дағдарыс
проблемалары және олардың шешілу жолдары. әлемдік азық-түлік
проблемасы, шешілу жолдары. Ресурстық дағдарыс, себептері мен
салдарлары, шешілу жолдары. Жер генофондының өзгеруі, ортаның
жалпы агрессивтілігінің артуы, тірі организмдерге көрсетілетін
әсерлердің жаңа түрлері.
1
1
4
4.5
Соғыстар және лаңкестік: экологиялық зардаптары. әскери-өнеркәсіптік
кешен және тіршілік ету ортасы. Табиғатты қорғау және тұрақты даму
Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері. Ерекше
қорғалатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау
шараларының бір түрі. Генетикалық әралуандылық-ты қорғау.
Биосфералық резерваттар. Қызыл кітап және оның биологиялық
әралуандылықты сақтаудағы рөлі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен
қоршаған ортаны қорғаудың теориялық негіздерін құру – тұрақты
дамуға көшудің міндетті шарттарының бірі. Қазіргі заманның әлемдік
экологиялық проблемалары бойынша халықаралық конвенциялар мен
келісім шарттар.
1
1
4
4.6
Экологиялық білім мен экологиялық сауаттылықтың адамзаттың
тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі. Қазақстан Республикасының
тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары Қазақстан
Республикасының табиғи ортасын тұрақсыздандыру процестері,
себептері мен салдарлары. Арал аймағының әлеуметтік-экологиялық
пробле-малары. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары.
ҚР территоориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы және өзге де
полигондар. Ядролық қаруға қарсы Невада-Семей қозғалысы. Қоршаған
ортаның күйін бағалаудың әдістері мен критерийлері. Қазақстан
Республикасының ерекше қорғалатын табиғи территориялары.
Қоршаған ортаның сапасы және тұрғындардың денсаулығы.
1
1
4
4.7
Экологиялық мониторинг, ұйымдастырылу принциптері. Химиялық,
физикалық, биологиялық мониторинг. Қазақстан Республикасының
қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдары. Қазақстан
Республикасындағы халыққа экологиялық білім және экологиялық
тәрбие беру. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз
ету: Тұрақты даму тұжырымдамасы. Тұрақты даму стратегиясы және
Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері. “Үшінші
әлем” пробле-малары. Мешеуліктен құтылу -тұрақты дамудың өзекті
мәселесі. Өмір шындығы және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің
ықтимал уақыт кезеңдері.
1
1
4
Барлығы
15
15
60
Пән бойынша барлығы 90
Пәннің тақырыптық жоспары
Нысан
ПМУ ҰС Н
7.18.1/13
Достарыңызбен бөлісу: |