Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) 1-тарау. Жалпы ережелер


«Қазақ тілі» оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны



бет3/4
Дата10.01.2023
өлшемі35,37 Kb.
#60780
түріБағдарламасы
1   2   3   4
9. «Қазақ тілі» оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
: 1) тіл және сөйлеу: ауызекі және жазба тілде сөйлеу ерекшеліктері;
2) сөйлеу мәдениеті: түрлі жағдаяттағы қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу; интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл мен ым-ишара, қаратпа сөздерді қолдана отырып,тыңдарманның назарын аудару; өзгенің пікіріне өз көзқарасын білдіруде тілдік және этикалық нормаларды сақтау;
3) мәтін: мәтін туралы 2-сыныпта өтілгенді қайталау; көмекші сөздердің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау; мәтіннің тақырыбын және ондағы негізгі ойды анықтау; мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; мәтіндерге салыстырмалы талдау; ұқсас тақырыпта берілген мәтін
түрлерін, стилін салыстыру;
4) тыңдалған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілеу; ашық және жабық сұрақтарға жауап беру; берілген тақырып пен суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; берілген мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздерді, жоспарды пайдаланып ауызша әңгіме құрау;
5) қаратпа сөз, оның тыныс белгісі; қыстырма сөз, оның тыныс белгісі;
6) фонетика: дыбыс туралы 2-сыныпта өткенді қайталау; Э, е, ф, в, ц, ч, ш, щ дыбыстарының ерекшеліктерін меңгерту; бұл дыбыстарды дұрыс айтып, сауатты жазуға дағдылану; В, ф дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктерін салыстыру; Ч, щ дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері; Х, һ дыбыстары, олардың айтылу ерекшеліктері; Х, һ дыбыстарына қатысты сөздердің емлесі; сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл – Жаңгүл);
7) сөз және оның мағынасы: сөз және оның мағынасы туралы берілген білімді еске түсіру; сөз мағыналарымен жұмыс: сөз өзінің тура мағынасынан басқа ауыспалы мағынада қолданылатынын және бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатынын байқау; мәндес және қарама-қарсы мағыналы сөздер; тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын мәнмәтінде түсіну, сөйлеу барысында пайдалану; түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып, сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
8) сөз құрамы: сөз құрамы жайында 2-сыныпта өтілген ұғымдарды қайталау; түбір сөз және туынды сөз; туынды сөз жасайтын жұрнақтар; түбірлес сөздер; қосымшалардың емлесі: буын үндестігін сақтау, қосымша жалғанғанда кейбір сөздердің соңғы дыбысының өзгеруі немесе түсіп қалуы туралы түсінік;
9) сөйлем: сөйлем туралы 2-сыныпта берілген білімді қайталау; сөйлем мүшелері; тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер; бастауыш пен баяндауыштың байланысы; бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша; жалаң және жайылма сөйлем; үлгі сызба, сұрақ бойынша сөйлем құрау;
10) сөз таптары: сөз таптары туралы берілген ұғымды қайталау; зат есім туралы 2-сыныпта өтілген материалды еске түсіру; негізгі және туынды зат есім; туынды зат есім жасайтын жұрнақтар; зат есімнің тәуелденуі; тәуелдік жалғау, оның жекеше және көпше түрлері; тәуелдік жалғаудың емлесі; етістік туралы берілген білімді еске түсіру, негізгі және туынды етістік, болымды және болымсыз етістік; сөз таптары; сын есім жайында берілген білімді еске түсіру, негізгі және туынды сын есімдер; салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыру; сан есім туралы берілген білімді еске түсіру; есептік және реттік сан есімдер;
11) шығармашылық жұмыс: жоспар немесе сызба негізінде тірек сөздерді қолданып әңгімелеу, салыстыра сипаттау және көмекші сөздерді қолданып пайымдау мәтіндерін құрап жазу; оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазу; сызба, график, кесте, фотосуреттер қолданып мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация) құрастырып жазу; өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік, өмірбаян жазу; жіберілген қателерді (пунктукациялық, орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық) тауып, орфографиялық сөздік пен анықтамалық арқылы түзету;
12) жыл бойы өткенді қайталау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет