Бағдарламасы «Педагогикалық психология»


Оқу әрекеттерін меңгеру кезеңдері мен түрлері



бет36/65
Дата06.01.2022
өлшемі0,81 Mb.
#11659
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65
Байланысты:
6e3e7f26-36ef-11e3-a987-f6d299da70eeУМК Пед САтиева

Оқу әрекеттерін меңгеру кезеңдері мен түрлері

Оқу-танымдық мотивация танымдық қажеттіліктер мен интеллектуалды белсенділікті туғызады. В.В.Давыдов бойынша, оқу әрекеті арнайы спецификалық мазмұнға ие. Яғни ол адам санасының дамыған формалары. Оқу мақсаты –анық нені меңгеру керектігі туралы ойдың болуы.

Бастауыш сыныптарда оқу іс-әрекеті бастапқыда балалардың оқудың компонентерімен танысудың негезінде болады. В.В.Давыдов бұл компонентерді былай көрсетеді: 1) оқу ситуациялары 2) оқу әрекеті 3) бақылау 4) бағалау. Бұл компоненттердің әр қайсысының мазмұнын балада ақыл-ой дамуының қалыптасуына тікелей байланысты.

Оқу ситуациялары (жағдаяттары).

Оқу ситуациялары бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы практикалық міндеттердің кейбір нұсқаларын шешудің жалпы тәсілдерін игереді. Екіншіден, осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының негізгі мақсаты ретінде көрінеді.

Оқу әрекеттерінің ерекшеліктері

Оқу іс-әрекетінде оқу әрекеті ерекше орын алады. Оқу әрекеті арқылы оқушылар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтаудың жалпы тәсілдерін қайта жаңғыртып игереді. Бақылау әрекетінің ерекшеліктері

Оқу ситуацияларында толық жарамды жұмыс әрекеттердің тағы да бір типін – бақылау әрекетін орындауды талап етеді. Бақылау түрлері сан алуан. Оның екі формасы ерекше маңызды: 1) шын мәнінде орындалған іс-әрекеттердің дайын нәтижелерін талдау негізінде жасалатын бақылау 2) ойлау бойынша орындалған әрекеттердің көзделген нәтижелері негізінде болатын бақылау. Ал бақылаудың қажеттігін және оның іске асу тәсілдерін алғаш мұғалім көрсетеді және басқарады. Балалардың бұл әрекеттерді ойша орындау формасының болуы бақылаудың да көзделген оқу әрекеттері негізінде ғана жүргізілуіне алғы шарт жасайды. Бұл жағдайда оқушы мүмкін болатын нәтижелер әрекеттер ерекшеліктерімен қалай байлнысты екенін көреді және дұрыс байланыстарды таңдап алады.

Бағалау іс-әрекетінің ерекшеліктері

Бақылау оқу қызметінің тағы да бір бөлігімен-бағалаумен тығыз байланысты. Ол игеру нәтижелерінің оқу ситуацияларына сәйкес, я алшақ болуын көрсетеді. Оқу әрекеті- оқу жұмысының әдіс-тәсілдері. Бақылау әрекеті (дұрыс орандауға нұсқау) мен өзін-өзі бақылау (өзінің әрекеттерін мұғалімнің берген үлгісімен салыстыру). Бағалау мен өзін-өзі бағалаудың әрекеті- оқу мақсаты қандай дәрежеде орындалды. Нәтижесі болды ма? Қорытындыны жасау барысында оқушылардың эмоционалды қанағаттану сезімдерін ересек адамдар есептеу керек. Кіші мектеп жасындағы балалардың негізгі мақсаты –«оқуға үйренуді» қалыптастыру. Толыққанды оқу іс-әрекеті мынандай іскерліктерден тұрады:

-оқу тапсырмасын бөлу және оны тұрақтату;

-тапсырмаларды орындау барысында жалпы шешімдерді табу және өзбетімен оны меңгеру;

-өзін және өзінің әрекеттерін адекватты бағалау және бақылау;

-өзін-өзі реттеу мен рефлексияны меңгеру;

-логикалық ойлау заңдарын пайдалану;

-теориялық және де басқа қортындылау формаларын меңгеру және пайдалану;

-жоғарғы шығармашылық белсенділігінің болуы.

Оқу әрекетіндегі қиыншылықтар төмендегідей жағдайдан туындауы мүмкін:

-оқу әрекетіне қажетті элементтердің қалыптаспауы (оқушы позициясы, танымдық мотивациялар т.б.);

- ырықтылықтың даму деңгейінің төмендігі, зейін, еске сақтау деңгейінің төмендігі, ересек адамға тәуелділік;

-мектеп өміріне бейімделе алмау, тұлғалық , мектеп өмірінен тыс әрекеттерге қызығушылық таныту т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет