1. Мектеп құжаттарын талдау. Әдістемелік нұсқау:Нормативті және мұғалімнің жасаған жоспарларымен (пән мұғалімінің оқу жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік, тақырыптық және сабақ жоспары) танысып, көшірмені студент - практикант портфолиосына енгізу.
2. Сабақтың психологиялық, жалпы дидактикалық талдауын іске асыру Әдістемелік нұсқау: Практика барысында өз мамандығы сабаққа қатысу және төмендегі берілген схемасы бойынша қатысқан сабағын талдау.
- класс, оқушы саны, кластың пән бойынша сабаққа дайындық деңгейі. Мұғалімнің аты-жөні, педагогикалық стажы.
- сабақтың тақырыбы, өткізілген күн.
- сабақтың өтілу барысындағы жеткізген мақсаты.
- мұғалім басшылығымен шешілген сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері.
Сабақты жүргізу әдістемесінің қысқаша сипаты: - сабақ типі;
- сабақтың сипатты кезеңдері;
- сабақ мазмұнының бірізділік, түсініктілік, ғылымилық принциптері
және логикалық байланысы;
- оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру формалары мен әдістерінің ерекшеліктері және өзара байланысы;
-мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы мен тұлғалық ерекшелігі.
Сабақтағы қарым-қатынас стилі:
техникалық құралдарды қолданудың мақсаты, оның сабақ мазмұнымен байланысы;
оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын іске асыруын бақылау;
Сабақтағы кері байланыс:
білім, білік және дағдыларын бағалау және сабақты қорытындылау;
үй тапсырмасының көлемі.
Сабақтың нәтижесін бағалау. Қатысушылардың ұсыныстары мен
қорытындылары.
3.Ұйымдастырылған кластан тыс шараларға қатысуы Әдістемелік нұсқау: Практика барысында студент-практикант кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру (дебат, дөңгелек үстел, кеш т.б.) және конспект -жоспарын құру.