Бағдарламасы пән мұғалімдері: Б.Ә. Казиева, К. К. Хайсина, М. М. Сүйіндікова Павлодар қаласы-2014-2015 оқу жылы Мазмұны


«М.Әуезов және абайтану мәселелері» тарауын оқытуға - 4 сағат бөлінген



бет3/11
Дата14.10.2023
өлшемі258,5 Kb.
#114926
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Абайтану 9-11

3. «М.Әуезов және абайтану мәселелері» тарауын оқытуға - 4 сағат бөлінген: 1) Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы -2сағат, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері; 2) М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері -1сағат, Абай мұрасы жайында, ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер, Абай шығармашылығы турасындағы шығыс және батыс әдебиетіне қатысты мәселелер; 3) ақын шығармаларының басылымдары-1сағат, ақын мұрасының XX ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар, Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі.
4. «Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы» тарауын оқытуға -11 сағат бөлінген: 1) «Ғылымға көңіл берсеңіз» -5сағат, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы – жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы; 2) «Интернатта оқып жүр» өлеңінің негізгі тақырыбы, білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары, жас шәкірттерге «Пайда ойлама, ар ойла» деп, артық білуге талап қылуды аманаттауы, отаршыл патша өкіметінің жымысқы саясатына орай «Қызмет қылма оязға, жанбай жатып сөнуге» деп, өзі үміт еткен қазақ жастарына жар салуы, еңбексіз, ықылас-ынтасыз, михнатсыз нағыз ғылым, білімнің қолға түспейтінін айтуы; 3) «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі, өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі, Абайдың ғылыми ой-пікір қорытуы; 4) «Сегізінші» қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі, ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы; 5) «Он жетінші» қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні; «Жиырма бесінші» қарасөзінде озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеуі, «Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуы; 6) Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі. «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» - 6сағат, Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары, қарасөздеріндегі пікірлерінің өлеңдерінде айтылатын ойларымен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі; 7) «Екінші» қарасөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары, халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі, ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы, еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы; 8) «Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі; 9) «Он сегізінші» қарасөзіндегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы, ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы, адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы; 10) «Он тоғызыншы» қарасөзінде Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы, ақынның ес туралы ой тоқтамы, естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі; 11) «Отызыншы» қарасөзінде Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы, ар, есті, намысты білмей тұрып, адамдық, арлылық, батырлық болмайтындығына қатысты тұжырымы, өлімнің, өмірдің мәні туралы философиялық танымы. 5. «Абай танымындағы ән мен күй» тарауын оқытуға - 4 сағат бөлінген: 1) Абай әндерінің таралуы-1сағат, ән мен күй, өнер құдіреті туралы толғанысы, жақсы әннің көкейге ой салатын эстетикалық мәні, Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы турасында, Абай әндерінің халық әндерімен ұқсастықтары және айырмашылықтары, Абайдың музыкалық туындыларындағы әуен мен ырғақтар; 2) «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» -3сағат, «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңдері мен күйлері, «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам қас» әні, ән мен күйдің халықтың өмірінде алатын орны, ақынның ән және күй өнері туралы пікірі, Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы хақында, Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет