Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) Түсіндірме жазба


Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдемелер



бет3/4
Дата14.10.2022
өлшемі56,6 Kb.
#43080
түріБағдарламасы
1   2   3   4
3. Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдемелер

25. Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады.


26. Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен қолдана алады. Атап айтқанда, олар:
1) оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);
2) зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін? нені білгім келеді? нені білдім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
3) жүйелі-әрекеттік тәсілдеме (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді);
4) дамыта оқыту технологиясы (оқушылар өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
5) уәждеу, қызықтыра оқыту (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);
6) оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға үйренеді);
7) саралап оқыту технологиясы (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту, қалыптастырушы баға арқылы қолдау).
27. «Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:
1) стратегиялар: өзін-өзі басқарушылық, эксперименттік, сыни, коммуникативтік;
2) технологиялар: шағын топтағы жұмыс (командада), кейс-стади (нақты жағдаяттарды талдау), рөлдік және іскерлік ойындар;
3) әдістер: жеке оқыту, проблемалық оқыту.
28. Басты назар білімді қолдану біліктілігіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен жетістіктер критерийлерін алдын ала белгілеу керек.
29. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – қоғамдық-әлеуметтік ортада тіл табысуға қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және белсенді тілдік орта құру арқылы, қажетті коммуникативтік дағдыларды дамыту керек. Мұндай орта оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдерімен және көпшілікпен қарым-қатынасында қазақ тілін сауатты пайдалануына, ауызекі, жазбаша формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік туғызады.
30. «Сауат ашу» пәнінде тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) дыбыстық-буындық талдау жасау;
2) артикуляциялық жаттығулар;
3) мәтінді мұқият тыңдап, мазмұнын түсіну, сұрақтар қою және сұрақтарға жауап беру;
4) тыңдалған мәтін мазмұнының желісін суреттер арқылы беру;
5) тыңдалған мәтіннің белгілі бір үзіндісін айтып беру;
6) мәтіннің мазмұнына қарама-қарсы пікір айту;
7) өздеріне таныс және қызықты тақырыптар бойынша әңгімелесу;
8) белгілі бір тақырыпта пікірталасқа қатысу;
9) мәтіннің кейбір оқиғаларын ым-ишарамен көрсету;
10) жұпта ым-ишара, қимыл-әрекетті пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бірлесіп оқу» және «Бірлесіп жазу»);
11) таныс ертегі, әңгімені мазмұндау, өлеңдерді жатқа айту;
12) сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, алғыс айту, өтініш жасау, таныс және таныс емес адамдармен, жақындары және достарымен, құрдастары және ересектермен, кіші балалармен қарым-қатынас жасауға байланысты рөлдік ойындар;
13) суреттер, бейнематериалдар бойынша әңгімелеу, сипаттау;
14) сахналау;
15) берілген тақырып (сол сабақта өтілген әңгіме, ертегі немесе мысал) бойынша диалог (қуыршақтардың көмегімен) құрастыру.
31. «Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) графикалық сызба арқылы «оқу»;
2) кеспе әріптерден буын, сөз құрап оқу;
3) мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді тауып оқу;
4) мәтіннен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздерді тауып оқу;
5) сөздік жұмысы (сөздің мағынасын түсіну);
6) мәнерлеп оқу;
7) рөлге бөліп оқу;
8) оқылған әңгіменің, ертегінің картасын жасау.
32. «Сауат ашу» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
1) ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;
2) сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;
3) мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жазу;
4) мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;
5) сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрап жазу;
6) шағын хат жазу;
7) есте сақтау арқылы жазу;
8) байқағаны, сүйікті істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;
9) сурет бойынша жазу;
10) өзі құраған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет