Бағдарламасы Түсіндірме жазба



бет146/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

11-параграф. I-жартыжылдық

31. Сурет салу:


1) балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту;
2) сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру;
3) штрихтарды, сызықтарды, ырғақты қайталанатын қозғалыстарды (жаңбыр, жапырақтың түсуі, қардың жаууы), парақтың бүкіл бетінде кескіннің орналасуын сыза білуге үйрету;
4) балаларды «дәстүрден тыс» әдіспен сурет салуға үйрету – саусақтармен сурет салу (орамал, алжапқышты безендіру);
5) бояулардың ашық түстеріне эмоционалды-эстетикалық қатынасты тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
өнімді іс-әрекетке қызығушылық танытады;
мұғаліммен «бірлесіп жасауда» қылқаламмен, саусақпен штрихтармен, құбылыстарды парақтың бүкіл бетіне орналастыра отырып бейнелеуді біледі;
түстерді ажыратады, оларға эмоционалды түрде әрекет етеді;
салған суреттерінен ләззат алады, бейнені таниды.
32. Мүсіндеу:
1) мүсіндеуге қызығушылықты қалыптастыру;
2) сазбалшықтың, ермексаздың (жұмсақ, иілгіш) қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру;
3) сазбалшық, ермексазды дұрыс пайдалануды үйрену;
4) қарапайым тәсілдерді үйрету: алақан мен үстелге сүйене отырып, алақанның айналмалы қозғалыстарымен «шарларды» орау. («Таняға арналған доп», «Кірпіге алма». «Бауырсақ», «Клоунға арналған шарлар»);
5) алақанның бүкіл бетін тақтаға тіреп шарларды тегістеу, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндеу дағдыларын бекіту. («Жемістерге арналған тәрелкелер», «Шөлпек торттары», «Преник, печенье», «Марғауға арналған табақша»).
Күтілетін нәтижелер:
сазбалшықтан, ермексаздан үлгілеуге қызығушылық танытады;
сазбалшықтан, ермексаздың қасиеттері туралы түсініктері бар;
сазбалшық, ермексазбен жұмыс істеудің бастапқы дағдылары бар;
алақанның айналмалы қозғалыстарымен домалату тәсілдерін меңгереді;
жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндейді.
33. Жапсыру.
Балаларды педагогпен «бірлесіп жасау» үлгісі бойынша фланелографқа қарапайым бейнелерді салуға үйрету (көкөністер, жемістер).
Дағдыларды қалыптастыру:
қарапайым композицияларды (доп, шарлар) құрастыру және құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
үлгі бойынша фланельграфта қарапайым композицияларды сызу және құрастыруды біледі;
жасаған жұмысына қуанады.
34. Музыка.
Музыка тыңдау:
музыка тыңдауға және көңілді және байсалды сипаттағы музыкалық пьесалар мен балалар әндерін тыңдау ережелерін сақтауға қызығушылықты қалыптастыру;
тыңдалған пьесалар мен әндерге эмоционалды түрде жауап беру дағдыларын қалыптастыру; қоңыраудың, фортепианоның дыбысын тану, әртүрлі музыкалық аспаптарда таныс шағын әуендерді тыңдау;
музыкалық және қимыл-қозғалыс көрсетусіз жаңа балалар әндерін тыңдау.
Ән айту:
әнге, жеке буындармен, балалар әндерінің қысқаша сөздерімен, тақпақтармен қатар ән айтуға қызығушылықтарын қалыптастыру; ересек адаммен бірге ән айту әрекеті (сөйлеу мүмкіндіктерін ескере отырып), интонация мен созылыңқы дыбысқа еліктеу, ересектердің ән айтуына және аспапқа бейімдеу;
топпен ән айтудың бастапқы дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.
Дағдыларды қалыптастыру:
музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жасау;
пьесаның екі бөлімді формасының қимылдарын ауыстыру, басталуы мен аяқталуындағы дыбысталу күшін өзгерту (қатты-баяу);
музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру, қол ұстасып, жұптасып, шеңбермен жүру;
қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу;
әнді сахналауда қимылдардың жеке элементтерін қолдану, күрделі емес қимылдар бірізділігін есте сақтау;
бубенмен, сылдырмақпен, бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік - ойын қимылдарын бере отырып заттармен қимылдар жасау;
жаттығулар мен билерде сүйемелдейтін музыканың қарама- қарсылығына сәйкес (ақырын-қатты, жоғары-төмен, баяу – жылдам) бір қимылдардан басқаларына ауысу;
мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын беру және музыкалық сипатын беруге сәйкес ойынның бір кезеңінен келесісіне өту.
Күтілетін нәтижелер:
музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер мен пьесаларды) ажыратады;
музыкалық шығарманың мазмұнын түсініп, (кім, не туралы айтылатыны) көңіл-күйін білдіреді;
әннің бөліктерін айта алады (ересекпен бірге), ересектердің көрсеткен қимылдарын қайталайды (шапалақтайды, аяқтарымен топылдатады, қол білектерімен айналдыруды орындайды);
қимылдарды музыканың басталу сәтінен аяқталғанға дейін орындайды (қоян секіреді, көбелектер ұшады);
музыка және әннің мазмұнына қарай би қимылдарын шеңберде тұрып орындайды;
кейбір музыкалық аспаптарды атайды (барабан, бубен, сылдырмақ және басқалары).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет