Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат



жүктеу 188.65 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.12.2016
өлшемі188.65 Kb.
түріБағдарламасы

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 153-қосымша   



 

 

 

Психикалық дамуы тежелген оқушыларға арналған бастауыш білім 

беру деңгейінің 2-4 сыныптары үшін «Әдебиеттік оқу» пәнінен типтік оқу 

бағдарламасы 

(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) 

 

1. Түсінік хат 

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 



тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес  бағдарлама  негізінде  және  психикалық  дамуы  тежелген  балаларды 

оқытуға 


қажетті 

ерекше 


талаптарды 

қанағаттандыру 

мақсатымен 

құрастырылды. 

2. «Әдебиеттік оқу» пәні – психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып 

оқушыларының  ауызша  және  жазбаша  тілін  дамытуды,  яғни  сөздік  қорын 

байытуды,  байланыстыра  және  грамматикалық  тұрғыдан  жүйелі  сөйлеуге 

үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие,рухани-

мәдени  құндылықтар,  ана  тілі  және  қазақ  халқының  салт-дәстүрі  негізінде 

сусындаған  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Адамның  ішкі  рухани 

жан  дүниесі  байлығын  ашуға,  адамгершілікке  тәрбиелеуге,  тілі  мен  қиялын 

дамытуға мүмкіндік береді.  

3.  Пәнінің  мақсаты  –  психикалық  дамуы  тежелгенбастауыш  сынып 

оқушыларына  мәнерлеп  оқуды  меңгерту,  оқушыны  шығарманы  түсінуге 

жетелеу  және  мәтінді  қабылдаушы  оқырман  ретінде  тәрбиелеу,  көркем-

шығармашылық  және  танымдық  қабілеттерін  дамыту,  сөз  өнеріне  деген 

қызығушылығы  мен  эстетикалық  талғамын  қалыптастыру,  сөйлеу  әрекетінің 

барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-

адамгершілік тәрбие беру. 

4. Пәнінің міндеттері: 

1) оқу сапасын (дұрыс, түсініп, мәнерлеп) жетілдіру; 

2)  ауыз  әдебиетінің  жанрларымен,  отандық  және  әлемдік  балалар 

әдебиетінің үлгілерімен таныстыру;  

3)  ақын-жазушылардың  балаларға  арналған  шығармаларының  басты 

тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындау; 

4) талданып отырған мәтіннің сипатын анықтау; 

5) әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру; 

6)  адамгершілік  және  эстетикалық  құндылықтар  жүйесі  негіздерін 

қалыптастыру; 


7)  оқылған  шығарма  ізімен  немесе  еркін  тақырыпта  әртүрлі  әдеби 

шығармашылық  жұмыс  түрлерін  (әңгіме  құрастыру,  мәтінді  сахналау,  мәтін 

бойынша сурет салу және т.б.) орындауға машықтандыру; 

8) сауаттылыққа баулу және әдеби тілде сөйлеуді меңгерту; 

9) тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда  ана тілінде ауызша 

және  жазбаша  дұрыс  сөйлеу,  өз  ойын  анық  (тіл  байлығын  арттыра  отырып), 

баяндау дағдысын қалыптастыру; 

10) кітапжәне сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру. 

5.  Пән  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі:  2  –  4-сыныптар  барлығы  136 

сағатты құрайды (аптасына 4 сағаттан). 

6.  Әдебиеттік  оқу  пәнінің  басқа  пәндермен  пәнаралық  байланысы 

психикалық дамуы тежелген оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, 

көркем-шығармашылық,  танымдық  қабілеттерін  дамыту,  сөз  өнеріне  деген 

қызығушылығын, 

эстетикалық 

талғамын 

арттыру, 

ұлттық 


сананы 

қалыптастыру,  сөйлеу  әрекетінің  барлық  түрін  жетілдіру,  рухани-мәдени, 

ұлттық-әлемдік  құндылықтарды  барынша  бағалап,  құрметпен  қарауға  үйрету 

мақсатында жүзеге асырылады.  

7.  «Әдебиеттік  оқу»  пәнінің  сөздік  қоры  басқа  пән  терминдері  арқылы 

байытылып, кеңейтіледі және ол пәндердің мазмұнын толық ұғынуға ықпалын 

тигізеді: 

1) «Қазақ тілі»: 

жазба жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) орындау;  

сөздік  қорын  байыту,  байланыстыра  және  грамматикалық  тұрғыдан 

сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; 

үлгі  бойынша,  көргені  немесе  оқығаны  бойынша  мәтін  (сипаттау, 

баяндау) құрастыру, мәтінді талдау, мәтінге атау беру; 

жазба жұмыстарын сауатты жазу (қатесіз жазу); 

жазба жұмыстарын жазу барысында грамматикалық ережелерді қолдану, 

орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақтау; 

2) «Математика»: 

сандарды ойын кезінде, ауыз әдебиет шығармаларында қолдану; 

тілді математикалық терминдермен байыту; 

3) «Дүниетану»: 

қоршаған  дүниенің  біртұтастығы,  олардың  арасындағы байланыс  туралы 

білімдерін қолдану; 

топсеруен  кезінде,  табиғат  туралы  алған  білімдерін  жазба  жұмыстарда 

қолдану; 

4) «Музыка»: 

қазақ  халқының  және  Қазақстанда  тұратын  басқа  халықтардың  музыка 

саласына еңбек сіңірген қайраткерлердің музыкалық шығармаларын тыңдау;  

музыка тіліне салынған ақындардың өлеңдерін жаттау; 

ақын өлеңдерінің ырғағын анықтай алу; 

өлеңдерге сай әуендер табу; 

мәтіндердегі автордың көңіл-күйін байқау; 

ана тіліміздің сазды, әуенді, әуезді сарынын, үнін тыңдау; 



көркем  шығармалардағы  сипаттау,  теңеулердің  музыка  тіліндегі 

үндестігін ұғыну; 

5) «Бейнелеу өнері»:  

суретшілердің  шығармалары  арқылы  оқушылардың  сөз  байлығын 

арттыру, тілін дамыту;  

сурет бойынша өз пікірлерін білдіру; 

суретке қарап мәтіндегі оқиғаны әңгімелеуге, мәтіндегі оқиғаға сай сурет 

салғызуға жаттықтыру;  

эстетикалық тәрбие беру; 

6) «Еңбекке баулу»: 

еңбек тақырыбына байланысты шығармалар оқу барысында оқушыларды 

еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу;  

еңбекке  баулу  сабағында  берілетін  қазақ  халқының  және  Қазақстанда 

тұратын  басқа  халықтардың  ұлттық  киім  үлгілері,  қазақтың  ұлттық  зергерлік 

бұйымдары мен ою-өрнектерінің тарихы т.б. туралы мәліметтерді шығармалар 

оқу кезінде еске түсіру, байланыс орнату;  

қазақтың  сәндік-қолданбалы  өнерін  оқушылардың  ауызекі  және  жазба 

тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту арқылы жүзеге асырылады. 



 

2. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

8. Оқу материалдары төмендегі тараулар бойынша топтастырылады: 



1) білім керек бәріне (17 сағ.); 

2) атадан қалған асыл мұра (19 сағ.); 

3) неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем (12 сағ.); 

4) қыста талай қызық бар (16 сағ.); 

5) қадірлі әкелерім, мейірімді аналарым (18 сағ.); 

6) адам болам десеңіз (19 сағ.); 

7) бабалар өмірі-ұрпаққа өнеге (19 сағ.); 

8) туған өлке табиғатын қастерлейік (16 сағ.). 

9. Әр тоқсан бойынша екі үлкен тараудан топтастырылған материалдарды 

оқыту көзделген. Әр бөлімге бөлінген сағаттар санында ауызша және жазбаша 

тіл дамыту, қайталау сабақтары қоса есептеледі.  

10. Ауыз әдебиеті үлгілері: 

1)  балаларға  арналған  тақпақтар,  ойын  өлеңдер,  төрт  түлік  жырлары, 

бесік жыры, өтірік өлеңдер (үзінділер), мақал-мәтелдер (әртүрлі тақырыптағы), 

жұмбақ-жаңылтпаштар (әртүрлі тақырыптағы); 

2)  ертегілер:  хайуанаттар  жайындағы,  қиял-ғажайып  оқиғалы,  шыншыл 

ертегілер; 

3)  бата,  айтыс  үлгілері,  аңыз-әңгімелер,  мысалдар,  күлдіргі  әңгімелер, 

шешендік сөздер. 

11. Жазба балалар әдебиеті үлгілері: 

1)  қазақ  ақындарының  балаларға  арналған  өлеңдері  (А.Құнанбаев, 

Ш.Құдайбердиев, 

Ж.Жабаев, 

М.Жұмабаев, 

М.Дулатов, 

С.Сейфуллин, 

І.Жансүгіров,  А.Тоқмағамбетов,  Қ.Аманжолов,  М.Мақатаев,  Ө.Тұрманжанов, 


М.Әлімбаев,  Қ.Мырза  Әлі,  Б.Ысқақов,  Қ.Баянбай,  С.Қалиев,  Ж.Смақов, 

Т.Молдағалиев,  С.Мәуленов,  Ә.Дүйсенбиев,  Ф.Оңғарсынова,  Ө.Ақыпбеков, 

Ғ.Қайырбеков,  О.Әубәкіров,  Ш.Смаханұлы,  Е.Өтетілеу,  Е.Елубаев,  Н.Айтов 

және т.б.), қазақ жазушылары (Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, 

М.Әуезов,  С.Көбеев,  С.Сарғасқаев,  С.Мұқанов,  Ш.Мұртаза,  С.Бегалин, 

Б.Соқпақбаев  және  т.б.),  орыс  және  әлем  классиктері  (Л.Толстой,  И.Крылов 

және т.б.) мен орыс педагогі К.Д.Ушинскийдің шығармалары; 

2)  жазушылар  өмірбаяны  мен  шығармашылығы  туралы  қысқаша 

мәліметтер; 

3) ғылыми-танымдық шығармалардан: мақала, естелік, өмірбаян, күнделік 

(аспан  әлемі,  су  асты  тіршілігі,  табиғат  құбылыстары,  жаратылыс  құпиялары, 

халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы шығармалар). 

12. Әдеби-теориялық білім: 

1)  халық  ауыз  әдебиеті  жанрлары  жөнінде  (ертегі,  өтірік  өлең,  жыр, 

жұмбақ,  мақал-мәтелдер,  жаңылтпаштар,  аңыз-әңгіме  және  т.б.)  өлеңнің 

ұйқасқа құрылатыны, ақынның көңіл-күйі туралы түсінік (өлең түрлері: табиғат 

лирикасы,  арнау  өлеңдер,  мысал  өлеңдер,  сықақ  өлеңдер  және  т.б.),  мәтіндегі 

көркем сөз жөнінде практикалық түрде түсінік, мәтін түрлері, мәтіндегі негізгі 

ой туралы қарапайым мағлұмат; 

2) диалог туралы балалардың түсінігіне сай анықтама. 

13. Мәтінмен жұмыс:  

1)  мәтіндегі  негізгі  ойды,  оның  басталуын,  жалғасуын,  аяқталуын 

анықтау, мәтінді әңгімелеу, мәтін кейіпкерлерін атау; 

2) мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру және сұрақ қоя білу; 

3)  мәтінге  берілген  суреттермен  жұмыс  жасау,  мәтін  мазмұны  бойынша 

сурет салу; 

4) сөздік жұмысын жүргізуге қатысу, түсіндірілетін сөздермен жұмыс; 

5)  жазбаша  шығармашылық  жұмыстар  жүргізу:  шағын  шығарма,  хат, 

құттықтаулар жазу және т.б.  

14.  Шығарма  атауын,  оның  шығарма  мазмұны  және  байланысын  түсіну. 

Атау нұсқауларын ойластыру, неғұрлым сәйкес атауды таңдау. Тақырып атауы, 

иллюстрация  және  түйін  сөздер  негізінде  мәтін  мазмұнын  болжау.  Мәтіннен 

түйін сөздерді, сөз тіркестерін табу. Мәтін кейіпкерін ауызша сипаттау. Мәтінді 

бөлімдерге  бөліп,  оларға  атау  беру.  Мәтіннің  негізгі  ойын  анықтап,  оны 

атауымен сәйкестендіру.  

15.  Оқу  дағдысы.  2-сыныпта  оқушылардың  мәтіндерді  дұрыс,  түсініп 

оқуына  баса  көңіл  бөлінеді.  Мәнерлеп  оқу  дағдыларын  қалыптастырып, 

жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Оқу түрі: дауыстап оқу, іштей оқу. 



 

3. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

16. Оқу материалдары төмендегі тараулар бойынша топтастырылады: 



1) талаптан да, білім мен өнер үйрен (16 сағ.); 

2) маужырап барқыт қоңыр күз (10 сағ.); 

3) туған елім, туған жерім (15 сағ.); 


4) ата-бабам тарихы – менің тарихым (15 сағ.); 

5) туған жерге қыс келді (10 сағ.); 

6) жақсыдан үйрен (15 сағ.); 

7) масатыдай құлпырар жердің жүзі (10 сағ.); 

8) табиғат – менің өз үйім (15 сағ.); 

9) жаздыгүн шілде болғанда (12 сағ.); 

10) сарқылмас қазына (18 сағ.). 

17.  Әр  бөлімге  бөлінген  сағаттар  санында  ауызша  және  жазбаша  тіл 

дамыту, қайталау сабақтары қоса есептеледі.  

18. Ауыз әдебиеті үлгілері: 

1) бесік жыры,төрт түлік туралы жырлар, жұмбақтар және жаңылтпаштар, 

түрлі тақырыптағы мақал-мәтелдер (өнер, білім, тәрбие, еңбек, ынтымақ, бірлік, 

батырлық, ерлік, жақсылық және жамандық, достық және т.б.); 

2) қазақ және басқа да халықтар ертегілері; 

3) аңыз әңгімелер, мысалдар, күлдіргі әңгімелер; 

4) шешендік сөздер, нақыл сөздер; 

5) батырлар жыры; 

6) айтыс түрлері.  

19. Жазба балалар әдебиеті үлгілері: 

1)  қазақ  ақындарының  балаларға  арналған  өлеңдері  (А.Құнанбаев, 

Ш.Құдайбердиев, 

Ж.Жабаев, 

М.Жұмабаев, 

М.Дулатов, 

С.Сейфуллин, 

І.Жансүгіров,  Т.Жароков,  А.Тоқмағамбетов,  Қ.Аманжолов,  М.Мақатаев, 

Ж.Смақов, Т.Айбергенов, Қ.Мырза Әлі, С.Мәуленов, Ө.Тұрманжанов, Н.Айтов, 

Ә.Дүйсенбиев,  Ф.Оңғарсынова,  Б.Ысқақов,  Ө.Ақыпбеков,  Ғ.Қайырбеков, 

О.Әубәкіров,  Ш.Смаханұлы  және  т.б.),  қазақ  жазушылары  (Ы.Алтынсарин, 

С.Көбеев,  А.Байтұрсынұлы,  Ж.Аймауытов,  Б.Майлин,  М.Әуезов,  С.Мұқанов, 

Ш.Мұртаза, 

С.Бегалин, 

М.Иманжанов, 

Б.Соқпақбаев, 

М.Төрежанов, 

С.Шаймерденов  және  т.б.),  орыс  және  әлем  классиктерінің  (Л.Толстой, 

Ш.Айтматов, А.Гайдар және т.б.) шығармалары; 

2)  жазушылар  өмірбаяны  мен  шығармашылығы  туралы  қысқаша 

мәліметтер; 

3) ғылыми-танымдық шығармалардан: мақала, естелік, өмірбаян, күнделік 

(аспан  әлемі,  су  асты  тіршілігі,  табиғат  құбылыстары,  жаратылыс  құпиялары, 

адамзат  сырлары,  техника  жетістіктері,  халықтық  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр 

туралы шығармалар).  

20. Әдеби-теориялық білім: 

1)  3-сыныпта  әдебиет  теориясы  элементтерінен  алдыңғы  сыныптарда 

өткен  ертегі,  жұмбақ,  мақал  –  мәтелдер,  өлең  т.б.  жөнінде  білетін  білімдерін 

одан әрі арттыра түседі; 

2)  халық  ауыз  әдебиетінің  негізгі  жанрлары  (ертегі,  аңыз,  наным–сенім 

өлеңдері,  тұрмыс–салт  жырлары,  жаңылтпаш,  жұмбақ,  мақал–мәтелдер, 

батырлар  жыры,  айтыс,  шешендік  сөздер)  туралы  ұғымдар  дамытылып, 

олардың басты белгілері, мысал, әңгіме туралы ұғым, шығарманың тақырыбы, 

негізгі  ойы  туралы  қарапайым  түсініктер,  теңеу  қолданысы,  олардың 



анықтамалары,  кейіпкерге  мінездеме,  портрет,  диалог,  монолог  туралы 

балалардың түсініктеріне сай анықтамалар. 

21. Мәтінмен жұмыс:  

1)  мәтіннен  немесе  мәтін  бөлімдерінен  түйін  сөздерді  көрсету,  түйін 

сөздер мен негізгі ой арасындағы байланысты орнату; 

2)  өздігінен  мәтінді  бөлімдерге  бөлу  және  атау;  әр  бөлімнің  және  тұтас 

шығарманың (мұғалімнің көмегімен және өздігінен) басты ойын бөлу; 

3) қарапайым жоспар құрастыру (қарапайым жоспар нұсқасы: жоспардың 

пункттері  –  хабарлы  сөйлемдер;  сұрақтардан  тұратын,  мәтіндегі  сөйлемдер 

арқылы құрастырылған жоспар); 

4)  мұғалім  немесе  оқушылардың  құрастырған  жоспарын  мәтін 

құрылымымен сәйкестендіру; 

5) кейіпкер туралы жоспар құрастыру; 

6)  мәтін  бойынша  алдын-ала  құрастырылған  сұрақтарға,  оқыған  мәтін 

мазмұны бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап беру; 

7) мәтінге сұрақтар құрастыру; 

8)  тақырып  атауы,  иллюстрация  және  түйін  сөздер  негізінде  мәтін 

мазмұнын болжау; тақырып атауын ойластыру; 

9) нақты тапсырма бойынша таңдап оқуды қолдану; 

10) мәтінді сахналау; 

11) авторлар жөнінде қосымша деректер жинау; 

12) сөздіктермен жұмыс жасау; 

13) шығармашылық жұмыстар: мәтін құрастыру және т.б. 

22.  Оқу  дағдысы.  Іштей  және  дауыстап  сөздерді  тұтас  мәнерлеп,  дұрыс, 

саналы,  жылдам  оқу.  Сөйлем  құрылымына  сәйкес  келетін,  дауыс  ырғағын, 

қарқын, үнін, екпінін таңдап оқу.  



 

4. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

23.  Білім  мазмұнын  құруда  жанрлық  –  хронологиялық  ұстанымы 



басшылыққа  алынып,  қазақ балалар  әдебиетінің  тұтас  бітімінің қысқа  нұсқасы 

ұсынылады. 

24. Оқу материалдары төмендегі тараулар бойынша топтастырылады: 

1) кәусар бұлақ (24 сағ.); 

2) асыл арналар (12 сағ.); 

3) жарық жұлдыздар (20 сағ.); 

4) мәуелі бақ (70 сағ.); 

5) әлем әдебиеті үлгілері (10 сағ.). 

25. Халық ауыз әдебиеті үлгілері: 

1)  батырлар  жырынан  үзінділер  («Ер  Тарғын»,  «Қамбар  батыр», 

«Тайбурылдың шабысы», «Алпамыс батыр», «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат» 

және т.б.); 

2) аңыз әңгімелер мен қиял-ғажайып оқиғалар; 

3)  халық  арасында  шешендігімен  елге  танылған  билер  мен  батырлардың 

даналық шешендік сөздері; 


4) ақындар айтысы. Жұмбақ айтыс; 

5) ертегілер; 

6) мысалдар.  

26. Жазба балалар әдебиеті үлгілері:  

1)  қазақ  ақын-жазушыларының  шығармалары  (әл-Фарабидің  даналық 

ойлары, М.Қашғари, Ж.Баласұғын нақыл сөздері, М.Өтемісұлы, Ы.Алтынсарин, 

А.Құнанбаев, 

С.Көбеев, 

Ш.Құдайбердіұлы, 

Ғ.Қараш, 

С.Дөнентаев, 

А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  Ж.Аймауытов,  М.Жұмабаев,  С.Торайғыров, 

С.Сейфуллин, 

Б.Майлин, 

І.Жансүгіров, 

М.Әуезов, 

С.Мұқанов, 

А.Тоқмағамбетов, 

Ж.Жабаев, 

М.Мақатаев, 

Қ.Аманжолов, 

Ғ.Орманов, 

И.Байзақов, 

М.Иманжанов, 

Ғ.Мүсірепов, 

Б.Соқпақбаев, 

С.Сарғасқаев, 

Т.Айбергенов,  Б.Бұлқышев,  Ө.Тұрманжанов  Т.Молдағалиев,  Ә.Тәжібаев, 

С.Жүнісов, 

С.Мұратбеков, 

Ш.Мұртаза, 

М.Мағауин, 

А.Сейдімбек, 

Қ.Жұмағалиев,  С.Жиенбаев,  Б.Момышұлы,  М.Шаханов,  О.Сүлейменов, 

Ғ.Қайырбеков, О.Бөкей, А.Асылбеков, Ж.Әбдірашев, Ф.Оңғарсынова т.б.); 

2)  әлем  әдебиеті  классиктері  (Ш.Айтматов,  Н.  Хикмет,  Э.Корр, 

Э.Хемингуэй,  Г.Х.Андерсен,  Л.Толстой,  И.Крылов,  т.б.)  мен  педагог 

В.Сухомлинскийдің  балаларға  арналған  шығармалары.Жазушылар  өмірбаяны 

мен  шығармашылығы  туралы  қысқаша  мәліметтер.  Ғылыми-танымдық 

шығармалардан: мақала, очерк, естелік, өмірбаян, күнделік.  

27. Әдеби-теориялық білім: 

1)  көркем  мәтіндердегі  пейзаждың,  портрет,  мінездеудің,  диалог, 

монологтың  орны  туралы  қарапайым  түсінік,  жазушы  қолданған  көркем 

сөздерді  (теңеу,  кейіптеу,  эпитет)  табу,  шығарманың  тақырыбы  мен  идеясы, 

композициясы, сюжеті туралы практикалық тұрғыда түсіндіру; 

2)  эпикалық  жырлар,  аңыз,  теңеу,  айтыс,  әдеби  ертегі,  мысал,  диалог, 

монолог,  сатира,  кейіптеу,  фантастикалық  шығарма,  портрет,  лирика, 

мінездеме,  қайталау,  логикалық  екпін,  сюжет,  естелік  және  т.б.  туралы 

ұғымдар.  

28. Мәтінмен жұмыс:  

1) мәтін бойынша автордың көзқарасына өз пікірін білдіру; 

2) 


мәтінді 

эстетикалық-сезімдік 

тұрғыда 

қабылдау, 

шығарма 

кейіпкерлерінің  іс-әрекетіне  баға  беру  (сөйлеген  сөздеріне,  іс-әрекетіне, 

автордың  көзқарасына  сүйеніп  және  бүгінгі  күн  талабына  сай  өз  көзқарасын 

білдіре отырып); 

3)  мәтіндегі  оқиғаның  ретін,  себебін,  уақытпен,  тарихи  кезеңмен  себеп-

салдар байланысын көрсете алу; 

4)  өлеңдерге  сай  ырғақты  таңдай  білу,  сөздіктерге  сүйене  отырып 

сөздердің  мағынасын  түсіндіру,  жазушы  тіліне  назар  аудару,  көркем  сөздерді 

қолдану;  

5) өздігінен шығарманың атауын түсіну; 

6)  мәтінді  оқу  үдерісінде  (кезеңдері:  мәтінді  оқу  барысында  өздігінен 

сұрақтар құрастыру, мүмкін болатын жауаптарды болжау, өзін-өзі бақылау); 

7) «Автормен диалог» жүргізу; 


8)  оқыған  шығарманың  басты  ойын  өздігінен  тұжырымдау,  мәтін 

бөлімдері арасында мағыналық байланысты орнату; 

9)  өздігінен  әртүрлі  нұсқада  қарапайым  жоспар  құрастыру,  мұғалімнің 

көмегімен және өздігінен күрделі жоспар құрастыру; 

10)  нақты  тақырыпқа  әңгіме  құрастыру  үшін  мәтіннен  қажетті 

мәліметтерді табу; 

11) өздігінен мәтіннен түйін сөздерді айырып көрсету; 

12)  негізгі  ойды  тұжырымдау,  оны  мәтін  аталуымен  сәйкестендіру, 

жоспар бойынша мәтінді мазмұндау; 

13) шығарма кейіпкерлерінің образын сезіне отырып рөлге бөліп оқу; 

14) оқу мәдениеті. Ауызша және жазбаша сөйлеу.  

29.  Оқу  дағдысы.  Ауызша  сөйлеу  мәнерлілігі  тәсілін  қолдана  отырып, 

қажетті  нормаларды  сақтай  жылдам,  саналы,  дұрыс,  мәнерлі  оқу.  Өздігінен 

мәнерлеп оқуға дайындалу. Көлемі мен жанры әртүрлі кез-келген мәтінді іштей 

саналы оқу.  

 

5. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

30.  Пәндік  нәтиже  бойынша  2-сыныптың  соңында  психикалық  дамуы 



тежелген оқушылар білуі қажет: 

1) мәтінді саналы оқуды; 

2) шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей оқуды; 

3) мәтінді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқуды; 

4) мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуы мен аяқталуын табуды; 

5)  көлемі  80-100  сөзден  тұратын  мәтін  мазмұнын  толық,  қысқаша  және 

жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеуді; 

6)  мәтіннің  азат  жолдарынан  басталатын  бөліктерін  анықтау  және  оған 

атау қоюды; 

7) мәтіннің мамұнына қатысты тірек сөздерді табуды; 

8) тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап беруді; 

9)  халық  ауыз  әдебиетінің  шағын  жанрларын  (жұмбақ,  жаңылтпаш, 

санамақ) ажыратуды; 

10)  өлеңнің  басты  ерекшеліктерін  (ұйқасқа  құралады,  шумақтан  тұрады 

және т.б.); 

11) өлеңді мысалдан, әңгімеден ажыратуды; 

12)  оқулықпен  жұмыс  атқаруды  (мәтін,  сұрақ–тапсырмалар  берілген 

беттерді көрсету және т.б.); 

13) шығарманың авторы мен тақырыбын атауды. 

31. 2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет: 

1) сурет бойынша диалог құруды; 

2) тыңдаған ән-күйлерінің мәтінмен байланысын анықтауды; 

3) ғылыми-танымдық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табу; 

4)  өзі  байқаған  және  көрген  іс-әрекеттер  мен  оқиғалар  бойынша  әңгіме 

жазуды; 


5)  мәтін  кейіпкерлеріне,  туысқандары  мен  достарына  хатпен  құттықтау 

жазуды; 


6) халық ауыз әдебиет үлгілерін және 1-2 өтірік өлеңді, 8-10 мақал-мәтел 

мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды; 

7) 2-3 өлеңді жатқа айтуды; 

8) мазмұндама мен шағын әңгіме жазуды (15-20 сөзден тұратын); 

9)  2-сыныптың  бірінші  жарты  жылдығында  минутына  сөздер  мен  тыныс 

белгілерін  қоса  есептегенде  30-35  сөз  оқуды;  екінші  жарты  жылдықта  –  40-45 

сөз оқуды.  

 

6. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

32.  Пәндік  нәтиже  бойынша  психикалық  дамуы  тежелген  3-сыныптың 



соңында оқушылар білуі қажет: 

1) шығармаларды өздігінен дауыстап, іштей, шапшаң, мәнерлеп және сөз 

екпінін дұрыс қойып оқуды; 

2) нұсқауға сәйкес мәтінді теріп оқуды; 

3) мысалдағы үгіт–насихат, өсиет сөз айтылған жолдарды тауып оқуды; 

4) көлемі қысқа мәтіндердегі оқиға мен іс-әрекетке өз көзқарасын білдіре 

әңгімелеуді; 

5)  көлемі  100–150  сөзден  тұратын  мәтін  мазмұнын  толық,  қысқаша  және 

жоспар бойынша әңгімелеуді; 

6) мәтінге түрліше жоспар құруды; 

7) мәтін мазмұнын өз сөзіменәңгімелеуді; 

8) мәтінді бөліктерге бөліп, ат қою; 

9) оқиға желісін ажыратуды, оқиғаға өзінің көзқарасын білдіруді; 

10) шығармадағы негізгі ойды табуды;  

11)  шығарма  кейіпкерлеріне  сипаттама,  олардың  іс-әрекеттеріне  баға 

беруді; 


12) мәтін авторын немесе авторы арқылы шығарманы атауды. 

33. Психикалық дамуы тежелген оқушылар меңгеруі қажет: 

1) ауыз әдебиеті үлгілерін жазба әдебиеттен ажырата алуды; 

2)  өзі  байқаған,  көрген  іс-әрекет,  оқиғалар  бойынша  шағын  шығарма 

жазуды; 

3)  мәтін  кейіпкерлеріне,  туысқандарына,  достарына  хат,  құттықтау 

жазуды; 

4) халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа 

айтуды; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды; 

5) мазмұндама мен шығарма жазуды (20-25 сөзден тұратын);  

6)  3-сыныптың  бірінші  жарты  жылдығында  минутына  сөздер  мен  тыныс 

белгілерін  қоса  есептегенде  50-55  сөз  оқуды;  екінші  жарты  жылдықта  –  55-60 

сөз оқуды меңгеруі қажет. 

 

 



 

7. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

34.  Пәндік  нәтиже  бойынша  4-сыныптың  соңында  психикалық  дамуы 



тежелгеноқушылар білуі қажет: 

1)  тегі,  жанры  әр  түрлі  шығармаларды  оларда  бейнеленген  оқиғалар  мен 

кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік қарым-қатынасын білдіре отырып, мәнерлеп 

оқуды; 


2)  мәнерлеп  оқу  құралдарын  (ой  екпінін,  дауыс  ырғағын,  дауыс  күшін, 

кідірісін, қарқынын) дұрыс қоюды; 

3)  қара  сөз  бен  өлеңнің  ұқсастығын  (екеуінің  де  бір  ойға  құрылғандығы, 

тақырып пен идеяның бірлігі, оқушының ой-сезіміне көркем сурет арқылы әсер 

етуі); 

4) өлеңнің қара сөзден айырмашылығын, яғни оның құрылымының өзіне 



тән 

ерекшеліктерін 

(ұйқасқа 

құрылуы, 

шумақтардан, 

тармақтардан, 

бунақтардан, мөлшерлі ырғақтан тұратыны); 

5)  көлемі  200-250  сөзден  тұратын  мәтін  мазмұнын  толық,  қысқаша  және 

жоспар бойынша таңдап, әңгімелеуді; 

6)  басқа  шығармалардан  мысалдардың  өзіндік  (жағымсыз  жәйіт, 

кемшілік,  ұнамсыз  мінез-құлықты  ашық,  тура  сынамай  астарлап,  яғни 

аллегориялап  сынауы,  белгілі  бір  үгіт,  тәлім-тәрбие  айтылатын  кіріспе  немесе 

қорытынды  шумақ  болатыны,  монологты  –  диалогты  құрылымы  дауысты 

құбылтып оқуға міндеттейтіні) ерекшеліктерін; 

7)  шығармадағы  негізгі  ойды  анықтап,  оның  басталуы,  жалғасуы, 

шарықтау шегі, аяқталуына байланысты өздігінен жоспар құруды; 

8) мәтінді оқиға желісіне қарай шегін ажыратып, ат қоюды; 

9) мәтіннің мамұнына қатысты тірек сөздерді табуды; 

10)  мәтіндегі  таныс  емес  сөздердің  мағынасын  түсіндірмелі  сөздіктерді 

қолдана отырып түсіндіруді; 

11) мәтіндегі көркем сөздерді тауып, олардың шығармадағы рөлін, мәнін 

түсіндіруді; 

12) әр түрлі жанрлы шығармалардағы көркем сөздерді салыстыруды. 

35. Психикалық дамуы тежелгеноқушылар меңгеруі қажет: 

1) шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді; 

2) мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды; 

3) 

портреті  арқылы  және  шығармалардағы  іс-әрекетіне  сәйкес 



кейіпкерлерге мінездеме беруді; 

4)  ғылыми-танымдық  және  публистикалық  мәтіндерден  өзіне  қажетті 

мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп; 

5)  көркем  шығармада  суреттелген  оқиға,  кейіпкерлер  іс-әрекеті  мен 

қарым қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді; 

6) мәтін туралы пікір білдіруді; 

7) әдеби кейіпкерге, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды; 

8)  көркем  шығармадан  алған  әсерін  жазбаша  түрде  (8-10  сөйлем) 

орындауды; 

9) ауызша, жазбаша сөйлеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдануды; 



10) сөйлегенде, жазғанда көркем сөз, шешендік сөз үлгілерін қолдануды; 

11) 


тақырыбы  бір-біріне  үндес  шығармалардың  кейіпкерлерін, 

оқиғаларын салыстыруды; 

12)  көркем  шығармада  суреттелген  оқиға,  кейіпкерлер  іс-әрекеті  мен 

қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді; 

13) мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);  

14) 4-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс 

белгілерін  қоса  есептегенде  60-65  сөз  оқуды,  екінші  жарты  жылдықта  –  65-70 

сөз оқуды. 

36. Тұлғалық нәтижелер психикалық дамуы тежелген оқушылардың: 

1) Қазақстан Республикасының әнұранын жатқа білуінен; 

2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, рәміздерін 

құрметтеуінен; 

3) ел ішінен шыққан құрметті азаматтардың, халыққа танылған билер мен 

батырлардың  өмірі  мен  даналық  сөздерін  білуде,  жатқа  айтуда,  жазба 

жұмыстарында, олардың өмірінен үлгі алуынан; 

4)  қазақ  және  әлем  классиктерінің  шығармалары  арқылы  тарихи 

тұлғаларға  құрметпен  қарауда,  өз  туған  жері,  қоршаған  ортаны  сақтауға 

үйренуінен; 

5) мәтін кейіпкерлеріне деген өз көзқарасын білдіруден; 

6)  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  мәдениеттілігі  мен  этикалық 

нормаларды сақтауынан көрінеді.  

37. 


Жүйелі-әрекеттік 

нәтижелер 

психикалық 

дамуы 


тежелген 

оқушылардың: 

1)  бағдарлама  көлемінде  мәтінді  мәнерлеп,  дауыс  ырғағын  келтіріп  оқу 

дағдысынан; 

2)  мәтінмен  жұмыс  істеу  (сұрақтарға  жауап  беру,  суретпен  жұмыс, 

шығарманың негізгі ойын түсіну, талдау, жоспар құру және т.б.) білігінен; 

3) мәтін, сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыру білігінен; 

4)  көркем  шығармаларды  меңгеру,  пайымдау,  қарапайым  талдау 

жасауынан; 

5) шығарма авторлары туралы мәліметтер жинақтау білігінен; 

6)  шығармашылықпен  мазмұндау,  басты  кейіпкерлерге  сипаттама  беру, 

әңгіме құрастыру білігінен; 

7) ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу білуінен; 

8) танымдық, шығармашылық жобаларды орындауынан көрінеді. 



 

Каталог: sites -> default -> files
files -> Мұратбеков Сайын
files -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
files -> А. Т. Селкебаева
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Отбасы тұрмысының қолайсыздығын қалай


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет