Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат



Pdf көрінісі
Дата30.12.2016
өлшемі212,24 Kb.
#812
түріБағдарламасы

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 157-қосымша   



 

 

 

Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру 

деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу 

бағдарламасы  

(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) 

 

1. Түсінік хат 

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 

тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес  және  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларды  оқытуға  қажетті  ерекше 

талаптарды қанағаттандыру мақсатымен құрастырылды. 

2.  Қазақ  тілі  арнайы  (түзету)  мектепте  барынша  қарапайым  тұрғыда 

жүргізіледі.  

3.  Бұл  мектепте  қазақ  тілін  оқытудың  негізгі  мақсаты  -  оқушыларды 

оқуға,  жазуға  және  тіл  арқылы  қарым-қатынас  жасау  қызметінің  түрлерін 

(тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) меңгеруге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын 

еркін жеткізе алуға тәрбиелеу.  

4. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылады: 

1)  оқушылардың  ұғымына  сай  мәтіндерді  дұрыс  оқып,  мағынасын 

түсінуге үйрету;  

2)  ауызекі  және  жазба  тілде  қарым-қатынас  жасауға  қажетті  сөйлеу 

дағдыларын қалыптастыру, өз ойын жүйелі түрде дұрыс жеткізе білуге үйрету; 

3)  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  орфографиялық  және 

пунктуациялық ережелерді практикалық түрде меңгеру; 

4)  диалогтік  және  монологтік  сөйлеу    (ауызекі,  жазба  тіл)  дағдыларын, 

сөйлеу мәдениетін, өз сөзінің дұрыс айтылуын өзі бақылау машығын дамыту; 

5) оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру. Шәкірттер 

бойында  адамгершілік,  әсемдік  қасиетін  қалыптастыру.  Ойлау  мен  сөйлеу 

кемістігін  түзету  –  зияты  бұзылған  балаларды  ана  тілін  оқытудағы  ерекше 

мақсат болып табылады. 

5. Сонымен қатар көмекші мектепте оқытылатын тіл сабағы аса маңызды 

дидактикалық міндеттерді де шешуге тиіс: 

1) жалпы оқу дағдысы мен машығын қалыптастыру; 

2) оқушылардың қоршаған орта, дүниетаным туралы (адам, табиғат және 

т.б.) түсініктерін қалыптастыру; 

3) балаларға патриоттық тәрбие беру. 


6.  Бұл  бағдарлама  көмекші  мектепте  оқитын  балалардың  және  олардың 

ата-аналарының  қажетін  қанағаттандыра  алатын  гуманистік  қағидаларға 

негізделіп құрылды: 

1)  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  өзіне  тән  қабілет,  мүмкіндіктері 

болады.  Кейбір  оқушылар  арнайы  оқу  бағдарламасындағы  қарастырылған 

материалдарды  толық  меңгере  алмайды.  Сондықтан  мұғалімдер  оқу 

материалдарын  оқушының  қабылдау  деңгейіне  байланысты  жеңілдетіп  беруге 

мұқтаж  болады.  Осындай  жағдайларды  ескере  отырып,  жаңа  бағдарлама 

деңгейлік ықпал ету қағидасын басшылыққа алу негізінде құрастырылды. 

7.  Бағдарламада  оқу  материалдары  біртіндеп  күрделеніп,  оқыту 

кезеңдеріне  бөлініп  берілді.  Сыныптағы  оқушылардың  мүмкіншіліктерімен 

ерекше  оқыту  қажеттілігіне  байланысты  тақырыпты  меңгеруге  қажет  сағат 

санын мұғалім өзі анықтап, жоспарлайды.  

8.  Оқу  материалын  меңгеруіне  байланысты  педагог  балалармен  келесі 

білім деңгейіне көшеді: 

1)  бастауыш  сыныптарда  (0-4)  төрт–бес  кезеңді  меңгеру  көзделген. 

Педагог  балаларға  түсінікті,  қолжетімді оқу  материалдарымен  жұмыс  жүргізуі 

керек: 


0 сыныпта аптасына 3 сағат, барлығы 99 сағат; 

1 сыныпта аптасына 3 сағат, барлығы 99 сағат; 

2 сыныпта аптасына 3 сағат, барлығы 102 сағат; 

3 сыныпта аптасына 3 сағат, барлығы 102 сағат; 

4 сыныпта аптасына 3 сағат, барлығы 102 сағат. 

2)  аталған  кезеңдердің  тақырыптық  мазмұны  бір-бірімен  тығыз 

байланысып отырады. 

9.  «Қазақ  тілі»  пәнінің  білімдік,  тәрбиелік  міндеттері  келесі  пәндермен 

тығыз байланыста іске асырылады: 

1)  «Оқу  және  тіл  дамыту»  -  оқулықта  берілген  мәтіндерді  меңгеру 

негізінде  танымдық  ерекшеліктеріне  сай  оқушылар  өз  ойын  жеткізуге 

дағдыланады, қазақ халқының мәдениетін құрметтеп, меңгеруге тәрбиеленеді; 

2)  «Бейнелеу  өнері»,  «Музыка  және  ән  күй»  пәндерін  өту  барысында 

эстетикалық талғамдары, ойлау, қабылдау, ауызша сөйлеу тілі дамиды; 

3) «Математика» – мәтіндерді қабылдау, түсіну, логикалық ойлау қабілеті 

дамиды; 


4)  «Айналамен  таныстыру»  -  мәтіндерді  оқу  арқылы  қоршаған  орта 

туралы мағлұматтар алады, табиғатты қорғауға, аялауға үйренеді; 

5)  «Әлеуметтік  бейімдеу  және  еңбекке  баулу»  пәнді  оқыту  барысында 

оқушылар еңбектің өмірдегі орнын, маңыздылығын түсінеді, әлеуметтік ортаға 

бейімделеді. 

 

2. Оқу пәнінің бірінші кезеңіндегі базалық білім мазмұны 

10. Сөзсіз функцияларын дамыту

1)  көріп  қабылдауын  дамыту.  Заттарды  атау.  Затты  толық  мөлшерде 

көріп, есте сақтау. Заттың бөлшегін бөліп айту.Заттарды топ ішінен бөліп айта 

білу. Екі затты салыстыра білу. Суреттегі заттарды таңдап алу және жалғастыра 



білу.  Заттардың  атын  атағанда  солдан  оңға  қарау.  Геометриялық  фигураларды 

білу, құрастыру. Таяқшаларды және қағаз жолақшаларын түр-түсі және көлемі 

бойынша құрастыра білу. 

2)  кеңістікте  бағдарлау.  Адамның  дене  мүшелерін  атай  білу.  Бас,  көз, 

құлақ, мұрын, ауыз... Дене: қол, аяқ, оң қол, сол қол... Алыс. Жақын. Алдында. 

Артында; 

3)  ұғымдар.  Заттың  түсі  (ақ,  қара,  қызыл,  көк).  Заттың  түрі 

(үшбұрыш,төртбұрыш).  Заттың  көлемі  (үлкен,  кіші,  биік,  аласа).  Тәулік 

мөлшері  (таңертең,  түс,  түн).  Ата  тегі  (өзінің  аты,  ата-анасының  аты).  Мекен 

жайы; 


4) қолдың ұсақ бұлшықеттерін дамыту. Қолды созып, алақанды жоғары, 

төмен,  екі  қолды  бірден,  кезек  ұстау;  қолды  созып  немесе  бүгіп  алға  ұстау,  

саусақты біріктіріп, ашып, алақанды жоғары, төмен қаратып ұстау; екі қолдың 

саусақтарын  біріне-бірін  қарама-қарсы  қойып  түйістіру;жұдырықты  ашып, 

жабу;  саусақтарды  шерту;  саусақты  бірінің  үстіне  шығарып  ұстау  (бір-

бірімен ілмек тәрізді етіп ұстау); үш саусақты біріктіріп ұстау; ұсақ заттарды 

жинау; қарындашты ұстауға жаттығу; 

5)  дем  алу  мен  артикуляциялық  жаттығулар.  Дем  алу,  дем  шығаруды 

үйрену;  дауысты  дыбыстарды  созып  айта  білу;  заттарды  үрлей  білу; 

артикуляциялық  мүшелерді  дамытуға  арналған  жаттығуларды  жасай  білу  

(ерінді түтікше тәрізді жасау, жымию және т.б.); 

6)  дыбысқа  назар  аудару.  Қоршаған  ортадағы  әр  түрлі  дыбыстарды 

ажырата  білу  (жапырақтың  сыбдыры,  қоңыраудың  шылдыры,  аяқты 

басқандағы  дыбыс  т.б.);  жануарлардың  дыбысын  ажырату  (сиыр,  ит  және 

т.б.);  әр  түрлі  дыбыс  шығаратын  заттарға,жануарларға  еліктеу  (ұшақтың, 

машинаның дауысы);сөздегі бірінші дыбысты ажырата білу; керекті дыбысы 

бар сөздерді естіп, ажырата білу; дыбыстық құрамы жақын сөздерді ажырата 

білу  (бақа  —  баға,  қас  —  қаш);  артық  буынды  табу  (ба-ба-па-ба);шағын 

тақпақты жатқа айту. 

11.  Тіл  дыбыстарын  дұрыс  айтуға  жаттықтыру.  Артикуляциясы  жеңіл, 

қиын  дыбыстарды  айта  білу  (м,  б,  п,  г,  х);  дауысты  дыбыстарды  айта 

білу;дауыссыздыбыстарды  айта білу  (с,  з,  р);  жұмбақ  жаттау;  тақпақ  жаттау; 

жаңылтпаш  жаттау;  ойын  түрінде  жаттығу;  ойын  тәртібін  білу,  түсіну. 

«Жануарлардың дыбыс шығаруы», «Пойыз», «Машинаның дабылы». 

12.  Сөз.  Заттарды  атау;  сөздер  ойлай  білу;  сөйлемдегі  сөздерді 

түсіну;сұраққа жауап беру. 

13.  Танымдық  қызметін  дамыту.  Заттарды  кезектілікпен  орналастыра 

білу;сынып  ішін  танып  білу  (парта,  тақта);  мектеп  ішін  танып  білу  (сынып, 

кітапхана,  асхана);оқуқұралдарын  білу;оқушының  өз  туған  жері  туралы  білуі; 

Отан туралы түсінік беру.Қорытындылау. 

14. Қайталау: 

1) таныс заттарды атай білу; негізгі түстерді, заттардың көлемін атай білу 

(үлкен, кіші). Күндерді (кеше, бүгін, ертең) атай білу; тәулік мөлшерін атай білу 

(таңертең,  түс,  түн);өзінің  ата-анасының,  жақын  туған-туысқандарының  аты-

жөнін,  ата  тегін  (фамилиясын)  атай  білу;үйінің  мекен-жайы,  мектептен  үйге 


келер жолды атай білу; жеңіл, шағын тақпақты жатқа айта білу. 

2)  сұраққа  жауап  қайыру;  мазмұны  жеңіл  сурет  бойынша  сұрақ  қою 

арқылы  сөйлем  құрау;  сюжетті  сурет  бойынша  сұраққа  жауап  беру;  қойылған 

тіл  дыбыстарын  дұрыс  айту;  сөз  басындағы  дыбысты  ажырата  білу,  ести  білу; 

дәптерді пайдалана білу, қаламды дұрыс ұстау;дәптерге ою-өрнек сызу, дәптер 

жолын сақтай отырып, әріп элементтерін жазу. Сөздерді дұрыс айту; 

3) үлкендермен сәлемдесу, қоштасу. 

 

3. Оқу пәнінің екінші кезеңіндегі базалық білім мазмұны 

 

15.  Әліппеге  дейінгі  кезең.  Мектеппен,  күн  тәртібімен  таныстыру. 



Сынып  ішіндегі  заттарды  атай  білу;  «Мұғалім  мен  оқушылар»  деген 

тақырыпқа  қатысты  сөздер  табу  және  сөйлем  құрастыру;  оқушылардың  аты-

жөндерін білу;мұғалімнің аты-жөнін атай білу; ата-анасының аты-жөнін атай 

білу;  туған  жерін  айта  білу;  «Менің  Отаным  –  Қазақстан»  деген  тақырыпқа 

сай сөздер табу.   

16.  Оқу  тәртібіне  дағдылану.  Сыныптағы  тәртіпті,  талапты  түсіну; 

партада  дұрыс  отыра  білу;  мұғалімнен  рұқсат  сұрай  білу;  мұғалімнің  сөзін 

тыңдап, түсіне білу. 

17. Ауызша сөйлеу тілін дамыту. Қарапайым тапсырмаларды, нұсқауды 

орындай  білу;  әңгіме,  ертегі,  тақпақты  мұқият  тыңдап,  түсіне  білу;  суреттегі 

заттарды  атау;  суретке  қарап  сөйлем  құрастыру;  сұрақ  бойынша  сөйлем 

құрастыру; көрнекілікке сүйене отырып, сөйлем құрастыру; қимыл-әрекеттер, 

сурет,  сұрақ  бойынша  жай  сөйлем  құрастыра  білу;  дыбыстарды  дұрыс  айта 

білу. 


18.  Фонематикалық  есту  қабілетін  дамыту.  Сөзді  естіп,  қабылдау,  ұға 

білу; әр  түрлі  дыбыстарды  ажырата  білу  (тарсыл,  сыңғыр,  ызыңдау,  гүрілдеу); 

сөздерді анық, қатесіз қайталауға дағдылану; дыбыстық құрамы жағынан ұқсас 

сөздерді айыра білу (тас-қас, қара-қала); сөздерді буынға бөліп айта білу. 

19.  Көру  қабілетін  жетілдіру.  Кең  тараған  түстерді  ажырата  білу; 

сызықтардың  түрі  мен  қарапайым  фигураларды  ажырата  білу;  қарапайым 

заттардың  бөліктерін  құрастыра  білу;көрсетілген  заттарды  рет-ретімен  дұрыс 

қөрсету және айта білу. 

20.  Жазуға  үйретуге  арнайы  дайындау.  Қол  мен  саусақтардың  қимылы 

мен  қозғалысын  қалыптастыруға  арналған  жаттығуларды  жасай  білу;  түзу 

сызықтар бойынша қағаздарды қию, жапсыру, ретімен орналастыра білу; қағаз 

жолақшалардан  әртүрлі  фигуралар  құрастыра  білу;  үлгі  бойынша  тақтаға 

бормен, қағазға қарындашпен әртүрлі бағытта (көлденең, қиғаш, тік) сызықтар 

жүргізе білу; сызықты бір бағыттан екінші бағытқа бұрып сыза білу; сызғанда 

белгіленген  сызықтан  асырмай  сыза  білу;  үлгі  бойынша  шар,  шеңбер, 

үшбұрыш,  шаршыны  айналдырып  сыза  білу,  оларды  бояу,  штрихтай  білу; 

қарапайым заттардың бейнесін құрастыра білу; әріптердің негізгі элементтерін 

ретпен жазу: 

1)  түзу  сызық;  қиғаш  сызыққа  қосылған  түзу  сызық;  жоғары  я  төменгі 

доғалана келген тура сызық; сопақша және жартылай сопақша келген сызық. 



21.  «Сөз»,  «Сөйлем».  «Сөйлем»  ұғымын  айналадағы  таныс  заттардың 

іс- әрекетін бейнелейтін суреттер арқылы тәжірибелік жолмен беріледі: 

1) заттардың атын атау; Бұл не? Бұл кім? сұрақтарына жауап бере білу; 

сөздің шартты белгісін тани білу; _______.________; 

2) сөз. Сөйлем басындағы сөз;сөйлемдегі сөздерді бөліп айту. 

22.  Буын.  Сөздің  буыннан  құралатынын  білу;  буынның  дыбыстан 

құралатынын білу; сөзді буынға бөлу; буынның санын анықтай білу; буындағы 

дауысты дыбыстарға көңіл бөлу; сөздегі буынды бөліп, жолақшамен белгілеу. 

23.  Дыбыс.  Артикуляциялық  жаттығулар  жасау,  әр  түрлі  дыбыстарды 

ажырата  білу;  сөздегі  дауысты,  дауыссыз  дыбыстарды  анықтап,  бөліп  айта 

білу; дыбысты дұрыс айта білу. 

24. Өткенді қайталау. 

 

4. Оқу пәнінің үшінші кезеңіңдегі базалық білім мазмұны 

 

25. Әліппе кезеңі. 

26. Бірінші кезеңде өтілетін дыбыстар:  

1) «Аа» дыбысы мен әріпін білу; 

2) «Оо» дыбысы мен әріпін білу; 

3) «Лл» дыбысы мен әріпін білу; 

4) «Тт» дыбысы мен әріпін білу; 

5) «Мм» дыбысы мен әріпін білу; 

6)  өткен  әріптердің  жазба  түріндегі  кіші  және  бас  әріп  таңбаларын 

меңгеру. 

27. Екінші кезеңде өтілетін дыбыстар: 

1) өткен дыбыстарды білу; 

2) «Пп» дыбысы мен әріпін білу; 

3) «Нн» дыбысы мен әріпін білу; 

4) «Рр» дыбысы мен әріпін білу; 

5) «Уу» дыбысы мен әріпін білу; 

6) «Гғ» дыбысы мен әріпін білу; 

7) «Сс» дыбысы мен әріпін білу; 

8) «Ии» дыбысы мен әріпін білу; 

9) «Бб» дыбысы мен әріпін білу; 

10)  өтілген  әріптердің  жазба  түрдегі  бас  жәнекіші  әріп  таңбаларын 

меңгеру; 

11) өтілген дыбыстардан сөздер құрау, оларды оқи білу; 

12) буындарды мұғалімнің айтуымен жаза білу. Оқу. 

28. Үшінші кезеңде өтілетін дыбыстар: 

1) өтілген дыбыстар мен әріптерді қайталай білу; 

2) Ққ дыбысы мен әріпін меңгеру; 

3) «Шш» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

4) «Ыы» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

5) «Ее» дыбысы мен әріпін меңгеру;  

6) «Дд» дыбысы мен әріпін меңгеру; 


7) «Кк» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

8) «Іі» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

9) «Зз» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

10) «Гг» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

11) «Үү» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

12) «Ңң» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

13) «Жж» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

14) «Ии» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

15) «Ұұ» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

16) «Фф» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

17) «Хх» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

18) «Өо» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

19) «Әә» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

20) «Һ» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

21) «Яя» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

22) «Юю» дыбысы мен әріпін меңгеру; 

23) үш-төрт сөзден тұратын сөйлем оқу; 

24)  өтілген  әріптердің  жазбаша  түрдегі  бас  және  кіші  таңбаларын  жаза 

білу; 

25)  екі-үш  сөзден  тұратын  сөйлемдерді  тақтадан,  әліппеден  көшіріп 



жазу; 

26) сурет астында қалдырылып кеткен әріптерді тауып жаза білу; 

27) сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңында нүкте қоюды үйрену; 

28) таныс сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу, буындап оқу. 

29. Төртінші кезеңде өтілетін дыбыстар: 

1) өтілген (әріптерді) дыбыстарды қайталау; 

2) «Вв» дыбысы мен әрпін білу; 

3) «Ёё» дыбысы мен әрпін білу; 

4) «Цц» дыбысы мен әрпін білу; 

5) «Щщ» дыбысы мен әрпін білу; 

6) «Ээ» дыбысы мен әрпін білу; 

7) «Чч» дыбысы мен әрпін білу; 

8) «ъ» дыбысы мен әрпін білу; 

9) «ь» дыбысы мен әрпін білу; 

10) өтілген дыбыстардың жазбаша түрдегі бас және кіші әріп таңбаларын 

меңгеру; дыбыстарды естігенде және айтканда оныбасқа дыбыстардан ажырата 

білу;  сөздерді  дыбыстық  құрамына  қарай,  кеспе  әліппенің  әріптері  мен 

буындарынан сөз құрай білу; 

30.  Сөздерді,  сөйлемдерді,  шағын  мәтіндерді  буындап,  байыппен  оқи 

білу;  оқыған  материалдың  мазмұны  мен  мәтінге  берілген  суреттер  бойынша 

сұрақтарға  жауап  бере  білу;  айтылған  шағын  ертегі,  жұмбақ,  тақпақ  және 

әңгімені  түсіне  білу;  тыңдаған  материалдың  мазмұны  бойынша  және  мәтінге 

берілген  суреттерге  байланысты  сұрақтарға  жауап  бере  білу;  бас  және  кіші 

әріптерді  жаза  білу;  оқыған,  талдаған  сөздер  мен  сөйлемдерді  тақтадан  және 

әліппеден көшіріп жаза білу. 


31.  Ауызша  сөйлеу.  Сұрақты  тыңдай  білу,  сұрақтағы  сөзді  қолдана 

отырып,  жауап  беру,  асықпай  сөйлеу;  іс-әрекет,  сурет  бойынша  жай  сөйлем 

құрау; 

32.  2-3  сұраққа  жауап  беру  арқылы  байланыстырып  сөйлеуге  дайындау, 



үйрету. 

 

5. Оқу пәнінің төртінші кезеңіндегі базалық білім мазмұны 

 

33. Өткенді қайталау:  



1) әріп пен дыбыстың өзара қатысын айқындап айта білу; құрамында екі 

дауыссыз  дыбыс  қатар  келетін  сөздерді  айта  білу,  тілдерін  жаттықтыру; 

сөздерден дауысты дыбыстарды көмек арқылы таба білу; сөздерден дауыссыз 

дыбыстарды  көмек  арқылы  таба  білу;  дауысты  және  дауыссыз  дыбыстардың 

белгіленуі (қызыл, көк), оларды ажырата білу;  

2)  сөздерден  сөйлемдер  құрылатынын  білу;  сөйлем  құрамындағы 

сөздердің  жеке  айтылатынын  және  бір-бірінен  бөлек  жазылатынын  білу; 

сөйлемнің жігін ажырата білу, жаттығуларды орындай білу. 

34.  Дыбыстар  мен  әріптер.  Дыбыстарды  дұрыс  айту,  олардың  дұрыс 

айтылуын  бақылау.  Дыбыстар  мен  әріптерді  танып  білу;  дыбыстар  мен 

әріптерді  сәйкестендіре  білу;  жуан,  жіңішке  дауыстыларды  айтқызу,  танып 

білу,  ажырату;  жуан,  жіңішке  дауыстылардың  әріптік  таңбаларымен  танысу; 

дыбысталуы  ұқсас  дыбыстарды  ажырата  білу  (а-ә,  о-е,  й-и,  ұ-ү);  дауыссыз 

дыбыстарды  айтқызу,  танып  білу,  ажырату;  дауыссыз  дыбыстардың  әріптік 

таңбаларын  ажырата білу;жазылуы  ұқсас әріптерді ажырата білу  (и-й , г-ғ, ұ-

ү,е-с, н-ю, б-д, г-б); бас әріптері ұқсас әріптерді ажырата білу (п-т, ш-т, л-м, у-

ң). 

35.  Буын.  Дауысты  дыбыстардан  буын  жасалатынын  білу;  сөздерді 



буынға бөлуді үйрену, жаттығу; сөздердегі дауысты дыбыстарды тауып, астын 

сыза  білу;  дауыстылардың  әсерінен  дауыссыз  дыбыстар  мен  сөздердің  жуан, 

жіңішке  болып  айтылуын  ұғыну,құрамында  а-ә,  о-ә,  ү-ұ,  к-ғ  дыбыстары  бар 

сөздерді атау,  оқу,  жазу;дыбыстық  талдау  жасай  білу,  талдау  схемасын  сызу; 

қазақ тіліндегі әріптердің орналасу ретімен танысу. 

36. Сұрақтар / сөздер:  

1) кім? кімдер? не? нелер? Заттардың атын атай білу; 

2) жеке және бірнеше сөздерді атау ( бала – балалар, гүл – гүлдер);  

3) кісі аты мен фамилиясын атай білу және жаза білу;  

4) үй жануарларына ат қоя білу, олардың аттарын бас әріппен жаза білу;  

5)  заттың  жеке  және  олардың  бөліктерін  атай  білу  (үстел  –  беті,  

тартпасы, аяғы; ағаш – діңі, бұтағы, бүршігі, жапырақтары, тамыры);  

6) затты жеке және топтап айта білу (қой, ешкі, сиыр – малдар); 

7)  өзара  ұқсас  заттарды  салыстыра  білу.  Заттардың  ұқсас,  ұқсамайтын 

белгілерін анықтай білу (кесе –стақан, қасық – шанышқы). 

37. Қимылды білдіретін сөздер. Заттың, құбылыстың қимылын, әрекетін 

білдіретін  сөздерді  Не  істеді?  Қайтті?  деген  сұрақтарға  жауап  беру  арқылы 

айта  білу;  затты,  нәрселерді  ұқсас  қимыл-әрекетгері  бойынша  атай  білу.  Не 



қалай  дыбыстайды?  Не  жүреді  /  ұшады?  заттардың  аты  мен  қимылын 

білдіретін  сөздерден  сөйлем  құрай  білу.  «Қандай?»  деген  сұрақ  бойынша 

заттың түсін, дәмін, көлемін атай білу. 

38.  «Мен,  сен,  ол»  есімдіктерін  мысалдар  арқылы  түсіне  білу  (Мен 

келдім. Мен мектепке келдім. Сенкелдің. Сен мектепкекелдің. Ол келді. Болат 

келді).  Көмекші  сөздердің  мағынасын  түсіну  және  түсіндіре  білу;  суреттер, 

ойыншықтар  арқылы  көрсете  білу  (үстелдің  үстінде,  астында,  қасында, 

жанында т. б.)

39.  Жай  сөйлем.  Жай  сөйлемнің  құрылысымен  танысу; берілген  сұраққа 

жауап  бере  білу;суреттер  бойынша  сөйлемдер  құра  білу;  басталған  сөйлемді 

аяқтай  білу;  орны  ауыстырылған  сөздерден  сөйлем  құрай  білу;  берілген 

мәтіннен  қажетті  сөйлемді  бөліп  ала білу,  сөйлемдегі сөз  санын анықтай  білу; 

сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылатынын білу; сөйлем соңына 

нүкте  қойылатынын  түсіну,  тәжірибе  арқылы  жаттығу  көрсете  білу;  сызба 

бойынша сөйлем құрастыра білу. 

40. Байланыстырып сөйлеу.  Екі-үш  сөзден  құралған шағын сөйлемдерді 

жүйелі  түрде  айта  білу;  суреттер  арқылы  сөйлем  құра  білу;  сериялы  (2-3) 

суреттерге  ат  қоя  білу;  екі-үш  сөйлемді мәтін  құрастыру;  зат  есімнің  орнына 

(мен, сен, ол) сәйкес есімдікті дұрыс қоя білу (Мұрат келді – Ол келді). 

41. Жазу және көркем жазу: 

1) жазу техникасын меңгеру; 

2)  бас  және  кіші  әріптерді  жаза  білу;оқулықтағы  жазба  жұмыстарын 

орындай білу; 

3)  жазбаша  және  баспа  әріптермен  жазылған  сөздерді  буынға  бөліп 

көшіру; 

4)  жазылуы  мен  айтылуы  бірдей  сөздерден  құралған  жай  сөйлем  жаза 

білу; 

5)  сөздердегі  қалып  қойған  әріптерді  табу  және  оларды  орнына  қойып, 



көшіріп жазу; 

6) белгілі бір әріптен, буыннан басталатын сөздерді көшіру; 

7) суреттерге ат қоя білу, оны кеспе әріптермен жазу;  

8) үш-төрт сөзден сөйлем құрап жазу; 

9)ауызша  құрастырылған  сөйлемдерді  сызба-үлгі  бойынша  дәптерге 

көшіре білу. 

42. Жыл бойы өткенді қайталау. Дауысты дыбыстардың түрлерін айтуда 

және  жазуда  ажырата  білу;  сөзден  дауыссыз  дыбыстарды  таба  білу;  сөзді 

дыбыстың  құрамына  қарай  талдай  білу;  жазбаша  және  баспа  әріптермен 

жазылған  сөздерді  буынға  бөліп  көшіру;  берілген  сөздерді  тасымалдай  білу; 

Кім?  Кімдер?  Не?  Нелер?  Қандай?  Сұрақтарын  түсініп,  мысалдар  келтіру;бас 

әріппен  жазылатын  сөздерді  мәтіннен  теріп  жазу,  ережесін  қолдана  білу; 

қимылды білдіретін сөздерді сөйлемнен таба білу, сұрақтарын қоя білу; сурет 

бойынша  екі-үш  жай  сөйлем  құрастыра  білу;  екі-төрт  сөйлемнен  құрылған 

шағын диктант жаза білу. 

 

 



6. Оқу пәнінің бесінші кезеңіндегі базалық білім мазмұны 

 

43.  Өткенді  қайталау:  жай  сөйлемдерді  қолдана  білу.  Сөйлемнің  бас 



әріптен бастап жазылатынын, сөйлем соңында нүкте қойылатынын білу; сурет 

бойынша сұрақ қоя білу және жауап айту; сөйлем құрастыра білу; орын тәртібі 

ауысып берілген сөздерден сөйлем құрастыру; сөйлемнен және мәтіннен жеке 

сөйлемді теріп жаза білу;  сөйлемдегі сөздердің санын анықтау. 

44. Дыбыстар мен әріптер. Әліпби: 

1)  қазақ  тіліндегі  әріптердің  орналасу  тәртібімен  танысу;  әліпбидің 

анықтамасымен  танысу,  жаттау;  сөздерді  әліпби  ретімен  орналастыра  білу; 

оқушылардың тізімін әліпби бойынша жаза білу. 

45. Дауысты және дауыссыз дыбыстар: 

1)  дауысты  дыбыстар,  олардың  жуан  және  жіңішке  болып  бөлінуін 

меңгеру;  жуан  дауыстылар:  а,  о,  ы,  у.  Айтылуы  мен  естілуін  ұғыну;жіңішке 

дауыстылар: ә, е, ө, і, ү. Айтылуы мен естілуін ұғыну; жуан және жіңішке жұп 

дауыстыларды (а-ә, о-ө, ы-і, ү-ү) ажырата білу; дауысты дыбыстардың жазылу 

емлесін  есте  сақтау,  мысалдар  арқылы  ұғыну;  дауыссыз  дыбыстардың 

түрлерімен  танысу,  қатаң  дауыссыздарды  білу;  ұяң  дауыссыз  дыбыстармен 

танысу; үнді дауыссыз дыбыстарды білу; мысалдар келтіру  арқылы дауыссыз 

дыбыстарды ажырата білу. 

46. Буын және тасымал: 

1)  дауыстылардың  буын  жасай  алатынын  білу;  сөздерді  буынға  бөліп 

жасауды  үйрену  және  тасымалды  ажырата  білу;  тасымалдау  жолдарын 

мысалдар  арқылы  ұғыну;  тасымалданбайтын 

сөздер  туралы  білу; 

дауыстылардың әсерімен дауыссыз дыбыстардың жуан және жіңішке айтылуын 

білу  (Ана,  Әке).  Сөздерден  жуан  және  жіңішке  болып  қолданылған 

дауыссыздарды табу, астын сызу; 

2) сөйлемнен жуан және жіңішке болып айтылатын сөздерді  табу, астын 

сызу. 

47. Сөз: 



1)  заттың  атын  білдіретін  сөздер.  Заттың  атын  білдіретін  сөздер  туралы 

оқушылардың ұғымдарын кеңейту; сөздерге Кім? Не? деген сұрақтарды дұрыс 

қоя  білу  және  жауап  беру;  заттың  суреттері  арқылы  сөздер  ойластыру;  Кімді? 

Нені? Кімге? Неге? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарды қоя білу және жауап беру; 

оқушылардың  жалқы  есім  туралы  ұғымдарын  кеңейту;  Қала,  ауыл,  көше,  кісі 

аттарын бас әріппен жазылуын білу; 

2) заттың қимылын білдіретін сөздер. Заттың қимылын білдіретін сөздер 

туралы  ұғымдарын  кеңейту;  заттың  қимылын  білдіретін  сөздерге  сұрақ  қоя 

білу; заттың қимылын білдіретін сөздерді мәтіннен таба білу; заттың қимылын 

білдіретін сөздерді қатыстырып сөйлем құрау; Не  істейсің?  Не  істедің? деген 

сұрақтарға  жауап  беру; берілген  қимылдың  иесі  бола  алатын  заттардың  атын 

анықтау. Не маңырайды? Не боздайды?;  

3)  заттың  санын,  сапасын,  белгісін  білдіретін  сөздер.  Қандай?  Қай? 

Неше?  деген  сұрақтар  арқылы  заттың  белгілерін  анықтау;  заттың  санын, 

сапасын,  белгісін  білдіретін  сөздерді  мәтіннен  дұрыс  таба  білу;    оларды 


заттың  атын  білдіретін  сөздермен  дұрыс  тіркестіріп  айта  және  жаза 

білу;аталған  заттың  бірнеше  белгісін  (сапасын)  тауып  айту  жөне  бірнеше 

белгіні  (сапаны)  білдіретін  сөздерге  қарап  заттың  атын  таба  білу;Екі  затты 

сапалары  бойынша  салыстыру  (қар  –  ақ,  көмір  –  қара,  мақта  –  жұмсақ,  тас  – 

қатты);  сөз  тіркестерін  құрастыру:  ақ  көйлек,  қара  бояу,  үлкен  мектеп,  биік 

ағаш. 


48. Сөйлем: 

1)  жай  сөйлем  құрылымымен  танысу;  Кімнің?  Ненің?  Кімді?  Нені? 

Кімге?  Неге?  Кімде?  Неде?  Кімнен?  Неден?  Кіммен?  Немен?  деген  сұрақтар 

арқылы  сөйлем  құрай  білу;  сөйлемді  мәтіннен  ажырата  білу;сөйлемді  аяқтап 

жазуды  үйрену;сұрақ  бойынша  сөйлемді  толықтыруға  дағдылану;  берілген 

жауабын түсініп жаза білу(Самат ненің суретін салды? Самат әтештің суретін 

салды); сөйлемдегі сөздердің ретін схема арқылы көрсету. 

49. Байланыстырып сөйлеу: 

1) ретсіз берілген сөздерді мағынасына қарай ретімен орналастырып жаза 

білу;  


2)  мазмұндаманың  мәтінін  құрап,  сөйлемдерді  жүйелі  түрде  реттілікпен 

айту;  


3) сурет бойынша шағын мәтін құрастыру. 

50. Көркем жазу: 

1) көркем, әдемі жазуға дағдылану; 

2)  кіші  әріптердің  бір-бірімен  қосылып  жазылуын  білу,  графикалық 

түрде дұрыс жаза білу: 

1 топ — і, и, й, ш, п, т, н, ң, һ; 

2 топ — л, м, г, ғ, ү, ү, у, ц, щ;  

3 топ — а, о, ө, ю, и, ы;  

4 топ — с, е, ә, х, ж; 

5 топ — б, д, з, в, ф; 

6 топ — к, қ, ч, ъ, ь; 

3) бас әріптерді жазу: 

1 топ - О, Ө, С, Ә, Э; 

2 топ - И, Ш, Ц, Щ,У; 

3 топ - Г, П, Т, Б, Ғ, Р; 

4 топ – Н, К, Қ, ЬІ, Ф, Ю, I; 

5 топ – А, Л, М, Я, Ү;  

6 топ — X, Ж, 3, Е, Ү;  

51.  Оқулықтағы  жаттығуларды  орындай  білу;  жазбаша  және  бас 

әріптермен  берілген  мәтіндердегі  тұтас  немесе  жеке  сөздерді,  сөз  тіркестерін 

көшіру;  қалдырылып  кеткен  әріптер  мен  сөздерді  орнына  қойып,  сөздермен 

сөйлемдерді көшіріп жазу; емле ережелерін сақтай отырып жатқа жазу; ретcіз 

берілген сездерден сөйлем құрау. 

52. Жыл бойы өткенді қайталау: 

1)  әліпбидің  анықтамасын  меңгеру,  әріптер  ретін  есте  сақтау;  дауысты 

дыбыстар  және  олардың  түрлерін  меңгеру,  астын  сызып  көрсету;  сөздерді 

буынға  бөліп  жазуды  білу;    буынмен  тасымалды  ажырата  білу;  дауыссыз 


дыбыстардың  түрлерін  ажырата  білу;  заттың  атын  білдіретін  сездерді  атай 

білу, сұрақ қоя білу; жалқы есімдерге қатысты ережелерді пайдалана білу; 

2)  заттың  қимылын  білдіретін  сөздерді  таба  білу,  сұрақтарын  есте 

сақтау; 


3)  қандай?  Қай?  деген  сұрақтар  арқылы  заттың  белгілерін  анықтау;жай 

сойлемнің  ережесін  меңгеру  және  мысалдар  келтіру;5-6  сөйлемнен  құрылған 

шағын диктант жаза білу. 

 

7. Оқу пәнінің бірінші кезеңін аяқтаудан кейін күтілетін нәтижелер 

 

53. Пәндік:  



1) таныс заттарды атау; 

2) негізгі түстерді, заттардың көлемін атау (үлкен, кіші, биік, аласа); 

3) тәулік мөлшерін атай білу (таңертең, түс, түн); 

4)  өзінің  ата-анасының,  жақын  туыстарының  аты-жөнін,ата  тегін 

(фамилиясын) атау; 

5) үйінің мекен-жайы, мектептен үйге келер жолды атай білу; 

6) жеңіл, шағын  тақпақты жатқа айта білу; 

7) сұраққа жауап қайыру;  

8) мазмұны жеңіл сурет бойынша сұрақ қою арқылы сөйлем құрау;  

9) сюжетті сурет бойынша сұраққа жауап беру; 

10)  қойылған  тіл  дыбыстарын  дұрыс  айту;  сөз  басындағы  дыбысты 

ажырата білу, ести білу;  

11) дәптерді пайдалана білу, қаламды дұрыс ұстау; 

12)  дәптерге  ою-өрнек  сызу,  дәптер  жолын  сақтай  отырып,  әріп 

элементтерін жазу.  

13) сөздерді дұрыс айту; 

14) үлкендермен сәлемдесу, қоштасу. 

 

8. Оқу пәнінің екінші кезеңін аяқтаудан кейін күтілетін нәтижелер 

 

54. Пәндік: 

1) дыбыстарды естігенде және айтқанда ажырата білу;  

2)  сөздің  дыбыстық  құрамын  талдау,  кеспе  әліппенің  әріптері  мен 

буындарынан сөз құрай білу; 

3) әңгіме, ертегі, тақпақты мұқият тыңдап, түсіне білу; 

4) көрнекілікке сүйене отырып сөйлем құрастыру; 

5) дыбыстарды дұрыс айта білу; 

6) сөздіңбуыннанқұралатынынбілу; 

7) дыбыстық құрамы жағынан ұқсас сөздерді айыра білу; сөздерді буынға 

бөліп айта білу; 

8) бас және кіші әріптерді жаза білу; 

9)  оқыған,  талдаған  сөздер  мен  сөйлемдерді  тақтадан  және  әліппеден 

көшіріп жаза білу. 

 


9. Оқу пәнінің үшінші кезеңін аяқтаудан кейін күтілетін нәтижелер 

 

55. Пәндік: 

1)  сөздерді  дыбыстық  құрамына  қарай,  кеспе  әліппенің  әріптері  мен 

буындарынан сөз құрай білу; 

2) бас және кіші әріптерді жаза білу; 

3) сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді буындап, байыппен оқи білу; 

4)  оқыған,  талдаған  сөздер  мен  сөйлемдерді  тақтадан  және  әліппеден 

көшіріп жаза білу; 

5)  сөздерді  жатқа  жазу,  шағын  мәтінді  буындап  оқу,  шағын  тақпақтар 

жаттау. 


 

10. Оқу пәнінің төртінші кезеңін аяқтаудан кейін күтілетін нәтижелер 

 

56. Пәндік: 

1) дыбыстар мен әріптерді сәйкестендіре білу; 

2) жуан, жіңішке дауыстыларды айтқызу, танып білу, ажырату;  

3) жуан, жіңішке дауыстылардың әріптік таңбаларымен танысу;  

4) дыбысталуы ұқсас дыбыстарды ажыратабілу; 

5)  дыбыстық  талдау  жасай  білу,  талдау  схемасын  сызу;  қазақ  тіліндегі 

әріптердің орналасу ретімен танысу; 

6)  үш-төрт  сөзден  сөйлем  құрап  жазу;  ауызша  құрастырылған 

сөйлемдерді сызба-үлгі бойынша дәптерге көшіре білу. 

7) сериялы (2-3) суреттерге ат қоя білу; екі-үш сөйлемді мәтін құрастыру. 

 

11. Оқу пәнінің бесінші кезеңің аяқтаудан кейін күтілетін нәтижелер 

 

57. Пәндік: 

1) қазақ тіліндегі әріптердің орналасу тәртібін білу;  

2) сөздерді әліпби ретімен орналастыра білу;  

3) жуан жәнежіңішке жұпдауыстыларды (а-ә, о-ө, ы-і, ү-ү) ажырата білу; 

4) ұяң және үнді дауыссыз дыбыстарды білу;  

5) сөздерді буынға бөліп жасауды үйрену және тасымалды ажырата білу; 

6) тасымалданбайтын сөздертуралы білу;  

7) ретсіз берілген сөздерді мағынасына қарай ретімен орналастырып жаза 

білу;  


8)  мазмұндаманың  мәтінін  құрап,  сөйлемдерді  жүйелі  түрде  реттілікпен 

айту; 


9) сурет бойынша шағын мәтін құрастыру; 

10) көркем, әдемі жазуға дағдылану; 

11)  кішіәріптердің  бір-бірімен  қосылып  жазылуын  білу,  графикалық 

түрде дұрыс жаза білу. 

58. Тұлғалық: 


1)  ұжыммен,  өзбетінше,  мұғалімнің  басшылығымен  нәтижелі  жұмыс 

атқаруды  үйрену.  Сөйлеу,  ойлау  іс-әрекетін  белсендіру,  қарым-қатынас, 

танымдық функцияларын дамыту. 

59. Жүйелік-әрекеттік: 

1) сөзді, сөйлемді, шағын мәтіндерді буындап, байыппен оқи білу; 

2)  тыңдаған  материалдың  мазмұны  бойынша  және  мәтінге  берілген 

суреттерге байланысты сұрақтарға жауап бере білу, жазу дағдыларын меңгеру;  

3) шағын тақпақтарды жаттау. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет