R1 = (t1 + r1)/2 R2 = (t2 + r2)/2 Студент рейтингісінің орташа бағасы (Rор.) екі рейтингінің қосындысын екіге бөлу арқылы анықталады:
Rор. = (R1 + R2)/2 Пән бойынша қорытынды баға рейтингінің орташа бағасын 0,6-ға (яғни 60%) көбейту арқылы және емтиханның бағасы 0,4-ке (яғни 40%) көбейтіліп, шығарылған нәтижелерді қосу арқылы шығарылады.
І = (R1 + R2 / 2) х 0,6 + Е х 0,4 Бұл жерде – ағымдағы бақылау (t), аралық бақылау (r), рейтингі бағасы (R), емтихан (Е) және қорытынды баға (І).
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары және ауызша емтихан билеттерінің сұрақтарына жауап беру түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).
“Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы” пәні бойынша студенттердің білімін бағалау межелері
Дәстүрлі баға
Әріптік жүйе
Сандық эквивалент
Пайыздық мәні (100 баллдық)
Қойылатын талаптар
Өте жақсы
А
4
95-100
Оқу бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша жүйелі, толық, жоғары білім деңгейін көрсету;
Оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата білу, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыру;
Морфология саласындағы әр түрлі көзқарастар мен тұжырымдамаларға қатысты өзіндік пікірін айта білу;
Ғылыми термин сөздерді нақты қолдану, стилистикалық сауатты, логикалық дұрыс, дәл жауап беру;
Анықтама, ұғымдарды түсініп, теориялық мәселелерді мысалдармен дәлелдей білу;
Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттерді толық әрі терең меңгеру;
Тілдік нормаларды сақтап, сенімді, қатесіз жауап беру, жауап беру барысында қосымша материалдарды орынды қолдана білу;
Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында жеке шығармашылық жұмыстар орындау, топтық талқылауға белсене араласу, берілген тапсырманы өте жоғары деңгейде орындау;
Сөйлемге сауатты морфологиялық талдау жасай білу.
А-
3,67
90-94
Оқу бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша жүйелі, толық білім деңгейін көрсету;
Теориялық материалды өз деңгейінде игеріп, қойылған сұрақтарға сауатты, дұрыс жауап беру;
Морфология саласындағыәр түрлі көзқарастар мен тұжырымдамаларға қатысты өзіндік пікірін айта білу;
Әдеби нормаға сай сөйлей білу, стилистикалық тұрғыдан сауатты жаза білу;
Теориялық заңдылықтарды нақты мысалдармен дәлелдеп көрсете білу;
Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттерді толық әрі терең меңгеру;
Қажетті тұста қосымша материалдарды орынды қолдана білу;
Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында жеке шығармашылық жұмыстар орындау, топтық талқылауға белсене араласу, берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындау;
Сөйлемге сауатты морфологиялық талдау жасай білу.
Жақсы
В+
3,33
85-89
Оқу бағдарламасы шеңберінде қойылған барлық мәселелер бойынша жақсы білім деңгейін көрсету;
Ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алу;
Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттерді меңгеру;
Пән бойынша берілген қосымша жұмыс түрлерін дер кезінде орындап, тапсыру;
Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында жеке шығармашылық жұмыстар орындау, топтық талқылауға жүйелі қатысу, тапсырманы жақсы деңгейде орындау;
Сөйлемге сауатты морфологиялық талдау жасай білу.
В
3
80-84
Оқу бағдарламасы шеңберінде қойылған барлық мәселелер бойынша жақсы білім деңгейін көрсету;
Теориялық материалды дәлелдеуде мысалдарды орынды қолдана білу;
Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттермен таныс болу;
Пән бойынша берілген қосымша жұмыс түрлерін дер кезінде орындап, тапсыру;
Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында жауап беріп, тапсырмаларды орындап жүру;
Сөйлемге сауатты морфологиялық талдау жасай білу.
В-
2,67
75-79
Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша ортадан жоғары білім деңгейін көрсету;
Теориялық материалды жақсы білгенмен, мысалдармен дәлелдей алмау;
Ұсынылған негізгі әдебиеттермен жалпылама таныс болу;
Берілген тапсырмаларды уақытылы орындап жүру;
Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарына қатысу, бірақ топтық талқылауда өзін көрсете алмау;
Сөйлемге морфологиялық талдау жасауда қателіктер жіберу;
Сөйлемге кешенді талдау жасаудың тәртібін білгенмен, толық жауап бере алмау.
қанағаттанарлық
С+
2,33
70-74
Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша орташа білім деңгейін көрсету;
Оқу материалындағы негізгі ережелерді дұрыс түсінбей, мысалдар келтіруде қателіктер жіберу;
Пән бойынша ұсынылған әдебиеттерді толық қарастырмау;
Теориялық материалды мысалдармен дәлелдеуде қателіктер жіберу;
Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында белсенділік көрсетпей, топтық талқылауға қатыспау, тапсырманы орташа деңгейде орындау;
Сөйлемге морфологиялық талдау жасауда жүйелілікті сақтамау;
Сөйлемге кешенді талдау жасаудың тәртібін білгенмен, толық жауап бере алмау
С
2
65-69
Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша орташа білім деңгейін көрсету;
Оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстірт түсіну;
Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі әдебиеттермен толық таныс болмау;
Сабақты жібермегенімен, үй тапсырмаларын орындауда олқылықтар жіберу;
Ереже, заңдылықтарды толық білмеу және мысалдармен дәлелдей алмау;
Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында белсенділік көрсетпеу, топтық талқылауға қатыспау, тапсырманы орташа деңгейде орындау;
Сөйлемге морфологиялық талдау жасауда жүйелілікті сақтамау;
Сөйлемге кешенді талдау жасаудың тәртібін білгенмен, толық жауап бере алмау.
С-
1,67
60-64
Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша орташа білім деңгейін көрсету;
Негізгі ұғым, ереже, заңдылықтарды толық білмеу, мысалмен дәлелдей алмау;
Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі әдебиеттерді толық білмеу және таныс болмау;
Оқыған пән бойынша теориялық ұғымдарға талдау жасай алмау;
Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында белсенділік танытпау, топтық талқылауға қатыспау, тапсырманы орташа деңгейде орындау;
Сөйлемге морфологиялық талдау жасаудың негізгі тәртібін сақтамау;
Сөйлемге кешенді талдау жасаудың тәртібін білмеу және мысалдар келтіре алмау.
D+
1,33
55-59
Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша қанағаттанарлық білім деңгейін көрсету;
Пән бойынша білуге тиісті негізгі ұғым, ереже, заңдылықтармен толық таныс болмау, мысалмен дәлелдей алмау;
Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі әдебиеттерді толық білмеу;
Үй тапсырмаларын орындауда қателіктер жіберу, оқыған пән бойынша теориялық ұғымдарға талдау жасай алмау;
Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында белсенділік танытпау, топтық талқылауға қатыспау, тапсырманы қанағаттанарлық деңгейде орындау;
Сөйлемге морфологиялықталдау жасаудың негізгі тәртібін сақтамау;
Сөйлемге кешенді талдау жасаудың тәртібін білмеу және мысалдар келтіре алмау.
D
1
50-54
Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша орташадан төмен білім деңгейін көрсету;
Пән бойынша білуге тиісті негізгі ұғым, ереже, заңдылықтарды жаттанды тілмен айту, мысалмен дәлелдей алмау;
Ой-пікірлерді талдай алмау, сұраққа жауапты оқытушының көмегімен қайтару;
Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында немқұрайлылық таныту, топтық талқылаудан тыс қалу, тапсырманы төмен деңгейде орындау;
Сөйлемге морфологиялық талдау жасай алмау;
Сөйлемге кешенді талдау жасауды білмеу және дәлелдер келтіре алмау.
Қанағаттанарлықсыз
F
0
0-49
Білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмау, жаттанды сөйлеу, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбеу.
Егер де студенттің бағасы төмен деңгейде болатын болса, оған қосымша тапсырмаларды орындау арқылы баға көрсеткішін жоғарылатуға мүмкіндік беріледі. Бұл жағдайда оқытушы студентке белсенді үлестірмелі материал ұсынады.