36
9.5 сурет. Сатылы тілік
Қималар.
Нәрселерді техникалық сызбаларда көрсету үшін тіліктер
деп аталатын кескіндерді пайдаланып келдік. Енді қималар
сияқты жаңа кескіндермен танысамыз. Олар заттың немесе оның
жеке элементтерінің тек сыртқы формасын ғана емес, сонымен
қатар олардың ішкі формасын да анықтауға мүмкіндік береді.
Қима дегеніміз - нәрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен
ойша қиғаннан шыққан фигура кескіні. Қимада тек қиюшы
жазықтықтың бетінде жататын кескін ғана көрсетіледі. Бұл
жазықтықтың алдыңғы және артқы жағындағы элементтердің
барлығы да ойша алынып тасталады. Сызбада қима фигурасын
штрихпен көрсетеді. Ол негізгі контурды қиып өтпеуге тиіс.
Үзік сызыққа әріптермен белгіленген нұсқалар жүргізіліп,
қима астынан жіңішке сызық жүргізілген А-А немесе Б-Б типті
қос әріппен белгіленеді. Қима мен тіліктің сызбада орналасу
ерекшеліктері 9.6-суретте көрсетілген.
9.6 сурет. Қима мен
тіліктің сызбада орналасуы