Бағдарламасы (syllabus) мазмұнында кеңістіктегі фигуралар, оларды шешу әдістері мен кеңістіктік есептерді және фигураларды жазықтықта салудың негіздері қарастырылады. Жоғарғы оқу орындарының «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»



Pdf көрінісі
бет38/61
Дата25.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#24311
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61
Байланысты:
Начертательная геометрия и инженерная графика

12 Дәріс  

Тақырыбы

Нобай 

туралы 

түсінік. 

Сипаттізім. 

Құрастыру сызбасы 

 

Нобай туралы жалпы түсінік. 

Нобай  (эскиз)  -  бір  рет  қана  қолданылатын,  тетікті 

(бұйымды)  жасауға  және  тексеруге  қажетті  барлық  мәліметтер 

(пішіні,  құрылымы,  өлшемдері  т.б.)  қамтылған  конструкторлық 

құжат. Масштаб тетіктердің пропорционалдықты сақтай отырып, 

тік  бұрыштап  (ортоганальды)  проекциялау  әдісі  бойынша  көз 




 

43 


 

мөлшерімен  алынып,  сызу  құрал-жабдықтарын  пайдаланбай, 

қолмен орындалады. 

Нобайлар  жабдықтарды  жөндегенде,  яғни  істен  шыққан 

тетіктердің  орнына  жаңа  бөлшек  қажет  болғанда  қолданылады. 

Ондай  нобайды  тетіктің  нақты  өзіне  қарап  жасайды.  Өндіріс 

орындарында  көбінесе  тетікті  тікелей  нобай  бойынша  жасауға 

тура  келеді,  сондықтан  оны  маңызды  техникалық  құжат  деп 

түсіну керек. Стандарттық бұйымдарға (бұрандама, бұрамасұқпа, 

сомын, тығырық және тойтармаға) нобай орындалмайды. 

Нобайды сызба қағазына немесе торкөзді қағазға орындайды. 

Қағаздар  орындайтын  тетік  пішіміне  сәйкес  таңдап  алынады. 

Нобайда  сызықтың  түрлері,  шрифт  мемлекеттік  стандарт 

бойынша  орындалады.  Нобайды  торкөз  қағазға  орындау  – 

қолайлы  әрі  тез.  Торкөз  қағазы  бойынша  тетікті  кескіндегенде, 

бөліктерінің  пропорциональдығын  сақтау,  перпендикуляр  және 

параллель  сызықтарды  жүргізу,  сызықтар  бойымен  түзу 

сызықтарды сызу оңайлайды. Сызу сабақтарында шеңбер сызуға 

циркульді  қолдануға  болады  және  олар  кейін  қолмен  бастыра 

жүргізіледі. 

 

Сипаттізім. 

Бұйымның  құрамына  кіретін  тетіктер  туралы  негізгі 

мәліметтер  көрсетілетін  кестені  сипаттізім  (спецификация)  деп 

атайды. 


Құрастыру сызбасында сипаттізім қоса тіркеледі. Сипаттізім 

А4  пішімдегі  жеке  сызба  қағазы  мен  негізгі  жазудың  үстінде 

орындалады.  Сипаттізім  мен  негізгі  жазудың  өлшемдері  272-

суретте  көрсетілген.  Ол  құрастыру  сызбасы  бірлігінің  құрамын, 

бұйымға арналған құрылмалық құжаттарды жинақтау үшін қажет. 

Сипаттізім былайша топтастыралады: 

1. Сызбалардың қандай пішімде орындағаны жазылады

2. Құрама бөлік болатын аумақтар жазылады

3. Тетіктердің реттік нөмірі жазылады

4. Сызбаның белгіленуі

5. Тетіктердің атаулары жазылады

6. Тетіктердің саны жазылады: 

7. Қосымша мәліметтер (ескерту) жазылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет