Ізгілік тәрбиесінің мақсаты- адамның өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі танытуға қолайлы жағдай жасау.
Әлеуметтік- жеке тұлғаның өз-өзімен, қоғаммен үйлесімді әлеуметтік дамуының сыртқы көрінісі.
Өздік- тұлғаның даралық дамуының деңгейін көрсететін ішкі дамуының көрінісі.
Өзін-өзі тәрбиелеу- адамның өзін-өзі тұлға ретіндегі жетілдірудегі саналы әрекеті.
Педагогикалық зерттеу әдістері- педагогикалық құбылыстарды зерттеу тәсілі, олар туралы педагогикалық теорияларды заңды байланыстарды анықтау мақсатында ғылыми ақпарат алу.
Әдіснама- ғылыми-таным әрекеттерінің принциптерінің құрылымы, тәсілдері, формалары туралы ғылым.