Бағдарламасы Shot p 2209 Шахмат ойынының теориясы мен практикасы пәнінің оқу әдістемелік кешені



бет1/49
Дата29.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#144974
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
ШАХМАТ ОӘК 4-курс 23-24






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
Оқу бағдарламасы

ShOT P 2209 Шахмат ойынының теориясы мен практикасы пәнінің оқу әдістемелік кешені


Мамандығы: 6В01405, (6В01406)- «Дене шынықтыру және спорт»


Кредит саны: - 5

Қызылорда, 2023 жыл


1. Оқу бағдарламасын «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» БББ-ның аға оқытушылары Ержанов С.Ө., Қошқарова Р.Т.. әзірледі және енгізді.

2.Рецензенттер: Қошкарова Р. Қызылорда облысының шахматтан аға жаттықтырушысы


3.Оқу бағдарламасы: Д.К. Нұрмұханбетова, А.Б. Ермаханова, А.С. Жуманова, Л.М. Омурзакова : оқу құралы. - 1-ші басылым. - Алматы : Қазақ спорт және туризм академиясы, 2019. - 69 б. ; 60х84. - Библиогр.: 65-68 б. - (Қазақ спорт және туризм академиясы). - 500 дана. - ISBN 978-601-7964-40-5 :
оқулығы негізінде жасалған. Шифры: 75.717.5я7 - С 85
Оқу бағдарламасы «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» БББ мәжлісінде қаралды

Хаттама № 1 «31 » 08 2023 ж.


БББ жетекшісі: Бимаханов Т.Д.


Жаратылыстану бағыты бойынша Академиялық сапа жөніндегі комитет мәжілісінде қаралып, мақұлданды.


Хаттама № 1 « 01 » 09. 2023 ж.


Комитет төрағасы: Н.А.Ахатаев


Түсіндірме хат

Оқу бағдарламасы оқу жоспарының негізінде 6В01405- «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша «ДШ және БӘД» БББ-сы студенттеріне арналады.


Курс мақсаты:
Студенттерге шахматтан теориялық және практикалық білімі бар, дағдыларды меңгерген дене шынықтыру пәнінің мамандарын дайындау. Мектептегі өзіндік педагогикалық жұмыс мақсатындағы қажетті білімдерді үйренуге қамтамасыз ету.
Курс міндеті:
Студенттерге шахматтан теориялық және практикалық дайындықта білім беру, дене дайындықтарын шыңдау. Кәсіптік дайындықтағы өмірге керекті ойлау дағдыларын шыңдауға қамтамасыз ету. Ағзаның өмір шендігін көтеру және ойлау қабылетін нығайту.
Студент курсты үйренуден кейін:
Студенттер шахматтан арнайы айла-тәсілдерін орындай білу. Шахматтың ережелерін білу, жарыс хаттамаларын жүргізу. Шахматтан техникалық және тактикалық тапсырмаларын орындау.
Оқу барысы бір семестрге есептелінген, оқу бағдарламасы семинарлық, практикалық түрлерден тұрады. Дәрістік жоспар бойынша пәннің тарихы, теориясы, ережелері және ұйымдастыру жолдары қарастырылған. Әдістемелік сабақта шахматтың жүру техникасы, оқыту әдістемесі және айла-тәсілдер қарастырылған. Семинарлық сабақта дәрістік білімінің деңгейі тексеріледі және студенттер үй тапсырмаларын, өзіндік жұмыстарды орындау арқылы хабарлама дайындап, тиісті бағаларын алады. Студенттердің өзіндік жұмыс түрлеріне оқулықтармен жұмыс, рефераттық курстық жұмыстарды және тапсырма жоспарларын дайындау спорттық жұмыстарға қатысу көру талдау қоғамдық жұмыстарға араласу т.б.жатады. Практикалық сабақта студенттер шахмат ойынын жетілдіру және арнайы тапсырмаларды техникасымен айла тәсілдерін меңгеріп, жетілдіруге шыңдалады. Сабақ барысында негізгі көңіл дебют ойындарын үйретуге бөлінуі тиіс. Практикалық және теориялық материалдардың оқыту реттігі студенттердің дайындығына байланысты өзгеруі мүмкін. Студенттердің үлгірімі өтілген тақырыптар бойынша рейтингтік бақылау негізінде бағаланып сынақпен қорытындыланады. Сынақ өтілген теориялық бөлімдер біліміне және техникасының меңгеруіне және шахмат дайындықтың арнайы талаптарына байланысты қорытындыланады. Бақылау сабақ түрлі тапсырмаларды орындауға және айла-тәсілдерінің үйрету әдістемесімен атауларын меңгеруіне байланысты ағымдағы бақылаумен бағаланып қорытынды бақылау сараланған сынақ түрде өтіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет