Далалық зерттеу - нақты өмір жағдайларында адам мінез-құлқын бақылау арқылы әлеуметтік құбылыстарды ірі масштабта зерттеу.
Далалық әдістер - далалық жағдайда жүргізіледі, популяциялар мен олардың қауымдастықтарын табиғи ортада зерттейді. Әдетте мұндай жағдайда физиология, биохимия, анатомия, систематика және т.б. әдістері қолданылады. Далалық әдістер арқылы организмге немесе популяцияға әртүрлі факторлардың әсерін, белгілі бір жағдайдағы түрдің тіршілігі мен дамуын анықтауға болады. Экспериментальді әдістер - табиғаттағы қарым-қатынастардың себебін анықтау. Бұл әдістер арқылы организмнің дамуына жасанды, қолдан жасалған кейбір жекелей факторлардың әсерін білуге мүмкіндік береді. Лабораториялық жағдайда алынған тұжырымдар міндетті түрде табиғи жағдайда тексеруді қажет етеді.
Химиялық әдістер - қауымдастықтағы жеке организмдерде минералды заттардың, органикалық заттардың жинақталуын анықтау.
Физиологиялық әдістер - жеке организмдер мен қауымдастықтағы болып жатқан физиологиялық процесстерді анықтау. Картинки по запросу исследование природы Геоботаникалық картаға түсіру - картаға өсімдіктер ассоциациялары немесе ассоциация топтары түсіріледі. Аэрофотосуреттер қолданылады. Экологиялық болжам және мониторинг - қоршаған ортаның жағдайын және қоршаған орта жағдайын бақылау, басқару. Диагностикалық кестелердің бірнеше түрлері бар, алайда ең қарапайымы дихотомиялық кестелер болып табылады. Бұл кестелер нөмірлі (1,2,3 сол сияқты) баспалдақты қос анықтауыш белгілерден (тезадан және антитезадан) тұрады.
Далалық зерттеу жұмыстары қоршаған орта жөнінде алғашқы мәліметтерді теруді білдіреді. Бұл термин қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарында (биология, экология, картография, геодезия, геология, география, геофизика, палеонтология, археология, антропология, этномузыкология, лингвистика,социология)кең пайдаланылады.
Далалық зерттеулер жергілікті , ғимараттан тыс жерде , жүргізіліп, зертханаларда өткізілген зерттеулердің нәтижелерін жоққа шығаруы мүмкін. Далалық зерттеулер арқылы қоршаған ортаның немесе табиғи кешеннің компоненттері жөнінде ақпарат алуға болады. Мысалы ауа райын зерттеу үшін арнайы құрал-жабдықтардың көрсеткіштерін тіркеп, болжам жасауға мүмкін. Мысалы, атмосфералық қысым төмендеген жағдайда ауа температурасы жылынады және жел көтеріледі.
Ау рай жөнінде мәлімет оның компоненттерін зерттеу арқылы пысықталады. Ауа қысымы барометрмен, ауа температурасы термометрмен, желдің жылдамдылығы анемометрмен, ал желдің бағыты флюгермен өлшенеді.
Тапсырма : әр құралдардың пайдалану аясын анықтап, өлшем бірлігін атау.Ауа райын зерттеудің маңызы неде?
Мысалы, топырақты зерттегенде –оның сыртқы белгілерінің(түсі, құрылысы, құрамы, құрылымы, жаңа түзінділер мен қосылыстар) жиынтығын сипаттау арқылы ақпарат қорытындылады. Топырақта физико-химиялық және биологиялық үрдістердің нәтижесінде топырақ түзілу үздіксіз жүріп жатады. Топырақтың морфологиясын зерттеу далалық және зертханалық әдістер бойынша жүргізіледі. Далалық әдісті топырақ кесіндісін (көлденең профилін) шұңқыр қазу арқылы жүргізеді. Топырақтың морфологиясын білу үшін оның құрылысын (қабаттарын және олардың қалыңдығын), түсін, құрылымын, әр түрлі қосылыстарды, жаңа түзінділерді анықтайды. Сондай-ақ, топырақтың гранулометриялық құрамын топырақ түзуші тау жыныстарының сипатына, ылғалдылығына, органикалық заттарға , судың дәміне (тұщы, ащы, кермек және т.б.) қарай белгілейді. Зертханалық әдіс бойынша жоғарыда келтірілген морфоогиялық анықтаулар топырақ құрылысын бұзбай, жәшікпен алынған үлгілерде, монолиттерде жүргізіледі.
Тапсырма : Топырақ үлгілерін зерттеп жоспар бойынша сипаттама беріңіздер: А) түсі, В) құрылымы, С) ылғалдылығы
Өзеннің шаруашылықта маңызы зор. Оның аңғарын, жағада жинақталған тау жыныстарын , су ағысының жылдамдығын анықтау үшін далалық зерттеу әдісі қолданылады. Ол үшін өзен жағалауында екі оқушы өзен арнасынын бір кесіндісінің ,мысалы 10м қашықтықта бас жағынан, жеңіл ағаш немесе пластмасса бұйымды жібереді. Екінші оқушы кесіндінің соңына осы заттың неше уақытта жеткенін сағатқа қарап (3 рет) өлшейді. Солай өзеннің орташа жылдамдығы жөнінде ақпарат алынады.
Жануарлар мен өсімдіктер, құстар туралы ақпарат бақылау арқылы жинақталады. Мысалы көктемде алғашқы қардан босаған жерлер пайда болғанымен сол өңірге бірінші болып бозторғайлар жылы жақтардан ұшып келеді. Ақ талдар гүлдене бастағанда –аралардың омарталарынан жаппайұшуы байқалады. Егерде құстарды бақылауға алсаңыз дүрбіні алып жүрген жөн. Барлық бақылау нәтижелерін күнделікке бақылау орнында жазып отырған дұрыс.
Құстарды бақылау әлемнің көптеген бөліктерінде барған сайын танымал хоббиге айналуда. Өз аймағыңыздағы құстарды тамашалау және тыңдау үшін ауылға шығып, табиғат туралы біліміңізді байыта аласыз. Алдымен сізге бірнеше құралдар мен заттарды алу керек. Ақылға қонымды үлкейтетін (яғни, 7x немесе 8x) және жеңіл салмағы бар бинокльдер өсіп кеткен ормандар мен орманды аумақтар үшін жақсырақ. Үлкенірек үлкейтетін линзалар (10x немесе 12x; және одан да ауыр) ашық кеңістіктер мен батпақты жерлер үшін жақсырақ. Құстарға арналған нұсқаулық түсті суреттелген альбом немесе атлас болуы мүмкін. Құстарды бақылауды бастамас бұрын, құстардың әдеттерін, дауыстарын және идентификатордың жазбаларын зерттеңіз, бұл сіз көрген құстарды бірден анықтауға көмектеседі.
Далалық күнделік күнді, ауа-райын, құстардың санын, орналасқан жерін, құстардың түрлерін және олардың сипаттамасын, немен қоректенетінін және басқа әдеттерін жазу үшін қажет. Ұялар қандай биіктікте, қандай материалдан жасалады.
Источник: https://geographyofrussia.com/metody-geograficheskix-issledovanij-i-osnovnye-istochniki-geograficheskoj-informacii/
http://neobionika.ru/2011-11-16-17-19-14/63.html
lowerlady.jimdo.com/почвы-и-субстракты/почва-и-грунт/как-определить-тип-почвы/
Достарыңызбен бөлісу: |