Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы



бет83/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   187
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
161. "Шығармашылық" білім беру саласыныңбазалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады - сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка.
162. Мақсаты бейнелеу әрекетіне деген қызығушылықты қалыптастыру, қоршаған заттарды, табиғат нысандарын эстетикалық тұрғыда қабылдауды дамыту болып табылады.
163. Міндеттері:
1) бейнелеу әрекетіне эмоционалдық әсер мен қызығушылық тудыру;
2) қолдың көру-қимыл үйлесімділігін дамыту;
3) қарапайым заттар мен құбылыстардың түсі мен пішінін бере отырып бейнелеу, мүсіндеу дағдысы мен икемділігін қалыптастыру;
4) кеңістіктік түсініктерді қалыптастыру;
5) суреттерді шынайы нысандарымен салыстыруға үйрету;
6) сурет салу, мүсіндеу, аппликация жасау барысында түрлі тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;
7) өзінің және құрдастарының жұмыстарын бағалай білуге, дайын жұмыстарын үлгімен салыстыра білугеүйрету;
8) музыканы тыңдай білуін дамыту;
9) әншілік интонацияларды қалыптастыру;
10) бейнелі қимылдарды меңгерген кезде қимылдар мен музыканың сәйкестілігін дамыту.
11-параграф. 1 - жартыжылдық
164. Сурет салу:
1) көлем, түс, нысан: заттарды көлемі, пішіні, түсі бойынша салыстыру және жіктеу; түстерді көңіл күйді беру құралы ретінде пайдалану;қағаз бетінде бағдарлау: жоғары, төмен, ортасында;сурет салар алдында заттарды белгілі бір дәйектілікте (ересектің көмегімен) зерделеу;
2) заттық сурет салу: әр түрлі бағыттағы түзу, толқынды және үзік сызықтардың суретін салу, оларды қиыстыру (лента, жолақтар, дуал); қимылды бір бағытта айналдыра жүргізу; алдын ала белдеулеу қимылын пайдалана отырып, дөңгелек пішінді заттардың (шар, доп, алма, қызанақ) суретін салу; бірнеше бөліктен құралатын пішіндері бірдей заттардың (құламайтын ойыншық) суретін салу; суреттердің жетіспейтін элементтерін салып бітіру;
3) сюжеттік сурет салу: күрделі емес сюжеттік композициялардың суретін салу; бейнені бүкіл парақ бетіне орналастыру;
4) сәндік сурет салу: сәндік өрнектерді құрастыру, жолақта қайталанатын элементтерді белгілі бір дәйектілікпен орналастыра отырып, өрнек құрау; қайталану және кезектесу (нүкте, жағынды, дөңгелек, крест, толқынды сызықтар) ырғағын беруге арналған жаттығулар; сәндік ойыншықтарды қарау, қазақ оюларының, хохлома суретінің негізгі элементтерімен таныстыру;
5) негізгі түстер туралы білімді қалыптастыру, негізгі түстерді салыстыру: қызыл, сары, көк, жасыл, қара; заттардың көлемі туралы (үлкен-кіші), заттардың пішіндері (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) туралы білімді қалыптастыру;
6) дағдыларды қалыптастыру: үстелде дұрыс отыру; оң қолмен сурет салу, сол қолмен парақты ұстау; қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстау; басу күшін реттеу; қылқаламды бояуға батыру, құтының шетіндегі артық тамшыны сүрту; майлық қағазды пайдалану.
165. Күтілетін нәтижелер:
1) заттың негізгі қасиеттері (түсі, пішіні, көлемі) туралы түсінігі бар;
2) дөңгелек пішінді заттардың суретін салады;
3) суретте заттардың қасиеттері мен сапасын бере біледі: түсі, пішіні, көлемі;
4) педагогтіңкөмегімен қағаз бетінде (жоғары, төмен, ортасында) бағдарлайды;
5) қайталанатын элементтерден сәндік өрнектерді құрастыра біледі;
6) үстелде дұрыс отырады;
7) оң қолмен сурет салады, сол қолмен парақты ұстайды;
8) педагогтің көмегімен қарындашты, қылқаламды дұрыс (үш саусақпен) ұстайды.
166. Мүсіндеу:
1) балаларды ересек адамның жасаған түрлі бұйымдарымен ойнату; мүсіндеу алдында зерделеу арқылы (заттарды сипау, негізгі бөліктерін ерекшелеу) көлемді пішінді заттарды аңғару; домалақ, сопақша пішінді заттарды зерделеу; бұйымды үлгімен салыстыруарқылы(педагогтың көмегімен); кеңістікте бағдарлау: жоғарыда, төменде;
2) негізгі түстер туралы білімді қалыптастыру: негізгі түстерді (қызыл, сары) салыстыру; заттардың көлемі (үлкен-кіші) туралы, заттардың пішіндері (дөңгелек, сопақша) туралы білімді қалыптастыру;
3) дағдыларды дамыту: пішін жасау қимылын - жаю, созу; оқтаумен жұмыс жасау және оны ұқсатып қолдану;
4) созу тәсілін пайдалана отырып, сопақша пішінді заттарды (қияр, қараөрік) мүсіндеу; басу тәсілін (еліктеу бойынша) пайдалана отырып, домалақ пішінді заттарды (алма, қызанақ) мүсіндеу; үлгі бойынша ермексаздың екі кесегімен мүсіндеу (үлкен және кішкенитай доп); үлгі бойынша мөлшері бірдей, домалақ пішінді екі бөліктен тұратын заттарды бір-біріне жапсыру жолымен мүсіндеу (құламайтын ойыншық, моншақ);
5) созылымды материалмен жұмыс жасаудың қарапайым ережелерімен таныстыруды жалғастыру: жұмысты тақтайшада ғана орындау, жеңді түру, пластилинді (қамырды, сазды) шашпау, мүсіндеуден кейін қолды жуу.
167. Күтілетін нәтижелер:
1) көлемді пішіндерді ажыратады: шар, сопақша;
2) заттарды көлемі бойынша ажыратады: үлкен-кіші;
3) негізгі түстерді ажыратады: қызыл, сары;
4) педагогпен бірге және еліктеу бойынша басу тәсілін пайдалана отырып, домалақ пішінді заттарды мүсіндейді;
5) педагогпен бірге және еліктеу бойынша созу тәсілін пайдалана отырып, сопақша пішінді заттарды мүсіндейді;
6) педагогпен бірге және еліктеу бойынша мөлшері бірдей, домалақ пішінді екі бөліктен құралатын заттарды бір-біріне жапсыру жолымен мүсіндейді;
7) педагогпен бірге мүсінделіп жасалған бұйымдармен ойнайды;
8) үстелде дұрыс отырады, жұмысты арнайы тақтайша үстіндежеңін түріп орындайды, мүсіндегеннен кейін педагогтың көмегімен қолын жуады;
9) жұмыс процесінде эмоциясын байқатады.
168. Аппликация:
1) ересектің аппликация құруға деген ұсынысына эмоционалды жағымды жауап беруге балаларды үйрету; пішіні, мөлшері, түсі әр түрлі заттарды зерделеу; қағаздың мүмкіндіктерін пайдалану: жырту, умаждау, бүктеу; қағазды текстурасы бойынша ажырату (барқыт, жылтыр, тегіс); аппликацияны шынайы нысандармен салыстыру; өзінің және басқаның жұмысын дұрыс бағалай білу, үлгімен салыстыру; бір-біріне бөгет жасамай, бірге жұмыс істей білу;
2) негізгі түстер туралы білімді қалыптастыру, негізгі түстерді салыстыру: қызыл, сары, көк, жасыл; заттардың көлемі (үлкен-кіші, орташа) туралы, заттардың пішіндері (дөңгелек, сопақша, тікбұрышты) туралыбілімді қалыптастыру;
3) заттық аппликация: қағаз бетіне қарапайым заттардың (алма, лимон, жапырақ) дайындамаларын орналастыру және желімдеу; қағаз бетіне 2-3 бөліктен құралатын таныс заттардың (машина, шырша) дайындамаларын орналастыру және жапсыру; көрсету бойынша қарапайым заттарды ("Әуе шарлары", "Қуыршақтарға арналған текшелер") қағаз бетінің барлық кеңістігіне орналастыру және жапсыру;
4) сабақ уақытында үстелде дұрыс отыру дағдыларды қалыптастыру; қылқаламды пайдалану; дайындамағажелім жағу, дайындаманы аудару; артық желімді алып тастау үшін майлықты пайдалану; қағаз бетіне дайындамаларды орналастыру және жапсыру.
169. Күтілетін нәтижелер:
1) аппликацияны орындауға берілген ұсынысты жағымды қабылдайды;
2) еліктеу бойынша қағаз бетіне 2-3 бөліктен құралатын дайын пішіндерді жапсырады;
3) көрсету бойынша қарапайым заттарды қағаз бетінің барлық кеңістігіне жапсырады;
4) заттардың мөлшері (кіші, үлкен, орташа) туралы түсінігі бар;
5) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл) туралы түсінігі бар;
6) заттардың пішіні (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш) туралы түсінігі бар;
7) қылқаламды пайдаланады, артық желімді алып тастау үшін майлықты қолданады;
8) орындалған жұмысқа қуанады;
9) аппликация жұмысы кезінде үстелде дұрыс отырады.
170. Музыка:
1) музыканы тыңдау: байыпты, көңілді музыканы мұқият тыңдай білуді қалыптастыру;
2) ән айту: таныс дыбысқа еліктеуді пайдалана отырып, ересек адамға қосылып әндету және мүмкіндігіне қарай ән салу; музыканың сүйемелдеуімен ересек адамның интонациясына еліктей, созып, көңілді әндету;
3) музыкалық-ырғақтық қозғалыстар: дағдыларды қалыптастыру: музыканың ерекшеленген ашық сипатына сәйкес қимыл, қимылды музыканың басталуымен бастау және аяқталуына қарай аяқтау; шеңбер бойымен қол ұстасып жүру; музыканың сүймелдеуімен би қимылдарын орындау; өлең және қол ұстасып шеңбер құрап жүру кезіндегі өлең мәтініне сәйкес қимылдау; алақан соғу, аяқтарын кезекпен тыпырлату және бір аяқпен нық басу, жүрелеп отыру, жалғыз және жұптасып тұрған орнында айналу;
4) музыкалық-дидактикалық ойындар: дыбыстардың дыбысталу күшіне қарай өзгеруімен танысу, балаларға арналған музыкалық құралдарды (бубен, сылдырмақ, қоңырау, дағыра) тану; өлеңді оның мәнтініне сәйкес ойын қимылдарын қоса отырып орындай білуді, шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді, қимылды педагогпен бірге музыкалық фразаға сәйкес өзгерте білуді қалыптастыру.
171. Күтілетін нәтижелер:
1) таныс өлеңдерді әуені бойынша таниды;
2) ересекке еліктей отырып, өлеңдерді әндете, көңілді айтады;
3) ересекпен бірге қарапайым би қимылдарын орындайды;
4) қимылды және шеңбер бойымен қол ұстасып жүруді ересекпен бірге өлең мәтіні бойынша орындайды;
5) музыкалық аспаптарды (бубен, сылдырмақ, қоңырау, даңғыра) таниды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет