Бағдарламасы «Педагогикалық психология»


Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкін



бет31/65
Дата31.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#22104
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
Байланысты:
Ба дарламасы «Педагогикалы психология»

Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкін:

  1. Жоспарланған мерзімдегі мектептік міндеттері.

  2. Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы.

  3. Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы.

  4. Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.

  5. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру / МБЖИ, курстар, семинарлар, тренингтер және т.б/

  6. Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту / құрылыс жұмыстары, ЭЕТ және компьютер жабдықтары, кітап қорын толықтыру, кабинет безендіру/.

  7. Оқушылар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.

Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде / бірінші оқу тоқсаны/ мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен білім беру, соның ішінде жоспарластыруға да қатысты теориялық және әдістемелік, нормативтік және нұсқау сипатындағы құжаттармен танысады. Екінші кезеңде / екінші оқу тоқсаны/ директордың басшылығымен жоспар, жобасының құрылымын жасау, қажетті мағлұмат көздерін тауып, мәлімет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшінші кезеңде / үшінші оқу тоқсаны/ жинақталған мәліметтер талданады, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиындықтардың себебі айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртінші кезеңде / төртінші тоқсанның соңы/ жоспар жобасы дайындалып, талқыға салынады.т Жоба оқу жылының алғашқы педкеңесінде мектептің жұмыс жоспары бекітіледі.

Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады. Осылайша жоспарлардың негізгі түрлері педагог, оқушы және ата-аналар ұжымдарының әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл жоспарлар мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің жұмысы үшін стратегиялық жоспар болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет