Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін «Менеджмент»



Дата03.05.2023
өлшемі315,43 Kb.
#89358
Байланысты:
ББМенеджмент (1)


Тест тапсырмалары

Ф 2-6.35-2021
1 басылым 05.01.2021






М.Х.Дулати атындағы тараз өңірлік университеті




«Педагогика » кафедра

/кафедра атауы/

Тест тапсырмасы


«Білім берудегі менеджмент » пәнінен
2 курс«Барлық мамандықтар үшін»
/шифр және атауы / код және атауы/
білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін
1. «Менеджмент» – бұл:
A) басқару туралы ғылым, ұйым мақсаттарының ең тиімді жетістіктеріне ықпал ететін жаңа көзқарас, əдіс, технологиялардың ғылыми ізденісі аясында іске асуы
B) оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға бағытталған басқарудың принциптері
C) оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға бағытталған басқарудың әдістері
D) оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға бағытталған басқарудың ұйымдастыру формалары мен технологиялық тәсілдерінің кешені
E) басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, тəртіп уəждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу ептілігі

2. Менеджмент – бұл:


А) басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін, тəртіп уəждерін қолданып, мақсатқа жете білу ептілігі
B) тек өз білімі, біліктілігі және тәжірибесіне сүйеніп, мектепті ғылыми тұрғыдан басқару
C) мекемені ғылыми тұрғыдан басқару
D) педагогикалық ұжымды ғылыми тұрғыдан басқару
E) педагогикалық жүйені психологиялық тұрғыдан басқару

3. Менеджмент – бұл:


А) ең тиімді жетістіктеріне, нәтижеге бағытталған басқару туралы ғылым
B) мектепті ғылыми тұрғыдан басқару
C) мекемені өз тәжірибесіне сүйеніп басқару
D) педагогикалық ұжымды ғылыми тұрғыдан басқару
D) педагогикалық жүйені психологиялық тұрғыдан басқару

4. Менеджмент тура мағынасында ... ұғымын білдіреді.


А) «Адамдарды басқару»
B) «Мектепті басқару»
C) «Мекемені басқару»
D) «Педагогикалық ұжымды басқару»
E) «Педагогикалық жүйені басқару»

5. Менеджмент – бұл:


A) адамдардың ынтымақтастығы, өзара қарым-қатынас тәсілі, нәтижесі адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің ерекше формасы
B) мұғалімнің оқу мақсаттарын, тәрбиелеудің және олардың диалектикалық өзара байланыста және бірлікте дамуын шеше білу
C) адамгершілікте және демократиялық негізде оқушылармен өзара қарым-қатынас құра білу
D) оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке алу, сонымен қатар олардың даму дәрежесін ескеріп сол негізінде дара және дифференцияланған күтіммен қамсыздандыру
E) оқыту барысында теория мен тәжірибені біріктіре білу

6. Адамдардың ынтымақтастығы, адамдардың өзара қарым-қатынас тәсілі, нәтижесі, адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің ерекше формасы – бұл:


А) менеджмент
B) мектепті басқару
C) мекемені басқару
D) педагогикалық ұжымды басқару
E) педагогикалық жүйені басқару

7. Техникалық жүйелердегі басқару – бұл:


А) адамның көріне қатысуынсыз өлі табиғаттағы (станоктармен, механизмдермен) басқару
B) тірі табиғаттағы, биологиялық дүниедегі басқару
C) қоғамның ең басты «өндіргіш күші» ретінде адамдарды басқару
D) педагогикалық жүйені басқару
E) педагогикалық ұжымды психологиялық тұрғыдан басқару

8. Биологиялық жүйелерді басқару – бұл:


А) тірі табиғаттағы, биологиялық дүниедегі басқару
B) адамның көріне қатысуынсыз өлі табиғаттағы (станоктармен, механизмдермен) басқару
C) қоғамның ең басты «өндіргіш күші» ретінде адамдарды басқару
D) педагогикалық ұжымды психологиялық тұрғыдан басқару
E) педагогикалық жүйені басқару

9. Әлеуметтік (қоғамдық) жүйелерді басқару – бұл:


А) қоғамның ең басты «өндіргіш күші» ретінде адамдарды басқару
B) адамның көріне қатысуынсыз өлі табиғаттағы (станоктармен, механизмдермен) басқару
C) тірі табиғаттағы, биологиялық дүниедегі басқару
D) педагогикалық ұжымды психологиялық тұрғыдан басқару
E) педагогикалық жүйені басқару

10. Әлеуметтік басқарудың түрлері: экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, ... .


А) қоғам өмірінің рухани саласын басқару
B) адамның көріне қатысуынсыз өлі табиғаттағы басқару
C) тірі табиғаттағы, биологиялық дүниедегі басқару
D) педагогикалық ұжымды психологиялық тұрғыдан басқару
E) педагогикалық жүйені басқару

11. Мақсатты басқару – бұл:


А) кәсіпорындарды дербес бөлімшелерді ұйымдастыру үшін жіктеу
B) нақты тапсырманы мұқият ойластыру, бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бір-бірімен байланысын анықтау
C) туындаған қолайсыз жағдайдан өндіріс процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын іздестіру
D) педагогикалық ұжымды психологиялық тұрғыдан басқару
E) педагогикалық жүйені басқару

12. Бағдарламалық басқару – бұл:


А) нақты тапсырманы мұқият ойластыру, бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бір-бірімен байланысын анықтау
B) кәсіпорындарды дербес бөлімшелерді ұйымдастыру үшін жіктеу
C) туындаған қолайсыз жағдайдан өндіріс процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын іздестіру
D) педагогикалық ұжымды психологиялық тұрғыдан басқару
E) педагогикалық жүйені басқару

13. Жағдайға қарай басқару – бұл:


А) туындаған қолайсыз жағдайдан өндіріс процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын іздестіру
B) кәсіпорындарды дербес бөлімшелерді ұйымдастыру үшін жіктеу
C) нақты тапсырманы мұқият ойластыру, бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бір-бірімен байланысын анықтау
D) педагогикалық ұжымды психологиялық тұрғыдан басқару
E) педагогикалық жүйені басқару

14. Менеджменттің негізін салушы ,көмір шығару бойынша үлкен француздық компанияның басшысы:


А) А.Файоль(1847-1925жж.)
B) Д.Макклелланд (1917-1998 жж.)
C) А.Маслоу (1908 -1970 жж.)
D) Ф.Бенджамин (1706-1790 жж.)
E) А.Мескон

15. Д.Макклелландтың үш қажеттілік теориясының мәні:


А) адамның қажеттілігі өмір бойы қалыптасады және оған тәжірибенің де өз әсері болады
B) еңбекті ұйымдастыруда әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық
C) адамдарды ұжымдық еңбектің табыстылығына сендіру
D) жұмысшыларды өндіріс процесін талқылауға және тиісті шешім қабылдауға қатыстыру
E) басшылардың тиімді әрекет етуі, жұмыскерлермен кеңесуі, қарым-қатынас жасауға барынша толық мүмкіндік беру

16. Д.Макклелландтың үш қажеттілік теориясы:Z табысқа ұмтылу (жету) қажеттілігі; Z билікке (басшылық қызметке) ұмтылу қажеттілігі; ... .


А) Z өзіне деген қажеттілік
B) Z өзіне деген сенімділік
D) Z өзіне деген талап қоюшылық
C) Z өзін-өзі белсендіру
E) Z өзін-өзі жетілдіру

17. Д.Макклелланд ұсынған үш құзыреттілік: Z өзгені түсіне алуы; Z жеке бастың жауапкершілігі; . . . .


А) Z идея ұсыну ( инициатива ұсыну)
B) Z ғылыми жоба ( инновациялық жоба) ұсыну
C) Z өзіне деген талап қоюшылық
D) Z өзін-өзі белсендіру
E) Z өзін-өзі жетілдіру

18. Ф. Тейлор бойынша басқарудың негізгі қағидалары:


А) еңбекті ұйымдастыруда әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық
B) адамның қажеттілігі өмір бойы қалыптасады және оған тәжірибенің де өз әсері болады
C) жұмысшыларды өндіріс процесін талқылауға және тиісті шешім қабылдауға қатыстыру
D) жұмысшыларға шығармашылық іске қабілетті адам ретінде ықпал жасау
E) өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу

19. Ф.Тейлор теориясының мәні:


А) әрбір жұмысшының еңбегін ұтымды ету, өндіріс процесін және соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру
B) адамның қажеттілігі өмір бойы қалыптасады және оған тәжірибенің де өз әсері болады
C) жұмысшыларды өндіріс процесін талқылауға және тиісті шешім қабылдауға қатыстыру
D) жұмысшыларға шығармашылық іске қабілетті адам ретінде ықпал жасау
E) өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу

20.А.Файоль ұсынған әкімшілік басқарудың элементтері: жоспарлау;ұжымдастыру; басшылық ету; үлестіру; ... .


А) бақылау
B) реттеу
C) түзету
D) рефлексия жасау
E) бағалау

21.Э.Мэйоның адами қарым-қатынас мектебінің мәні:


А) адамдарға психологиялық тұрғыдан ықпал ету; адамдарды ұжымдық еңбектің табыстылығына сендіру
B) әрбір жұмысшының еңбегін ұтымды ету, өндіріс процесін және соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру
C) адамның қажеттілігі өмір бойы қалыптасады және оған тәжірибенің де өз әсері болады
D) адамдарға психологиялық тұрғыдан ықпал етіп, адамдарды ұжымдық еңбектің табыстылығына сендіру
E) жұмысшыларды өндіріс процесін талқылауға және тиісті шешім қабылдауға қатыстырмау 

22. А.Маслоудың адами қарым-қатынас мектебі:


А) адам іс-әрекетінің негізгі көзі ретінде адамның өзін-өзі танытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын қарастырады
B) әрбір жұмысшының еңбегін ұтымды ету, өндіріс процесін және соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру
C) адамның қажеттілігі өмір бойы қалыптасады және оған тәжірибенің де өз әсері болады
D) өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу
E) жұмысшыларды өндіріс процесін талқылауға және тиісті шешім қабылдауға қатыстырмау 

23. А.Маслоудың иерархиялық қажеттілік пирамидамасының деңгейлері: физиологиялық; қауіпсіздік және қорғаушылық; сыйластық (абыройлық) ; рухани: өзін-өзі өзектендіру; ... .


А) әлеуметтік
B) психологиялық
C) педагогикалық
D) биологиялық
E) медициналық

24.Д.Мак-Грегордың «X» теориясының мәні:


А) адамдар өзін-өзі сүймейді, жауапгершіліктен қашады, оларды басқарғанды місе тұтады
B) қолайлы жағдай болса жұмысшылар өзіне тек ғана жауапкершілікті алмайды, оған қол жеткізеді
C) жұмысшыларды өндіріс процесін талқылауға және тиісті шешім қабылдауға қатыстырмау 
D) адамның қажеттілігі өмір бойы қалыптасады және оған тәжірибенің де өз әсері болады
E) адам іс-әрекетінің негізгі көзі ретінде адамның өзін-өзі танытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын қарастырады

25.Д.Мак-Грегордың «У» теориясының мәні:


А) қолайлы жағдай болса жұмысшылар өзіне тек ғана жауапкершілікті алмайды, оған қол жеткізеді
B) адамдар өзін-өзі сүймейді, жауапгершіліктен қашады, оларды басқарғанды місе тұтады
C) жұмысшыларды өндіріс процесін талқылауға және тиісті шешім қабылдауға қатыстырмау
D) адамның қажеттілігі өмір бойы қалыптасады және оған тәжірибенің де өз әсері болады
E) адам іс-әрекетінің негізгі көзі ретінде адамның өзін-өзі танытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын қарастырады

26.Адам өзінің таңдап алған іс-әрекетінің тілек етілген нәтижесіне жеткізеді деп үміттену – бұл ... мәні:


А) Лайман Портер мен Эдвард Лоулер күту теорясының
B) Д.Мак-Грегордың «У» теориясының
C) Д.Мак-Грегордың «Х» теориясының
D) А.Маслоудың адами қарым-қатынас мектебінің
E) Э.Мэйоның адами қарым-қатынас мектебінің

27.Ф. Герцбергтің екі факторлы теориясының мәні:


А) басшылармен, әріптестермен қарым-қатынас орнату – кәсіби өсі мүмкіндігі
B) топ мүшелерінің бәрі басқару шешімдерін қабылдауға қатысып, олардың жүзеге асуына теңдей дәрежеде жауапты болады
C) жұмысшыларды өндіріс процесін талқылауға және тиісті шешім қабылдауға қатыстырмау
D) адамның қажеттілігі өмір бойы қалыптасады және оған тәжірибенің де өз әсері болады
E) адам іс-әрекетінің негізгі көзі ретінде адамның өзін-өзі танытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын қарастырады

28. Алғашқы кезде «менеджмент» сөзі (18-19 ғғ., Англия) қалай түсіндірілді?


A) «Аттан озу өнері»
B) басқару өнері
C) басқару ғылымы мен өнері
D) оқу пәні
E) басқару ғылымы

29. Бастамашылдық, жоғары кәсібилік, шешімгерлік, ұйымдастырушылық, іскерлік – бұл ... мектеп менеджменті:


A) американдық
B) жапондық
C) француздық
D) ағылшындық
E) немістік

30. Қатаң иерархиялыққа бағыну, жетістікке ұмтылу, ішкі үйлесімділік, әлеуметтік қауіпсіздік сипаттағы өндіріс – ... мектеп менеджменті:


A) жапондық
B) американдық
C) қытайлық
D) ағылшындық
E) француздық

31. Ұйымдастыру мәдениетінің ізгілігі, өзара байланыстың жоғары мәдениеті, қазіргі басқару жүйесін қалыптастыру бойынша ізденіс – бұл ... мектеп менеджменті:


A) француздық
B) жапондық
C) американдық
D) ағылшындық
E) қытайлық

32. Педагогикалық жүйені басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған технологиялық тәсілдер, басқаруды ұйымдастыру формалары, әдістері, принциптерінің жиынтығы – бұл:


A) педагогикалық менеджмент
B) эккаутинг-менеджмент
C) маркетинг-менеджмент
D) инновациялық менеджмент
E) білім беру менеджменті

33. Міндеті өзіне бағынышты белгілі жұмысшылармен нақты жұмысты ұйымдастыру болып табылатын кәсіби маман – бұл:


A) менеджер
B) эдвайзер
C) тьютор
D) ментор
E) репетитор

34. Білім беру процесінде менеджердің еңбек пәні – бұл:


A) мектеп ұжымының іс-әрекеті
B) педагогикалық процесс
C) ғылыми зерттеу және жобалау іс-әрекеті
D) ұжымды басқару
E) ақпаратты өңдеу және талдау процесі

35. Білім беру процесінде менеджердің еңбек құралы:


A) қарым-қатынас
B) сөз
C) ОҚТ (оқытудың техникалық құралдары)
D ) педагогикалық шеберлік
E) бор, сілтеме- көрсеткіш

36. Сыныптың оқу-тәрбие процесінің менеджері, оқыту, тәрбиелеу, дамыту процесінің басқару субъектісі – бұл:


A) мұғалім
B) тьютор
C) психолог
D) ментор
E) директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

37. Даму, тәрбие процестерін басқару субъектісі, сыныптық оқу-тәрбие процесінің менеджері:


A) сынып жетекшісі
B) тьютор
C) психолог
D) мұғалім
E) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

38. Сапа менеджментінің принциптері:


A) тұтынушыға бағытталу
B) үздіксіз білімді көтеру
C) нәтижеге бағыттау
D) жүйелі жоспар құру
E) мазмұнды жаңарту

39.Мекеменің әрекетін үнемі жетілдіріп отыру, ұйым мақсатының тұрақтылығын қамтамассыз етуі - бұл:


A) үздіксіз жақсарту, жетілдіру
B) өнім берушімен өзара тиімді қарым-қатынас
C) тұтынушыға бағытталу
D) деректерге негізделген шешім қабылдау
E) жүйелі тұрғы

40.Тиімділікті арттыруға бағытталған білім процесін басқарудың технологиялық тәсілдері, ұйымдық формасы, әдісі, қағидаларының кешені – бұл:


А) педагогикалық менеджмент
B) психологиялық менеджмент
C) әлеуметтік менеджмент
D) басқарушылық біліктілік
E) адами қарым-қатынас мектебі

41.Тәжірибе, білім, қабілет және басқарушылық бейімі, басшылық жұмысына дайындығының көрсеткіші – бұл:


A) басқарушылық біліктілік
B) психологиялық менеджмент
C) әлеуметтік менеджмент
D) педагогикалық менеджмент
E) адами қарым-қатынас қабілеттілігі

42.Педагогикалық менеджменттің жалпы қызметтері:жоспарлау; ұйымдастыру; мотивация; ... .


А) бақылау
B) бағалау
C) реттеу
D) түзету
E) рефлексия жасау

43.Басқарудың негізгі қызметтері: мақсаттарды айқындау; жоспарлау; ұйымдастыру; реттеу; ынталандыру; бағалау; ... .


А) педагогикалық талдау
B) психологиялық талдау
C) педагогикалық мониторинг
D) педагогикалық диагностикалау
E) педагогикалық рефлексия жасау

44.Қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру – бұл басқарудың ... қызметі.


A) реттеу
B) талдау
C) жоспарлау
D) бағалау
E) мақсаттарды айқындау

45.Қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру, бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру – бұл басқарудың ... қызметі.


А) ұйымдастыру
B) талдау
C) жоспарлау
D) бағалау
E) мақсаттарды айқындау

46.Мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау – бұл басқарудың ... қызметі.


А) ынталандыру
B) талдау
C) жоспарлау
D) бағалау
E) мақсаттарды айқындау

47.Педагогикалық процесті жетілдіруге байланысты зерттеулер жəне талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру – бұл басқарудың ... қызметі:


A) педагогикалық талдау
B) педагогикалық диагностикалау
С) жоспарлау
D) бағалау
E) мақсаттарды айқындау

48.Педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру:


A) еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру
B) орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, жұмыстарды бөлу, бұйрықтар беру
C) педагогтер мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру, оңтайлы психологиялық ахуал қалыптастыру
D) мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау
E) орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу

49. Басқару қызметі:


A) мақсаттарды айқындау
B) еңбек жалақысын беру
C) педагогтер мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру
D) білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру
E) орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, нұсқаулар беру

50. Реттеу:


A) қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру
B) жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру
C) орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, нұсқаулар беру нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру
D) білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру
E) педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру

51.Жоспарлау:


A) мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша алыс болашақ пен əр жылға жоспар түзу
B) жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру
C) нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру
D) қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру
E) педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру

52. Ұйымдастыру:


A) қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру, бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру
B) жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру
C) орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, нұсқаулар беру, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру
D) білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру
E) педагогтер мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру

53. Мақсаттарды айқындау:


A) бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр кезеңнің соңғы нəтижесін болжап, ой-санада нақтылау
B) жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру
C) білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру
D) қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру
E) педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру

54.«Ұйымды (кәсіпорын, фирма) біртұтас ағза ретінде қарастырған әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді» деген тұжырымның авторы:


A) А. Файоль
B) Н.Д. Хмель
C) мұнай шығарушы Сауд Аравиясы компаниясының басшысы
D) Қазақстандағы ірі мұнай шығарушы компанияның басшысы
E) Ю.А.Конаржевский

55. А.Файоль бойынша басқару принципі:


A) еңбекті бөлісу
B) нәтижені талдау
C) нәтижеге бағыттау
D) стратегиялық жоспар құру
E) жұмысшының жеке басының қызығушылығы

56. А.Файоль бойынша басқарудың скалярлы тізбек принципі:


A) ең жоғары орындағы басшы мен ең төменгі бөлім басшы арасындағы қызметтік қарым-қатынас
B) нәтижеге тезірек жету мақсатында іс-әрекетті ортаға жұмылдыру
C) жұмысшы тек бір адамнан (бөлім бастығынан) ғана бұйрық алуға тиісті
D) мекеме мүшелерінің міндеттері мен құқықтарын бекіту
E) жауапкершілік пен құзыреттіліктің бірлігі

57. А.Файоль бойынша басқарудың еңбекті бөлісу принципі:


A) мекеме мүшелерінің міндеттерін бекіту
B) нәтижеге тезірек жету мақсатында іс-әрекетті ортаға жұмылдыру
C) жұмысшы тек бір адамнан (бөлім бастығынан) ғана бұйрық алуға тиісті
D) мекеме мүшелерінің міндеттері мен құқықтарын бекіту
E) жауапкершілік пен құзыреттіліктің бірлігі

58.Басқарудың жалпы қағидалары: педагогикалык жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру; басқарудағы жүйелілік пен тұтастық; орталықтандыру мен таратуды (децентрализация) ұштастыру; ... .


А) бірыңғай және алқалық басқару бірлігі
B) мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау
C) педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру
D) ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау
E) жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау

59.А.Файоль (Henri Fayol) бойынша басқарудың дара басшылық принципі:


А) жұмысшы тек бір адамнан (бөлім бастығынан) ғана бұйрық алуға тиісті
B) мекеме мүшелерінің міндеттері мен құқықтарын бекіту
C) мекеме басшысы мен оның қызметкерлері арасындағы өзара түсінушілік, жауапкершілік
D) ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау
E) жоспар құру, оның тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету

60. А.Файоль (Henri Fayol) бойынша басқарудың еңбекті бөлісу приципі:


А) мекеме мүшелерінің міндеттері мен құқықтарын бекіту
B) жұмысшы тек бір адамнан (бөлім бастығынан) ғана бұйрық алуға тиісті
C) мекеме басшысы мен оның қызметкерлері арасындағы өзара түсінушілік, жауапкершілік
D) ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау
E) жоспар құру, оның тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету

61.А. Файоль (Henri Fayol) бойынша басқарудың қызметкерді марапаттау приципі:


А) жұмысшылардан жақсы қызмет талап етпестен бұрын оларға жақсы жалақы төлеу қажет
B) жұмысшы тек бір адамнан (бөлім бастығынан) ғана бұйрық алуға тиісті
C) мекеме басшысы мен оның қызметкерлері арасындағы өзара түсінушілік, жауапкершілік
D) ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау
E) жоспар құру, оның тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету

62.Басқару қатынастары жасалу уақыты бойынша бөлінеді: уақытша қатынас; ... .


А) тұрақты қатынас
B) тікелей қатынас
C) жанама қатынас
D) топтық қатынас
E) ішкі қатынас

63. Басқару қатынастары объектіге ықпал ету бағыты және дәрежесі жөнінен бөлінеді: тікелей; ... .


A) жанама қатынас
B) тікелей қатынас
C) тұрақты қатынас
D) топтық қатынас
E) ішкі қатынас

64.Педагогикалык менеджменттің ұстанымдары:


A) адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау
B) тұлғаның дара ерекшеліктерін есепке алу
C) біліктілікті көтеру
D) саннан сапаға көшу
E) ұдайы көтеріңкі көңіл-күйде жүру

65. Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принципі:


A) педагогикалық жүйелерді басқаруды демократияландыру жəне гуманизациялау
B) адамдарды сыйлау және оған сенімділікпен қарау
C) адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы
D) ұдайы көтеріңкі көңіл-күйде жүру
E) ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-қатынасқа көшу

66. Басқару қызметін жүзеге асыруда қойылатын негізгі талап – бұл:


A) басқару принципі
B) басқару ережесі
C) басқару заңдары
D) басқару стилі
E) басқару идеялары

67. Орталықтандыру және орталықсыздандырмау, демократияландыру және ізгілендіру, жүйелік және тұтастық дара басшылық және алқалық бірлігі, ақпарат толықтықтарының үйлесімділігі – бұл:


A) басқару принциптері
B) басқару заңдылықтары
C) басқару бағдарламалары
D) басқарудың технологиялық әдістері
E) басқару әдістері

68.Мектепте немесе сыныпта бастамашылдық және өзіндік әрекеттің барлық деңгейін дамыту шешімін қабылдау, талдаудағы ашықтық – бұл ... принципін білдіреді:


A) демократияландыру
B) ақпараттың толыққандылығы және шынайылығы
C) ізгілендіру
D) дара басшылық
E) алқалық

69. Субъект-субъекттік қатынас, тұлғамен қарым-қатынас, адамның ар намысын сыйлау және оған сенім арту, ынтымақтастық, бірлесе басқару – бұл ... принципін білдіреді.


A) ізгілендіру
B) демократияландыру
C) дара басшылық
D) орталықтандыру мен орталықсыздандырудың үйлесімділігі
E) алқалық

70. Компоненттерді бөліп алу, жүйелерге бөлу, сондай-ақ өзара байланыс пен қатынас тығыздығын сақтай отырып, оларды тұтас біріктіре білу – бұл ... принципі:


A) жүйелік және тұтастық
B) ақпараттың нақтылығы мен толықтығы
C) демократияландыру
D) ізгілендіру
E) алқалық

71. Қызметтік тұлғаның өкілеттілік шегі ... анықталады.


A) жарғымен, қызметтік міндеттермен
B) «Білім беру қызметкерлерін аттестаттау туралы» Ережесімен
C) ішкі тәртіп ережелерімен
D) ұжым дәстүрлерімен
E) жетекшінің саясатымен

72. Қызметтік тұлғаның өкілеттілігінің бұзылуының негізгі себебі:


A) өз міндеттерін орындамау
B) жетекші бұйрығын орындамау
C) жарғылық міндеттерді орындамау
D) өз өкілеттілігін жоғарылату
E) жауапкершіліктің төмен деңгейі

73. Жүйеге қатысушылардың біліміне, тәрбиесіне арқа сүйеу, қоғамдық басқару бөлімдерінің әрекетіне қатыстыру, талқыға салу, оңтайлы шешім қабылдауға тарту – бұл ... принципін сақтау.


A) алқалық
B) дара басшылық
C) ғылыми негізділік
D) ізгілендіру
E) кері байланыс

74. Ұжымның әрбір мүшесінің жеке жауапкершілігі мен атқаратын қызметін бақылау, алқалық жолмен қабылданған шешімді жүзеге асыру, нәтижені бақылау – бұл:


A) дара басшылық принципі
B) алқалық принципі
C) жүйелілік принципі
D) сәйкестік принципі
E) кері байланыс принципі

75. Басқару теориясы жетістіктері негізінде басқару жүйесін құру.Басшының даму заңдылықтары мен тенденцияларын, педагогикалық жүйенің жағдайын ескеруі – бұл ... принципі.


A) ғылыми негізділік
B) ақпараттың толықтығы
C) дара басшылық пен алқалық
D) басқарушылық нормалары
E) демократияландыру

76. Шешімді орындаудағы шапшандық, тактикалық әрекетті анықтайтын принцип – бұл:


A) дара басшылық
B) алқалық
C) басқарушылық нормалары
D) сәйкестік
E) басқарудың мақсатқа бағыттылығы

77. Педагогикалық жүйенің жай-күйі туралы нақты мәліметтердің толықтығы мен түгел болуын бақылау, сауалнама жүргізу, тестілеу әдістерін пайдалану, құжаттармен жұмыс істеу – бұл:


A) ақпараттың объективтілігі
B) бірінші жетекшінің принципі
C) кері байланыс принципі
D) басқарушылықтың нормалық принципі
E) сәйкестік принципі

78. Тапсырма мен орындалатын жұмыс орындаушының интеллектуальды және кәсіби мүмкіндіктеріне сәйкес келуі – бұл ... принципі.


A) сәйкестік
B) кері байланыс
C) жоқтың орнын лезде ауыстыру
D) басқарушылық еңбекті бөлу және кооперация
E) дара ерекшеліктерді ескеру

79. Басшы мен басқарушы жақтары арасындағы субъет-субъектілі қатынас, өзіндік іс-әрекетті дамыту, білім беру процесіне қатысушылардың бастамашылдығы – бұл басқарудың ... принципі.


A) демократияландыру және ізгілендіру
B) ақпаратты ұсынудағы реттілік және толықтылық
C) басқарудың жүйелілігі және тұтастығы
D) дара басшылық және алқалықтың өзара байланысы
E) басқарудың ғылымилығы

80. Шешім қабылдауда, сондай-ақ өкілеттілікті шектеу барысында білім беру процесіне қатысушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену бұл басқарудың ... принципі.


A) дара басшылық пен алқалықтың өзара байланысы
B) басқарудағы жүйелілік және тұтастық
C) орталықтандыру мен орталықсыздандыру үйлесімділігі
D) демократияландыру және ізгілендіру
E) ақпарат ұсынудағы айқындылық пен толықтық

81. Басқарудың жалпы қағидаcы:


A) педагогикалык жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру
B) сыныптан тыс тəрбие жұмыстарыжетекшілік
C) мектептен тыс тəрбие жұмыстарына жетекшілік
D) ғылыми зерттеу жұмыстарына жетекшілік
E) оқушылардың өзін-өзі басқаруына жетекшілік

82. «Инновация» ұғымының мәні:


A) жаңалық, жаңашылдық, жаңару, өзгерту
B) сапалы, нәтижелі өзгеріс, жаңашылдық
C) түбегейлі жаңарту, сапалы өзгерту
D) жаңаша өзгеріс, сапалы өзгерту
E) нәтижеге бағытталған өзгеріс, жаңашылдық

83. «Инновация – бұл көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас жаңа үлгісі» деп анықтама берген ғалым кім?


A) А.И.Кочетов
B) Т.И.Шамова
C) П.И.Третьяков
D) В.Кваша
E) Ш.Т.Таубаева

84. «Инновация – бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегіне шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі» деп анықтама берген ғалым кім?


A) В.Кваша
B) Т.И.Кочетов
C) Т.И.Шамова
D) Ш.Т.Таубаева,
E) Қ.Құдайбергенова

85. Педагогикалық жаңашылдық критерийлері: жаңашылдық, жаңашылдықты жалпы тәжірибеде қолдану мүмкіндігі, қолайлылық...


A) нәтижелік
B) реттілік
C) жоғары баға
D) жүйелілік
E) бірізділік

86. «Инновация – дегеніміз жаңашылдық, жаңа идея, жаңалық» деп анықтама берген ғалым кім?


A) Э.М. Роджерс
B) В.П.Кваша
C) Н.Р. Юсуфбекова
D) К.Ангеловски
E) А.И.Кочетов

87. Нөлдік деңгейдегі инновация – бұл:


A) жүйенің алғашқы қажеттерін практика жүзінде түрлендіру
B) сапасы өзгерісіз қалатын жүйенің сандық өзгерісі
C) ескі білім беру жүйесінің мазмұның өзгеру
D) ескі білім беру жүйесін ішінара жаңарту
E) дәстүрлі білім беру жүйесіне ішінара жаңалықтар енгізу

88. Бірінші деңгейдегі инновация – бұл:


A) сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісі
B) жүйенің элементтерін топтастырып, өзгерту
C) жүйенің сапалық өзгерісі
D) жүйенің түбегейлі өзгерісі
E) жүйенің қарапайым сапалық өзгерісі

89. Екінші деңгейдегі инновация – бұл:


A) жүйенің элементтерін қайта топтастыратын ұйымдастырушылық өзгеріс
B) ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу
C) шешімнің жаңа нұсқасы ,қарапайым сапалық өзгерістер
D) жүйенің алғашқы қасиеттерін түгелдей өзгерту
E) білім беру жүйесінің жоғары, түбегейлі өзгерісі

90. Үшінші деңгейдегі инновация – бұл:


A) ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу
B) педагогикалық процестің қарапайым сапалық өзгерісі
C) педагогикалық жүйенің алғашқы қасиеттерін түгелдей өзгерту
D) жүйенің қызметтік қасиеттерінің сапалық өзгерісі
E) білім беру жүйесінің жоғары, түбегейлі өзгерісі

91. Төртінші деңгейдегі инновация – бұл:


A) білім беру жүйесінің жеке компоненттерінің қызметтік мүмкіндіктерін кеңейтетін қарапайым сапалық өзгерісі
B) сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісі
C) білім беру жүйесінің жоғары, түбегейлі өзгерісі
D) білім беру жүйесінің қызметтік сапасының өзгерісі
E) білім беру жүйесінің барлық компоненттерінің қызметтік мүмкіндіктерін кеңейтетін қарапайым сапалық өзгерісі

92. Жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел өзгертетін, білім беру жүйесінің «жаңа буынын» құрумен ерекшеліктерін инновация – бұл:


A) бесінші деңгейдегі инновация
B) алтыншы деңгейдегі инновация
C) жетінші деңгейдегі инновация
D) төртінші деңгейдегі инновация
E) бірінші деңгейдегі инновация

93. Білім беру жүйесінің қызметтік сапаларының өзгерісімен сипатталатын инновация – бұл:


A) алтыншы деңгейдегі инновация
B) бесінші деңгейдегі инновация
C) жетінші деңгейдегі инновация
D) төртінші деңгейдегі инновация
E) үшінші деңгейдегі инновация

94. Нәтижесінде жүйенің негізгі қызметтік принципі өзгеріске ұшырайтын білім беру жүйесінің жоғары, түбегейлі өзгерісімен сипатталатын инновация – бұл:


A) жетінші деңгейдегі инновация
B) алтыншы деңгейдегі инновация
C) бесінші деңгейдегі инновация
D) төртінші деңгейдегі инновация
E) үшінші деңгейдегі инновация

95. Басқару принципі – бұл:


А) қойылған мақсатқа жету үшін басшылыққа алынатын негізгі ереже, қағида
B) мұғалімге ешқашан дауыс көтермеу, олардың ар-намысына тимеу
C) сабаққа қатысқанда мұғалімнің жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне әділ баға беру
D) мұғалімнің көңіл-күйіне, денсаулығына зиян келтірмейтіндей сөз жолдарын, әдіс-тәсіл, амалдарын іздестіру
E) мұғалімдермен ұдайы іскер, ілтипатты қарым-қатынаста ұстау

96.Жүйе – бұл:


A) бөліктерден құралған тұтастық
B) екі немесе одан да көп фаторлардың бірігуінен күшейтетін эффект беретін өзара әрекеттесушілік
C) саннан сапаға көшу
D) материяның құрылымдық деңгейін сипаттайтын ерекше қасиет
E) материяның ықпал етуші сапалық қасиеті

97. Эмердженттік (немесе эмергенттік) – бұл:


A) жүйенің кенеттен пайда болатын қасиеттері
B) екі немесе одан да көп фаторлардың бірігуінен күшейтетін эффект беретін өзара әрекеттесушілік
C) материяның құрылымдық деңгейін сипаттайды
D) бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы
E) бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын белгілі бір тұтастық

98. Синергия – бұл:


A) екі немесе одан да көп фаторлардың бірігуінен күшейтетін эффект беретін өзара әрекеттесушілік
B) жүйенің кенеттен пайда болатын қасиеттері
C) жүйенің жеке элементтеріне тән емес қасиеттері
D қандай да бір жүйеге тән ерекше қасиеттер
E) бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын белгілі бір тұтастық 6 бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы

99. Мультипликативтілік –бұл:


A) жүйе элементтері қызметтерінің (әрі позитивті, әрі негативті) еселеп артуы (қосылуы емес)
B) екі немесе одан да көп фаторлардың бірігуінен күшейтетін эффект беретін өзара әрекеттесушілік
C) материяның құрылымдық деңгейін сипаттайтын қасиеті
D) жүйенің кенеттен пайда болатын қасиеттері
E) екі немесе одан да көп фаторлардың бірігуінен күшейтетін эффект беретін өзара әрекеттесушілік

100. Ұйымдастырушылық іс-әрекет:


A) педагогикалық іс-әрекеттің әртүрін пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесінің әртүрлі варианттарын жетілдіру
B) тұтас педагогикалық процесті жоспарлау
C) тұтас педагогикалық процестің нәтижесін болжау
D) педагогикалық процестің барлық коммуникативтік байланыстарын ескере отырып, түзетулер енгізу
E) педагогикалық жүйені дамыту бағытында ақпарат жинау, өңдеу және сақтау, оған баға беру

101. Коррекциялық-түзетушілік іс -әрекет:


A) педагогикалық процестің барлық коммуникативтік байланыстарын ескере отырып, түзетулер енгізу
B) педагогикалық жүйені дамыту бағытында ақпарат өңдеу және сақтау, баға беру
C) педагогикалық жүйені дамыту бағытында жиналған ақпараттарға баға беру
D) педагогикалық процестің барлық коммуникативтік байланыстарын ескере отырып, түзетулер енгізу, бағалау
E) педагогикалық іс-әрекеттің әртүрін пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесінің әртүрлі варианттарын жетілдіру

102. Мұғалімнің конструктивтік іс-әрекеті:


A) оқу-тәрбие материалын іріктеп алуы, композициялауы, жобалауы
B) пән мұғалімдерімен және оқушылардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасы орната алуы
C) оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізуі, пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамытуы
D) оқушының ішкі дүниесін тани білуі
E) тілдің көмегімен өз ойын, сезімін нақты және түсінікті етіп жеткізу

103. Мұғалімнің коммуникативтік іс-әрекеті:


A) пән мұғалімдерімен және оқушылардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасы орната алуы
B) оқу-тәрбие материалын іріктеп алуы, композициялауы, жобалауы
C) оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізуі, пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамытуы
D) оқушының ішкі дүниесін тани білуі
E) тілдің көмегімен өз ойын, сезімін нақты және түсінікті етіп жеткізу

104. Мұғалімнің перцептивті қабілеті:


A) оқушының ішкі дүниесін тани білуі
B) оқу-тәрбие материалын іріктеп алуы, композициялауы, жобалауы
C) оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізуі, пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамытуы
D) пән мұғалімдерімен және оқушылардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасы орната алуы
E) тілдің көмегімен өз ойын, сезімін нақты және түсінікті етіп жеткізу

105. Мұғалімнің экспрессивті қабілеті:


A) тілдің көмегімен өз ойын, сезімін нақты және түсінікті етіп жеткізу
B) оқу-тәрбие материалын іріктеп алуы, композициялауы, жобалауы
C) оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізуі, пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамытуы
D) пән мұғалімдерімен және оқушылардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасы орната алуы
E) оқушының ішкі дүниесін тани білуі

106. Мұғалімнің дидактикалық қабілеті:


A) оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізуі, пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамытуы
B) оқу-тәрбие материалын іріктеп алуы, композициялауы, жобалауы
C) тілдің көмегімен өз ойын, сезімін нақты және түсінікті етіп жеткізу
D) пән мұғалімдерімен және оқушылардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасы орната алуы
E) оқушының ішкі дүниесін тани білуі

107. Қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы – бұл:


A) педагогикалық процесс
B) педагогикалық менеджмент
C) әлеуметтену
D) дидактикалық процесс
E) ұжымның қалыптасуы

108. Болашақ мұғалім тұлғасының жеке - дара, психологиялық, интеллектуалды күштері мен қабілеттерінің өзін-өзі іс жүзінде көрсетуінің деңгейі – бұл:


A) педагогикалық шеберлік
B) педагогикалық ізденіс
C) педагогикалық машық
D) педагогикалық дағды
E) педагогикалық біліктілік

109. Мамандығы және өзін-өзі ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыратын тұлға қасиеттерінің жиынтығы – бұл:


A) кәсіби шеберлік
B) кәсіби ұтқырлық
C) кәсіби білім
D) кәсіби білік
E) кәсіби мамандану

110. Үлкендердің мақсатты, мазмұнды, ұйымдасқан педагогикалық іс-әрекеттерінің өзара әсері және тәрбиешінің басым рөліне бағытталған белсенді өмірлік іс-әрекет нәтижесінде баланың өзін-өзі өзгертуі– бұл:


A) педагогикалық процесс
B) педагогикалық менеджмент
C) әлеуметтену
D) дидактикалық процесс
E) ұжымның қалыптасуы

111. Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі: ақпараттық ; тəрбиелік; аксиологиялық; əлеуметендіру; ... .


А) дамытушылық
B) шығармашылық
C) жауапкершілік
D) ынталандыру
E) педагогикалық жүйені басқару

112.Педагогикалық процестің субъектісі:


А) тəрбиеленуші жəне мектеп директоры
B) тəрбиеленуші жəне мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
C) тəрбиеленуші жəне мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары
D) тəрбиеленушілер жəне ата-аналар
E) тəрбиеленушілер жəне пән мұғалімдері

113. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер – мазмұн - әдістер – форма – ... .


А) құралдар
B) тəрбиеленушілер
C) мектеп директоры
D) сынып жетекшісі
E) пән мұғалімдері

114. «Педагогикалық диагностика» ұғымын 1968 жылы ғылымға енгізген ғалым:


А) К.Ингенкамп
B) Б.П.Битинас
C) В.П.Симонов
D) Е.А.Берулова
E) Б.С.Кобзарь

115. Педагогикалық диагностика – бұл:


A) педагогикалық процестің жағдайын, себеп-салдарын анықтау
B) педагогикалық процестегі тәрбиесі қиын балалардың үлесін анықтау
C) сыныптағы дарынды балалардың үлесін анықтау
D) педагогикалық процестегі «оқшауланған» балалардың үлесін анықтау
E) педагогикалық ұжымның психологиялық жай-күйін анықтау

116.Педагогикалық диагностиканың қызметі: ақпараттық; жобалаушылық; бақылау-түзетушілік; бағалаушылық; ... .


А) ынталандырушылық
B) шығармашылық
C) жаңашылдық
D) жауапкершілік
E) педагогикалық жүйені басқару

117.Педагогикалық диагностиканың формалары: бастапқы; ағымдық; ... .


А) қорытынды
B) негізгі
C) тоқсандық
D) жылдық
E) перспективалық

118. Педагогикалық диагностиканың бағыттары: обьектілік; субьектілік; іс-әрекеттілік; экзистенциалистік; тұлғалық; жүйелік; ... .


А) құзыреттілік
B) шығармашылық
C) жаңашылдық
D) дамытушылық
E) ынталандырушылық

119.Басқару қызметіне қарай ақпаратын түрлері: талдамалық; баға берушілік; конструктивті; ... .


А) ұйымдық
B) мектепішілік
D) ведомстволық
C) ведомстводан тыс
D) директивалық

120.Оқушылар үлгерімінің жалпы пайызы; үлгерім сапасының пайызы; оқушылардың оқу-танымдық біліктерді меңгеру сапасының пайызы – бұлар педагогикалық процестің ... сипаттамасының көрсеткіштері.


А) «оқушылардың үлгерімі»
B) «оқушылар ұжымының қалыптасқандығы»
C) «оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) белсенділігі»
D) «оқушылар ұжымының тәрбиелік деңгейі»
E) «оқушылардың дамуы»

121.Сыныптағы сайланған және шынайы белсенділердің сәйкес келу пайызы; «оқшауланған» балалар үлесі, тәрбиесі қиын балалар үлесі – бұлар педагогикалық процестің ... сипаттамасының көрсеткіштері


А) «оқушылар ұжымының қалыптасқандығы»
B) «оқушылардың үлгерімі»
C) «оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) белсенділігі»
D) «оқушылар ұжымының тәрбиелік деңгейі»
E) «оқушылардың дамуы»

122. Қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы; өз бастамасы бойынша қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы –бұлар педагогикалық процестің ... сипаттамасының көрсеткіштері.


А) «оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) белсенділігі»
B) «оқушылардың үлгерімі»
C) «оқушылар ұжымының қалыптасқандығы»
D) «оқушылар ұжымының тәрбиелік деңгейі»
E) «оқушылардың дамуы»

123. Отбасы құрамы; ата-аналардың мамандығы, қоғамдық жағдайы, қызығуы; толық емес отбасынан шыққан оқушылар пайызы – бұлар педагогикалық процестің ... сипаттамасының көрсеткіштері.


А) «оқушылар отбасының әлеуметтік-психологиялық портреті»
B) «оқушылардың үлгерімі»
C) «оқушылар ұжымының қалыптасқандығы»
D) «оқушылар ұжымының тәрбиелік деңгейі»
E) «оқушылардың дамуы»

124. Педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің теориялық және әдістемелік даярлық деңгейі; оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесін білу – бұлар педагогикалық процестің ... сипаттамасының көрсеткіштері.


A) «педагогикалық ұжымның жағдайы»
B) «оқушылардың үлгерімі»
C) «оқушылар ұжымының қалыптасқандығы»
D) «оқушылар ұжымының тәрбиелік деңгейі»
E) «оқушылардың дамуы»

125. SWOT талдау (анализ) –бұл:


A) білім беру қызметі мен оған әсер етуші сыртқы фактордың күшті,әлсіз жақтары
B) білім беру жүйесі субьектілерінің әртүрлі қызметі
C) педагогикалық іс-әрекеттің әртүрін пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесінің нәтижелігін жетілдіру
D) педагогикалық жүйені дамыту бағытында оған баға беру, бағалау
E) тұтас педагогикалық процесті құру, жоспарлау, ұйымдастыру

126. Ю.А.Конаржевский бойынша педагогикалық талдаудың принципі:


A) детерминизм және даму принципі
B) зерттеу әдісі мен тәсілдерінің үйлесімдік принципі
C) жүйелік пен бірізділік принципі
D) көрнекілік пен нәтижелік принципі
E) саналық пен түсініктілік принципі

127. Детерминизм принципі:


A) себеп-салдарлық байланыстарды орнату
B) педагогикалық құбылыстардың өзара әрекеттестігін анықтау
C) педагогикалық құбылыстардың жүйелік ықпалдастығын анықтау
D) педагогикалық құбылыстың пайда болуын зерттеу
E) педагогикалық процесті нәтижеге бағыттау

128. Қандай педагогикалық құбылыс болмасын үш жақты қарастыру қажет: өткен шақ; осы шақ және болашақта – бұл Ю.А.Конаржевский бойынша педагогикалық талдаудың ... принципі.


А) даму
B) объективтілік
C) өзара әрекеттестік
D) жүйелік
E) детерминизм

129. Берілген тақырыптың ішкі күшті және әлсіз жақтары; әсер ететін сыртқы мүмкіндіктері мен қауіпті жақтарын (факторларды) анықтау – бұл ... мақсаты.


А) SWOT талдаудың
B) педагогикалық тренингтің
C) «Кейс-стадий» әдісінің
D) «Болжамдау, түсіндіру, жинақтау, бағалау» әдісінің
E) «Ақылдың алты қалпағы» әдісінің

130. Білім беру нәтижелерінің диверсификациясы (көпбейіндік) ; ақпараттық кешеннің болуы; материалдық базаның жеткілікті деңгейі – SWOTталдаудың ... .


А) күшті жақтары
B) әлсіз жақтары
C) мүмкіндіктері
D) қауіптері
E) педагогикалық талаптары

131. Оқытуға деген мотивацияның жеткіліксіздігі; білім беру сапасын бақылау объективтілігінің жеткіліксіздігі – SWOT талдаудың ... .


А) әлсіз жақтары
B) күшті жақтары
C) мүмкіндіктері
D) қауіптері
E) педагогикалық талаптары

132. Білім берудің жоғары әлеуметтік құндылығы; ақпарат алмасу жылдамдығының артуы; әкімшілік тарапынан қолдау табуы – SWOT талдаудың ... .


А) мүмкіндіктері
B) күшті жақтары
C) әлсіз жақтары
D) қауіптері
E) педагогикалық талаптары

133. Мектептің дайындық деңгейінің төмендеуі; қаржыландырудың жеткіліксіздігі – SWOT талдаудың ... .


А) қауіптері
B) күшті жақтары
C) әлсіз жақтары
D) мүмкіндіктері
E) педагогикалық талаптары

134. Объектінің жай-күйін бағалау мақсатында нақты бағдарлама негізінде тұрақты бақылау жүйесі, құбылыстарға талдау жасау және оның өзгерісін анықтау – бұл:


А) мониторинг
B) рефлексия жасау
C) диагностикалау
D) тақырыптық талдау
E) толық талдау

135. Арнайы ұйымдастырылған, жүйенің (объектінің) жағдайына баға беруге және оның ары қарай дамуын болауға мүмкіндік беретін жүйелі бақылау – бұл:


A) мониторинг
B) рефлексия жасау
C) диагностикалау
D) тақырыптық талдау
E) толық талдау

136. Мониторингтiң атқаратын қызметi: мақсатты анықтау; ұйымдастыру; ақпаратты өңдеу; шешiм қабылдау; түпкiлiктi нәтиженi болжау; әрекет барысына түзетулер енгiзу; шешiмдер қабылдау; ... .


А) аралық мiндеттерiн орындалу сапасын анықтау
B) педагогикалық процеске рефлексия жасау
C) педагогикалық процесті диагностикалау
D) тақырыптық талдау
E) педагогикалық талдау

137. Қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау және педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату – бұл:


А) педагогикалық мониторинг
B) педагогикалық рефлексия
C) педагогикалық диагностика
D) әлеуметтік мониторинг
E) психологиялық мониторниг

138.Мониторингтiң түрлерi:педагогикалық; әлеуметтанымдық; психологиялық; медициналық; экономикалық; демографиялық ; ... .


А) психологиялық
B) құрылымдық
C) аспектілік
D) танымдық
E) зерттеушілік

139. Ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс:


А) мониторинг
B) рефлексия жасау
C) диагностикалау
D) тақырыптық талдау
E) толық талдау

140. Мониторингтің негізгі қызметi:мақсатты анықтау; ұйымдастыру; ақпаратты өңдеу; шешiм қабылдау ... .


A) болжам жасау
B) рефлексия жасау
C) диагностикалау
D) тақырыптық талдау
E) толық талдау

141. Мониторинг тиiмдiлiгiн арттырудағы маңызды талаптар: ақпараттың толықтылығы; нақтылық; объективтiлiк; уақытында орындалуы; құрылымдылық; ... .


А) үздiксiздiк
B) рефлексия жасау
C) диагностикалау
D) тақырыптық талдау
E) толық талдау

142. Ақпаратты қамтамасыз ету қағидалары:объективтiлiк; нақтылық; толыққандылық; жеткiлiктiлiк; оңтайлылық; оперативтiлiк; түсiнiктiлiк; ... .


А) жүйелік
B) ынтымақтастық
C) диагностикалау
D) тақырыптық талдау
E) толық талдау

143. Педагогикалық мониторингке әсер етуші факторлар: педагогикалық жүйедегi инновациялық процестер; педагогикалық менеджмент; бiлiм беру, тәрбилеу, дамудағы жеткен жетiстiктер; ... .


А) педагогикалық диагностика
B) педагогикалық талдау
C) педагогикалық зерттеу
D) тақырыптық талдау
E) толық талдау

144. Білім берудің белгілі бір нормалар мен стандарттарға және оқушылардың дайындық сапасын сипаттайтын мүдделері мен қажеттіліктеріне сай болуы – бұл ... сапасы.


А) білім беру
B) оқыту
C) педагогикалық зерттеу
D) тақырыптық талдау
E) толық талдау

145. Білім мазмұнын игерудің және оқушылардың оқу процесінің түрлі кезеңдерінде өздерінің жеке мүмкіндіктері, талпыныстары мен оқыту мақсатына сәйкес дамуының белгілі бір деңгейі – бұл ... сапасы.


А) оқыту
B) білім беру
C) педагогикалық зерттеу
D) тақырыптық талдау
E) толық талдау

146. Жеке-дара не топтық ерекшеліктерін айқындауға арналған, орындау уақыты шектеулі, қиындық дәрежесі біркелкі емес тапсырмалар жиынтығы – бұл:


А) тест
B) кейс
C педагогикалық жағдаят
D) тренинг
E) шығармашылық тапсырма

147. Адамның ақыл-ойының, қабілетінің, ерік күш-жігері мен өзге жеке-дара қажеттерінің даму деңгейін айқындау мақсатында қолданылатын стандарттық тапсырма:


А) тест
B) кейс
C) педагогикалық жағдаят
D) тренинг
E) шығармашылық тапсырма

148. Тест; бақылау жұмысы; емтихан; сынақ; аралық бақылау; олимпиада; байқау – бұлар:


А) бақылау құралдары
B) бақылау әдістері
C) бақылау формасы
D) бақылау тәсілдері
E) бақылау нәтижесі

149.Тест – бұл:


A) жеке-дара не топтық ерекшеліктерін айқындауға арналған, орындау уақыты шектеулі, қиындық дәрежесі біркелкі емес тапсырмалар жиынтығы
B) екі немесе одан да көп фаторлардың бірігуінен күшейтетін эффект беретін өзара әрекеттесушілікті анықтайтын сұрақтар жиынтығы
C) сандық көрсеткішкерді анықтайтын сұрақтар жиынтығы
D) зерттелетін обьектінің құрылымдық деңгейін сипаттайтын реттелген тапсырмалар жиынтығы
E) зерттелетін обьектінің ықпал етуші сапалық қасиетін анықтайтын сұрақтар жиынтығы

150. Таңдамалы тест – бұл:


A) бірнеше жауаптардың ішінен дұрыс біреуі таңдалады
B) көрсеткіштік сипаттағы мәліметтерді тек бір ғана тәртіппен, қандай да бір заңға, ережеге байланысты бірізділікпен орналастырады
C) құрылымы бойынша тапсырмалар мәтін немесе кесте, формула, сызбалар жиыны түрінде берілуі мүмкін.
D) мәтінде, сызуда, формуланың жазылуында керекті сөздерді, белгіні, таңбаны қоятын ашық орын ( көп нүкте) қалдырылады.
E) тапсырмалар екі бағандағы бір-бірімен мағынасы, мазмұны бойынша өзара байланысқан фактілерді, мәліметтерді табуға құрылған.

151. Сәйкестендіруші (салыстыру) тест – бұл:


A) тапсырмалар екі бағандағы бір-бірімен мағынасы, мазмұны бойынша өзара байланысқан фактілерді, мәліметтерді табуға құрылған
B) мәтінде, сызуда, формуланың жазылуында керекті сөздерді, белгіні, таңбаны қоятын ашық орын ( көп нүкте) қалдырылады
C) жауап бергенде «ия», «жоқ», «дұрыс», «дұрыс емес» сөздері жазылады
D) көрсеткіштік сипаттағы мәліметтерді тек бір ғана тәртіппен, қандай да бір заңға, ережеге байланысты бірізділікпен орналастырады
E) құрылымы бойынша тапсырмалар мәтін немесе кесте, формула, сызбалар жиыны түрінде берілуі мүмкін

152. Толықтыруды қажет ететін тест:


А) мәтінде керекті сөздерді, белгіні, таңбаны қоятын ашық орын қалдырылады
B) тест сұрағына жауап қандай бір факт, заң мағынасы, ережелер түрінде беріледі
C) қандайда бір шешімнің дұрыс немесе бұрыс екенін табу ұсынылады
D) бірнеше жауаптардың ішінен дұрыс біреуі таңдалады
E) көрсеткіштік сипаттағы мәліметтерді тек бір ғана тәртіппен, қандай да бір заңға, ережеге байланысты бірізділікпен орналастырады

153. Реттілік-бірізділікке негізделген тест:


А) көрсеткіштік сипаттағы мәліметтерді тек бір ғана тәртіппен, қандай да бір заңға, ережеге байланысты орналастырады
B) тест сұрағына жауап қандай бір факт, заң мағынасы, ережелер түрінде беріледі
C) қандайда бір шешімнің дұрыс немесе бұрыс екенін табу ұсынылады
D) бірнеше жауаптардың ішінен дұрыс біреуі таңдалады
E) мәтінде керекті сөздерді, белгіні, таңбаны қоятын ашық орын қалдырылады

154. Талдау – бұл:


A) тұтас құбылысты ойша құрамдық элементтерге немесе құбылыстарға жіктеп, ары қарай зерттеу
B) педагогикалық жүйені оңтайландыру (оптимизациялау)
C) педагогикалық құбылыстардың өзара әрекеттестігін анықтау
D) зерттеу әдісі мен тәсілдерінің үйлесімдігін анықтау
E) оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жақсарту

155.Педагогикалық талдау – бұл:


A) педагогикалық процестің даму тенденциясы зерттеуге бағытталған басқару қызметі
B) педагогикалық құбылыстардың өзара әрекеттестігін анықтау
C) педагогикалық құбылыстың пайда болуын зерттеу
D) педагогикалық құбылыстың себеп-салдарын зерттеу
E) оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жақсарту

156. Халық жұмыссыздығының толық және ішінара өсуі, табысы төмен деңгейдегі контингенттің өсуі және ақылы түрде білім алуға деген сұраныс–бұл:


А) люмпенизация
B) бәсекесестік
C) дифференциация
D) интервенция
E) диверсификация

157. Нарықты ырықтандыру жағдайында халықтың әртүрлі қажеттіліктерінің үдемеленуінен білім беру қызметінің неғұрлым арту шарты–бұл:


А) дифференциация
B) бәсекесестік
C) люмпенизация
D) интервенция
E) диверсификация

158. Басқару функциялары: жоспарлау; ұйымдастыру; мотивация; бақылау; ... .


А) координация
B) бәсекесестік
C) люмпенизация
D) интервенция
E) диверсификация

159.Мекеме қызметінің бағдарын жасап, оның құрамды бөліктерін анықтауға қатысты басқару іс-әрекетінің функциясы:


А) жоспарлау
B) ұйымдастыру
C) бақылау
D) координация
E) талдау

160. Қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін анықтау, олардың өзара қарым-қатынастарын қамтамасыз ету, мақсатқа жету жолындағы әдіс-тәсіл, құралдардың тиімдісін таңдау – бұл:


А) ұйымдастыру
B) жоспарлау
C) бақылау
D) координация
E) талдау

161. Процестің үздіксіздігін, тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін басқару функциясы:


A) координация
B) жоспарлау
C) мотивация
D) бақылау
E) талдау

162. Тақырыптық жоспар:


А) бір бағытқа немесе әрекеттің бір түріне жоспарланады
B) барлық бағыттар мен түрлеріндегі әрекеттер жоспарланады
C) бір нақты іс шара жоспарланады
D) бір пән бойынша әрекет жоспарланады
E) барлық пәндер бойынша әрекет жоспарланады

163. Кешенді жоспар:


А) барлық бағыттар мен түрлеріндегі әрекеттер жоспарланады
B) бір бағытқа немесе әрекеттің бір түріне жоспарланады
C) бір нақты іс шара жоспарланады
D) бір пән бойынша әрекет жоспарланады
E) барлық пәндер бойынша әрекет жоспарланады

164. Сабақтың барлық элементтері мен мүмкіндіктері қамтитын педагогикалық талдау – бұл:


А) толық талдау
B) аспектілік талдау
C) параметрлік талдау
D) тақырыптық талдау
E) құрылымдық талдау

165. Тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталатын педагогикалық талдау – бұл:


А) қорытынды талдау
B) аспектілік талдау
C) параметрлік талдау
D) тақырыптық талдау
E) толық талдау

166. Жаңалық ендіреді, бар күшті адамдарға бағыттайды, сенім оятады, қарамағындағыларға сенім артады:


А) көшбасшы
B) менеджер
C) мұғалім
D) оқу ісінің меңгерушісі
E) әдістемелік бірлестік жетекшісі

167. Оқыту нәтижесінде оқушылар нені біліп түсінді және осы білім-түсініктерін қалай қолдана алатынын терең түсіну үшін түрлі дерек көздерінен ақпаратты жинақтау және талдау процесі – бұл:


А) бағалау
B) білім беру
C) педагогикалық зерттеу
D) диагностикалау
E) рефлексия жасау

168. Нақты сабақтың оқу материалын меңгеру нәтижелерін қадағалау – бұл ... бақылау.


А) күнделікті
B) тақырыптық
C) кешенді
D) шұғыл
E) аспектілі

169. Бір мұғалімнің жұмыс жүйесінің толық ауқымына, бір топ мұғалім немесе мектептегі барлық мұғалім жұмысына жан-жақты жүргізілетін бақылау – бұл:


А) кешенді бақылау
B) тақырыптық бақылау
C) күнделікті бақылау
D) шұғыл бақылау
E) аспектілі бақылау

170. Оқу жұмыстарының кейбір жақтарын арнайы тақырып бойынша тексеру – бұл:


А) тақырыптық бақылау
B) кешенді бақылау
C) күнделікті бақылау
D) шұғыл бақылау
E) аспектілі бақылау

171. Нақты ( жеке) оқушының іс-әрекетін, жұмысын бақылау – бұл:


A) дербес бақылау
B) кешенді бақылау
C) күнделікті бақылау
D) шұғыл бақылау
E) аспектілі бақылау

172. Оқу бағдарламасының түйінді тақырыптары бойынша білім мен біліктерді білім алушылардың меңгеру нәтижелерін қадағалау – бұл:


А) тақырыптық бақылау
B) кешенді бақылау
C) күнделікті бақылау
D) шұғыл бақылау
E) аспектілі бақылау

173. Нақты сыныптағы немесе мектеп сатысындағы білімінің соңғы нәтижелерін (аттестация) қадағалау – бұл:


А) қорытындыбақылау
B) кешенді бақылау
C) күнделікті бақылау
D) шұғыл бақылау
E) аспектілі бақылау

174. Тоқсан соңында немесе жартыжылдық жеке оқу курсы бойынша білім алушылардың пәндік білімді және іс-әрекет тәсілдерін (біліктер мен құзырлықтарды) меңгеру нәтижелерін қадағалау – бұл:


А) жалпылай бақылау
B) кешенді бақылау
C) күнделікті бақылау
D) шұғыл бақылау
E) аспектілі бақылау

175. Педагогикалык кеңес – бұл:


A) мектептің барлық іс-әрекетін басқарудың тұрақты органы
B) мұғалімдердің педагогикалық ойының ұжымдық орталығы
C) мектепті басқарудың жоғары сатысы
D) жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу бойынша педагогикалық орталығы
E) тәжірибелі мұғалімдердің педагогикалық шеберлік мектебі

176. Мұғалімнің әдістемелік шеберлігін анықтау көрсеткіштері:


A) инновациялық технологияны пайдалануы
B) ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс жасауы
C) оқушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыруы
D) тәрбиесі қиын оқушыларға психологиялық кеңес бере алуы
E) дарынды балалармен шығармашылық жұмыс жасай алуы

177. Ғалым Л.Б.Щербакова бойынша алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің негізгі белгіcі:


A) нәтижелік
B) зерттеушілік
C) қолданбалығы
D) қайталанушылығы
E) реттілік

178. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің ерекшелігі:


A) оқу-тәрбие процеснің даму қажеттіліктеріне сәйкестігі
B) педагогикалық озат тәжірибенінің қолданбалығы
C) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенінің қайталанушылығы
D) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибедегі реттілік
E) педагогикалық озат тәжірибенінің басқа білім беру ұйымдарында пайдалануы

179. Ғалым М.Н.Скаткин алдыңғы қатарлы тәжірибенің екі түрін көрсетеді: педагогикалық шеберлік; ... .


A) жаңашылдық (инновациялық)
B) зерттеушілік
C) қолданбалық
D) қайталанушылық
E) педагогикалық іскерлік

180. Ғылыми-зерттеушілік жұмыс:


A) білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды меңгеруді үйретеді
B) педагогтерді оқу жоспары мен бағдарламасын құруға бағытталады
C) оқушыларды үздіксіз жалпы білім беруге даярлауды жүзеге асырады
D) оқу-тәрбие процесінің сапасын қамтамасыз етеді
E) педагогтердің біліктігін арттыру жұмыстарын жаңарту жолдарын қарастырады

181. Креативті педагог – бұл:


A) инновациялық технологиямен қаруланған, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын мұғалім
B) педагогикалық процесті ұйымдастыру мен басқаруда жоғары нәтижеге жеткен алдыңғы қатарлы мұғалім
C) өз пәнінің әдістемесін жетік меңгерген, алдыңғы қатарлы озат тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана алатын шебер мұғалім
D) шебер ретінде өз іс-тәжірибесін жаңа әдістермен, жаңа технологиялармен байытып отыратын шығармашыл мұғалім
E) педагогикалық еңбек өтілі 3-5 жыл болатын өзіндік тәжірибесі бар тәжірибелі мұғалім

182. Ынтымақтастық педагогикасының идеясы:


A) жеке тұлғаны ізгілендіру
B) әр баланы сабақта жұмыс істеуге жұмылдырудың жолын табу
C) оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру
D) оза отырып оқыту
E) әр баланың ойын еркін дамыту

183. Әдістемелік кеңес қызметінің мазмұны:


A) мектеп мұғалімінің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау
B) мұғалімнің жеке инновациялық, шығармашылығын қолдау, ынталандыру
C) мұғалімнің қол жеткен табысы бойынша есеп дайындау
D) мұғалімнің іс-тәжірибесіне ұжымдық баға беру
E) мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесіне диагностикалық сараптама жасау

184. Мұғалімнің педагогикалық қызметінің жоғары деңгейі:


A) жаңашылдық
B) шеберлік
C) жоғары біліктілік
D) жоғары санат
E) әлеуметтік тәжірибе

185. Кадрларды таңдау және іріктеу, мектеп әкімшілігі, педагогтар мен кіші қызметкерлерді жұмысқа алу және босату – бұл ... міндеті.


А) директордың
В) оқу-тәрбие ісі бойынша директор орыбасарының
С) шаруашылық жұмыстар жөніндегі директор орыбасарының
Д) мектеп кеңесі төрағасының
Е) педагогикалық кеңес төрағасының

186. Директордың, директор орынбасарларының қызметтік міндеттері анықталады:


A) мектеп жарғысымен
B) ішкі тәртіп ережелерімен
C) педагогикалық кеңес шешімімен
D) мектеп кеңесі шешімімен
E) ҚР «Еңбек туралы» Заңымен

187. Білім бағдарламаларын, мемлекеттік білім стандарттарын жүзеге асыру, білім, дағды, іскерліктер сапасын бақылау, оқу жүктемесін реттеу, сабақ кестесін жасау, әдістемелік жұмысты жүргізу, жаңашылдық ортаны жасау – бұл ... міндеті.


A) оқу-тәрбие ісі бойынша директор орынбасарының
B) директордың
C) ғылыми жұмыс бойынша директор орынбасарының
D) әдістемелік жұмыстар бойынша директор орынбасарының
E) педагогикалық кеңес төрағасының

188. Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын жетілдіру жұмыстарын жүргізу, балалар қоғамдастықтарын жетелеу, қоғамдық ұйымдармен жұмыстар – бұл ... міндеті.


A) тәрбие ісі бойынша директор орынбасарының
B) директордың
C) мектеп кеңесінің төрағасының
D) педагогикалық кеңес төрағасының
E) балалар қауымдастығының төрағасының

189. Материалдық-техникалық базаны жетілдіру, мектепті оқу жылына дайындау, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау – бұл .... міндеті.


A) шаруашылық істер бойынша директор орынбасарының
B) директордың
C) ата-аналар комитеті төрағасының
D) оқу-тәрбие ісі бойынша директор орынбасарының
E) мектеп кеңесі төрағасының

190. Мектеп кеңесі, педагогикалық кеңес, директор жанындағы мәжіліс, әдістемелік кеңес, әртүрлі комиссиялар, комитет, қамқорлық кеңесі – бұл:


A) басқарудың алқалық формасы
B) қоғамдық ұйымдар
C) құқық қорғау ұйымдары
D) атқару бөлімдері
E) басқару бөлімдері

191. Директор, директор орынбасарлары, мұғалімдер, мектеп дәрігері, кітапханашы, ата-аналар комитетінің төрағасы – бұл … құрамы.


A) педагогикалық кеңестің
B) педагогикалық консилиумның
C) мектеп кеңесінің
D) қамқорлыққа алу кеңесінің
E) мектеп директоры жанындағы мәжілістің

192. Оқу жоспарларын іріктеу, бекіту, перспективті және басқа да жоспарларды жүзеге асыру жолдары, педагогикалық жүйеде жаңашыл ортаны қалыптастыру – бұл жұмыс мазмұны:


A) педагогикалық кеңестің
B) педагогикалық ұжымның
C) жалпы мектептік конференциялардың
D) мектеп кеңестерінің
E) мектеп әкімшілігінің

193. Әр мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің ғылыми әдістемелік деңгейін, кәсіби педагогикалық мәдениетін жоғарлату – бұл ... функциясы:


A) әдістемелік кеңестің
B) педагогикалық кеңестің
C) ғылыми -әдістемелік семинардың
D) аттестациялық комиссияның
E) мектеп кеңесінің

194.Әдістемелік жұмыс формалары: пәндік әдістемелік бірлестіктер, жас мұғалімдер мектебі, озық тәжірибе, шығармашылық есептер, педагогикалық кеңес, пәндік апталықтар және ашық сабақтар, ... .


A) педагогикалық оқу
B) мұғалімдер аттестациясы
C) қоғамдық жұмыс
D) сыныптан тыс іс-шаралар
E) жалпымектептік жиналыс

195. Қиын тараулар, жаңа тақырыптар, бағдарламалар, оқулықтар, электронды оқулықтар, тақырыптар мен шығармашылық бақылау жұмыстарының түрлерін талдау, пән бойынша білім, дағды сапасын жоғарылату – бұл ... жұмыс мазмұны:


A) пәндік әдістемелік бірлестіктің
B) жас мұғалімдер мектебінің
C) педагогикалық кеңестің
D) әдістемелік кеңестің
E) озық тәжірибелер мектебінің

196. Пәндік әдістемелік бірлестіктер, озат тәжірибе мектебі, жас мұғалімдер мектебі, конференция, семинар, педагогикалық оқулар, есептер, ашық сабақтар, бірыңғай әдістемелік күн – бұл:


A) әдістемелік жұмыстың формасы
B) әдістемелік жұмыстың құралы
C) әдістемелік жұмыстың түрлері
D) әдістемелік жұмыстың жиынтығы
E) әдістемелік жұмыстың кешені

197.Мұғалімді аттестациялау – бұл ... процесі.


A) кәсібилік деңгейін анықтау және санат беру
B) өз қызметтігіне сәйкестігін анықтау
C) жұмыс сапасы мен еңбек ақысының сәйкестігін анықтау
D) біліктілік категориясын анықтау
E) педагогика, психология, өз пәні бойынша білімін анықтау

198. Мектептік аттестациялау комиссияның құрамы:


A) директор, әкімшілік, кәсіподақ ұйымының төрағасы, жаңашыл мұғалімдер
B) директор, білім беру бөлімінің өкілдері, ардагер мұғалімдер
C) директор, пәндік-әдістемелік бірлестік жетекшілері, мұғалімдер
D) білім беру департаменті қызметкерлері, мектеп әкімшілігі
E) директор, білім беру бөлімі әкімшілігінің өкілдері

199. Мектептің оқу-тәрбие процесінің нәтижесіне сараптама жасау – бұл:


А) талдау
B) жоспарлау
C) ұйымдастыру
D) бақылау
E) бағалау

200. Мұғалім портфолиосын құрастырудың негізгі прнинциптері: жүйелілік; ұсынылған мәліметтердің дәлдігі мен толықтылығы; ... .


А) ақпараттың объективтілігі
B) ақпараттың мазмұндылығы
C) жаңашылдылық
D) зерттеушілік
E) ізденушілік

201. Сараптау принциптері:еріктілік; жариялылық; жүйелілік; тұтастық; ... .


А) шынайылылық
B) креативтілік
C) жаңашылдылық
D) зерттеушілік
E) ізденушілік

202.Педагог қызметкерлердің біліктілік санаттары: педагог-модератор; педагог-сарапшы; педагог-шебер; ... .


А) педагог-зерттеуші
B) педагог-ізденуші
C) жаңашыл педагог
D) креативті педагог
E) шығармашыл педагог

203.Қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында түрлі бағыттағы қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру – бұл басқарудың ... қызметі.


А) реттеу
B) ынталандыру
C) қадағалау
D) жоспарлау
E) ұйымдастыру

204. Шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыру, жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау – бұл басқарудың ... қызметі.


A) ынталандыру
B) реттеу
C) қадағалау
D) жоспарлау
E) ұйымдастыру

205.Оқушылар тізімінің алфавиттік кітабы, жеке іс қағаздары, сынып, үйірме журналдары, түрлі кеңестер мәжілістерінің хаттамалары, бұйрықтар, сабақтар ауыстыру, қатаң есептегі бланкілерін беру кітаптары - бұлар:


A) мектеп құжаты
B) сынып құжаты
C) мектеп мұрағаты
D) мектептің кітапхана қоры
E) білім беру бөлімінің құжаттары

206. Жеке іс әрекет рефлексиясы (құжаттар, өзіндік жұмыстар, жетістіктер) , шығармашылық жұмыс, жеке танымдық іс-әрекетті өзіндік бағалау құралы – бұл:


A) оқушының портфолиосы
B) оқушының жеке іс қағазы
C) оқушының мінездемесі
D) оқушы туралы мәлімет
E) оқушы табыстарының коллекциясы

207. Талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру – бұл басқарудың ... қызметі.


А) қадағалау
B) реттеу
C) ұйымдастыру
D) жоспарлау
E) мақсатты айқындау

208. Педагогикалык кеңес – бұл:


A) мектептің барлық іс-әрекетін басқарудың тұрақты органы
B) тәжірибелі мұғалімдердің педагогикалық шеберлік мектебі
C) педагогикалық іскерлік мектебі
D) мектептің әдістемелік жұмыстарын басқарудың жоғары сатысы
E) шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің педагогикалық шеберлік орталығы

209. Берілген мақсатқа сәйкес басқару объктісін реттеу, бақылау, ұйымдастыру, шешім шығару, талдау қорытынды жасауға бағытталған іс-әрекет – бұл:


A) басқару
B) басшылық ету
C) ынтымақтастық
D) ықпал ету
E) өзара әрекет

210. Жоспарланған нәтижеге жетуге бағытталған мектептің басқарушысы мен басқару жүйесінің мақсатқа бағытталған жоспарлы өзара әрекеті – бұл:


A) мектепішілік басқару
B) мектепішілік іс-әрекет
C) сабақ
D) жүйелердің өзара байланысы
E) эккаутинг басқару

211. Берілген мақсатқа сәйкес басқару объктісін реттеу, бақылау, ұйымдастыру, шешім шығару, талдау қорытынды жасауға бағытталған іс-әрекет – бұл:


A) басқару
B) басшылық ету
C) ынтымақтастық
D) ықпал ету
E) өзара әрекет

212. Жоспарланған нәтижеге жетуге бағытталған мектептің басқарушысы мен басқару жүйесінің мақсатқа бағытталған жоспарлы өзара әрекеті – бұл:


A) мектепішілік басқару
B) мектепішілік іс-әрекет
C) сабақ
D) жүйелердің өзара байланысы
E) эккаутинг басқару

213.Өндірілетін өнімнің сапасы, өндірілетін өнімнің тұтыну қасиеттерінің жиынтығы, жеке тұлғаның даму әлеуетін анықтайтын оқушы білімінің сапалық көрсеткіші– бұл:


А) білім сапасы
B) оқыту сапасы
C) басқару сапасы
D) тәрбиелеу сапасы
E) даму сапасы

214. Нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктері, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы:


A) құзырет (компетенция)
B) құзырлық
C) біліктілік
D) іскерлік
E) педагогикалық талап

215. Адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі – бұл:


А) құзырлық
B) құзырет (компетенция)
C) біліктілік
D) іскерлік
E) педагогикалық талап

216. Субъектінің қойылған мақсатқа жету үшін оның ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдаланатын білім берудің нәтижесі:


А) құзыреттілік
B) креативтілік
C) біліктілік
D) іскерлік
E) педагогикалық талап

217. А.В.Хуторский жалпы білім берудегі 6 құзыреттілікті ажыратады: жалпы мәдени; оқу-танымдық; ақпараттық; коммуникативтік; әлеуметтік-еңбектік; ... .


А) тұлғалың өзін-өзі жетілдіруі
B) креативтілік
C) рефлексия жасай алуы
D) іскерлік
E) мониторинг

218. Тұлғаның меңгерген білімі мен тәжірибесіне негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын тұлғаның кіріктірілген қасиеті – бұл:


А) құзыреттілік
B) креативтілік
C) рефлексия
D) іскерлік
E) мониторинг

219.Жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық даярлығы мен қабілеттерінің бірлігі:


А) кәсіби құзыреттілік
B) креативтілік
C) педагогикалық рефлексия
D) кәсіби іскерлік
E) педагогикалық мониторинг

220.Педагогтің кәсіби қасиеті:


А) ұйымдастыру қабілеті; білімнің тереңдігі; ғылыми білімі; дарындылығы; шығармашылығы; интеллектуалдық қасиеттері
B) қарапайымдылығы; ақиқатқа құштарлығы; мейірімділігі; адамгершілігі.
C) сыртқы келбеті; сөйлеу мәдениеті; киім киісі; әдептілігі.
D) кәсіби іскерлік, рефлексия жасай алуы
E) педагогикалық мониторинг, диагностика жасай алуы

221.Педагогтің моральдық-этикалық сапасы:


А) қарапайымдылығы; ақиқатқа құштарлығы; мейірімділігі; адамгершілігі.
B) ұйымдастыру қабілеті; білімнің тереңдігі; ғылыми білімі; дарындылығы; шығармашылығы; интеллектуалдық қасиеттері
C) сыртқы келбеті; сөйлеу мәдениеті; киім киісі; әдептілігі.
D) кәсіби іскерлік, рефлексия жасай алуы
E) педагогикалық мониторинг, диагностика жасай алуы

223.Педагогтің психологиялық даярлығы:


А) сыртқы келбеті; сөйлеу мәдениеті; киім киісі; әдептілігі
B) ұйымдастыру қабілеті; білімнің тереңдігі; ғылыми білімі; дарындылығы; шығармашылығы; интеллектуалдық қасиеттері
C) қарапайымдылығы; ақиқатқа құштарлығы; мейірімділігі; адамгершілігі
D) кәсіби іскерлік, рефлексия жасай алуы
E) педагогикалық мониторинг, диагностика жасай алуы

224.Педагогтің ұйымдастырушылық-басқарушылық құзіреттілігі:


А) оқу жоспары, тоқсандық кестелер, кесте жасау, құзіреттілік деңгейін анықтау критерийлерін әзірлеу, білімдік процесті материалдық техникалық қамтамасыз ету
B) сабақтардың мазмұнын таңдау, түрлі курстарды кіріктіру, жетекші идеяларды айқындап алу.
C) бақылау, бағалау, оқытудың белсенді түрлерін ұйымдастыру, құзіреттілікке енетін біліктердің тобын анықтау, инновациялық технологияларды қолдану.
D) оқушылардың даму диагностикасын іске асыру, оқу уәжін ынталандыру жүйесі, оқушыларды бірлесе басқаруға тарту
E) қарапайымдылығы, ақиқатқа құштарлығы,мейірімділігі, адамгершілігі; педагогикалық мониторинг, диагностика жасай алуы

225.Педагогтің технологиялық құзіреттілігі:


А) бақылау, бағалау, оқытудың белсенді түрлерін ұйымдастыру, құзіреттілікке енетін біліктердің тобын анықтау, инновациялық технологияларды қолдану
B) сабақтардың мазмұнын таңдау, түрлі курстарды кіріктіру, жетекші идеяларды айқындап алу.
C) оқу жоспары, тоқсандық кестелер, кесте жасау, құзіреттілік деңгейін анықтау критерийлерін әзірлеу, білімдік процесті материалдық техникалық қамтамасыз ету
D) оқушылардың даму диагностикасын іске асыру, оқу уәжін ынталандыру жүйесі, оқушыларды бірлесе басқаруға тарту
E) қарапайымдылығы, ақиқатқа құштарлығы,мейірімділігі, адамгершілігі; педагогикалық мониторинг, диагностика жасай алуы

226.Психологиялық-педагогикалыққұзіреттілік:


А) оқушылардың даму диагностикасын іске асыру, оқу уәжін ынталандыру жүйесі, оқушыларды бірлесе басқаруға тарту
B) сабақтардың мазмұнын таңдау, түрлі курстарды кіріктіру, жетекші идеяларды айқындап алу
C) оқу жоспары, тоқсандық кестелер, кесте жасау, құзіреттілік деңгейін анықтау критерийлерін әзірлеу, білімдік процесті материалдық техникалық қамтамасыз ету
D) бақылау, бағалау, оқытудың белсенді түрлерін ұйымдастыру, құзіреттілікке енетін біліктердің тобын анықтау, инновациялық технологияларды қолдану
E) қарапайымдылығы, ақиқатқа құштарлығы, мейірімділігі, адамгершілігі, педагогикалық мониторинг, диагностика жасай алуы

227. Бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі:


A) вербальды қарым-қатынас
B) вербальсыз қарым-қатынас
C) аксиалды қарым-қатынас
D) ретиалды қарым-қатынас
E) пантомимика

228. Ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі:


А) аксиалды қарым-қатынас
B) вербальсыз қарым-қатынас
C) вербальды қарым-қатынас
D) ретиалды қарым-қатынас
E) пантомимика

229. Мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз қарым- қатынас:


А) вербальсыз қарым-қатынас
B) аксиалды қарым-қатынас
C) вербальды қарым-қатынас
D) ретиалды қарым-қатынас
E) пантомимика

230. Қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы:


А) пантомимика
B) аксиалды қарым-қатынас
C) вербальды қарым-қатынас
D) ретиалды қарым-қатынас
E) вербальсыз қарым-қатынас

231. Адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі:


А) мимика
B) пантомимика
C) вербальды қарым-қатынас
D) ретиалды қарым-қатынас
E) вербальсыз қарым-қатынас

232. Педагогикалық мәдениеттің басты құндылықтары: бала тұлғасы; жеке тұлғаның дамуы; бала тәрбиесі; баланың әлеуметтік қорғалуы;. .. .


А) баланың құқығы мен абыройын қолдау
B) баланың денсаулығын қорғау
C) баланың болашағына сену
D) баланың шығармашылығын дамыту
E) вербальды қарым-қатынас

234. Педагогикалық мәдениеттің компоненттері: ізгілікті педагогикалық көзқарас; мұғалімнің теориялық білімі мен шығармашылық ойлауы; ... .


А) педагогтың тұлғалық қасиеттері
B) педагогикалық іс-әрекет
C) вербальсыз қарым-қатынас
D) ретиалды қарым-қатынас
E) вербальды қарым-қатынас

235. Жалпы басшылық стилінің түрлері: өктемдік (авторитарлық) ; демократиялық (жариялылық) ; ... .


А) либералдық
B) ынтымақтастық
C) достық
D) әріптестік
E) вербальды қарым-қатынас

236. Басшының жеке басының үстемдігіне негізделген басшылық, басшы әрбір қарамағындағылардың іс-әрекетін тек өзі анықтайды, ал қарамағындағылар оны бұлжытпай орындауға міндетті – бұл:


А) авторитарлық (өктемдік) стиль
B) демократиялық (жариялылық )
C) ынтымақтастық (достық)
D) либералдық
C) вербальды қарым-қатынас

237. Басшылық бөлінеді, басшылыққа педагогтар да қатыстырылады, жауапкершілік бөлінеді – бұл:


А) демократиялық (жариялылық ) стиль
B) авторитарлық (өктемдік) стиль
C) ынтымақтастық (достық)
D) либералдық стиль
E) вербальды қарым-қатынас

238. Басшының іс-әрекеті аздау, ал оның қарамағындағы қызметкерлер өз шешімдерін қабылдауда толық еркіндік алады – бұл:


A) либералдық стиль
B) авторитарлық (өктемдік) стил
C) ынтымақтастық (достық)
D) демократиялық (жариялылық ) стиль
E) вербальды қарым-қатынас

239. Адамның қоғамдық және жеке өміріндегі құлықтық ережелер мен талаптарды біріктіретін қоғамдық сананың ерекше формасы, мораль туралы ілім – бұл:


А) этика
B) деонтология
C) андрагогика
D) эстетика
E) шеберлік

240. Педагогикалық әдептің белгілері: ілтипаттылық; сенім;. төзім мен сабыр сақтау; ...


А) әділдік
B) шығармашылық
C) креативтік
D) зерттеушілік
E) шеберлік

241. Монологты басқарудан диалогты басқаруға көшуді көздейді, яғни ақпаратты дайын күйінде беруден гөрі өзара түсінушілік қарым- қатынас жасауға көшу – бұл:


А) ынтымақтастық принципі
B) әлеуметтік әділдік принципі
C) тұлғаны ынталандыру принципі
D) адамға жеке тұлға ретінде біртұтастықта қарау принципі
E) тұлғаның дербес ерекшеліктерін ескеру принципі

242. Адамның болып жатқан жағдаятты әріптесінің, яғни қарым-қатынас жасап тұрған адамның көзімен көріп, түсіне білуі – бұл:


А) эмпатия
B) тілектестік
C) ынталылық
D) ашықтық
E) сүйіспеншілік

243. Адамның өзгелерге өз ішкі дүниесін ашуға дайын тұруы, ойларын ашық айта білуі – бұл:


А) ашықтық
B) тілектестік
C) ынталылық
D) эмпатия
E) сүйіспеншілік

244. Басқамен қарым-қатынаста іскерлік позицияға бейімділік; өз бетінше қарым-қатынас орната білу; басқаның сөзін, ісін күтпей, жағдайды жақсартуды өз қолына ала білу – бұл:


А) ынталылық
B) тілектестік
C) ашықтық
D) эмпатия
E) сүйіспеншілік

245. Болашақты меңзей алатын, ұжымды артынан ілестіре алатын, жеке басының идеясы бар жаңашыл адам:


А) көшбасшы
B) менеджер
C) директор
D) спикер
E) модератор

246. Авторитарлық басшылық:


А) басшы өз қарамағындағыларға нені қалай істеу керектігін алдын-ала жеткізіп отырады
B) басшы өз қарамағындағыларға қамқор болатындығын көрсетеді және ұдайы оларды қолдайды
C) басшы өз қарамағындағылардан жұмысқа қатысты мәселелерді шешуге, шешім қабылдауға қатысуға рұқсат береді
D) басшы өзінің қарамағындағылардың алдына үлкен мақсат қояды, олардың белсенділігін ынталандырады
E) басшы өзінің қарамағындағыларға жоғары деңгейдегі шешім қабылдау қажеттілігін басып айтады

247. Алқалық басшылық:


А) басшы өз қарамағындағылардан жұмысқа қатысты мәселелерді шешуге, шешім қабылдауға қатысуға рұқсат береді
B) басшы өз қарамағындағыларға қамқор болатындығын көрсетеді және ұдайы оларды қолдайды
C) басшы өз қарамағындағыларға нені қалай істеу керектігін алдын-ала жеткізіп отырады
D) басшы өзінің қарамағындағылардың алдына үлкен мақсат қояды, олардың белсенділігін ынталандырады
E) басшы өзінің қарамағындағыларға жоғары деңгейдегі шешім қабылдау қажеттілігін басып айтады

248. Жетістікке бағытталған басшылық:


А) басшы өзінің қарамағындағылардың алдына үлкен мақсат қояды, олардың белсенділігін ынталандырады
B) басшы өз қарамағындағыларға қамқор болатындығын көрсетеді және ұдайы оларды қолдайды
C) басшы өз қарамағындағыларға нені қалай істеу керектігін алдын-ала жеткізіп отырады
D) басшы өз қарамағындағылардан жұмысқа қатысты мәселелерді шешуге, шешім қабылдауға қатысуға рұқсат береді
D) басшы өз қарамағындағылардан жұмысқа қатысты мәселелерді шешуге, шешім қабылдауға қатысуға рұқсат бермейді

249. Қолдаушылық басшылық:


А) басшы өз қарамағындағыларға қамқор болатындығын көрсетеді және ұдайы оларды қолдайды
B) басшы өзінің қарамағындағылардың алдына үлкен мақсат қояды, олардың белсенділігін ынталандырады
C) басшы өз қарамағындағыларға нені қалай істеу керектігін алдын-ала жеткізіп отырады
D) басшы өз қарамағындағылардан жұмысқа қатысты мәселелерді шешуге, шешім қабылдауға қатысуға рұқсат береді
E) басшы өз қарамағындағылардан жұмысқа қатысты мәселелерді шешуге, шешім қабылдауға қатысуға рұқсат бермейді

250. Адамның өзінің ішкі жан дүниесіне, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйенуі, білім беру іс-әрекетінде субъектінің мотивін ұйымдастыру формасы:


А) рефлексия
B) эмпатия
C) диагностика
D) мониторинг
E) ашықтық

251.Рефлексия – бұл:


А) адамның өзінің ішкі жан дүниесіне, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйенуі, білім беру іс-әрекетінде субъектінің мотивін ұйымдастыру формасы
B) тұтас құбылысты ойша құрамдық элементтерге немесе құбылыстарға жіктеп, ары қарай зерттеу
C) басқаның сөзін, ісін күтпей, жағдайды жақсартуды өз қолына ала білу
D) басқамен қарым-қатынаста іскерлік позицияға бейімділік; өз бетінше қарым-қатынас орната білу
E) педагогикалық құбылыстардың өзара әрекеттестігін анықтау

252. Р.Стогдилл бойынша көшбасшының сипаттамалық мінездемесін көрсетіңіз:


А) интеллект, білімге ұмтылыс, сенімділік, жауапкершілік, әлеуметтік белсенділік
B) парасаттылық, айналасындағыларға ықпал ете алушылық, жігерлік, кәсіпкерлік, салмақтылық
C) интеллект, бейімділік, басқа адамдарға өз ықпалын жүргізе алушылық, ақпаратты тез қабылдаушылық
D) көзтартарлық сыртқы тұлғалылық, мінезі мен көзқарасындағы тұрақтылық, тез қозғала алушылық, әр сөзіне, ісіне сенімділік
E) энергия, мотивация, тұрақтылық, сенімділік, танымдылық қабілеттілік, нақты мақсатты жете түсінуі

253. Интегративтілік құзыреттілік – бұл:


А) білім, білік, дағдыны интеграциялау қабілеті және оны тез өзгеретін талаптарға қатысты дұрыс қолдана алуы
B) басшының жеке басының дара ерекшеліктеріне қатысты қабілеттері
C) кез келген қиындықты жеңе алуы, ақпаратты жинау және талдау
D) көшбасшылыққа ұмтылу, адамдарға көмектесу
E) іс-әрекетті жоспарлай алу, сандық ақпаратты талдай алу, есептеу техникасы мен технологиясын білу

254.Эмоционалдық құзыреттілік – бұл:


А) көшбасшылыққа ұмтылу, адамдарға көмектесу
B) басшының жеке басының дара ерекшеліктеріне қатысты қабілеттері
C) кез келген қиындықты жеңе алуы, ақпаратты жинау және талдау
D) білім, білік, дағдыны интеграциялау қабілеті және оны тез өзгеретін талаптарға қатысты дұрыс қолдана алуы
E) іс-әрекетті жоспарлай алу, сандық ақпаратты талдай алу, есептеу техникасы мен технологиясын білу

255. Перцептивтік құзыреттілік–бұл:


А) кез келген қиындықты жеңе алуы, ақпаратты жинау және талдау
B) басшының жеке басының дара ерекшеліктеріне қатысты қабілеттері
C) көшбасшылыққа ұмтылу, адамдарға көмектесу
D) білім, білік, дағдыны интеграциялау қабілеті және оны тез өзгеретін талаптарға қатысты дұрыс қолдана алуы
E) іс-әрекетті жоспарлай алу, сандық ақпаратты талдай алу, есептеу техникасы мен технологиясын білу

256. Басшылық жасайды, күшті жүйе мен құрылымға бағыттайды, бақылауға сүйенеді:


А) менеджер
B) көшбасшы
C) мұғалім
D) оқу ісінің меңгерушісі
E) әдістемелік бірлестік жетекшісі



бет 22 беттен




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет