Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. II-жартыжылдық



бет181/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

2-параграф. II-жартыжылдық

184. Көру қабылдау мен зейінді дамыту:


1) вертикалды жазықтықта қозғалып келе жатқан объектінің артына басын бұру және көзбен қарау арқылы бақылау;
2) затты көзбен қарап іздеу, құлап бара жатқан затты көз қарау аркылы бақылау;
3) ересек адамның алдымен заттарсыз, кейін заттармен (ойыншықтармен) жасалған әрекеттеріне еліктеп жаңғырту;
4) өзге заттардың арасынан таныс заттарды тану (ойыншығын табу),
5 педагог атаған ойыншықты көрсету;
6) заттармен қарапайым әрекеттерді орындау: үлкенді-кішілі сақиналарды сырыққа тігу;
7) заттарды көлемі бойынша салыстыру: қос ұялы қуыршақты жинастыру;
8) біртекті заттарды екі топқа бөлу: пішіндері бірдей өлшемдері екі түрлі затттардан;
9) «сондай», «ондай емес», «үлкен», «кіші» ұғымдарын қалыптастыру;
10) нысандарды пішіні бойынша салыстыру: әртүрлі пішіндегі бөлшектерді оларға сәйкес тесіктерге итеріп кіргізу;
11) түсі бойынша күрт айырмашылығы бар біртекті заттарды екі топқа бөлу;
12) түсті ажырату: қызыл, сары, көк;
13) таныс ойыншықтардың олардың бейнесімен сәйкестендіру;
есту қабілеті мен зейінін дамыту:
1) көрінбейтін дыбыс көзін табу; кеңістіктегі орны өзгеріп тұратын көзге көрінбейтін дыбыс көзін табу;
2) ойыншықтың дыбыс күшін ажырату және жаңғырту: қатты және ақырын шыққан дыбыстар;
3) екі немесе үш музыкалық аспаптың дыбысын ажырату;
4) белгілі бір аспаптың дыбысына әрекетпен жауап беру;
5) дыбыс еліктеулерді ажырату, дыбыстытарды мен оларға сәйкес ойыншықтармен теңдестіру;
6) дыбыстарды нақты бейнелермен сәйкестендіру;
тактильді-моторлы қабылдауды дамыту:
1) басу, түрту, қытықтау орнын көзбен көрмей анықтау;
2) әртүрлі заттарды: саңылаулармен, тісжегімен, бұрыштармен және т.б саусақтарымен сипалап зерттеу;
3) бет түрлі қасиеттерін айыру: тікенді, тегіс, жұмсақ, қатты;
4) сусымалы материалда жасырылған таныс заттарды табу;
5) еліктеу практикалық әрекеттері арқылы көлемді пішіндерді (шар, текше) ажырату;
6) заттардың көлемін (үлкен, кіші) сипалау арқылы қабылдау;
7) өзара байланысты тура және кері әрекеттерді орындауға үйрету (шығарып жаю-жинау, алып шығару- салып кіргізу, орнын ауыстыру).
Күтілетін нәтижелер:
түстерді салыстырады сәйкестендіреді (қызыл, сары, көк);
заттардың көлемін ажыратады (үлкен-кіші);
сипалау арқылы геометриялық пішіндерді (шар, текше) ажыратады;
заттарды зерттеп қарауда әртүрлі сезімталдық түрлерін қолданады;
жақын қоршаған орта объектілерін көзбен таниды;
таныс ойыншықтардың бейнесін затпен салыстып сәйкестендіреді;
екі-үш музыкалық аспаптың дыбысын ажыратады;
ойыншықтармен әрекеттерді орындайды (шығарып жаяды-жинайды, алып шығарады- салып кіргізеді, орнын ауыстырады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет