Ескерту материалды таратуғА ӨҢдеуге қатаң тыйым салынады



бет1/16
Дата03.12.2023
өлшемі10,96 Mb.
#133099
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ЕСКЕРТУ
МАТЕРИАЛДЫ ТАРАТУҒА ӨҢДЕУГЕ ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
МАТЕРИАЛ «АДАМ ФИЗИОЛОГИЯСЫ» 2008Ж 2015Ж КІТАП БОЙЫНША ЖАСАЛҒАН

Тапсырма 2.
Суреттер – сызбалар.
Сурет-сызбаның аталуын жазу, дұрыс анықтамасын беру, кезеңдерін жазу. Сурет-сызба бойынша механизмді немесе үрдісті дұрыс сипаттау.
1. Әрекет потенциалы

Қозғыштықтың аталған кезеңдерін қисық сызықпен көрсетуге болады. Қозғыштықтың кезеңдерінің ұзындығы әр тінде әр түрлі. Әрекет потенциалы (ӘП) пайда болуының физико-химиялық механизмдері.
Егер жүйке немесе бұлшықет тіндеріне табалдырықты тітіркендірумен әсер етсе, мембраналық (тыныштық) потенциал ығысып, оның шамасы тез азайады, бірнеше миллисекундта жасуша мембранасының зарядтары алмасады (сырты – теріс, іші – оң ). Жасушаның қозуы кезіндегі МП-дың осындай қысқа мерзімді өзгерісі – әрекет потенциалы (ӘП) деп аталады. Табалдырықты немесе табалдырықтан жоғары тітіркендіргіштің әсерінен жасуша мембранасының өткізгіштігі иондар үшін әртүрлі дәрежеде өзгереді. Мысалы, Na+ иондары үшін 400-500 рет жоғарылайды, градиенті тез өседі, K+ иондары үшін 10-15 рет қана, ал оның градиенті баяу дамиды. Осының нәтижесінде, Na+ иондары жасуша ішіне кіреді де, K+ иондары сыртқа шығады, жасуша мембранасы бетінің зарядтары алмасады. Мембрананың сыртқы беті теріс, ішкі беті оң зарядталады.



  1. Жұмысшы кардиомиоциттің әрекет потенциалы


Кардиомиоциттердің әрекет потенциалы
0 фаза – шапшаң Na+ каналдарының белсенділігі.
Бастапқы шапшаң реполяризация фазасы – К+ каналдарының белсенділігі (1 фаза).
Плато фазасы – жасушадан К+ баяу шығуы жасушаға Са++ иондарының баяу енуімен теңестіріледі (2 фаза).
Реполяризация фазасы - жасушадан К+ сыртқа шығуы (3 фаза).
Тыныштық фазасы мембраналық потенциалдың қалыпқа келуі (4 фаза).
«Бәрі немесе ештеңе емес» заңы
Рефрактерлік
- дегеніміз қозбаушылық.
Жүрек бұлшықетінің абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 0,27 с, ал салыстырмалы рефрактерлік кезеңі 0,03 с құрайды.
Абсолюттік рефрактерліктің ұзақ кезеңі жүрек бұлшықетінің жеке дара жиырылу режимі мен оның ырғақтылығын қамтамасыз етеді.
Жүрек бұлшықетіне тетанустық жиырылу тән емес.
Өткізгіштік
дегеніміз – қозуды белсенді күйдегі аймақтардан тыныштық күйдегі аймақтарға өткізу қабілеті.
Жүректің өткізгіштік қасиеті электротониялық табиғатқа ие.
Ол атиптік және жұмысшы миокард жасушалар арасындағы нексустардың және кардиомиоциттерді бөліп тұратын қосымша пластинкалардың төменгі электрлік кедергісімен қамтамасыз етіледі.
Нәтижесінде, кез келген аймақты табалдырықтан жоғары тітіркендіру миокардтың түгел қозуын тудырады.
Бұл жүрек бұлшықетінің ұлпасын жекелеген жасушаларға (функционалдық синцитий) морфологиялық түрде ажыратылған деп санауға мүмкіндік береді.
Жүрекшелер бойынша қозуды өткізу жылдамдығы 1 м/с.
Қарыншалар бойынша қозуды өткізу жылдамдығы 0,8 м/с.
Жиырылғыштық
дегеніміз – жүрек бұлшықетінің ұзындығының өзгеруі немесе оның кернеу күшінің өзгеруі.

  1. Пейсмекердің әрекет потенциалы

4. Қозғыштықтың кезеңдері




Қозуды өткізу жылдамдығы:

-көлденең жолақты қаңқа еті – 3,5-14 м/сек;


-көлденең жолақты жүрек еті – 0,5-1м/сек;
-бірыңғай салалы еттері– 0,5мм - 5-10см/сек.
5. ӘП кезеңдері мен тін қозғыштығы кезеңдері ара қатынасы

6. Күш пен уақыт сызығы (Дж.Гоорвег- М.Вейсс)



7. Еттің жеке жиырлуы



Жеке жиырылу сызығында бұл кезең көлденең көлбеу сызық ретінде байқалады. Ет талшығы қысқарып қатайған сәтте сызық жоғары қарай көтеріледі де, босаңсып солған кезде керісінше төмендейді.
8. Толық жинақталу

9. Шала жинақталу



10. Тегіс тетанус

II. Тегіс тетанус жоғары жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады (↑ 20 Гц).

11. Тісті тетанус



I. Тісті тетанус төменгі жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады
(10 – 20 Гц).

12. Тітіркендіргіш күші және жиілігінің оптимумы мен пессимумы



13. Парабиоз және оның кезеңдері


П а р а б и о з (para – жуық, bios – өмір) – бұл тітіркендіргіш (химиялық зат) әсерінен, оның қозғыштығы мен лабилдігінің төмендеуі.
← Қалыпты жағдай.
Парабиоз кезеңдері:
1. Теңестіру кезеңі;
2. Парадоксалды кезеңі;
3. Тежелу кезеңі.

Толық парабиоз кезеңінде, яғни тітіркендіру аймағында қозудың жайылу үрдісі тарамай бір жерде тұрақталады («стационарлық қозу»).


14. Миелинді жүйке талшығы бойымен қозу таралу механизмі



II. Миелинді талшықтар бойымен қозу секірмелі, яғни сальтаторлы таралады.
15. Миелинсіз жүйке талшығы бойымен қозу таралу механизмі

I. Миелинсіз талшықтар бойымен қозу тегіс таралады.
16. Химиялық синапс. Қозу өту механизмі

Химиялық синапс – нейрон мен мақсатты жасуша арасындағы жасушааралық байланыстың ерекше түрі. Синапстың бұл түрінде делдал (делдал) рөлін химиялық зат атқарады.
17. Электрлік синапс. Қозу өту механизмі

Электрлік синапс – нейрондар арасындағы жоғары мамандандырылған контактілер (саңылаулар) орны, мұнда бір нейроннан екіншісіне электр тогының тікелей ағыны жүреді.


18. Жүйке талшығының құрлысы

ОЖЖ - жүйке клеткалардың немесе нейрондардың жиынтығы.

Нейрон. Мөлшері 3 тен 130 мкм. Нейрондардың құрылысы:


1. Денесі (сома).
2. Өсінділері
Аксон дендриттер
19. Нейронның құрлысы

20. Сомалық рефлекстердің рефлекстік доғасы


21. Сіңір рефлекстерінің рефлекстік доғасы

22. Вегетативті рефлекстердің рефлекстік доғасы



23. Жүйке орталығының қасиеті: Жинақталу



4. Қозудың жинақталуы – (1863 жылы И.М. Сеченов) ОЖЖ табалдырық күштен төмен қозуларды жинақтап, рефлекс жауапты тудырады. 2 түрін ажыратады:
- кеңістік, ол конвергенцияға
негізделген;
- бір іздік немесе уақыттық
24. Жүйке орталығының қасиеті: Окклюзия

Окклюзия - «бітелу». Рецептивтік өрістердің бір бөліктерінің жабылуы. Жинақы реакциясы жеке тітіркендіргендегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан төмен болады.
25. Жүйке орталығының қасиеті: Жеңілдеу


.Жеңілдеу – жинақы реакциясы жеке тітіркендірген-дегі арифметикалық қосынды реакция жауабынан жоғары болады
26. ОЖЖ-гі тежелу: пресинапстық

Постсинапстық (синапстан кейін) тежелу – Реншоу жасушасы тәрізді тежеуші
нейрондардың қатысуына байланысты туады (постсинапстық мембрана
гиперполяризацияланады).
2. Пресинапстық (синапсқа дейінгі) – Реншоу жасушасы қатысады (деполяризация
салдарынан мотонейронды қоздыратын жүйке талшығынан медиатор бөлінбей қалады).
3. Пессимальды тежелу - күшті серпіністердің жиі-жиі келіп түсуіне байланысты медиаторлар
көбейеді де – постсинапстық мембранада тұрақты деполяризация пайда болады.
4. Қозудан кейін туатын тежелу - реполяризация кезеңі аяғында туындайтын
гиперполяризацияға байланысты.
27. ОЖЖ-гі тежелу: постсинапстық

Постсинапстық (синапстан кейін) тежелу – Реншоу жасушасы тәрізді тежеуші
нейрондардың қатысуына байланысты туады (постсинапстық мембрана
гиперполяризацияланады).
2. Пресинапстық (синапсқа дейінгі) – Реншоу жасушасы қатысады (деполяризация
салдарынан мотонейронды қоздыратын жүйке талшығынан медиатор бөлінбей қалады).
3. Пессимальды тежелу - күшті серпіністердің жиі-жиі келіп түсуіне байланысты медиаторлар
көбейеді де – постсинапстық мембранада тұрақты деполяризация пайда болады.
4. Қозудан кейін туатын тежелу - реполяризация кезеңі аяғында туындайтын
гиперполяризацияға байланысты.
28. ОЖЖ-гі тежелу: пессималды




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет