Бағдарламасы Түсіндірме жазба



бет140/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

2-параграф. I-жартыжылдық

12. Дене шынықтыру.


Негізгі қозғалыстар.
Сапқа тұру (5 сағат):
1) спорт залында өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету;
2) үлкендердің бұйрығын орындауға үйрету.
3) бағанға бір-бірден, саппен, шеңбер болып тұруды, сапқа тұру кезінде өз орнын табуды үйрету.
Ширату (5 сағат):
1) орнында саппен жүру, қолмен қимыл жасай отырып, бір-бірінің артынан шеңбермен жүру;
2) шынтақты бүгу, түзу қолмен солға, оңға бұрылу жаттығулары;
3) алға, солға, оңға қарай еңкейіп орындайтын жаттығулар;
Дене қалпын қалыптастыруға арналған жаттығулар (25 сағат):
1) Швед қабырғасын тірей отырып, заттармен тіреусіз тұру жаттығулары;
2) «мысық-ит» ойынындағы жаттығулар төрт тағандап тұру (арқаны бүгу, жазу).
Табанның дұрыс дамуына арналған жаттығулар (20 сағат):
1) аяқтың саусақтарымен тұру, қолды жоғары көтеріп, саусақпен жүру;
2) өкшемен жүру, қолды еркін ұстау;
3) аяқтың саусақтарын қысып, еденде отырып орындайтын жаттығулар.
Қол-көз координациясын қалыптастыруға арналған доппен жаттығулар (20 сағат):
1) қарама-қарсы отырып допты бір-біріне лақтыру, допты серігіне домалату;
2) түрлі доп ойындарын қолдану.
Арқа бұлшықеттерін күшейтуге арналған жаттығулар (20 сағат):
1) еденде жатып, ішпен жату қалыпта, түзу қолдар мен аяқтарды бір уақытта көтеру жаттығулары.
Қол-көз координациясын қалыптастыруға арналған доппен жаттығулар (20 сағат):
1) әртүрлі ойындар арқылы бір-біріне доп лақтыруға жаттықтыру;
2) допты домалатуға жаттықтыру: қолмен, аяқпен;
Арқа және аяқ бұлшықеттерін созуға бағытталған жаттығулар (20 сағат):
1) аяқты тік ұстап еңкею, аяққа қол жеткізу, тұрған қалыпта орындайтын жаттығулар.
Тыныс алу жүйесін дамытуға арналған жаттығулар (2,5 сағат):
1) К.П. Бутейко – әдісті бойынша тыныс алу, отырған қалыпта үйренген жөн.
Күтілетін нәтижелер:
сапқа тұруды, үлкендердің бұйрығымен бірінен соң бірі қозғалуды біледі;
ересек адамның бұйрығын орындай алады;
негізгі қозғалыстардың әртүрлі түрлерін меңгерген: жүру, жүгіру, өрмелеу, секіру, тепе-теңдік;
арқаның, іштің бұлшықеттерін нығайту үшін қозғалыстарды орындайды;
спорттық жаттығуларды орындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет