Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту



бет13/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту


Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы күн сайын ойын түрінде балалардың түрлі әрекеттерінде іске асырылады.
Мақсаты: инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, балалардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту.
Міндеттері:
заттарды зерттеуге қызығушылықты ояту, жаңаны тануда қуана білуге, өзіне сенімділікке баулу;
қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
түрлі балалар әрекеті барысында ұстау және көру арқылы қоршаған орта заттары мен құбылыстарын зерттеу арқылы олардың санын, пішінін, шамасын, кеңістікте орналасуын, мерзімін ажырату;
командада жұмыс істей білуге дағдыландыру;
көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту.
Математика негіздері
Сан
«Көп», «бір» ұғымдары туралы түсініктерді қалыптастыру, заттардың санын ажыратуға үйрету: көп-біреу (біреу-көп), біртекті заттарды топтастыру және олардың біреуін бөліп көрсету, қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу, «Қанша» сұрағына жауап беру.
Заттарды салыстыру: заттарға қосу немесе заттардан алу тәсілдері арқылы тең және тең емес заттар тобын салыстыру, «Тең бе?», «Қайсысы артық (кем)?» сауалдарына жауап беру.
Шама
Екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, артық-кем) салыстыру. Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері арқылы салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең, ені бойынша кең-тар, бірдей, тең, биіктігі бойынша биік-аласа, бірдей, тең, жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеу.
Геометриялық фигуралар.
Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.
Кеңістікті бағдарлау.
Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтау: үстінде-астында, алдында-артында, оң-сол.
Уақытты бағдарлау.
Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.
Күтілетін нәтижелер:
«көп», «бір» ұғымдарын ажыратады;
жаңаны тануға ұмтылады, заттарды қызығып, қуанып зерттейді;
біртекті заттарды топтастырады және олардың біреуін бөліп көрсетеді;
қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табады;
тең және тең емес заттар тобын салыстырады;
екі затты белгілі өлшемі бойынша салыстырады;
ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша заттарды салыстырады;
ұстау және көру тәсілдері арқылы геометриялық фигураларды зерттейді, атайды;
өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтайды;
қарама-қарсы тәулік бөліктерін біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет