Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-тарау. Ортаңғы топ (3 жастан бастап)



бет148/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

3-тарау. Ортаңғы топ (3 жастан бастап)

1-параграф. «Денсаулық» білім беру саласы


41. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.


42. Мақсаты балалардың қозғалыс белсенділігін дамыту және денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, дене жаттығуларын орындауға қызығушылықты қалыптастыру болып табылады.
43. Міндеттері:
жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, лақтыру және қағып алу, еңбектеу және өрмелеуде негізгі қозғалыс түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру;
дене белсенділігін дамыту және үйлестіру және дене жаттығуларына қызығушылық қалыптастыру;
физикалық қасиеттерді дамыту: денсаулықты нығайтуға ықпал ететін ептілік, жылдамдық, үйлестіру;
бірлескен қозғалмалы ойындарға, оң қарым-қатынас ережелеріне тарту.


2-параграф. 1-жартыжылдық

44. Дене шынықтыру.


Сапқа тұру (5 сағат).
Ширату (5 сағат):
заттарды пайдалану арқылы (доп, гимнастикалық таяқ);
заттарды пайдаланбай.
Дене қалпын қалыптастыруға арналған жаттығулар (15 сағат):
аяқтың ұшымен жүру, қолды бастың артында, шынтақты бүйірге қарату, жауырындарды біріктіру;
қабырғаға бастың артқы жағымен және арқаны тигізіп отыру.
Жалпақ табанның алдын алуға арналған ойындар мен жаттығулар (15 сағат):
аяқтың саусақтарын екі жаққа бұра отырып, қабырғалы жолмен жүру;
орындықта отырып гимнастикалық таяқшаны табанмен домалату.
Доппен қол-көз координациясын қалыптастыруға арналған жаттығулар (15 сағат):
әртүрлі ойындар арқылы бір-біріне доп лақтыруға жаттықтыру;
допты тұрып домалатуға жаттықтыру: қол, аяқ;
футбол ойнаудың негізгі дағдыларын үйрену.
Спорттық жаттығулар:
1) шанамен сырғанау. Бір-бірін аласа төбеден сырғанату дағдыларын қалыптастыру;
2) сырғанау. Ересектердің қолдау көрсетуі арқылы, мұз жолдарымен сырғанау дағдыларын қалыптастыру;
3) велосипед тебу. Велосипед тебу дағдыларын қалыптастыру;
4) жүзуге дайындық. Суға түсу және сүңгу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары:
тыныс алу жүйесін дамытуға арналған жаттығулар (5 сағат).
Күтілетін нәтижелер:
сапқа тұруды білу;
ересек адамның бұйрықтарын орындау;
заттарды қолданбай, заттарды пайдалана отырып, арқаның және іш бұлшықеттерін нығату үшін қозғалыстарды орындайды;
бірінен соң бірі қозғалатын сапта ересек адамның пәрменімен табанның дамуына арналған қозғалыстарды орындайды;
заттардың көмегімен аяқты дамытуға арналған қозғалыстарды орындайды;
дұрыс дене қалпын дамыту жаттығуларын орындайды;
заттарды пайдаланып қимылдарды орындайды;
эстафеталық жарыстарға қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет