ҰСТАЗ БІЛІКТІЛІГІ – ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМДІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАСПАЛДАҒЫ (ЭССЕ)
«Дана халқымыз ұстазы жақсының ұстанымы жақсы»,- дейді. Себебі, «Ұстанымы» сөзі әр баланың өмірге көзқарасы мен дүниетанымы, оның болашақ бүкіл болмысы ұстаздың қолында, соның еңбегінің нәтижесі деген мағынаны білдіреді.
Ұстаздың білімділігі мен мәдениеттілігі– оның абыройының биіктілігінің әрі ел абыройының асқақ болуының кепілі. Себебі, ұстаз өркениетке жетелейді, соған қол жеткізуге тәрбиелейді. Сондықтан ол дүниежүзінде құрметке ие. Ол – ұлтты тәрбиелеп отырған басты тұлға. Сол себепті де халқымыз ұстазды ұлағаттап, оны үнемі құрметтейді, мұны мемлекетіміз де өзінің мақсат-міндеті деп түсінеді.
Ұстаздың мәртебесі биік тұғырда болу үшін Жүсіпбек Аймауытов айтқандай «Сабақ беру үйреншікті жай ғана емес, ол жаңаны жаңадан табатын өнер». Демек,әрбір ұстаз өзінің күнделікті сабағынада тыңғылықты дайындықпен, ынталана кіріссе, өз еңбегінің нәтижесін көре алады. Себебі, дана халқымыз: «Не ексең, соны орасың», - дейді. Өзі оқытқан, тәрбиелеген шәкірттері көптен озып шығып дараланса, оны дүйім жұрт бағаласа, қадірлеп, құрметтесе ұстаздың мерейі үстем болары хақ.
Мемлекетіміз бен үкіметіміз өркениетті дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ұрпақ бойына білім нәрін себуші ұстаздар қауымының жаңа заман талабына сай білімдерін жетілдіруді қолға алуда. Сондықтан әрбір педагогтың білімі мен білігін көтеруді мақсат тұтқан еліміздің талабына сай мұғалімдер өскелең ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтуге тиіс. Ұстаз бірінші кезекте, өз ісіне қызығушылықпен қарауға міндетті. Ол үшін мемлекетіміз мұғалімдерді барлық ресурстармен қамтамасыз етіп, олардың өз мүмкіндігін пайдалануға шек қоймай бағыт-бағдар жасауда. Өйткені елімізде боолып жатқан ғылым мен техникадағы сілкіністер білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуді талап етуде. Қоғам мен өркендеген заман білу аз, сол білгеніңді іске қолдана білуді қажет деуде. Демек, әрбір ұстаз ойланып, жаңаша жұмыс істеуге, озық ойлы әдіс- тәсілдермен қаруландыруға тиіс. Өйткені, тек жаңа технологияның қыр-сырын меңгерген мұғалімдер ғана білім сапасын арттырып, ел болашағы өскелең ұрпақты өркениетті елге сай біліммен қамтамасыз ете алады. Сонда әрбір ұстаз – білікті маман, әрбір оқушы – ойшыл тұлға деген қағидалар жүзеге асып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз оқу мен оқытуды жетілдіру және жақсарту мақсатында заманауи озық технологияларын жетік пайдалана алатын болады.
Президентіміз Қ.Ж.Тоқаев өз Жолдауларында еліміздің болашағы балаларға терең де жан– жақты ұлттық тәрбие мен білім беруге баса көңіл бөлді. Демек, ұстазға артылар жүк, қойылар талап, ауыр. Жас ұрпақты елін, жерін сүюге, ұлттық әдет -ғұрпымыз бен салт- дәстүрімізді қастерлеуге, көк туымыздың көк аспанда мәңгі желбіреуіне, соны көзінің қарашығындай сақтап, қорғауға тәрбиелеу оңай жұмыс емес. Мұндай аса жауапты міндетті өз мамандығын құрметтейтін, балаларды жақсы көретін білімді де білікті ұстаздар ғана жүзеге асыра, орындай алады. Сонда олар Ы.Алтынсарин айтқандай «мектептің жүрегіне» айналады.
Ұстаздың елімізде алатын орны бір қарағанда жеңіл қағидалардан тұрғанымен, оны орындай салу көптеген қиындықтардан, күрделі тәрбие мен біліммен тұрады. Ұстаз еңбегінің нәтижесі ұзақ күтіледі. Білім беру үдерісінде жіберілген қателік ұстаз еңбегінің қаншалықты күрделі және ауыр екендігін көрсетеді.
Өзін ұстаздық жолға бағыттаған адам оны қадір тұта қастерлеуге, арын таза ұстауға міндетті. Оның үстіне өзінің кәсібі мен пәнін, шәкірттерін, еңбек ететін ұжымы мен мектебін құрметеуі керек. Мұғалім болуға деген қызығушылық пен сүйіспеншілік оны қиындықтарды жеңуге жетелейді, жұмысын нәтижелі жүргізуге септігін тигізеді. Сонда ол бір балаға ғана емес, көптеген ұрпаққа құрметті ұстаз болып қалады.
Біз білімді ұрпақтың болашағымыздың кепілі екенін, еліміздің тағдыры, жас ұрпақтың тағдыры бүгінгі білікті ұстаздардың қолында екенін жақсы білетін, түсінетін халықпыз.
Достарыңызбен бөлісу: |