Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру



бет23/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   187
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерінде күн сайын іске асырылады.


Мақсаты: тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне тарту, рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу, қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстары туралы ұғымдарын байыту.
Міндеттері:
әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру, қоғамның әлеуметтік және этикалық нормалары мен дәстүрлеріне, жалпы адами құндылықтарға баулу; дербестікке тәрбиелеу;
Отанның тарихы мен мәдениетін білу және оған құрметпен қарауды қалыптастыру, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;
еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты, табиғаттың тірі объектілеріне жанашырлық сезімін дамыту, қоршаған ортаға қатысты кейбір әрекеттерінің қарапайым салдарын көре білу;
экологиялық мәдениеттің негіздерін қалыптастыру және табиғатта өзін қауіпсіз ұстау.
Қоршаған ортамен таныстыру.
Бала, оның отбасы, үйі:
Өзінің жасына сәйкес өмірінде болатын өзгерістерді, балабақшаға баруы, мектепке баруы, ересек азамат болып ержетуі мен еңбек етуі, болашақта табысты болуы үшін білімнің қажеттігін түсінуіне, болашақта мектепте оқуға ынтасын арттыру, жаңаны тануға, өз өміріне қажетті дағдыларды игеруге ықпал ету.
Өзінің болашағына, біліміне, денсаулығына, қызметіне, жетістіктеріне сенімді болуға, қоғамға пайдасын тигізуге баулу. Еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсіну, өзін-өзі құрметтеу, өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімділікті арттыру.
Туыстық байланыстарды түсіну (өз жұрты атасы мен әжесі, жақын туыстары, нағашы жұрты), өзінің жеті атасын білу. Үйде отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау, үлкендерді сыйлау, кішіге ізет көрсету, үй шаруасына көмектесу, отбасы мүшелеріне жақсы көретінін білдіру, алғыс айту, сыпайы сөйлеу.
Заттық әлем, кеңістікті бағдарлау
Заттар, олардың белгілерін нақтылау және бейтаныс заттардың қолданылуын түсіну. Заттардың қандай материалдардан жасалғанын өзбетінше анықтау және талдау, олардың сапалары мен қасиеттерін сипаттау.
Үй-жайларда, балабақша ауласында, жақын маңдағы шағын ауданда еркін бағдарлай білу.
Көлік, байланыс құралдары
Арнайы көлік құралдарының түрлерін, белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықталуын түсіну, ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидар және т.б. қолданылуын білу, оларды қолдануда қауіпсіздікті сақтау.
Еңбекке баулу.
Әртүрлі мамандықтар, еңбектің мазмұны, сипаты және нәтижесінің маңызын, түсіну және бағалау.
Ата-ана еңбегін түсіну, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқау. Еңбек ардагерлерін, қарттарды құрметтеу, үлкенді сыйлау, олардың еңбегін бағалау.
Шамасы келетін, бірлескен еңбек әрекетіне қатысуға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, дербестік пен жауапкершілікке баулу. Топта тазалық сақтауға, ойыншықтарды сүртуге, табиғат бұрышындағы тіршілік иелеріне күтім жасауға, кезекшілік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға, жоспарланған нәтижеге жетуге, өзі мен құрдастарының еңбегінің, шығармашылық әрекеттерінің нәтижелерін бағалауға және құрметпен қарауға баулу. Айналадағы заттар, ойыншықтар адамның еңбегімен жасалғанын түсіну және оларға ұқыпты қарау.
Адамгершілікке баулу
Балаларды адамгершілік құндылықтарға, өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың іс-әрекеттерін бағалай білуге, өзінің іс-әрекетіне басқалар пікірін білдірген жағдайда ол пікірді дұрыс қабылдауға, өз ісіне адал болуға, еңбек етуде, шығармашылық әрекеттерде нәтижеге жетуге ұмтылуға, сеніп тапсырған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға, айналасындағыларға әрқашан әділ болуға, оларға қолдау көрсетуге, көмек беруге, жалған сөйлемеуге, үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға баулу.
Менің Отаным – Қазақстан.
Туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік мерекелер, Қазақстан Республикасының рәміздерін, Қазақстан Республикасының Президенті, оның халық үшін атқаратын қызметінің маңыздылығын түсіну.
Мемлекеттік Әнұранды жатқа білу, оның маңыздылығын түсіну. Мемлекеттік мерекелердің (Тәуелсіздік, Республика күні, жаңа жыл, Наурыз, ғарышкерлер, аналар мерекесі, Отан қорғаушылар, балалар, астана күні) маңыздылығын түсіну, оларға белсенді қатысу. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаевті білу, оларды құрметтеу.
Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы, республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын байыту.
Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлері мен тарихи орындарының, мәдени мұрасының маңыздылығын түсіну. Қазақ халқының киіз үйінің маңыздылығын, оның құрылысы мен ішкі жабдықтарын білу. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу және құрметтеу.
Өз Отанын жақсы көру, оны қорғаудың, Қазақстан әскерінің маңыздылығын түсіну. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанын қорғаған қазақстандық жауынгерлердің Кеңес Одағының батырлары Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтің ерліктері туралы білу, оларды құрметтеу.
Жол қозғалысы ережелері
Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер өткелі, тротуар) білу, бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өту. Жол қозғалысының қарапайым ережелерін, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қозғалыс ережелерін сақтау. «Балалар», «трамвай аялдамасы», «автобус аялдамасы», «жаяу жүргіншілер жолы», «велосипед жолы» белгілерін білу.
Табиғатпен таныстыру
Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту. «Өлі табиғат» ұғымымен таныстыру (су, ауа, мұз сүңгілері, күн, бұлт, қар, тастар, жел, жаңбыр); өлі табиғат заттарын адамның қолымен жасалған заттардан ажырата білу.
Тірі және өлі табиғат, табиғат құбылыстары (маусым, өсімдік, адам еңбегі) арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және түсіну.
Балалардың зерттеу әрекеті үшін жағдай жасау, табиғатпен таныстыру барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылау, талдау, салыстыру, ажырату.
Адам өмірі үшін судың, құмның, күн, ай сәулесінің, саздың, тастардың және т.б. маңызын түсіну.
Өсімдіктер әлемі
Туған өлкенің өсімдіктері (ағаштар, бұталар, гүлдер, шөпті өсімдіктер) туралы түсініктерін кеңейту, «орман», «шалғын» және «бақша» ұғымдарымен таныстыру.
Өсімдіктердің тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажырату: өсімдік жапырақтары, сабақтарының қозғалуы, гүлдердің күн шыққанда жапырақтарының ашылуы және кешке жабылуы, тамырдың суды сорып, сабағы арқылы су өткізіп, басқа бөліктерін қоректендіруі, өсімдіктердің өсуі үшін ылғалдың, жарықтың, жылу мен тыңайтқыштың қажеттігі олардың жылуды, суықты, күнді немесе бұлтты ауа-райын сезуі, олардың өсуі және көбеюі.
Өсімдіктерге қажеттіліктеріне сәйкес күтім жасау әдістерін білу: оларды суару, түбін қопсыту, жапырақтың шаңын сүрту.
Нанға ұқыпты қарауға, бидайды өсіруге және өндіруге қатысатын адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жануарлар әлемі
Қазақстан аумағын мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін атау және олардың өздеріне тән белгілері бойынша ажырату. Бақылау арқылы төрт түліктің пайдасын білу, оларды күтіп-баптау, жылдың әр мезгілінде олардың сыртқы түрі мен тіршілік ету ерекшеліктерін сипаттау, жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажырата білу, құстардың пайдасы туралы білу, оларға қамқорлық жасау.
Жануарлардың тірі тіршілік иесі екендігін бақылау және себеп-салдарлық байланыстарды ажырату: жануарлар қозғалады (жүреді, жүгіреді, секіреді, ұшады, қозғалады); қоректенеді (өсімдіктердің жапырақтары, сабағы, бұтақтары, қабығы, шырыны, тұқымдарымен, етпен, жәндіктермен); өседі және көбейеді, қоршаған ортаны көз, мұрын, тіл, құлақ, тері көмегімен сезе білу.
Жануарларды әртүрлі белгілері бойынша: құстар, балықтар, жануарлар, аңдар, жәндіктер, мекендеу орны (орман, шалғын, су айдыны, бақша, бақ, алаң); қозғалу тәсілі (жүгіру, ұшу, секіру, жүзу және т. б.); табиғи-климаттық аймақтар (ақ аю, итбалық, пингвин, жираф, піл, маймыл және т. б.) бойынша топтастыру.
Қарапайым экологиялық ұғымдарды, адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін және оны қорғау, сақтау керек екендігін, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы, табиғатпен қарым-қатынас барысында денсаулықты нығайтуды, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезіне білу.
Күтілетін нәтижелер:
өзінің болашағына, табысты болу үшін білімнің қажеттігін түсінеді;
еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсінеді;
өз күші мен мүмкіндіктеріне сенеді;
туыстық байланыстарды түсінеді, жеті атасын біледі;
үлкендерді сыйлайды, кішіге қамқорлық танытады;
қолынан келгенше көмектесуге тырысады;
отбасы мүшелерін жақсы көреді, оларға алғыс айтады, сыпайы сөйлейді;
заттардың қандай материалдардан жасалғанын өз бетінше анықтайды және олардың сапалары мен қасиеттерін сипаттайды;
ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидар және т.б. қолданылуын біледі;
айналадағы заттар, ойыншықтар адамның еңбегімен жасалғанын біледі және оларға ұқыпты қарауға тырысады;
еңбек ардагерлерін, қарттарды құрметтейді, үлкенді сыйлайды, олардың еңбегін бағалайды;
әнұранды кеудесіне қолын қойып, жауапкершілікпен орындайды;
Мемлекеттік мерекелердің маңыздылығын түсінеді, оларға белсенділікпен қатысады;
Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлерін біледі, оларды құрметтейді;
Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлері мен тарихи орындарының маңыздылығын түсінеді;
өз Отанын жақсы көреді, оны қорғаудың, Қазақстан әскерінің маңыздылығын түсінеді;
Кеңес Одағының батырларын біледі, оларды құрметтейді;
өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың іс-әрекеттерін бағалай біледі;
еңбек етуде, шығармашылық әрекеттерде жақсы нәтижеге жетуге ұмтылады;
сеніп тапсырған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға тырысады;
айналасындағыларға әрқашан әділ болуға, оларға қолдау көрсетуге, көмек беруге тырысады;
балабақшаның үй-жайларында, жақын маңдағы шағын ауданда еркін бағдарлайды;
арнайы көлік құралдарының қолданылуы туралы біледі;
өлі табиғат заттарын адамның қолымен жасалған заттардан ажыратады;
тірі және өлі табиғат, табиғат құбылыстары арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды бақылайды және түсінеді;
заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылайды, талдайды, салыстырады, ажыратады;
туған өлкенің ағаштарын, бұталарын, гүлдерін, шөпті өсімдіктерін таниды және ажыратады;
өсімдіктерді бақылап, себеп-салдарлық байланыстарды ажыратады;
өсімдіктерге күтім жасау әдістерін біледі;
жануарларды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады;
таныс материалдармен өз бетінше эксперимент жасай алады;
нанға ұқыпты қарайды, адамдардың еңбегін құрметтейді;
Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін ажыратады және атайды;
төрт түліктің пайдасын біледі, оларды күтіп-баптайды;
жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажыратады, құстардың пайдасын біледі, оларға қамқорлық жасайды;
адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін біледі;
табиғатты қорғау, сақтау, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы біледі;
тірі объектілердің өсуі мен дамуы үшін су, жарық, ауа, қорек және айналасындағылардың қамқорлығы қажет екенін түсінеді;
қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат объектілеріне қамқорлық танытады;
ата-анасының, жақындарының еңбегі туралы әңгімелеп береді;
Қазақстан Республикасының Президентін біледі оны мақтан тұтады;
жол қозғалысы ережесін біледі.

3-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет