Бағдарламасы Түсіндірме жазба



бет144/190
Дата09.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#100076
түріБағдарламасы
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   190
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

5-параграф. I-жартыжылдық

16. Сөйлеуді дамыту.


Оқыту және тәрбиелеу міндеттері.
Сөздік қор:
1) енжар сөздіктің жинақталуы;
2) сөйлеуді түсінуді дамыту;
3) өңделген сөйлеуді тыңдау және есту қабілеттерін қалыптастыру, сөйлеудің интонациялық жағын ажырату.
Жұмыс мазмұны.
Балаларға мыналарды үйрету:
ересек адамды тыңдау, онымен қарым-қатынас жасау;
өз атын түсіну;
дене және бет бөліктері, киім, аяқ киім, ыдыс-аяқ, тамақ өнімдері, гигиена заттары, үй және жабайы жануарлар атауларының мағынасын ойын тапсырмалары арқылы түсіну;
жыл мезгілдерінің кейбір белгілерін және олардың атауларын түсіну және ажырату;
қарапайым әрекеттер мен нұсқаулықтарды түсіну, өтініштерді орындау;
таныс тұрмыстық жағдайларды және олардың орындалуын көрсететін ойындағы қарапайым сюжеттік желілердің мағынасын түсіну;
түсін, пішінін, мөлшерін білдіретін әртүрлі заттардың негізгі тән белгілерін түсіну;
«Бұл кім?», «Бұл не?», «Бұл не істейді?»;
мазмұны бойынша қарапайым ертегілерді, әңгімелер мен тақпақтарды тыңдау және түсіну, оларға эмоционалды ден қою;
ересек адамның сөзіне еліктеуге ықпал ететін барлық жағдайлар мен мүмкін жағдайларды жасау.
Күтілетін нәтижелер:
ересек адамды тыңдайды;
байланысқа түседі;
өз атын түсінеді және еске алады;
оны қоршаған заттардың атауларын, бет пен дене бөліктерінің атауларын түсінеді;
іс-әрекеттің атауын түсінеді;
заттар мен олардың әрекеттеріне қатысты сұрақтардың мәнін түсінеді;
заттардың негізгі белгілерінің атауларын түсінеді;
қарапайым тапсырмаларды орындайды;
заттар мен әрекеттердің атауын олардың атауымен салыстырады;
мазмұны қарапайым ертегілерді, әңгімелер мен өлеңдерді тыңдайды және түсінеді;
ересек адамның сөзіне еліктеуге тырысады.
17. Көркем әдебиет.
Оқыту және тәрбиелеу міндеттері:
1) ойыншықтарды, кейіпкерлерді (қуыршақ театры, саусақ театры) және басқа да көрнекіліктерді қолдана отырып, өлеңдер, ертегілер, қысқа авторлық туындыларды (өлеңдер, әңгімелер) тыңдауға үйрету;
2) өлеңдер, ертегілер, қысқа авторлық шығармаларды (өлеңдер, әңгімелер) тыңдау кезінде балалардың эмоционалды қабылдауын және оларға қызығушылықты қалыптастыру;
3) балаларды таныс өлеңдер, ертегілер, қысқа авторлық шығармалар (өлеңдер, әңгімелер) мәтініне сәйкес келетін қарапайым ойын әрекеттерін орындауға үйрету;
4) балаларды шығарма кейіпкерлерімен таныстыру.
Жұмыс мазмұны.
Ойыншықтарды, кейіпкерлерді (қуыршақ театры, саусақ театры) және басқа да көрнекіліктерді қолдана отырып, балалардың өлеңдер, ертегілер, қысқа авторлық шығармаларды (өлеңдер, әңгімелер) тыңдау қабілетін дамыту;
Балаларға таныс өлеңдер, ертегілер, қысқа авторлық шығармалар (өлеңдер, әңгімелер) мәтініне сәйкес келетін қарапайым ойын әрекеттерін орындауға үйрету үшін жағдай жасау;
Балаларды бірнеше рет әңгімелеп немесе өлеңдер, ертегілер, қысқа авторлық шығармалар (өлеңдер, әңгімелер) оқығаннан кейін кейіпкерлерді тануға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
ойыншықтарды, кейіпкерлерді (қуыршақ театры, саусақ театры) пайдалана отырып және басқа да көрнекіліктермен тақпақтарды, ертегілерді, қысқа авторлық туындыларды (өлеңдер, әңгімелер) тыңдайды;
қуанышты сезінеді, әдеби шығармаларға эмоционалды жауап береді;
таныс өлеңдер, ертегілер, қысқа авторлық шығармалар (өлеңдер, әңгімелер) мәтініне сәйкес келетін қарапайым ойын әрекеттерін орындайды;
әдеби шығармалардың бір таныс кейіпкерін көрнекіліктерден (ойыншықтардан) таниды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет