Бағдарламасы Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу


Қазақ халқының жазу тарихы



бет3/7
Дата17.01.2023
өлшемі138,5 Kb.
#61629
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лаб.раб.6.

Қазақ халқының жазу тарихы
Қазақ халқы - әліміздің ежелгі ұлттарының бірі. Қазақ халқы – ерте заманда Алтай, Тянь-Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірі мен Сырдария алқабын мекен еткен. Ежелгі түркі тілдес тайпалардың атап айтқанда

  • Сақ

  • Қаңлы

  • Албан

  • Қыпшақ

  • Оғыз

  • Арғын

  • Найман

  • Қарлық

тайпаларының тарихы даму дәуірлерін басынан кеше отырып, бірте-бірте бірігуі арқылы халық болып қалыптасқан.

Түркі тілдерінің даму дәуірлерін түрколог ғалым Н.А.Баскаков алты кезеңге бөліп көрсетті:

  1. Алтай дәуірі;

  2. Хун дәуірі /V ғасыр/;

  3. Көне түркі дәуірі /V-X ғасыр/;

  4. Орта түркі дәуірі /Х-ХV ғасыр/;

  5. Жаңа түркі дәуірі /ХV-XX ғасыр/;

  6. Ең жаңа дәуір /ХХ ғасыр/.

Осы кезеңдерде қазақ халқы басқа туыстас түркі тілдерімен бірге дамыды, қалыптасу барыснда қазақ тілі басынан төрт түрлі жазу түрін кешірді:

    • руна таңбасы

    • ұйғыр

    • араб

    • латын алфавиттері.




Зертханалық жұмыс №6.3.
Тақырыбы: Алмасу буферін қолдану
Ана тілі.

Ақындардың өлеңін
Жүрегінде түнетіп
Көтеріпті ұлы елім
Ана тілін ту етіп
Ана тілің, біліп қой
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің, біліп қой
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!



  1. Microsoft Word программасын іске қосыңыз.

  2. Жоғарыда келтірілген өлең шумақтарын теріңіз (қаріп мөлшері – 14пт.)

  3. Өлеңнің тақырыбын ерекшелеп алып, оны жанама менюіндегі Көшіру (Копировать) командасының немесе аспаптар панеліндегі Көшіру батырмасының көмегімен алмасу буферіндегі Ана тілі сөзін алып қойыңыз. Ол үшін сол орынға тышқанның оң жақ батырмасын басып, жанама менюдегі Кірістіру (Вставка) командасын орындаңыз.

  4. Бірінші шумақты теріңіз. Оның бірінші жолын алмасу буферіне орналастырыңыз. Екінші жолды қолмен теріп, ал үшінші жолға алмасу буферіндегі мәтінді қойыңыз.

2-ші шумақ: Ана тілің, біліп қой
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің, біліп қой
Мақтанышың, елдігің.

  1. Осылай екінші шумақтағы Ана тілің сөзін алмасу буферіне көшіріп алып, үшінші шумақты тергенде оны пайдаланыңыз.

  2. Барлық терілген өлеңді ерекшелеп алып, Пішім→Шекаралар мен бояу (Формат→Границы и заливка) командасын орындаңыз.

  3. Ашылған терезенің Бет (Страница) қыстырмасында терілген өлеңге безендіру суретін таңдап алыңыз.

  4. Дайын болған құжатты \Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасында сақтаңыз.

(үлгісі төменде көрсетілген)
Ана тілі
Ақындардың өлеңін
Жүрегінде түнетіп
Көтеріпті ұлы елім
Ана тілін ту етіп

Ана тілің, біліп қой


Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің, біліп қой
Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл


Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
(Қ.Мырзалиев)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет