Сабақтың мақсаты: Оқушының ой-өрісін дамыту,танымдық белсенділігін арттыру;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Топқа бөліну
І топ «Алғырлар»
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 4 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
ІІ топ «Тұлпарлар» *4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
ІІІ топ «Тарландар» *Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
«Ойлан,тап» кезеңі *Бір айда 5 жексенбі бола ма?
І топ *Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
ІІ топ *Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
ІІІ топ *Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
«Тез есептеп,ұпай ал» ( кезеңі )
І топ ІІ топ ІІІ топ 2+0 8-3 10-7
7+2 4+6 9-7
Логикалық ойын «Кім жылдам?» 1.Екі сиырдың мүйізі қанша?
2.Бір мысықтың аяғы қанша?
3.Бес қойдың басы нешеу?
4.Үш адамның қолы нешеу?
Сабақты бекіту -Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Не үйрендік?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
-Жеңімпаз топтың ұпайларын санап марапаттау.
Сабақтың тақырыбы: Сөз тізбегін жалғастыр
Сабақтың мақсаты: Оқушының ақыл-ой деңгейін қалыптастыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Ширату Қарбыз ащы ма?
Балмұздақ жылы ма?
Пияз тәтті ме?
Сүт қызыл ма?
«Сөз тізбегін жалғастыр». Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталатын болсын. Жаз.
Үкі – ін – нар -_______________________________________
Шам – мал - _______________________________________
Айна - _______________________________________