Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат



Pdf көрінісі
Дата01.01.2017
өлшемі181,61 Kb.
#938
түріБағдарламасы

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 151-қосымша   



 

 

 

Психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған бастауыш білім 

беру деңгейінің 2-4 сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу 

бағдарламасы 

(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) 

 

1. Түсінік хат 

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 



тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес  бағдарлама  негізінде  және  психикалық  дамуы  тежелген  балаларды 

оқытуға 


қажетті 

ерекше 


талаптарды 

қанағаттандыру 

мақсатымен  

құрастырылды.  

2. Қазақ тілі – психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларын 

алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас 

жасау  қызметінің  барлық  түрін  меңгертетін  және  олардың  ақыл-ойын 

дамытатын пән.  

3.  Пәнді  оқытудың  жалпы  мақсаты  –  психикалық  дамуы  тежелген 

оқушыларда тіл туралы тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы 

негізгі  ережелерді  меңгерту;  ауызша  және  жазбаша  сөйлеудің  қарым-қатынас 

білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру. 

4.  Психикалық  дамуы  тежелген  балаларға  бастауыш  мектептегі  «Қазақ 

тілі»  пәнін  оқытудың  мақсаты  –  алғашқы  тілдік  мағлұматтарды  меңгерту, 

сауатты  жазу,  оқу  дағдыларын  жетілдіру,  жеке  тұлғаның  қалыптасуы  мен 

дамуына мүмкіндік жасау. 

5. Басты міндеттері: 

1)  психикалық  дамуы  тежелген  оқушылардың  өз  ана  тілі  –  қазақ  тіліне 

деген  қызығушылығын  ояту,  тілдің  құдіретін  және  оның  эстетикалық 

құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде 

өз тілін құрметтеу және мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыру; 

2)  тілдік  ұғымдар  арқылы  психикалық  дамуы  тежелген  оқушыларды 

тілдік тұлға ретінде сезінуге тәрбиелеу; 

3) ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру; 

4) тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз 

ана  тілінде  дұрыс,  түсініп,  мәнерлеп  оқу  және  сауатты,  көркем  жазу) 

қалыптастыру және дамыту; 


5)  алғашқы  тілдік  құбылыстарды  танымдық  нысан  ретінде  меңгерту, 

оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру; 

6) психикалық дамуы тежелген оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның 

белсенді ойлауын жетілдіру. 

6.  Бастауыш  білім  беру  деңгейіндегі  оқу  бағдарламасында  материалдар 

психикалық  дамуы  тежелген  оқушылардың  мүмкіндігіне  бейімделіп  және 

жүйелi-концентрлi  ұстанымға  негiзделдi,  мазмұны  жағынан  кешендi  сипатта 

берілді.  Бағдарламаның  мұндай  құрылымы  тiлдi  оқытудың  қарым-қатынастық 

iс-әрекеттiк  бағытын  жүзеге  асыруға  мүмкiндiк  бередi.  Мұның  өзi  тiлдiк 

бiлiмнiң сапалы  меңгертілуін  қамтамасыз  етеді.  Осы  тұтас  жүйе  мазмұны  мен 

өзiндiк  мақсатқа  бағыттылығы  арқылы  психикалық  дамуы  тежелген 

оқушылардың  тiлдiк  iс-әрекеттерге  ауызекi  және  жазба  тiлдегi  дайындығын 

қамтамасыз етедi. 

7. Психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған «Қазақ тілі» пәнінің 

оқу  бағдарламасы  мынадай  бөлімдерден  тұрады:  «Тіл  және  сөйлеу»,  «Дыбыс 

және  әріп»,  «Мәтін»,  «Сөйлем»,  «Сөз  және  оның  мағынасы»,  «Сөз  құрамы», 

«Сөз таптары». 

8. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 

1) 2 – 4-сыныптар барлығы 136 сағатты құрайды (аптасына 4 сағаттан). 

9.  2–4-сыныптарда  тіл  пәнін  оқыту  барысында  пәнаралық  байланысты 

үнемі  ескеріп  отыру  керек.  Тіл  пәнінің  басқа  пәндермен  байланысы  туралы 

айтқанда,  ең  алдымен,  тақырыптық  байланыстарға  назар  аударған  жөн. 

Тақырыптық  байланыстың  негізіне  пәндер  мен  құбылыстар  туралы  оқытудың 

міндеттері мен шарттарына байланысты әр түрлі жағдайларда қарастырылатын 

жалпы түсініктер мен ұғымдар алынады (барлық сыныпта да осылай және олар 

сыныбы өскен сайын біртіндеп күрделене түседі).  

10. Қазақ тілін оқыту барысында мынадай пәнаралық байланыстар жүзеге 

асырылады. 

1) әдебиеттік оқу пәнімен:  

қазақ 


тілі 

сабақтарында 

мақал-мәтел, 

жұмбақ, 


жаңылтпашты 

пайдалануда;  

ақын-жазушылардың суреттерін көрсету, олар туралы мәлімет беруде; 

мәтінді мәнерлеп оқу мен өлең жаттауда; 

мәтіннің  авторы  туралы  мәліметтер,  не  оның  мазмұнын  айтуды  қажет 

ететін тапсырмалар арқылы оқу сабағындағы материалдарды еске түсіруде; 

тәрбиелік  мәні  бар  көркем  шығармаларды  және  балалардың  жас 

ерекшілігіне лайық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалануда; 

2) математика пәнімен: 

сан атауларын пайдалануда; 

жұмбақтарды пайдалануда; 

сөз 


мағыналарын 

түсіндіру 

барысында 

өлшемдік 

ұғымдарды 

пайдалануда; 

заттарды пішініне, өлшеміне қарай салыстыруда; 

3) дүниетану пәнімен: 



қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстардың  атауларын  таныстыру, 

олар жайында түсінік беруде; 

жаттығу мәтіндері арқылы жануарлар, өсімдіктер, т.б. туралы түсініктерін 

кеңейтуде; 

табиғат құбылыстарымен таныстыруда; 

туған ел, Отан туралы жаттығуларды орындатуда; 

қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстар  туралы  ұғымдардың 

кеңейтілуінде; 

еліміздің мәдениеті және шаруашылығы туралы түсінік беруде. 

4) музыка пәнімен: 

өлең мәтіндері арқылы музыкалық қабілетін дамытуда; 

музыка шығармаларының негізінде байланыстыра сөйлеуді дамытуда; 

5) бейнелеу өнері пәнімен: 

жаттығу мазмұнына байланысты сурет салғызуда; 

әр алуан суреттерді, портреттерді пайдалануда; 

белгілі суретшілер туралы мағлұмат беруде; 

сурет бойынша шағын мазмұндама (ауызша, жазбаша түрде) жазуда; 

6) дене шынықтыру пәнімен: 

сергіту жаттығуларын орындаған кезде дене қимылдарын пайдалануда; 

оқыту  барысында  «дене  шынықтыру  минутын»,  қимыл-қозғалыс 

ойындарын ұйымдастыруда; 

7) еңбекке баулу пәнімен: 

қол саусақтарының нәзік бұлшық еттерін дамытуда; 

шығармашылық ой-қиялы арқылы сөйлей білу қабілетін дамытуда. 



 

2. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

11. Тіл және сөйлеу (2 сағат): 



1) сөйлеудің адам өміріндегі маңызы мен оның қажеттілігі;  

2) ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік.  

12. Дыбыс және әріп (24 сағат): 

1)  у  дыбысы.  Сөз  ішінде  у  дыбысының  бірде  дауысты,  бірде  дауыссыз 

болып  келуі.  У  әрпінің  емлесі:  дауыссыз  дыбыстан  кейін  келген  у  әрпінің 

алдында  ү,  ұ  дыбыстары  естілгенімен,  жазылғанда  олардың  орнына  у-дың  өзі 

ғана жазылатыны;  

2)  дауысты  ы,  і  әріптеріне  аяқталған  сөздерге  у  әрпі  қосылғанда,  ы,  і 

әріптерінің түсіп қалатыны;  

3)  и  дыбысы.  И-дің  дауысты,  ал  й  -  дауыссыз  дыбыс  дыбыс  екені.  И-дің 

бірде жуан, бірде жіңішке болатыны. И, й әріптерінің емлесі;  

4) я, ю әріптерінің жазылуы; 

5) дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіні; 

6) б, п дыбыстары. Б және п әріптерінің емлесі;  

7)  қ,  ғ  және  к,  г  дыбыстары.  Қ,  к  дыбыстарынан  аяқталған  сөздерге 

дауысты ы, і дыбыстары жалғанса, олардың ғ, г дыбыстарына айналуы;  

8) л, р дыбыстары. Л, р әріптерінің емлесі;  


9) н, ң дыбыстары. Олардың бір-бірінен өзгешелігі және емлесі. 

13. Мәтін (7 сағат): 

1)  мәтін  туралы  түсінік.  Жеке  сөйлемдерден  мәтіннің  өзгешелігі. 

Мәтіннің  тақырыбы  және  ондағы  негізгі  ойды  анықтау.  Мәтіннің  мазмұнына 

сай ат қою. Мәтінге, сюжетті суреттерге ат қою;  

2) мәтіннің құрылымын байқату: негізгі ойды беру формасы сөйлем екені, 

мәтіннің бөліктері (басқы, ортаңғы (негізгі), соңғы (қорытынды)) туралы ұғым 

меңгерту. Мәтіндегі азат жолдың рөлін аңғарту; 

3)  мәтіндегі  сөйлемдердің  байланысы.  Әр  алуан  мәтін  түрлерін  аңғарту: 

әңгімелеу, сипаттау;  

4)  заттардың  негізгі  бөліктерін  байқату:  таныс  заттарды  көрсетіп, 

олардың басты белгілері жайлы әңгімелету, сипаттап айтқызу. Берілген мәтінге 

байланысты сұрақтарға жауап беру;  

5)  берілген  жоспар  бойынша  мазмұндама  жазу.  Берілген  тақырып,  тірек 

сөздер, суреттер т.б. бойынша қарапайым мәтін құру.  

14. Сөйлем (14 сағат): 

1)  сөйлем  туралы  түсінік.  Сөйлемнің  мәтіннен  өзгешелігі.  Тұтас  мәтінді 

сөйлемдерге бөлу: берілген мәтіндегі сөйлемдердің ара жігін ажырату;  

2)  сөйлемнің  айтылу  мақсатына  қарай  түрлері:  хабарлы  сөйлем,  сұраулы 

сөйлем, лепті сөйлем. Сөйлем түрлерінің айтылу интонациясын байқату;  

3) сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері (нүкте, сұрау, леп белгісі); 

4) сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сұрақ қою арқылы сөйлемнің ішінен 

бір-бірімен байланысын анықтау; 

5)  сөздердің  орналасу  тәртібін  ескере  отырып,  сөздерден  сөйлем  құрау. 

Сұрақ бойынша сөйлемді кеңейтіп жазу (екі сөзден тұратын сөйлемді үш сөзді 

етіп құру). Үлгі, сызба, суреттер бойынша сөйлем құрап жазу.  

15. Сөз және оның мағынасы (6 сағат): 

1) сөз және оның мағынасы туралы түсінік;  

2)  мағынасы  жуық,  мәндес  сөздер,  қарама-қарсы  мағыналы  сөздер, 

әртүрлі мағынаны білдіретін сөздер (терминдер айтылмайды); 

3) сөздердің қолдану ерекшелігі; 

4) мәтіндегі сөздерді мағыналарына қарай ажырата білу.  

16. Сөз құрамы (12 сағат): 

1) сөздің түбірі мен қосымшасы туралы алғашқы түсінік;  

2) түбір мен қосымшаның бір-бірінен айырмашылығы;  

3) қосымшаның жұрнақ, жалғау болып бөлінуі. 

17. Сөз таптары (35 сағат): 

1)  кім?  не?  кімдер?  нелер?  қандай?  қай?  не  істеді?  не  қылды?  қайтті? 

қанша?  неше?  нешінші?  сұрақтарына  жауап  беретін  сөздер  туралы  түсінікті 

қайталау; 

2)  сөз  табы  туралы  түсінік.  Зат  есім,  оның  мағынасы,  сұрақтары.  Жалқы 

есім және жалпы есім. Жалқы есімнің жазылу емлесі; 

3)  зат  есімнің  жекеше  және  көпше  түрлері.  Зат  есімнің  көпше  түрін  сөз 

құрамына талдау, көптік жалғаулары; 

4) етістік, оның анықтамасы, сұрақтары. Дара және күрделі етістіктер; 


5)  сын  есім  және  оның  анықтамасы,  сұрақтары.  Сын  есіммен  зат  есімнің 

байланысы; 

6)  сан  есім  және  оның  анықтамасы,  сұрақтары.  Сан  есімнің  зат  есіммен 

байланысып айтылуы.  

18. Сөйлеу мәдениеті (2 сағат): 

1) сөйлеу мәдениеті туралы түсінік. Әдемі сөйлеу – әдептілік. Амандасу, 

сәлемдесу, танысу, алғыс айту кезінде қолданылатын сөздер.  

19. Жыл бойы өткенді қайталау (14 сағат). 

20. Жыл бойына арналған жазба жұмыстары (20 сағат). 

 

3. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

21. Тіл және сөйлеу (2 сағат): 



1)  сөйлеу  туралы  берілген  ұғымды  кеңейту.  Сөйлеу  мәнерлілігі.  Дауыс 

ырғағының сөйлеу жағдайына сәйкес болуы; 

2) ауызекі және жазба тілде сөйлеу ерекшеліктері.  

22. Дыбыс және әріп (16 сағат): 

1) дыбыс туралы 2-сыныпта өткенді қайталау;  

2)  э,  е,  ф,  в,  ц,  ч,  ш,  щ  дыбыстарының  ерекшеліктерін  меңгерту.  Бұл 

дыбыстарды дұрыс айтып, сауатты жазуға дағдыландыру;  

3) в, ф дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктерін салыстыру; 

4) ч, щ дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері; 

5)  х,  Һ  дыбыстары,  олардың  айтылу  ерекшеліктері.  Х,  һ  дыбыстарына 

қатысты сөздердің емлесі. 

23. Мәтін (7 сағат): 

1) мәтін туралы берілген ұғымды қайталау. Мәтін құрастырудың сызбасы 

(басқы, ортаңғы, соңғы бөліктері); 

2)  мәтінді  бөліктерге  бөлу  (жоспар  және  жоспарсыз).  Жоспар  құру.  Әр 

алуан мәтін түрлерін құрастыру: әңгімелеу, сипаттау; 

3)  мәтіндегі  сөйлемдердің  байланысы.  Берілген  жоспар,  суреттер 

бойынша  әңгіме  құрастыру.  Сөйлеу  ортасына,  сөйлеу  мақсаты  мен  сөйлеу 

тақырыбына сәйкес қарапайым диалог құру; 

4)  бірлесіп  жасалған  жоспар  бойынша  20-30  сөзден  құралған  қысқаша 

шығарма жазу; 

5) мәтінді ықшамдау арқылы қысқартып, баяндау.  

24. Сөйлем (22 сағат): 

1) сөйлем туралы 2-сыныпта берілген білімді қайталау;  

2) сөйлем түрлерін әртүрлі жағдаяттарда орынды қолдана білу; 

3) сөйлем мүшелері. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер;  

4) 

бастауыш  пен  баяндауыштың  байланысы.  Бастауыш  пен 



баяндауыштың арасына қойылатын сызықша;  

5) жалаң және жайылма сөйлем; 

6) үлгі сызба, сұрақ бойынша сөйлем құрау; 

7) қаратпа сөз, оның тыныс белгісі. 

25. Сөз және оның мағынасы (6 сағат): 


1) сөз туралы берілген білімді еске түсіру; 

2)  сөз  мағыналарымен  жұмыс:  сөз  өзінің  тура  мағынасынан  басқа 

ауыспалы  мағынада  қолданылатынын  және  бір  сөздің  бірнеше  мағынада 

жұмсалатынын байқату; 

3) мәндес және қарама-қарсы мағыналы сөздер. 

26. Сөз құрамы (14 сағат): 

1) сөз құрамы жайында 2- сыныпта берілген ұғымдарды қайталау; 

2) түбір сөз және туынды сөз;  

3) туынды сөз жасайтын жұрнақтар; 

4) туынды сөз бен түбір сөзді салыстыру;  

5) түбірлес сөздер;  

5)  қосымшалардың  емлесі:  қосымшалардың  сөздің  соңғы  буынымен 

үндесіп  жалғануы,  қосымша  жалғанғанда  кейбір  сөздердің  соңғы  дыбысының 

өзгеруі немесе түсіп қалуы туралы түсінік (кітап+ы – кітабы). 

27. Сөз таптары (34 сағат): 

1) сөз таптары туралы берілген ұғымды қайталау;  

2) зат есім туралы 2-сыныпта өтілген материалды еске түсіру;  

3) негізгі және туынды зат есім. Негізгі зат есім, оның анықтамасы; 

4)  туынды  зат  есім,  оның  анықтамасы.  Туынды  зат  есім  жасайтын 

жұрнақтар; 

5) зат есімнің тәуелденуі; 

6)  тәуелдік  жалғау,  оның  жекеше  және  көпше  түрлері.  Тәуелдік 

жалғаудың емлесі;  

7)  етістік  туралы  берілген  білімді  еске  түсіру.  Негізгі  және  туынды 

етістік; 

8) болымды және болымсыз етістік; 

9)  сын  есім  жайында  берілген  білімді  еске  түсіру.  Негізгі  және  туынды 

сын есімдер; 

10) салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыру; 

11) заттарды әр алуан белгісіне, сапасына және т.б қарай салыстыру; 

12) сан есім туралы берілген білімді еске түсіру. Есептік  және реттік сан 

есімдер. 

28. Сөйлеу мәдениеті (2 сағат): 

1) танысу, өтіну, тілек білдіруге байланысты сөздерді пайдалану;  

2) ауызекі және жазба тілде шақыру, құттықтау.  

29. Жыл бойы өткенді қайталау (13 сағат). 

30. Жыл бойына арналған жазба жұмыстары (20 сағат). 

 

4. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

31. Тіл және сөйлеу (2 сағат): 



1)  тіл  және  сөйлеу  туралы  берілген  ұғымды  еске  түсіру.  Ауызекі  және 

жазба тілде сөйлеу туралы түсініктерін кеңейту;  

2) сөйлеудің адамдардың сезіміне, іс-әрекетіне әсері. 

32. Дыбыс және әріп (7 сағат): 



1)  дыбысқа  байланысты  берілген  білімді  қайталау.  Фонетика  туралы 

түсінік беру. Фонетикалық талдау жасау; 

2) буын үндестігі туралы ұғым қалыптастыру: дауысты дыбыстардың сөз 

ішінде жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп айтылуы және жазылуы;  

3)  дыбыс  үндестігі  туралы  түсінік.  Түбірдің  соңғы  дыбысы  қатаң  болса, 

оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң болып келетіні. Түбірдің 

соңғы  дыбысы  ұяң  немесе  үнді  болса,  оған  жалғанатын  қосымшаның  бірінші 

дыбысы да ұяң не үнді болып сәйкестенуі; 

4)  дауысты  дыбыстың  әсерінен  түбірдің  соңындағы  қатаң  дыбыстың  ұяң 

не үнді болып өзгеруі. 

33. Мәтін (7 сағат): 

1) мәтін және оның түрлері туралы берілген ұғымды кеңейту;  

2) әңгімелеу мәтіні, оның құрылымын талдау. Өз беттерінше әңгіме құрау 

(6-7 сөйлем);  

3) тірек сөздер, суреттер, оқығандары бойынша әңгіме;  

4)  сипаттау  мәтіні,  оның  құрылымын  талдау.  Затты  салыстырмалы 

сипаттау;  

5)  пайымдау  мәтіні.  Пайымдаудың  мазмұндық  және  құрылымдық 

ерекшеліктерін  байқату:  мұнда  түсіндіру  (ой),  дәлелдеу  және  қорытынды 

болатыны;  пайымдауда  түсінікті  дәйектемелерді  пайдалану.  Пікір  айтуға 

дағдыландыру, қорытынды жасай білуге үйрету; 

6)  саяхат  кезінде  көргендері,  алған  әсерлері  жайында  жазу.  Айтқан 

ойларының  тақырыпқа  сай  болуы,  мазмұндау  логикасының  сақталуы, 

сөйлемдердің дұрыс құрылуы және т.б. 

34. Сөйлем (22 сағат): 

1) сөйлемге қатысты берілген білімді қайталау;  

2) синтаксис туралы түсінік беру. Синтаксистік талдау жасауға үйрету; 

3) сөйлемнің дара және күрделі мүшелері; 

4)  сөйлемнің  бірыңғай  мүшелері.  Сөз  тіркесі  туралы  түсінік.  Сөйлемдегі 

сөз тіркестерін табуға жаттықтыру;  

5) жай сөйлем және құрмалас сөйлем;  

6) құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі;  

7) қыстырма сөз, олардың тыныс белгісі. 

35. Сөз және оның мағынасы (5 сағат): 

1) сөз мағыналары туралы білімді еске түсіру;  

2) мағынасы бір-біріне жуық сөздер,  мағынасы қарама-қарсы сөздер, көп 

мағыналы сөздер туралы түсініктерін кеңейту; 

3) тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік беру. 

36. Күрделі сөздер (9 сағат): 

1) күрделі сөз туралы жалпы түсінік;  

2)  біріккен  сөз.  Біріккен  сөздің  жасалуы  және  оның  жиі  кездесетін 

түрлері;  

3) қос сөз және олардың жасалуы. Қос сөздердің мәні және емлесі; 

4) қысқарған сөз. Қысқарған сөздердің жасалуы және олардың емлесі. 

37. Сөз таптары (48 сағат): 


1) сөз табы туралы өтілгенді қайталау;  

2) морфология туралы түсінік. Морфологиялық талдау жасау;  

3) зат есім. Зат есімнің септелуі. Септік жалғауының аттары мен септелуі. 

Септік жалғауының емлесі; 

4) тәуелденген сөздердің септелуі;  

5) көптік жалғаулы сөздердің септелуі. Зат есімнің жіктелуі;  

6) жіктік жалғаулары, олардың жекеше, көпше түрлері; 

7) етістік, оның жіктелуі. Жекеше және көпше жіктеу үлгілері;  

8) етістіктің шақтары: осы шақ, өткен шақ, келер шақ; 

9) сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлері, олардың емлесі; 

10) қарсы мәндес сын есімдер;  

11) сан есім. Дара және күрделі сан есімдер, емлесі;  

12) есімдік туралы жалпы түсінік. Жіктеу есімдіктері, олардың септелуі;  

13) үстеу туралы түсінік; 

14) шылау туралы түсінік, олардың мәні;  

15) шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы;  

16) одағай сөздер және олардың емлесі; 

17) еліктеуіш сөздер туралы түсінік. Олардың мәні мен емлесі. 

38. Сөйлеу мәдениеті (2 сағат): 

1) сөйлеу мәдениеті бойынша берілген ұғымды кеңейту: сөйлесіп отырған 

адамның  сөзін  бөлмеу,  онымен  ақжарқын,  байыпты  қалыпта  сөйлесу,  өзі 

туралы көп айта бермеу, дөрекі сөйлемеу және т.б.;  

2)  ауызекі  және  жазба  тілде  кешірім  сұрауға  немесе  келіспегенін 

білдіруге қажетті сыпайы сөздерді қолдана білу. 

39. Жыл бойы өткенді қайталау (14 сағат). 

40. Жыл бойына арналған жазба жұмыстары (20 сағат). 



 

5. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар  

 

41.  Пәндік  нәтиже  бойынша  2-сыныптың  соңында  психикалық  дамуы 

тежелген оқушылар білуі қажет: 

1) тіл және сөйлеудің мәнін, ауызекі және жазба тілді; 

2) тіл дыбыстарының дауысты және дауыссыз түрлерін;  

3) мәтіннің құрылымы мен түрлерін; 

4) сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін; 

5) сөйлемдегі сөздердің байланысын; 

6) сөз мағыналарын; 

7) өтілген сөз таптарын, олардың сұрақтарын. 

42.  Пәндік  нәтиже  бойынша  2-сыныптың  соңында  оқушылармеңгеруі 

қажет: 


1) сөзге дыбыстық талдау жасауды; 

2) сөз құрамын талдауды; 

3)  өтілген  сөз  таптарын  ажырату,  талдау  және  оларды  өзара 

салыстыруды; 

4) мәтіндегі тірек сөздерді табу; 


5)  түрлі  жағдаяттарда  әңгімелесу,  пікірлесу,  өз  ойын  жеткізуді  (кіммен? 

қайда? қашан?не туралы?); 

6) өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстыруды; 

7)  5-7  сөзден  тұратын  сөздік  диктанты,  20-25  сөзден  тұратын 

диктанттарды, 20-30 сөзден мазмұндаманы, 3-5 сөйлемнен тұратын шығарманы 

жазуды.  



 

6. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

43. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушыларбілуі қажет: 



1) мәтін түрлері мен ерекшеліктерін; 

2)  сөйлемнің  тұрлаулы  және  тұрлаусыз  мүшелерін,  олардың  арасындағы 

байланысты; 

3) жалаң және жайылма сөйлем түрлерін; 

4) қаратпа сөзді; 

5) дыбыс және әріп, олардың емлесін; 

6) сөз және оның мағынасын; 

7) түбір сөз бен қосымшалы сөздің бір-бірінен айырмашылығын, 

8) туынды сөз жасайтын жұрнақтарды; 

9) түбір мен қосымшаның жазылуын. 

44.  Пәндік  нәтиже  бойынша  3-сыныптың  соңында  оқушылармеңгеруі 

қажет: 


1) жоспар бойынша әңгімелеуді; 

2) үлгі бойынша сызба құрастыруды; 

3) сөздерді сауатты және каллиграфиялық талапқа сай жазуды; 

4) сөз құрамына талдауды; 

5) мәтінге ат қоюды және ондағы негізгі ойды табуды; 

6) сөйлемнен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табуды 

7) түрлі жанрда әңгімеқұрау; 

8)  өткен  тақырыпты  қайталау  үшін  45-50  сөзден  (диктант)  тұратын 

мәтінді көшіріп және есту арқылы жазуды; 

9)  сұрақтар,  грамматикалық  тапсырмалар,  ұжыммен  құрастырған  жоспар 

бойынша (30-40 сөз) мазмұндама жазуды; 

10)  сурет  бойынша  баяндау,  өзінің  бақылауы  арқылы  әңгіме  жазуды; 

шығарма жазуды, мәтіннің тақырыбын анықтауды. 

 

7. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

45. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушыларбілуі қажет: 

1) мәтін және оның түрлерін; 

2) сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін; 

3) сөйлемнің бірыңғай мүшелерін, олардың тыныс белгілерін; 

4) сөз тіркесін; 

5) буын және дыбыс үндестігін; 

6) сөз мағыналарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын; 



7) күрделі сөздерді және оның түрлерін (біріккен сөз, қос сөз); 

8) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен өзгешелігін, құрмалас 

сөйлемнің тыныс белгісін; 

9) сөз таптарын. 

46.  Пәндік  нәтиже  бойынша  4-сыныптың  соңында  психикалық  дамуы 

тежелген оқушылар меңгеруі қажет: 

1) мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды; 

2)  сөз  таптарын  ажырату,  талдау  және  оларды  топтастыру,  өзара 

салыстыруды; 

3) жіктеу есімдіктерін табуды және оларды септеуді; 

4) мәтіннен қаратпа және қыстырма сөздерді табуды; 

5) жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды; 

6) өз ойларын жеткізуді, сөйлемдерді дұрыс құрастыруды; 

7) қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес орынды сөйлей білуді; 

8)  диктант  (көлемі  55-65сөз),  мәтін  бойынша  мазмұндама  (мәтін  көлемі 

50-100 сөз), көлемі 30-40 сөзден тұратын шығарма жазуды.  

47. Тұлғалық нәтижелер психикалық дамуы тежелген оқушылардың: 

1)  Қазақстан  Республикасы  Конституциясы  туралы  түсінігі  болуы  және 

оны құрметтеуінен; 

2) өз Отанына деген мақтаныш сезімінен; 

3)  өз  ана  тілін  білуі  және  құрметтеуінен,  өз  халқының  және  Қазақстанда 

өмір сүріп жатқан басқа ұлттардың салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына 

құрметпен қарауынан; 

4)  өз  елінің,  туған  өлкесінің  табиғатын  аялауға  және  қорғауға 

ұмтылуынан;  

5)  үлкендерге  құрметпен,  кішілерге  қамқорлықпен  қарап,  айналасына 

мейірімді, кішіпейілділігінен көрінеді. 

48. 


Жүйелі-әрекеттік 

нәтижелер 

психикалық 

дамуы 


тежелген 

оқушылардың: 

1) бастауыш сыныпта оқытылған пәндер бойынша білімінің болуынан;  

2) алынған ақпаратты талдай және қолдана білуінен; 



3) шығармашылықпен жұмыс істеу әдістерін меңгеруінен көрінуі қажет. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет