Бағдарламасы (syllabus) мазмұнында кеңістіктегі фигуралар, оларды шешу әдістері мен кеңістіктік есептерді және фигураларды жазықтықта салудың негіздері қарастырылады. Жоғарғы оқу орындарының «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»



Pdf көрінісі
бет28/61
Дата25.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#24311
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61
 

 

9 Дәріс 



Тақырыбы:  Сызбадағы  көріністер.  Тіліктер.  Қималар. 

Қимадағы штрихтау 

 

Машина  жасау  кәсіпорындарында,  құрылыста,  жалпы 

барлық  өнеркәсіп  пен  өндіріс  салаларында  заттардың  бәрі, 

ғимараттар,  бөлшектер  және  олардың  құрамдас  элементтері  бәрі 

де сызбамен, сызбаның көмегімен орындалады. 

Сызбадағы 

проекциялар 

мемлекеттік 

стандарттың 

ережелеріне  сәйкес  орналастырылады  МЕСТ  2.305-68  (СТ  СЭВ 



363-76).  Затты  техникалық  сызбаларда  кескіндеу  үшін  стандарт 

бойынша  көріністер  қолданылады.  Мұнда  кескінделетін  зат 

бақылаушы  мен  сәйкес  проекция  жазықтығының  аралығына 

орналастырылған  деп  есептеледі.  Негізгі  проекция  жазықтар 

ретінде  кубтың  алты  беті  қабылданады  да,  берілген  затқа 

параллель 

орналасқан 

жазықтығына 

сәйкес 

кескіндері 

кескінделеді  (9.1-сурет).  Осы  кубтың  алты  бетінің  фронталь 

проекциясына  бұрып  жайсақ,  нәрсенің  алты  кескінін  көрсетуге 

мүмкіндік  туады  (9.2-сурет).  Кескіндер  өзара  байланыста 

орналасады.  

Осы кескіндерге қарап, заттың кеңістіктегі көрнекі тұлғасын 

толық  көруге  болады.  Əрине,  ол  үшін  адамның  кеңістікте  ойлау 

қабілеті  болу  керек.  Фронталь  проекция  жазықтығында  орын 

далатын кескінді басты көрініс дейді. Басты көріністі таңдағанда 

затты кеңістікте ерікті, бос орналасу тұрғысынан алады және сол 

нәрсе  туралы  мүмкіндігінше  толық  мағлұмат  беретін  бетін 

орналастырады. 



 

33 


 

 

 



9.1 сурет. Заттың параллель орналасқан жазықтықтарға 

кескіндері 

 

 

9.2 сурет. Алты беттің фронталь проекциясына бұрып 



жазылуы 

 

Фронталь  көріністі  басты  көрініс  деп  атайды.  Заттың  басқа 



кескіндері, басты көрініске өзара байланысты орналасады. 

 

Көріністер. 

Көрініс  деп  бақылаушыға  қараған  нәрсе  бетінің  көрінетін 

кескінін  айтады.  Көріністер  негізгі,  қосымша  және  жергілікті 

болып бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет