Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. II-жартыжылдық



бет142/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   187
6-параграф. II-жартыжылдық

18. Оқыту және тәрбиелеу міндеттері.


Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Ерте онтогенездің дауысты дыбыстары мен дауыссыз дыбыстарының дұрыс айтылуын қалыптастыру.
Сөздік қор:
1) ересек адамның сөйлеуіне және айналасындағы заттардың дыбыстарына еліктеу қажеттілігін қалыптастыру;
2) балаға қол жетімді құралдармен өзіндік сөйлеу тілін белсендіру – мимика, ым-ишара, дыбыстық еліктеу, сөздер;
3) аморфты және қарапайым сөздердің дұрыс айтылуын қалыптастыру.
4) қарапайым фразаны қалыптастыру
Жұмыс мазмұны:
1) сөйлеуді түсінуді одан әрі дамыту және енжар және белсенді сөз қорын байыту бойынша жұмысты жалғастыру (табиғи заттарды, олардың бейнесін көрсету, олардың қолданылуы туралы айту, атау беру);
2) сабақ барысында және басқа режим сәттерінде баланың ересек адамның сөзіне еліктеуі немесе оған қолжетімді басқа байланыс құралдарын (ым-ишара, мимика) пайдалану қажеттілігі туындайтын жағдайларды жасау;
3) баланы қолдау, оның аморфты және қарапайым сөздерді өз сөйлеуінде қолдануға деген ықыласы мен қабілетін ынталандыру және оған жағдай жасау;
4) баланы сызбаға, тірек суреттерге сүйене отырып, үлгі бойынша қарапайым сөйлем құруға үйрету;
5) ерте онтогенездің дауысты дыбыстары мен дауыссыз дыбыстарын дұрыс айту, лексикалық материалдар мен көрнекі құралдарды таңдау.
Күтілетін нәтижелер:
ерте онтогенездің дауысты дыбыстары мен дауыссыз дыбыстарын дұрыс айтады:
ересек адамның сөзіне және айналасындағы заттардың дыбыстарына еліктейді;
аморфты және қарапайым (2 ашық буыннан) сөздерді айтады;
өз атын біледі және атайды;
өз отбасының мүшелерін атай отырып, оларға жүгінеді;
өз өтініштерін сөздермен және қысқа фразалармен білдіреді;
сұрақтарға бір сөзбен немесе қысқа сөйлеммен жауап береді;
қарапайым фразаны құрастырады.
19. Лексикалық тақырыптар және үлгі сөздік:
қыркүйек:
1-2 апта. Балабақша, ойыншықтар (қуыршақ, машина, текшелер, ойнау, тамақтандыру, салу, домалату);
3-4 апта. Күз. Күздің белгілері (күз, жапырақтар, жаңбыр, бұлт, түсіп, келе жатыр, келді);
қазан:
1-2 апта. Жемістер (алма, алмұрт, банан, піскен, жинау);
3-4 апта. Көкөністер (қызанақ, қияр, картоп, жинау, қазу);
қараша:
1-2 апта. Адам және дене бөліктері. Гигиена заттары (бас, қол, аяқ, іш, арқа, сабын, щетка, сүлгі, жуу, сүрту, тазалау);
3-4 апта. Киім-кешек. Аяқ киім (кофта, шалбар, көйлек, шұлық, бәтеңке (етік), сандали, шешу, кию);
желтоқсан:
1-2 апта. Қыс. Қысқы көңілді ойындар (қар, шана, қыс, серуендеу, сырғанау);
3-4 апта. Жаңа жыл. Шырша мерекесі (мереке, шырша, сыйлықтар, Аяз Ата, Ақшақар, киіну, әкелу, келу);
қаңтар:
1-2 апта. Үй жануарлары (мысық, ит, сиыр, жылқы мекендейді, тамақтандыру, суару);
3-4 апта. Үй құстары (тауық, қораз, үйрек, қаз, құс, айқайлау, тістеу, жүзу);
ақпан:
1-2 апта. Жабайы жануарлар (қасқыр, түлкі, қоян, секіру, ұйықтау, жүгіру);
3-4 апта. Ыдыс-аяқ және тамақ өнімдері (нан, ботқа, сорпа, компот, печенье, табақ, қасық, шанышқы, шыныаяқ, тамақтану, құю, кесу, жуу);
наурыз:
1-2 апта. Менің отбасым. Ананың мерекесі (анасы, әкесі, әжесі, атасы, гүл, жақсы көреді, береді);
3-4 апта. Менің үйім. Жиһаз (үй, ас үй, жатын бөлме, үстел, орындық, шкаф, төсек, отыру, ұйықтау, тамақтану);
сәуір:
1-2 апта. «Менің қалам». Көлік (елді мекен атауы, автобус, машина, көлік, тұрады);
3-4 апта. Көктем (көктем, гүлдер, құстар, пайда болады, ериді, ұшады);
мамыр:
1-2 апта. Гүлдер. Жәндіктер (гүлдер, бақбақ, қызғалдақ, раушан, шыбын, көбелек, маса, гүлдейді, иіскеу, ұшады);
3-4 апта. Жаз (жаз, күн, демалыс (еңбек демалысы), демалу, шомылу).
19. Балалардың жасы мен мүмкіндіктері, әр аймақтың климаттық және мектепке дейінгі ұйымның басқа да ерекшеліктері ескеріледі.
20. Көркем әдебиет.
Оқыту және тәрбиелеу міндеттері:
1) құрдастар тобымен бірге өлеңдер, ертегілер, қысқа авторлық туындылар (өлеңдер, әңгімелер) тыңдау қабілеттерін дамыту;
2) балаларды кітаптағы иллюстрацияларды қарауға баулу;
3) тәрбиешінің өтініші бойынша объектілерді, көркем шығармалардың кейіпкерлерін көрсетуге үйрету;
4) балаларды жеке сөздерді қайталауға ынталандыру.
Жұмыс мазмұны:
1) құрдастар тобымен бірге өлеңдер, ертегілер, қысқа авторлық туындылар (өлеңдер, әңгімелер) тыңдау қабілетін дамыту;
2) әр түрлі әдістерді қолдана отырып, әдеби шығармаларға эмоционалды қатынасты қалыптастыруға ықпал ету;
3) балаларды бірнеше рет әңгімелеп немесе өлеңдер, ертегілер, қысқа авторлық шығармалар (өлеңдер, әңгімелер) оқығаннан кейін кейіпкерлерді тануға үйретуді жалғастыру;
4) балаға әдеби шығармалардың жарқын суреттері бар кітаптар ұсыну;
5) балаларды сөйлеу қабілетіне байланысты жеке сөздерді қайталауға үйрету (дыбыстық еліктеу, сөздер).
Күтілетін нәтижелер:
құрдастар тобымен бірге ойыншықтар, кейіпкерлер (қуыршақ театры, саусақ театры) және басқа да көрнекіліктерді қолдана отырып, өлеңдер, ертегілер, қысқа авторлық туындылар (өлеңдер, әңгімелер) тыңдайды;
қуанышты сезінеді, әдеби шығармаларға эмоционалды жауап береді;
әдеби шығармалардың 2-3 таныс кейіпкерін көрнекіліктер (ойыншықтар) бойынша таниды;
әдеби шығармалардың жарқын суреттері бар кітаптарды қарайды;
әдеби шығармаларда кездесетін сөйлеу қабілеттеріне (дыбыстық еліктеу, сөздер) байланысты тәрбиешіге жеке сөздерді айтады.
Оқуға арналған үлгі шығармалар.
Өлеңдер: «Балабақша» (Ә. Қонарбаев), «Ана» (Ә. Табылды), «Күзде» (Ү. Байжұманова), «Құлыншақ» (Ж. Смақов), «Көктемде» (Қ. Аманжолов). Қысқа авторлық шығармалар (әңгімелер, ертегілер): «Құмырсқа мен көгершін» (С. Көбеев), «Бауырсақ (ертегі), Айлакер түлкі (ертегі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет