13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 180. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны - әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу (шаруашылық-тұрмыстық еңбек, қол еңбегі) ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
181. Мақсаты жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын жалпы адамзаттық норма мен ережелер негізінде қалыптастыру болып табылады.
182. Міндеттері:
1) ересектердің еңбегі туралы білімді, құрдастырымен және ерсесектермен өзара қатынас ережелері туралы білімді байыту;
2) құрдастарымен өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыру;
3) нақты бір жағдайға: орындыққа отыру, сабақта отыру, өзінің төсегіне жату, серуенге шығарда киімін өзінің шкафынан алуға және салуға қатысты барабар тәртіпті қалыптастыру;
4) басқа баланың әрекеттерін және бірнеше құрдастарының ойынын бақылауға үйрету;
5) құрдасына эмоционалды жағымды ниет көрсетіп, онымен бірге әрекеттенуге үйрету;
6) ересектердің еңбектері туралы түсінікті қалыптастыру;
7) ересектердің тапсырмаларын орындауға үйрету;
8) еңбек әрекетіндегі белсенділікті дамыту;
9) ересектердің еңбегін құрметтеу сезімін тәрбиелеу;
10) бұйымдарды өз қолымен жасауға деген қалау мен қызығушылықты дамыту;
11) балалардың ірі, ұсақ қимыл-қозғалыстарын, сөйлеу тілін дамыту.
14-параграф. 1 - жартыжылдық 183. Шаруашылық-тұрмыстық еңбек:
1) шамасы жететін еңбек әрекеттерін орындау; жеке тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру;
2) өзіне-өзі қызмет көрсету (сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салу және шешу); барлық әрекеттерді еліктеу бойынша немесе ересектің жартылай көмегімен орындау; асхана бойынша кезекшілік туралы түсінікті қалыптастыру;
3) ересектердің (тәрбиешінің көмекшісі, аула тазартушы) еңбегін бақылау; ерсектердің еңбегіне құрметпен қарау;
4) өзін әрекеттену субъектісі ретіндегі түсінікті, өзінің эмоцианалды жағдайы туралы, өзінің қажеттілігі, қалауы, қызығушылығы туралы түсініктерді қалыптастыру;
5) нақты бір жағдайға: орындыққа отыру, сабақта отыру, өзінің төсегіне жату, серуенге шығарда киімін өзінің шкафынан алуға және салуға қатысты дағдыны қалыптастыру;
6) қуыршақты жуындыруға, шешіндіру мен киіндіруге, ойыншық ыдыстармен дастарқан дайындауға, қуыршақтың төсегін салуға байланысты ойын әрекеттерінің дәйекті тізбегін орындау дағдыларын қалыптастыру.
184. Күтілетін нәтижелер:
1) ересектің көрсетуі және орындау мысалы бойынша қарапайым еңбек тапсырмаларын (алып кел, жина, орнына қой) орындайды;
2) жай мен ауланы жинау үшін қажетті құралдарды көрсетеді;
3) топ бөлмесіндегі тазалықты сақтай біледі: ойыншықтарды орнына жинайды және жуады, оларды орындарына қояды;
4) асханадағы кезекшілік туралы түсінігі болады;
5) ересектің басшылығымен қуыршақты жуындырады, шешіндіреді және киіндіреді, ойыншық ыдыстармен дастарқан жаяды, қуыршақтың төсегін салады;
6) ересектің жартылай көмегімен сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салады және шешеді;
7) өзінің эмоционалды жағдайын, қалауын, қажеттілігін ым-ишарат, мимика арқылы білдіреді;
8) ересектің жартылай көмегімен орындыққа отырады, сабақта отырады, өзінің төсегіне жатады, серуенге шығарда киімін өзінің шкафынан алады және салады.
185. Қол еңбегі:
1) қағаздың әртүрлі түрлері туралы түсінікті қалыптастыру; қалдық материалдар (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) туралы түсінікті қалыптастыру;
2) ересектің әртүрлі материалдардан бұйым жасаған кездегі еңбегін бақылау; ересектің еңбек әрекетіне, бұйымдарына деген қызығушылықты дамыту;
3) құрлымы әртүрлі қағазды көру-жанасу арқылы қабылдауды дамыту.
186. Күтілетін нәтижелер:
1) қағаздың әртүрлі түрлері туралы, қалдық материалдар (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) туралы түсініктері болады;
2) қағазды, тастайтын материалды ажыратады;
3) ересектің әртүрлі материалдардан бұйым жасауын бақылайды.