Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет7/31
Дата16.10.2023
өлшемі474,54 Kb.
#116355
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
Қазақ тілінің стилистикасы, Ғ.Қ.Хасанов

Қарастырылатын мәселелер:
1. Стилистика бағыттары.
1. Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы.
2. Мәтін стилистикасы.

Терминдер мен анықтамалар


Контекст (лат. contexus – бірігу, байланыс) – мәнге ие болу арқылы тілдің барлық деңгейіне тән единицалардың мағына, мазмұны жүзеге асатын орта.
Абзац (нем. Absatz шегініс) – 1) баспа не қолжазба мәтіннің алғашқы жолындағы шегініс, азат жол. 2) Автор ұстанымы тұрғысынан, графикалық түрде айқын бөлшектеніп тұратын мәтіннің композициялық-стилистикалық бөлігі.
Мәтін (текст) - латынша «textus» байланысу, қосылу, тұтасып кету. Басты қасиеті тұтасым және байласым болып саналатын мағыналық байланыстармен біріккен таңба бірліктерінің тізбегі.
Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)
1. Стилистика бағыттары. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі өте маңызды орын алады. Олардың қатарына ортостилистика, функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Стилистиканың бұл бағыттары жалпы тіл ғылымында азды-көпті қарастырылып жүргенмен, қазақ тіл ғылымы үшін әлі зерттеу нысанына толық іліккен жоқ. Бұл пікір арқылы стилистиканың даму бағыттарына прагматиканың үлкен ықпал еткенін көруге болады. Стилистика бүгінгі таңда көп аспектілі стиль құрылымын зерттеуге арналады. Лингвистикалық стилистика термині туралы М.Серғалиевтің еңбектерінде қарастырылып жүр. М.Серғалиев стилистиканың түрлері деудің орнына оның бағыттары деген ұғым пайдаланып жүр деген пікірді айтады [12, 76 б.]. Стилистиканың лингвистикалық стилистика деп аталуының өзінде үлкен мән бар, белгілі заңдылықтар нәтижесінен туындаған. Қазақ тіл ғылымында стилистиканың бағыттары бойынша біршама ғылыми еңбектер жарияланды, олардың қатарына М.Балақаев, М.Томанов, Е.Жанпейісов, Б.Манасбаев, Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Х.Кәрімов, Б.Шалабай, Д.А.Әлкебаева т.б. еңбектері жатады. Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар: бірі – стилистиканың орталық бағыты функционалдық стилистика. Функционалдық стилистика қоғамның әр алуан саласында тілдің қолданысқа түсу заңдылықтары. Сөздің базалық экстралингвистикалық және стиль құраушы факторлардың ықпалынан пайда болған. Функционалдық стилистика қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады. Стилистиканың негізгі бағыттарының бірі – ресурстар стилистикасы. Тіл ресурстары стилистикасы тіл стилистикасы деп те аталынады. Тіл ресурстар стилистикасы сөздердің мәтіннен тысқары күйіндегі қызметін айқындайды.
3 практикалық сабақтың тақырыбы: Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы, стилистика бағыттары.
Тапсырмалар:
1. Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы.
2. Стилистиканың жаңа бағыттары: көркемдік тәсіл стилистикасы, ортастилистика, прагмастилистика, безендіру стилистикасы, т.б.
3. Мәтін туралы түсінік. Мәтін стилистикасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет