2. Пәннің сипаттамасы Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаттары:
Орта ғасырлар ғасырлар тарихын зерттеу бүкіл әлемдік тарихи процесс барысын түсіну үшін қажет. “ орта ғасырлар тарихы ” өте күрделі әрі өте ұзақ тарихи кезеңді қамтиды. Сондай-ақ, бұл аймақтардың даму дәрежесі де әр түрлі болды. Мысалы, белгілі бір аймақтар орта ғасырларды біздің дәуірімізден бастаса, кейбіреулері V-VII ғғ. бастайды. Орта ғасырдың тарихының өзі негізінен феодалдық қоғамдық-саяси формациямен тұспа-тұс келеді. Орта ғасырда феодализмнің пайда болу, қалыптасу, даму, ыдырау кезеңдері өткені белгілі.
Пәнді оқытудың міндеттері:
Пән бойынша оқытылатын лекцияларда пәннің ең күрделі мәселелері: пәннің түсінігі, географиялық және хронологиялық шегі, тарихи-философиялық танымдары, ғылыми ақпараты, терминдердің айқындамасы, саяси жүйелер мен саяси құрылыстардың ерекшеліктері, орта ғасырлық коллективтік жүйелер, орта ғасырлық мемлекет және оның типтері, классикалық феодализм және оның Азия-Африка елдеріндегі ерекшеліктері, феодалдық қарым-қатынастар формалары, шаруашылық типтері, феодалдық меншік, феодалдық право жүйелері, халықтардың өмір салттары, орта ғасырлық этногенездік процестер, халықтардың қалыптасуы, этникалық-аумақтық-тілдік-діни-мәдени-рухани жүйелердің орнығуы, орта ғасырлық Азия және Африканың ортақ белгілері мен ерекшеліктері, орта ғасырлар тарихының түп деректік негіздері, тарихнамасы, зерттеудің қорытындылары мен барысы және тағы басқалары қамтылуы тиіс.
Пән туралы қысқаша мәлімет
5В011400-Тарих мамандығының студенттері үшін білім беру бағдарламасының құрылымындағы пәннің орны. «Орта ғасырлар тарихы» пән - таңдау пәні, Базалық пәндер кезеңіне, Орта ғасырлар тарихы модуліне жатады.
Пререквизиттер: Ежелгі дүние тарихы
Постреквизиттер: Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Шет елдердің тарихнамасы мен деректануы