Бағдарламасы Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу



бет5/7
Дата17.01.2023
өлшемі138,5 Kb.
#61629
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Зертханалық жұмыс № 6.5.
Тақырыбы: Кесте және диаграмма тұрғызу



Пәннің аты

Сынып

11

10

9

8

7

6

Тарих

97

85

92

98

84

93

Информатика

85

90

91

85

92

88

Қазақ тілі

92

87

88

93

86

95

Шет тілі

93

89

84

80

82

85

Жоғарыдағы кестеде мектептегі оқушылардың 2- тоқсандағы сабақ үлгерімі (пайызбен алынған) келтірілген. Осы зертханалық жұмыста берілген кестені және оның негізінде диаграмма тұрғызу қажет.

  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  2. Кәдімгі (Обычный) үлгі негізінде жаңа құжат құрыңыз.

  3. Кесте→Кірістіру→Кесте (Таблица→Вставка→Таблица) командасымен 6 жолдан және 7 бағаннан тұратын негізгі кестені тұрғызыңыз.

  4. Бірінші бағанның жоғарғы екі ұяшығын ерекшелеп алып, Кесте→ Ұяшықтарды біріктіру (Таблица→объединить ячейки) командасымен оларды біріктіріңіз. Екінші бағаннан жетінші бағанға дейінгі ұяшықтардың бірінші жолдарын да осылай біріктіріңіз.

  5. Тышқан нұсқағышының көмегімен бағандардың енін суретте көрсетілгендей етіп өзгертіңіз. Тышқан нұсқағышын қажетті түзуге тақаған кезде ол пішінін өзгертеді, сол мезетте оны қалауыңыша оңға немесе солға жылжытасыз.

  6. Көрсетілген үлгі бойынша кестені толтырыңыз.

  7. Топ атаулары енгізілген ұяшықтарды ерекшелеп алып, оның жанама менюінен Мәтіннің бағыты (Направление текста) командасын орындаңыз. Пайда болған Мәтіннің бағыты (Направление текста) сұхбат терезесінен үлгідегідей тік бағытты таңдап алыңыз.

  8. Кесте→Ерекшелеу→Кесте (Таблица→Выделить→Таблица) командасының көмегімен кестені ерекшелеп, алмасу буферіне орналастырыңыз.

  9. Кірістіру (Вставка)→Объект→Диаграмма Microsoft Graph 2000 командасымен негізгі диаграмманы құжатқа апарып қойыңыз.

  10. Диаграмманың негізгі кестесін ерекшелеп алып, Түзету→Кірістіру (Правка→Вставка) командасының көмегімен негізгі кестедегі мәліметтерді өз кестеңіздегі мәліметтермен ауыстырыңыз.

  11. Мәліметтерді ауыстырғаннан соң диаграммадағы өзгерістерді көруге болады.

  12. Диаграмманы ерекшелеп алып, оның жанама менюінен Диаграмма типі бөлімін таңдап алыңыз. Осы терезедегі құралдарды пайдалана отырып, диаграмманың басқа типтерін тұрғызып көріңіз.

  13. Ашылған терезелерді жауып, дайын болған құжатты \Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасында сақтап қойыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет