Бағдарламасы Түсіндірме жазба



бет9/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

Музыка тыңдау
Музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, оны тыңдау, дыбысталу ерекшеліктерін ажырата білу.
Баяу және көтеріңкі дыбысты, музыкалық шығармалардың сипатын ажырата білу (баяу және көңілді әндер).
Әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын ажырата білу, әртүрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу.
Музыкалық иллюстрациямен сүйемелденетін әңгімелерге қызықтыру. Кейіпкерді иллюстрациялар, әңгімелер бойынша тану және музыканы есте сақтау.
Балаларды кейбір музыкалық аспаптардың (барабан, бубен, сылдырмақ және т.б.), оның ішінде қазақ халқының ұлттық аспаптарының (асатаяк, сырнай және т.б.) дыбыстарымен таныстыру.
Ән айту
Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, жекелеген сөздер мен буындарды айту, педагогтің дауыс ырғағына, сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, ересекпен қосылып ән айту.
Әнді жеке және топпен айту, әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу.
Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімделе отырып, әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар
Музыканың сүйемелдеуімен топпен және шеңбер бойынша қол ұстасып жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру.
Қарапайым би қимылдарын орындау: қолдың білектерін айналдыру, шапалақтау және аяқты тарсылдату, жүрелеп отыру, аяқтарын қозғау, айналу;
денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу және т.б.
Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсету (қанатын жайып ұшқан құстар және т.б.), ойындар мен әндерді сахналау.
Қимылдарды заттармен: бубенмен, сылдырмақпен және т.б. орындау.
Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету арқылы ойынның бір эпизодынан келесіге өту және қимылдарды бере білу.
Күтілетін нәтижелер:
музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдайды;
музыкалық шығармалардың сипатын ажыратады (баяу және көңілді әндер);
қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын ажыратады;
педагогтің дауыс ырғағына, сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, жекелеген сөздер мен буындарды қосып айтады;
әндегі сөз тіркестерін айтады (ересектермен бірге);
музыкалық аспаптарды ажыратады (барабан, бубен, сылдырмақ, асатаяқ және т.б.);
бұрын естіген әндерді таниды;
әнде кім, не туралы айтылғанын түсінеді;
ересектердің көрсеткен қимылдарын қайталайды (шапалақтайды, аяқтарын тарсылдатады, қолдың білектерін айналдырады);
әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсетеді (қоян секіреді, құс ұшады);
музыкалық-ырғақтық қимылдарды: денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу және т.б орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет