Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. «Таным» білім беру саласы



бет158/188
Дата09.05.2023
өлшемі1,17 Mb.
#91414
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   188
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)

7-параграф. «Таным» білім беру саласы

94. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны математика негіздері, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.


95. Мақсаты – сенсорлық стандарттар жүйесін дамытуға ықпал ететін қабылдау әрекеттері мен бағдарлау іс-әрекетін қалыптастыру, балалардың салыстыру, ара қатынастарын орнату, әртүрлі жиынтықтар мен жиынтық элементтер арасында сәйкестікті орнату дағдыларын дамыту, қоршаған әлеуметтік, заттық және табиғи ортасына танымдық қызығушылықтарын дамыту; жобалау-құрастыру процесіне, құрылыс материалдарымен ойындарға қызығушылықты қалыптастыру.
96. Міндеттері:
көру, есту, тактильді-қозғалыс қабылдауды және зейінді дамыту;
жеке заттарды жалпы фоннан бөлек шығарып, қабылдауға үйрету;
бағдарлаудың ізденіс әдістерін қалыптастыру: тәжірибелік немесе ойын әрекеттерінде сынау, өлшеу тәсілдерін қолдану ;
көрнекілік-бейнелеу ойлауды дамыту;
беске дейін санау, бес шамасында жиындармен түрлі операцияларды жасауға үйрету (есептеу, салыстыру, түрлендіру);
көрнекі материалдар негізінде бес шамасынада арифметикалық есептерді шығаруға үйрету;
қарапайым өлшеу дағдыларын қалыптастыру: шартты өлшем арқылы созылымды қою, сусымалы және сұйық денелерді өлшеуді, өлшеп бөлуді және салыстыруды үйрету;
геометриялық фигуралар туралы түсініктерді қалыптастыру;
заттардың шамасы, көлемі туралы түсініктерін қалыптастыру;
кеңістіктік және уақыттық түсініктерді қалыптастыру;
құрастырмалы-ағытпалы ойыншықтардан құрастыруға, оларды үлгі бойынша жинауға, заттың тұтас бейнесін қалыптастыруға үйретуді жалғастыру;
ауа райының жағдайы туралы түсініктерді қалыптастыру;
көкөністер мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту.


8 - параграф. I-жартыжылдық

97. Математика негіздері:


1) жиындар: жиыннан 2-3 белгілі заттарды еліктеу, үлгі, педагогтың ауызша тапсырма бойынша бөліп шығару; жиындармен 5 санның шамасында операциялар жасау (қосу, азайту, теңдестіру), үздіксіз жиындарды түрлендіру (тең еместерді тең ету және керісінше); сұйық және сусымалы денелер санының ыдыстардың көлемі мен пішінінен тәуелді еместігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) саны, санау: заттарды 5-тің шамасында санап шығу, қорытынды санын айту және саусақпен көрсету; сандық көрсеткіштің заттардың түсіне, өлшеміне, кеңістіктік орналасуына тәуелді емес екені туралы түсініктерді қалыптастыру; біріктіру (қосу), бөлу, нәтижесінде қанша зат болғанын (қалғанын) санау арқылы анықтау; түстері, шамасы түрлі, әр жерде орналасқан саны 3-тен аспайтын заттарады санау; жетпейтін затты қосу немесе артық затты алу арқылы екі топ заттардың санын теңдестіру; әр түрлі тексеру әдістерін қолдана отырып, есептеу негізінде суретте көрсетілген және қашықтықта орналасқан саны 5-ке дейінгі объектілердің екі топты саны бойынша салыстыру; теңдік туралы білімді екі жолмен қалыптастыру: кіші топқа қосу немесе үлкен топтан бір затты алып тастау және «Қанша болды?», «Қанша қалды?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы; сандарды ретімен айтып және соңғы санды атап, «Барлығы қанша?» сұрағына жауап беру; 5 санының құрамы; 5-ке дейінгі цифраларымен танысу; түрлі талдағыштардың (көру, есту, сипап-сезу) көмегі негізінде санау дағдыларды дамыту, 5-ке дейін тура және кері санауды жаттықтыру;
3) шама: белгілі қасиеті бар заттардан топ құрастыру; заттарды ұзындығы, биіктігі, жуандығы бойынша салыстыру: ұзын-қысқа, ұзындығы бірдей; биік-аласа, жуан-жіңішке, жуандығы бірдей; шамасын салыстыру кезінде қабаттасуды және тұстастыру әдістерін қолдану;
4) геометриялық фигуралар: геометриялық фигураларды ажырату: шеңбер, шаршы, үшбұрыш; геометриялық денелерді ажырату (куб, шар, призма); геометриялық фигураларды түрлендіру, бөліктерден құрастыру; геометриялық фигураларды жалпы көрсеткіштер бойынша салыстыру (шеңбер, бұрышты);
5) қағаз парағының жазықтығында бағдарлау: «жоғарыда», «төменде», «ортада», «солға», «оңға»; кеңістіктік түсініктерді қалыптастыру: «алға», «артқа», «жақын», «алыс», «үстінде», «астында», «қасында», «артында»;
6) уақыт бойынша бағдарлау: жыл мезгілдері (күз, қыс, көктем, жаз) туралы білімдерін, уақыттық түсініктерін (бүгін, кеше, ертең, алдымен, содан кейін); тәулік мезгілі түсініктерін (күн, түн, таңертең, кеш) қалыптастыру;
Күтілетін нәтижелер:
санауда әр затқа саусақпен қөрсетіп, заттарды 5-ке дейін санап шығады, қорытынды санын атайды (көрсетеді);
біртекті және әртекті заттар жиындысынан заттарды белгілі саны бойынша бөліп шығарады, ересектің талабы бойынша санау арқылы санын тексереді;
санына негізделіп, зат топтарын салыстырады: «артық» және «жетпейтін» зат;
еліктеу немесе ауызша тапсырма бойынша жиындарды қосады, азайтады, теңдестіреді;
қағаз парағының жазықтығында бағдарлай алады: «жоғарыда», «төменде», «ортада», «солға», «оңға» ұғымдарын ажыратады;
кеңістіктік түсініктерді қалыптастыру: «алға», «артқа», «жақын», «алыс», «үстінде», «астында», «қасында», «артында»;
геометриялық фигураларды ажыратады: шеңбер, шаршы, үшбұрыш;
геометриялық фигураларды бөліктерден құрастырады;
заттарды ұзындығы, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырады;
уақыттық түсініктерін меңгерген: күн, түн, таңертең, кеш, бүгін, кеше, ертең.
98. Құрастыру:
1) үлгі негізінде практикалық әрекеттерді жасау арқылы заттарды түсі, пішіні, шамасы бойынша салыстыруға уйрету; құрылыстарды түрлі құрылыс материалдарынан жасау; құрылыстар мен нақты объектілер және олардың суреттерімен салыстырап, арасындағы қатынасты орнату; негізгі түстер, заттарды шамалары туралы; заттардың пішіні туралы (текше, кірпіш, тілімше, призма, цилиндр), ағаш, пластмасс құрылыс материалдарының қасиеттері туралы білімді бекіту; құрылыс материалдар бөлшектерін беттестіру, тұстастыру, бір-біріне тақап қою, екі бөлшекті үшіншісі арқылы қосу тәсілдерді қолдану дағдыларын бекіту; қарапайым жабындар жасау, конструктор бөлшектерін жазықтықта горизонталды, қатарымен, вертикалды орналастыру.
2) құрылыс материалдарынан құрастыру: үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды жасауда бір құрылысқа түрлі құрылыс материалдарын пайдалану; құрылыс кешееліктеу, үлгі бойынша, еліктеу бойынша құрылыс жинақтың бөлшектерінен құрастыру; бір объектінің әртүрлі нұсқаларын салу; қажетті өлшемге сәйкес, әртүрлі көлемдегі құрылыстарды жасау; құрылыстармен ұжымдық және жұппен ойнау;
3) затсыз құрастыру:бекітілген жылжымайтын нысанға қатысты құрылыс жиынының 3 элементін (үстінде, астында, бір-бірінің қасында), алдымен бір элементті, содан кейін 2 элементті үлгі бойынша жылжыту; жазық үлгілер бойынша объектілер арасындағы кеңістіктік қатынастарды модельдеу (балалар үлгіні көлемді материалға шығарады);
4) таяқшадан құрастыру: мұғалімнің берген фигураларының атауына сәйкес таяқшалардан геометриялық фигураларды жасау; ойша елестеу бойынша таяқшалардан қарапайым құрылымдарын орындау;
5) құрастырмалы-ағытпалы ойыншықтарды құрастыру: 2-3 бөліктен тұратын кеспелі суреттерді жинау; текшелерден суретті жинау (4 бөлік);
6) қағаздан құрастыру: тіктөртбұрышты қағаз парағын бұрыштары мен жақтарын қиыстырып екіге бүктеуге үйрету, бөлшекті негізгі формаға жабыстыруды үйрету; парақтарды көлемді пішіндерге, кесектерге, спиральдарға, ілмектерге түрлендіру дағдыларын қалыптастыру.
7) табиғи, қалдық материалдан құрастыру: табиғи материалдан әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасау.
Күтілетін нәтижелер:
құрылыстарды жасауға және олармен ойынауға қызығушылық танытады;
игерілген дағдыларды пайдалана отырып, құрылыс материалы мен таяқшалардан қарапайым құрылыстарды жасайды;
құрылыс бұйымдарын жасауда объектілердің көлемін ескереді;
бір объектінің әртүрлі құрылыс нұсқаларын жасайды;
таныс құрылыстарды таниды және көрсетеді;
таяқшалардан геометриялық пішіндерді жасайды;
кеңістіктік қатынастарды ажыратады: жоғары-төмен, алдыңғы-артқы;
2-4 бөліктен тұратын кесілген тақырыптық суреттерді жинайды;
қағаздан, табиғи материалдан қолөнер бұйымдарды жасайды;
жасаған құрылыс бұйымдарды ойынға пайдаланады.
99. Жаратылыстану:
1) тірі және өлі табиғаттың заттары мен құбылыстары: өлі табиғат объектілері (су, жер, ауа, күн) туралы білімдерін қалыптастыру; табиғат құбылыстары (жаңбыр, қар, жел, тұман) туралы түсініктерін қалыптастыру; жыл мезгілдері (көктем, жаз, күз, қыс) туралы, олардың қарапайым белгілері; табиғатты, элементарлық өзгерістерді бақылау дағдыларын дамыту; ауа райының жағдайы (күн ашық, бұлтты, жаңбырлы, аязды) туралы түсініктерін қалыптастыру; табиғат күнтізбесі бойынша бақылау нәтижелерін белгілей білу; тірі және өлі табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу; күз, қыс мезгіліндегі адамдардың іс-әрекетін бақылау дағдыларын қалыптастыру;
2) өсімдіктер әлемі: көкөністер туралы; жемістер мен жидектер туралы түсініктерді кеңейту; көкөністер мен жемістерден, жидектерден жасалған тағамдармен танысу; көкөністер мен жемістер өсетін орындармен (бақша, бақ) танысу; бөлме өсімдіктері туралы білімді қалыптастыру; жабайы өсімдіктер туралы түсініктерді қалыптастыру; жақын жерде өсетін ағаштармен, бұталармен танысу; ағаштың құрамдас бөліктері (жапырақтары, бұтақтары, діңі) туралы білімді қалыптастыру;
3) жануарлар әлемі: үй жануарлары мен олардың төлдері туралы түсініктерін кеңейту; құс және балапандармен таныстыру; жабайы аңдар, сыртқы түрі, қозғалыс тәртібі, күз мезгіліндегі қоректенуі (сыртқы түрі, мекендеу ортасы, баспанасы, қоректенуі) туралы түсініктерін кеңейту және оларды қысқа дайындау; қыстап қалатын және қоныс аударатын құстар туралы білімдерін, оларды ажыратып, атай білуге ​​қалыптастыру; жәндіктермен танысу; табиғат бұрышындағы тірі объектілерді күтуге арналған құрал-жабдықтар туралы білімдерін қалыптастыру; табиғаттағы қарапайым мінез-құлық ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
тірі және өлі табиғат қа ұқыпты қарау;
өлі табиғат объектілері (су, жер, ауа, күн) туралы түсініктері бар;
табиғат құбылыстары (жаңбыр, қар, жел, тұман) туралы түсініктері бар
жыл мезгілдерін ажыратады;
ауа-райының өзгеруін байқайды;
кейбір көкөністер мен жемістерді ажыратады;
кейбір ағаштар мен олардың құрамдас бөліктерін ажыратады;
кейбір үй жануарлары мен құстарды және олардың балапандарын атайды немесе көрсетеді;
мұғалімнің көмегімен кейбір жәндіктерді ажыратады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет