Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. II-жартыжылдық



бет141/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

3-параграф. II-жартыжылдық

13. Дене шынықтыру.


Сапқа тұру (5 сағат):
1) спорт залында өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету;
2) үлкендердің бұйрығын орындауға үйрету.
3) бағанға бір-бірден, саппен, шеңбер болып тұруды, сапқа тұру кезінде өз орнын табуды үйрету.
Ширату (5 сағат):
Аяқ бұлшықеттерін нығайтуға арналған жаттығулар (20 сағат):
1) төрт тағандап тұрып аяқты бір жаққа бұру; аяқты артқа көтеру, аяқты артқа жылжыту.
Табанның дұрыс дамуына арналған жаттығулар (25 сағат):
1) көлбеу орындықпен, қырлы жолдармен жүру, аяқ ұшын басқа жаққа бұрып, гимнастикалық таяқпен жүру;
2) гимнастикалық таяқшаны аяқ саусақтарымен табанның ортасына қарай тарта отырып, еденде отыру жаттығулары.
Қол-көз координациясын қалыптастыруға арналған доппен жаттығулар (20 сағат):
1) әртүрлі ойындар арқылы бір-біріне доп лақтыруға жаттықтыру;
2) допты домалатуға жаттықтыру: қолмен, аяқпен;
Тепе-теңдікті дамыту жаттығулары (25 сағат):
1) жүрудің әртүрлі тәсілдері түріндегі жаттығулар (қазды адыммен, өкшемен, саусақпен және т.б.);
2) құрал-жабдықтарды пайдалана отырып жаттығулар (орындықта жүру, белгілер бойынша және т.б.).
Арқа және аяқ бұлшықеттерін созуға бағытталған жаттығулар (15 сағат):
1) аяқты тік ұстап еңкею, аяққа қол жеткізу, тұрған қалыпта орындайтын жаттығу.
2) еденде жатып «бүктеу» жаттығулары «складка»
Қолданбалы жаттығулар (25 сағат):
1) еңбектеу, өрмелеу, өрлеу, жорғалау;
2) жүгіру, секіру, бүйірден жүгіру.
Тыныс алу жүйесін дамытуға арналған жаттығулар (5 сағат):
1) К.П. Бутейко – әдісті бойынша тыныс алу, отырған қалыпта үйренген жөн.
Дербес қимыл белсенділігі.
Ересек адам көрсеткендей кейбір қимылдарды орындау, қозғалыс белсенділігіне оң эмоционалдық қатынасты көрсету, бұрын игерілген қозғалыстарды өз бетінше жаңғыртуға ұмтылу.
Спорттық жаттығулар:
1) шанамен сырғанау: баланы ересек адамның сырғанатуы; шана үстінде отырып, төмен төбешіктен сырғанау, шананы жіппен сырғанату, бала мен ойыншықтарын шанамен сырғанату, бір-бірін сырғанатуға тырысу;
2) талакар-машинамен сырғанау: "талакарға" отырғызу, одан ересек адамның қолдауымен және қолдауынсыз шығу, өз бетінше қозғалу әрекеттері, ересек адамның көмегімен және өз бетінше рульді басқару;
Күтілетін нәтижелер:
сапқа тұрады;
ересек адамның бұйрығын түсінеді және орындай алады;
табанды дамуға арналған қозғалысты орындайды;
аяқ пен қол бұлшықеттерін нығайтуға арналған қимылдарды орындайды;
көру-моторлық координациясының бастапқы дағдыларын меңгерген.

Параграф 4. «Қатынас» білім беру саласы


14. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны «сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет» ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.


15. «Қатынас» білім беру саласының мазмұны сөйлеу қарым-қатынасына қажеттілікті қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, енжар және белсенді лексиканы, тілдің грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетті, басқа білім беру салаларын біріктіру арқылы баланың үйлесімді сөйлеуін жетілдіру үшін жағдай жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет