Бағдарламасы (Syllabus) 07 ттzhkk-тіл тарихы және кәсіби коммуникациялар модулі



бет3/8
Дата31.12.2021
өлшемі409,5 Kb.
#23584
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Пререквизиттер: Нормативті қазақ тілі, Тіл біліміне кіріспе

Постреквизиттер: Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.
Оқу жоспарынан көшірме

Жұмыс түрлері

Жалпы сағат саны

Дәріс

30

Практикалық (семинар)

15

БОӨЖ

30

БӨЖ

75

Барлығы

150


Пәннің оқу жоспары



Сабақ

түрі


Модуль және тақырыптар атауы


Қасқаша сипаттамасы

Сағат саны




Модуль 1. Фонетика пәні және оның зерттеу нысаны




1

Дәріс


Фонетика, оның зерттеу нысаны, аспектілері, салалары


Фонетика қарастыратын мәселелер: тіл дыбыстарының пайда болуы, дыбыстау мүшелерінің қызметі, дыбыстардың түрлері, іштей жіктелуі, тіркесу заңдылықтары: буын, оның түрлері, екпін, ырғақ; үндестік заңдары; орфография, орфоэпия т.б.

Фонетиканың салалары: жеке және жалпы фонетика, сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы, маңызы.

Жасалым (артикуляция). Айтылым (акустика). Дыбыстардың пайда болуы. Тіл дыбыстарына тән ерекшелік. Дыбыстың қарқыны, күші, тембрі, созыңқылығы.

Естілім. Тіл дыбыстарының сапасын анықтауда естілімнің маңызы.

Айтылым, жасалым, естілім аспектілерінің қарым-қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі рөлі, фонологияға қатысы.


2




Семинар




  1. Фонетиканың зерттеу нысаны, салалары.

  2. Дыбысты қарастыру аспектілері

1




БОӨЖ




  1. Фонетиканың басқа ғылымдармен байланысы, ерекшеліктері (ауызша, салыстырмалы талдау).

1





БӨЖ




  1. Қазақ тілі дыбыстық жүйесінің ерекшеліктері (конспект)

  2. Дыбыс жүйесін зерттеу әдістері.

5

2

Дәріс

Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі, әдістері

Алғашқы фонетикалық зерттеулер: И.Ильминскийдің (1822-1891) қазақ тілі, оның ішінде фонетика туралы мұрасының маңызы. В.В.Радлов (1837-1918), П.М.Мелиоранскийдің (1868-1906) қазақ тілі дыбыс жүйесіне қатысты ойлары мен еңбектерінің құндылығы. А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлының әріп, емле, дыбыс төңірегіндегі ізденістері, оның мәні.

Қазақ тілі дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыда зерттеуде Қ.Жұбанов (1899-1938) еңбектерінің маңызы.

Қазақ тілі фонетикасының қазіргі зерттелу жайы. І.Кеңесбаев, Ж.Аралбаев, К.Аханов еңбектерінің маңызы. Ә.Жүнісбектің фонетикалық іліміндегі соны құбылыстапр, оның маңызы. Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістердің мақсат-мәні

Экспериментті әдістің мақсаты. Акустикалық және соматикалық әдісте қолданылатын аппараттар. Экспериментті әдістің артықшылықтары.



2




Семинар




  1. Орыс түркітанушы ғалымдарының зерттеулеріндегі дыбыс жүйесі мәселелері.

  2. Қазақ тіл білімінде дыбыстық жүйе мәселелерінің қарастырылуы.

  3. Қазіргі тілде дыбыстық жүйені зерттеудегі жаңа бағыттар.

  4. Фонетикадағы зерттеу әдістері.

1




БОӨЖ




  1. А.Байтұрсынұлының зерттеулеріндегі фонетика мәселелері.




1




БӨЖ




  1. Адамның қарапайым тәжірибесінің фонетиканы зерттеуде қолданылуы.

  2. Қ.Жұбанов және қазақ тілінің фонетикасы.

5

3.

Дәріс

Дыбыс, әріп, фонема, олардың арақатынасы

Фонетиканың зерттеу нысаны – дыбыс, сөздің айтылуы. Күнделікті өмірдегі айту мен жазудың маңызы, фонема туралы ұғым. Фонеманың үш қызметі. Фонема мен дыбыстың арақатысы. Инварианттар мен варианттар. Аллафон. Фонема мен әріп және дыбыс. Транскрипция мен транслитерация. Транскрипцияның түрлері, маңызы, фонетикалық транскрипцияның сипаты, қиындықтары. Қазіргі қазақ жазуының фонемалық транскрипцияға қатысы. Транскрипцияның мақсаты, мәні.

2




Семинар




  1. Тілдегі дыбыс, әріп, фонема ұғымдары.

  2. Фонеманың қызметтері.

  3. Транскрипция мен транслитерация.

1




БОӨЖ




  1. Дыбыс, әріп, фонема ұғымдары (Коллаквиум)

Сұрақтар:

Фонема мен дыбыстың синоним болу себептері қандай?

Әріптердің фонемалық мәні неде?

Тілдегі фонеманың қызметтері қандай?

Аллофон дегеніміз не?

Дыбыс пен әріптің арақатынасын сипаттаңыз.

Қазақ әліпбиіндегі дыбыс пен әріп саны қандай?

Сөйлеу мүшелері дегеніміз не?

Дыбыс пен фонеманың арақатынасына тоқталыңыз.

Транскрипцияның қандай түрлері қолданылады?



1




БӨЖ




  1. Мәтінді транскрипциялау (жазба жұмыс)




5

1 Модуль бойынша барлығы

27




Модуль 2. Тіл дыбыстарының жіктелімі және дыбыстар тіркесімі




4

Дәріс

Дауысты дыбыстар

Тіл дыбыстарының дауыстылар және дауыссыздар болып бөліну себептері. Бұлардың әрқайсысына тән негізгі сипаттар. Қазақ тілінде дауыссыздардың дауыстыларға тәуелді болып тұратыны.

2
















Дауыстылардың зерттелуі. Олардың санын анықтаудағы ала-құлалықтар, себебі. Орыс тіліндегі дауыстылардың саны, сапасы. Қазақ дауыстыларының санын анықтауға қатысы. Байырғы қазақ тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстар. Дауыстыларды жіктеу мәселесі. Жуан (а, о, ұ, ы, у) және жіңішке (ә, е, ө, ү, і, и) дауыстылар. Бұлай бөлудің тілге негізделетіні. Еріннің қызметіне қарай еріндік (о,ө,ұ,ү,у), езулік (а,у,ә,ы,і,е,и) болып жіктелетіні себебі. Жақтың қатысына: ашық (а,ә), жартылай ашық (о,ө,е), қысаң (е,ұ,ү,ы,і,и,у) болып жіктелу себебі. Тіл, ерін, жақтың дауыстыларға қатысын білудің маңызы. Дифтонг дауыстылар, оның ауызекі сөйлеу тіліндегі көрінісі.




Семинар




1. Тілдегі дауысты дыбыстардың сипаты, зерттелуі

2. Дауысты дыбыстардың жіктелімі

3. Дауысты дыбыстардың айтылу, жазылу ерекшеліктері


1




БОӨЖ




  1. Дауысты дыбыстардың зерттелуі (зерттеулерге шолу).

1




БӨЖ




  1. Монофтонг, дифтонг, трифтонг сападағы дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстардың жазылу ерекшеліктері (Жаттығу жұмысы).

5

5.

Дәріс

Дауыссыз дыбыстар


Байырғы қазақ тіліндегі дауыссыз фонемалар мен қазіргі қазақ тіліндегі дауыссыздар. Орыс тіліндегі дауыссыз фонемалардың саны, сапасы. Қазақ тілі дауыссыздарына қатысы.

Дауыссыздардың жіктелуі. Дауыссыз фонемалардың жасалымына (артикуляциясына) қарай ерін (б,п,м,у,в,ф), тіл және көмей (h) болып бөлінуі. Бұларды нақты білудің маңызы. Қос фокусты (ж,з), аффрикат (д,ж,ц,ч) фонемалар.

Айтылу (ауа) жолына қарай дауыссыздардың шұғыл (б,п,т,д,к,қ,м,н,ц,ч), ызың және діріл (р) болып бөлінуі. Оларға тән ерекшеліктер. Дауыстылар қоршауындағы шұғылдардың айтылуындағы ерекшеліктер.

Дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылу, жазылуына байланысты кездесетін түрлі ерекшеліктер.

Кірме сөздерде ғана кездесетін дауыссыздар. Қазақ тілінде диалектілік көріністің әдеби тілге қатысы.


2




Семинар




1. Тілдегі дауыссыз дыбыстардың сипаты, зерттелуі

2. Дауыссыз дыбыстардың жіктелімі

3. Дауыссыз дыбыстардың айтылу, жазылу ерекшеліктері


1




БОӨЖ




  1. Қазақ, орыс тілдеріне ортақ дауыссыз дыбыстар сипаты.

1




БӨЖ




1. Дауыссыз дыбыстардың жіктелімі (І.Кеңесбаев классификациясы).

2. Дауыссыз дыбыстардың жіктелімі (С.Мырзабеков классификациясы).



5

6

Дәріс

Дыбыстар тіркесі


Фонетикалық заңның дыбыстар тіркесінен туындайтыны. Дыбыстар тіркесін анықтау үшін сөздің буын, дыбыс құрамын зерделеудің маңызы. Жазу, айтудың арақатысын пайымдау. Дыбыстар тіркесінің зерттелуі.

Дыбыстардың түбір ішінде, түбір мен қосымша аралығында, сөз бен сөздің жапсарында тіркесуіндегі ерекшеліктер. Дауыстылардың буын түрінде тіркесуі. Ерме дауыссыздар, оның себбі. Дыбыстар тіркесінен туатын заңдылықтар.



Сөз (буын) соңындағы қос дауыссыздар, оған тән ерекшеліктер. Шәлкес тіркестер. Олардың пайда болу жолдары. Табиғи тілге етер ықпалы. Қайталама дыбыстар. Олардың түбірде, түбір мен қосымша аралығында, сөз бен сөздің жапсарында қолданылуындағы ерекшеліктер. Үш дыбысты тіркестер.

2




Семинар




  1. Дыбыстар тіркесінің зерттелуі.

  2. Шәлкес тіркестер.

  3. Қайталама дыбыстар тіркесі.

1




БОӨЖ




  1. Дауыстылардың тіркесі.

  2. Дауыссыздардың тіркесі.

1




БӨЖ




  1. Қайталама дыбыстар (сөз аралығы, сөз бен қосымша, түбір ішінде)

5

7

Дәріс

Фонетикалық құбылыстар


Кірме сөздерді игерудің өзіндік ерекшеліктері, оның себебі. Протеза, эпентеза, эпитеза, апокопа, элизия, аферезис, редукция, метатеза, гаплология құбылыстарының сыры. Дыбыстық үнем. Тілдің үнемге ұмтылатыны, оның себебі. Дыбыстық үнем жеке дыбысты, буынды, морфеманы қамтитыны. Дыбыстық үнемнің пайда болу жолдары.

2




Семинар




  1. Тілдегі дыбыстық құбылыстар, олардың түрлері.

  2. Дыбыстық үнем, оның жасалу жолдары.

1




БОӨЖ




  1. Фонетикалық құбылыстар

1




БӨЖ




  1. Тілдегі дыбыстық үнем, оның пайда болу жолдары (Мәтінмен жұмыс).

5




2 Модуль бойынша барлығы

36




Модуль 3. Просодиялық құбылыстар

8.

Дәріс

Буын (силлабизм)


Буын. Буынның жасалуы. Буынға тән белгілер. Буынның түрлері. Буын жігі және тасымал. Буынның дыбыстық құрамы, сөздің буын құрамы. Қазақ тілінде буынның маңызы. Буын, оның дауысты дыбыстың буын ішінде алатын орнына қарай бөлінетін және буын құрайтын дауыстының акустикасына (жуан, жіңішке, көтеріңкі, бәсең, айқын, күңгірт т.б. (қарай бөлінетін түрлері. Қазақтың төл сөздерінің буын ерекшеліктері. Сөздердің буын жігі мен морфемалық жігі. Оларды ажырата білудің практикалық маңызы. Буынның бір түрінің екінші түріне ауысуы (буын жылысуы, буын ығысуы), оның себептер. Буын жігінің ауызекі тілде бөлінуі мен жазуда бөлінуінің кейде сәйкес келетіні, кейде сәйкес келмейтіні, оның себептері.

2




Семинар




1. Буынның негізгі белгілері, оның дыбыстық құрамы мен түрлері.

2. Бунақ туралы түсінік.

3. Буын жігі және тасымал.


1




БОӨЖ




1. Буынға байланысты қазақ тіл біліміндегі көзқарастар.

1




БӨЖ




1. Қазақ тіліндегі буын мен тасымалдың ерекшеліктері (Талдау материалдары).

5

9

Дәріс

Екпін (акцентуация)


Ой екпіні (логикалық), көңіл-күй екпіні (эмфазалық), сөз екпіні, олардың ерекшеліктері. Сөз екпіні, оның түрлері: үнді (музыкалық немесе тоникалық), лебізді (динамикалық немесе экспираторлық). Лебізді екпіннің түрлері.

Лебізді сөз екпінінің тиянақты, тиянақсыз, тұрақты, тұрақсыз түрлері. Екпіні тұрақсыз сөздердегі сөз екпінінің атқаратын лексико-грамматикалық қызметтері.



2




Семинар




1. Екпіннің түрлері

2. Екпіннің қызметі

3. Тілдегі екпін түспейтін грамматикалық формалар.


1




БОӨЖ




Екпін – фонетикалық категория (коллаквиум)

1. Екпіннің сөз мағынасын ажыратушы қызметін түсіндіріңіз.

2. Тілдерде екпіннің қандай түрлері бар?

3. Акцентология дегеніміз не?

4. Квантативті екпінге анықтама беріңіз.

5. Тілде екпінді қабылдамайтын қандай қосымшалар бар?



1




БӨЖ




Екпіннің қызметі (Талдау материалдары)

5

10

Дәріс

Дауыс ырғағы (Интонация)


Дауыс ырғағы арқылы сөйлемдегі сөздердің жеке айтылмай, бір ғана мағыналық топқа жинақталып, үздіксіз, ұласа айтылатындығы. Кідіріс арқылы жеке мағыналы сөздер немесе мағына жағынан жинақталып ұласқан сөз топтарының басқа сөздерден бөлініп, жіктеліп айтылатындығы. Ауа толқыны арқылы топталған фонетикалық бірліктер: сөйлеудің кідірістік, буындық жіктері (фраза, такт немесе синтагмалар)

Дауыс ырғағының суперсегменттік қызметі.



2




Семинар




1. Дауыс ырғағының суперсегменттік қызметі

2. Дауыс ырғағының түрлері.



1




БОӨЖ




  1. Интонация бірліктері, компоненттері.

1




БӨЖ




Дауыс ырғағы (Коллаквиум)

1. Интонология нені қарастырады?

2. Интонологиялық норма дегеніміз не?

3. Дауыс ырғағының синтаксистік қызметі қандай?

4. Интонацияның риторикалық функциясын түсіндіріңіз.


5




3 Модуль бойынша барлығы

27






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет