Бағдарламасы «Педагогикалық психология»


Давыдов жүйесімен дамыта оқыту



бет19/65
Дата06.01.2022
өлшемі0,81 Mb.
#11659
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65
Байланысты:
6e3e7f26-36ef-11e3-a987-f6d299da70eeУМК Пед САтиева

Давыдов жүйесімен дамыта оқыту

В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі олжасаған білім жүйесіне қарама-қарсы, ең алдымен ұстанымдық бағыт бойынша, оқушының танымдық қызметі. Бізге белгілі, қалыптасқан оқу жекеден, нақтыдан, біріңғай жалпыға, абстрактіліге, тұтасқа , фактіден жүйеге; құбылыстан мәнге бағытталған. Бала ойының мұндай оқуда дамуы В.В.Давыдовпен эмпирикалық деп аталды.Жалпы теориялық контексте Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин,В.В.Давыдов жұмыстарында оқудың жаңа жүйесінің теориялық жазуы қайта дәстүрліге бағытталып: жалпыдан жекеге, абстрактіліден нақтыға, жүйеліліктен бірлікке ауысады.Оқудың мұндай үрдісінде бала ойының дамуын В.В.Давыдов теориялық деп атаса, ал оқудың өзі дамытушылық деп аталды.Сонымен қатар В.В.Давыдов Л.С.выготскийдің, Д.Б.Элькониннің жағдайына сүйене отырып, оқудың жетекші маңызы ой дамуында көрінеді, меңгерілген білім мазмұны арқылы(Д.Б.Эльконин), оқуды ұйымдастыру әдістері жасаушы болып табылады. В.В.Давыдов алты эмпирикалық және теориялық білімнің негізгі айырмашылықтарын келтіреді (мұнда «білім» термині «абстракцияға», «жалпылауға», «түсінікке» ортақ болып табылады) [ 63, с. 129-130]:
Эмпирикалық білім Теориялық білім

1.Білім пәндермен жасалады, олар 1.Білім жалпы жүйе ішінде кейбір ерекше

Туралы елестеулер арқылы; қатынастардың рөлі мен функциясын

нәтижесінде оларға ортақ қасиет талдау нәтижесінде болады.

пайда болады.


2.Салыстыру кезінде пәндердің 2. талдау үрдісінде генетикалық қатынас

Кейбір жиынтығы ерекшеленеді, ашылады, ортақ негіз,жалпы жүйенің

Белгілі топқа қатысты. Мән-мағынасы.
3.Бақылауға негізделген білім 3.Пәнде ойлау арқылы пайда болған білім

Пәнді таныстырғанда оның сыртқы олардың ішкі қатынас және байланысты

Қасиеттерін бейнелейді. Көрсетеді,ұсыну шегінен «шығып»
В.В.Давыдов теориялық білімнің жалпылау мен абстракциялау нәтижесінде алынған мазмұнға сипаттамасын келтірді. Ол дамыта оқудың негізін құрайды. Талдаудың ой әрекетінің маңыздылығы (синтезге сай), генетикалық негіз жасаудың тек салыстыруы ғана емес және барлық қасиеттердің ой қызметін жалпы әдіспен көрсету, жасау негізі. Теориялық білімнің тағы бір маңызды ерекшелігі , оның қалыптасуы кезінде, жалпы және бірлік байланыстар жасалады, жалпы жүйе ішіндегі байланыстар, оның мағыналық түсінігі, белсенді ой қызметін болжау (тек қойылым ғана емес) қалыптасады. Үшіншіден, ескеретін жағдай, - теориялық білімнің болу түрі. В.В.Давыдовтың теориясында ол ең алдымен ой қызметінің әдістері, қызмет әрекеттерін жалпылау.

Теориялық білім мен оқудың негізгі бағытының негізгі түсінігі абстрактіліден нақтыға негізделеді, қалыптасқан дидактикалық ұстанымдардың психологиялық интерпретациясы. Осылай В.В.Давыдов жалпы дидкатикалық таным, көрнекілік, жеткіліктілік, ғылымилық ұстанымдарын басқа психолого – педагогикалық табиғатты бекітеді [61].

Біріншіден, басымдылық ұстанымы оқу кезеңінің түрлі сапалы ұстанымына өзгереді,әрқайсысы психикалық дамудың түрлі кезеңдерімен байланысты. Екіншіден, жеткіліктілік ұстанымы дамыта оқыту ұстанымына өзгереді, жаңа мазмұнға толады, «қарқын мен даму мазмұнын заңды басқару, өзара әрекетке оқыту ұйымының есебінен». Үшіншіден, танымдық ұстанымы қызмет ұстанымы ретінде жаңа мазмұнға ие. Мұнда оқушылар ақпаратты дайын күйінде қабылдамайды, олардың қызмет әдістері ретінде шығу тарихының шартын құрып,анықтайды. Бұл үшінші ұстаным (В.В.Давыдов, В.В.Рубцов) оқудың жаңа үлгісін қалыптастыру негізі болды, оқушылардың жаңа құрудан –қайта құруға қызметін бағыттау. Төртіншіден, көрнекілік ұстанымы В.В.Давыдовпен заттық ұстаным ретінде бекітілді.Бұл ұстанымды жүзеге асыра отырып, оқушы затты көрсетіп, оны үлгі ретінде ұсына білуі керек. Бұл оқу қызметінің қалыптасқан испаттамасы, үлгілілік болса, оның таңба-белгілік ұсыну үрдісі және нәтижесі белгілі орын алады.

Оқу қызметіндегі оқу пәндері мазмұнын меңгеру негізіндегі дамыта оқыту оның құрылым мен ерекшеліктеріне байланысты жасалуы керек. В.В.Давыдов оқу пәндері мазмұнының сипаттамасы ғана емес сонымен қатар оқушылардыа оқу қызметі барысында меңгеріліп, қалыптасатын қабілеттерінің негізгі жағдайын тұжырымдайды:

«1. Жалпы және абстрактілі сипатты білімді меңгеру , оқушыға жекеше және нақты біліммен танысудың алдын алады; соңғысы оқушылармен жалпыдан абстрактіліге біріңғай ауысуын қадағалайды.

2 .Берілген оқу пәнін құрайтын білім, немесе оның негізгі бөлімдерін оқушылар шартты талдау негізінде меңгереді, олардың шығу тегі мен олар қажетті болып қалыптасады.

3. Пәндік негізді анықтау барысында немесе басқаларды оқушылар ең алдымен оқу материалында генетикалық жағдайды,қалыптасуды,жалпы қатынасты, берілген білім обьектісінің мазмұны мен құрылымын анықтай білуі керек .

4. Бұл қатынас оқушыларда ерекше пәндік, графикалық немесе әріптік үлгіде болады,оның қасиеттерін таза күйінде зерттеуге мүмкіндік береді.

5. Оқушылар генетикалық жағдайды нақтылай білуі керек,осындай бірлікте берілген обьектінің жеке білім жүйесінің жалпы қатынасы, ол жалпыдан жекеге және қайталануға ойша ауысуды қамтамасыз етеді.

6. Оқушылар әрекет орындауды ой жоспарынан оларды сыртқы және қайта орындауға көше білу керек» [63, с.164] (менімен ерекшеленген.- И.З.)

Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жүйесімен дамыта оқу, мектеп оқуының тәжірибесіне енген, Л.И.Айдаровтың, А.К.Макрованың, В.В.Рубцовтың, А.З.Зактың, В.В.Репкиннің, М.М.Разумовскаяның, Г.Г.Гранинің және т.б. жұмыстарында жан-жақты интерпретаци алды. Дамыта оқыту идеясының өзі Д.Н.Богоявленскийдің, С.Ф.Жуйковтың, М.Ф.Косилованың, И.Я.Каплуновичтің, Б.Е.Хаевтың тәжірибелік оқу жүйесінде іске асты [кеңірек 231 бетті қар.], сонымен қатар Т.В.Некрасованың, Г.Н.Кудинаның, Р.Г.Мильрудтің және т.б жұмыс тәжірибесінде іске асты. Л.В.Тарасовтың «Ортақ білімнің жаңа үлгілері. Экология және диалектика.» ұсынған, негізінде Д.В.Элькониннің, В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жағдайлары негізінде қолданады. Мұның бәрі дамыта оқыту оқушының психикалық дамуының мұғалім арқылы ғана басқарылуы керектігін , потенциалды мүмкіндіктермен,кең жобамен оқу тәжірибесіне енуі керектігін көрсетеді Адамның қоршаған ортадан жекелей тәжірибе алуы, арнайы білім беру мекемелерінде даму, оқу, тәрбиенің күрделі байланысының нәтижесі бар, онда даму – оқудың соңғы мақсаты, ал оның өзі (тәрбиемен бірге) – дамудың шарты мен негізі, өзіндік деңгейі, бағыты қалыптақан. Дамыта оқу Л.С.выготский бойынша дамыта оқудың өнімді іске асыруының озық ұстанымы.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет