Бағдарламасы (Syllabus) 07 ттzhkk-тіл тарихы және кәсіби коммуникациялар модулі



бет6/8
Дата31.12.2021
өлшемі409,5 Kb.
#23584
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
2.Пән бойынша бағалау рәсімі

Оқу жетістіктерін бақылау түрлері:

1 Аралық бақылау (ауызша, коллаквиум/жеке модульдер негізінде)

2 Аралық бақылау (БӨЖ презентациясы)

Қорытынды бақылау: жазбаша тест тапсырмаларын орындау.


Бірінші аттестацияда балл алу үшін Сізге біліміңізді танытатын, пәнді ұғынғаныңызды, түсінгеніңізді көрсететін тапсырмаларды орындау қажет. Яғни Сізге шағын тестіге, басқа да БӨЖ-ның түрлеріне дайын болу қажет. Жоғары балл алу үшін қойылған мәселені түсініп, толық логикалық жауап беруіңіз қажет. Алғашқы 7 аптада практикалық сабақтар жұмысы жүргізіледі. Кешенді фонетикалық талдау, конспект, баяндама жұмыстары кестеде көрсетілген апта бойынша қабылданады. Тест 7-ші аптаның кез келген күні жүргізіледі. Студент 100 балдық көрсеткішті төменде кестеде көрсетілген жүйе негізінде жинауы тиіс.


Дәріс - 5 балл

0,1 - балл дәріс сабаққа қатысы (бір аптада 0,2 балл, жеті аптада 1.4 балл)

0,25 балл - кері байланыс, дәрістегі белсенділігі (бір аптада 0,5 балл, жеті аптада 3,5 балл)



Семинар - 20 балл

1 балл - практикалық сабаққа қатысы

5 балл - дәстүрлі семинар сабақ жауабы

8 - балл жаңа техологияны қолдана практикалық семинарға жауабы

3 - балл қосымша сұрақтарға жауабы

3-балл кері байланыс студенттердің өзара сұрақ-жауабы


БӨЖ - 45 балл

1 балл – бір баяндама жасау

1 балл – бір конспект жазу

2 балл – кешенді талдау


Тест - 30 балл

1 балл – әр дұрыс жауапқа

Екінші аралықта балл алу үшін сіз қабылдаған білімді, ақпаратты қолдана білетіндігіңізді, саралап, талдай алатындығыңызды байқататын тапсырмаларды орындауыңыз қажет. Қалған 8 аптада практикалық сабақтар жұмысы жүргізіледі. Фонетикалық талдау, конспект жазу, баяндама жасау жоғарыда көрсетілген кестедегі апта аралығында өтеді. Тапсырмаларды бағалауда оқытушы тарапынан Сіздің материалды нақты жеткізуіңіз, шешендік шеберлігіңіз, оқу дикцияңыз, салыстырмалы талдау жасауыңыз, суреттеуіңіз, баяндауыңыз, тақырыпты ашуыңыз, пайдаланған әдебиеттеріңіз есепке алынады. Тест соңғы аптаның кез келген күні жүргізіледі.

Кеңес беру, орындалған жұмыстарды қорғау, тапсырмаларды өткізу аудиториядан тыс, яғни студенттің оқытушымен бірлесе жасайтын жұмысында, түстен кейінгі уақытта жүзеге асады. Барлық тапсырмалар кестеге сәйкес тапсырылуы тиіс.

Жоғарыда айтып өтілген талаптардың орындалуы емтиханға жіберілуге мүмкіндік береді. Аттестация рейтингісі 50%-дан төмен көрсеткішті иеленген студент емтиханға жіберілмейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет