Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері



бет162/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

3-параграф. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

124. Мақсаты – өзін-өзі тануға және өз денсаулығына ұқыпты қарауға жағдай жасау, күнделікті өмірде, қоғамда, табиғатта қауіпсіз мінез-құлық туралы алғашқы түсініктерді және оларды өмірде өз бетінше қолдана білуді қалыптастыру.


125. Міндеттері:
баланың әлеуметтік тәжірибесін байыту: құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынаста, мінез-құлық мәдениетінде, адамгершілік нормалары мен ережелерін түсініп, меңгеруде, өз іс-әрекетін бағалауда, еңбекке қатынасында; баланың Мен бейнесінің, Мен-позициясының пайда болуын ынталандыру;
эмоционалдық сфераны дамыту, өзін-өзі тану, өз эмоциясын білдіру және басқа адамдардың эмоционалдық көріністерін әртүрлі белгілері бойынша (мимика, пантомима, интонациясы) тану қабілеттерін меңгеру;
өзін-өзі тануға қызығушылықты дамыту, баланың өз денесінің жұмысы туралы ойлануға, оның күрделі құрылымын сезінуге және жақсы түсінуге, дұрыс тамақтанудың, белсенді өмір салтын ұстанудың, жеке бас гигиенасын сақтаудың, адамдарға деген құрметтің маңыздылығын сезінуге баулу;
тиімді қарым-қатынас жасай білуге үйрету, топ өміріне қосу, құрдастарымен және ересектермен оң қарым-қатынаста тәжірибе жинақтау, әртүрлі өмірлік жағдайларда үлкендерден көмек сұрау;
адам және табиғат әлемі үшін ықтимал қауіпті жағдайларға сақтықпен абайлап қарауды қалыптастыру, қарапайым өзін-өзі бақылау және мінез-құлқы мен әрекетін өзін-өзі реттеу дағдыларын меңгеру, қауіпті жеңу үшін өз мүмкіндігін бағалауды үйрену;
экологиялық мәдениеттің жіне табиғатта қауіпсіз мінез-құлықтың негіздерін, табиғатты құрметтеуді қалыптастыру;
үйде, балабақшада қауіпсіздікті қамтамасыз ететін білімдерін күнделікті өмірде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың мазмұны:
«Үйдегі бала» - жылдың әр мезгілінде ойын кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін қалыптастыру. Тұрмыстық техникамен қауіпсіз жұмыс істеу туралы білімдерін дамыту. Ересектер мен құтқару қызметінен көмек сұрау қабілетін дамыту. Қажет болған жағдайда өзі туралы ақпаратты жеткізе білу қабілетін дамыту. Балалардың өз қауіпсіздігі туралы ұғымын түсіну қабілеті.
«Бала және денсаулық» - салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз денсаулығын қадағалай білу, жаттығулар жасау, жуыну, қол жуу. Дұрыс тамақтану және өзіне, өз денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
«Бала қала көшелерінде» - балалардың көше құрылысы туралы білімдерін жүйелеу. Жол белгілері туралы білімдерін кеңейту. ҚР ІІМ жол полициясының, жол полициясы қызметкерлерінің жұмысы туралы түсінік беру. Балаларды жолда жүру ережелерін сақтауға ынталандыру. Көшеде және қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстау мәдениетін тәрбиелеу.
«Бала және табиғат» - табиғатқа мұқият, ұқыпты қарау керектігі туралы айту, мемлекеттің қоршаған ортаны сақтауға бағытталған қызметі туралы түсінік беру.
«Әлеуметтік-эмоционалдық даму» баланың балабақшадағы бүкіл өмірі мен барлық қызметінде жүзеге асырылады:
күнделікті өмірде балалардың бір-біріне назарын аудару арқылы мінез-құлқының әлеуметтік маңызды мотивтерін дамыту үшін: басқаларды түсіну, оған көмектесу, қамқорлық көрсету, келісу және т.б.;
экскурсиялар барысында және әртүрлі өмірлік жағдайларды, адамдардың іс-әрекетін мақсатты түрде бақылау кезінде;
қоршаған ортамен таныстыру және сөйлеуді дамыту сабақтарын өткізу барысында;
мектепке дейінгі мекеменің әр түрлі мамандары (педагог-дефектолог, тәрбиешілер, педагог-психолог, музыка жетекшісі, логопед) өткізетін өзі, айналасындағы ересектер мен құрбылары туралы түсініктерін дамытуға, өзара әрекеттесу құралдарды меңгеруге бағытталған арнайы ойындар мен жаттығулар процесінде;
қоғамдық қатынастарды түсіну, ажырату және үлгілеу іс -әрекеттің мақсаты мен құралы болып табылатын рөлдік ойындар мен драматизациялық ойындарды оқыту процесінде;
жапсыру, аппликация, сурет салу, құрастыру процесінде олардың мазмұнының әлеуметтік бағыттылығын күшейту арқылы;
психолог жүргізетін психокоррекциялық сабақтарда, ойын тренингтерінде, ол кезде балалар негізгі эмоциялармен танысады, өз сезімдерін білдіруге және басқа адамдардың сезімін тануға үйренеді, тиімді қарым-қатынас дағдыларын - ынтымақтастық дағдыларын игереді.
Сабақтар интеграциялық (музыка, өнер, би-қозғалыс, ойын терапиясының элементтерін қосу), жүйелілік пен сабақтастық принциптері негізінде құрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет