Байланысты: үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша (1)
15-параграф. 2 - жартыжылдық 187. Шаруашылық-тұрмыстық еңбек:
1) практикалық еңбек дағдыларын қалыптастыру; ұжымдық тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру;
2) еңбек тапсырмаларын орындау, бір-біріне көмектесу дағдыларын қалыптастыру; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету;
3) ересектердің тапсырмасын (асханадағы кезекшілік) орындау дағдыларын қалыптастыру);
4) ересектің жартылай көмегімен сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салу және шешу икемділігін қалыптастыру;
5) ересектердің (медбикенің) еңбегін бақылау.
188. Күтілетін нәтижелер:
1) еңбектік тапсырмаларды педагогтың сөздік нұсқауы бойынша орындайды;
2) ұжымдық тапсырмаларды орындайды - ойыншықтары бар сөрелердің шаңын сүртеді, қуыршақтың киімін жуады, ересектермен бірге үлескедегі қоқыстарды жинайды, жаппаның ішіндегі ойыншықтарды жинайды;
3) кезекшілердің міндеттерін орындайды - нан салғышты, майлық қағаз салғышты, ас ішетін құралдарды қояды;
4) ересектің жартылай көмегімен сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салады және шешеді;
5) ересектің сөздік нұсқауы бойынша киімдерін шкафтағы өз орындарына салады;
6) педагогтың басшылығымен қарапайым тапсырманы және әрекетті орындайды;
7) денсаулықты күту үшін медбикенің жұмысының маңызы туралы ("Аурухана" сюжеттік-рөлдік ойын арқылы) түсінігі болады.
189. Қол еңбегі:
1) қағаздың әртүрлі түрлері туралы түсінікті қалыптастыру;
2) қалдық материалдар (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) туралы түсінікті қалыптастыру;
3) табиғи материалмен (бүр, емен жаңғағы, жапырақ, тұқым, жаңғақтардың қабығы, жеміс сүйектері) танысу;
4) ересектің әртүрлі материалдардан бұйым жасаған кездегі еңбегін бақылау;
5) құрлымы әртүрлі қағазды көру-жанасу арқылы қабылдауды дамыту;
6) ересектің еңбек әрекетіне, бұйымдарына деген қызығушылықты дамыту.
190. Күтілетін нәтижелер:
1) қағаздың әртүрлі түрлері туралы, қалдық материалдар (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) туралы, табиғи материалдар (бүр, емен жаңғағы, жапырақ, тұқым, жаңғақтардың қабығы, жеміс сүйектері) туралы түсініктері болады;
2) қағазды, қалдық материалды, табиғи материалды ажыратады;
3) ересектің әртүрлі материалдардан бұйым жасауын бақылайды.