Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Кіші топ (2 жастағы балалар)



бет7/190
Дата09.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#100076
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   190
Кіші топ (2 жастағы балалар)


Физикалық қасиеттерді дамыту


Физикалық дамыту дене шынықтыру және дене белсенділігі ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы тәрбиеленушілердің қызығушылықтары, қажеттіліктері, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы ойын түрінде түрлі балалар әрекетінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, біліктері мен дағдыларын және негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру.
Міндеттері:
негізгі қимыл түрлерін жетілдіру: жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдік сақтау;
жалпы дамытушы жаттығуларды, ұлттық, қимылды, саусақпен ойналатын ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;
салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру және құрдастарымен бірлесіп әрекет етуге дайындау.
Дене шынықтыру
Негізгі қимылдар:
Жүру. Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен, қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, бір-бірінің қолдарынан ұстап, аяқтың ұшымен жүру, шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, иректелген лентаның бойымен жүру.
Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) жіптің бойымен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге және т. б.): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу; заттардан ( биіктігі 10-15см): құрсаудан құрсауға аттап өту; тақтайдың үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттап жүру, орнында баяу айналу.
Жүгіру. Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу.
Еңбектеу, өрмелеу. Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен, доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан, әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Биіктігі 10 см, ауданы 50 х 50 см модульге өрмелеу.
Домалату, лақтыру. Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,5-1,5 м арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру; отырып және тұрып, түрлі заттардың астынан 0,5-1,5 м арақашықтыққа доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату.
Секіру. Бір орында тұрып қос аяқпен секіруге, алға қарай ұмтыла қос аяқпен затқа дейін (10-15 см) секіруге, 10-15 см биіктіктен секіруге, еденде жатқан секіргіштен, лентадан (қатар қойылған 2 арқаннан) аттап секіруге үйрету.
Жалпы дамытушы жаттығулар
Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.
Қолды алға, жоғары, екі жаққа көтеру; қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жаққа жазу. Қолды артқа қою; оларды бүгіп, жазу, қолды шапалақтау, қолдарды алға-артқа сермеу, саусақтарды бүгу және ашу.
Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.
Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп, оңға-солға бұрылу. Алға және екі жаққа еңкею. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу. Шалқасынан жатқан қалыпта аяқтарын көтеру және түсіру. Тізерлеп тұрып, өкшеге отыру және тұру.
Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар.
Орнында жүру. Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу. Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу. Аяқтың өкшесін алға қою. Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып).
Қимылды ойындар
Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру. Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру. Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру; аю сияқты қорбаңдап жүру және т. б.).
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау: шанаға отырып, төбешіктен сырғанауға, шананы жібінен сүйретуге, ойыншықтарды шанамен сырғанатуға үйрету;
Велосипед тебу: үш дөңгелекті велосипедке отыруға, одан ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсуге, ересектердің көмегімен және өзбетінше рөлді басқаруға үйрету;
Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.
Дербес қимыл белсенділігі
Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би және т.б.) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өзбетінше орындауға ықылас танытуға баулу.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру
Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.
Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек), киіміндегі олқылықты байқау және оны өзбетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою.
Үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып шайнау, тамақ ішкенде сөйлемеу, үстел басында дұрыс отыру.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары
Жыл бойы медицина қызметкерінің жетекшілігімен балалардың денсаулығы мен жергілікті жағдайлар ескеріліп, табиғи факторлар: ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру.
Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.
Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.
Шынықтыру шараларын өткізу кезінде балалардың денсаулық жағдайын ескеріп, жеке тәсілді жүзеге асыру.
Күтілетін нәтижелер:
әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап жүреді;
шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгертіп жүреді;
белгі бойынша тоқтап жүреді;
жүруде тепе-теңдікті сақтайды;
заттардың бойымен, астымен еңбектейді;
ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады;
спорттық жаттығуларды орындау техникасын біледі;
шананы жібінен сүйретеді, ойыншықтарды шанамен сырғанатады;
допты нысанаға лақтырады;
доптарды заттардың арасымен, бір-біріне домалатады;
жеке гигиенаның бастапқы дағдыларын меңгерген;
шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады;
қимылды ойындарды қуана ойнайды;
қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіреді;
бұрын меңгерген қимылдарды өзбетінше орындайды;
бетін, қолдарын өзбетінше жуады;
жеке заттарды қолданады;
белгілі бір ретпен киінеді және шешінеді;
үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет