Айы,күні: Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»



Дата25.11.2023
өлшемі20,25 Kb.
#126380

Айы,күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»
Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату.
Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту. Қимылдарды музыкаға ілесе орындауларын қадағалау. Музыка тыңдау арқылы күз көріністерін сезіне білуге үйрету. Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: дауысын дұрыс келтіріп, ән орындайды. Түсінеді: музыка сипатына сәйкес қимылдарды өзгерту.
Қолданады: музыкалық аспаптарда жеке және бүкіл топпен ойнайды. Қолданылатын көрнекті құралдар: күзгі бақтың суреттері, нота хрестоматиясы. Полилингвальді компонент: әуен – мелодия – melody.

ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі. Айналып, орнын ауыстырады.
2. Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (Е. Андосов).
Марш екпінімен тізені көтере адымдай басуды, бірге қимылдауды үйрету. Педагог балалармен күзгі серуен туралы әңгіме өткізеді.
Музыка тыңдау: «Қазан» (П. Чайковский).
Балаларға музыканы тыңдатып, күздің қандай құбылыстарын елестете алғанын сұрау. Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Ән айту: «Күзгі әуен» (А. Досмағанбет).
Педагог әнді орындайды. Әннің мазмұнына көңіл бөліп, күз көріністерін елестету, шумағын жәй, сабырмен орындау.
Үйренген «Балдырғандар әні» әнін (Г. Жотаева) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Шабандоздар биі» (үнтаспада «Жұмыр қылыш», «Билеп үйренейік» жинағынан). Би қимылдарын үйренуді жалғастыру, еске сақтауға үйрету.
Ойындар, хороводтар: Ән-ойын "Етек-етек" (Т. Сарыбаева).
Ойын шартын түсіндіріп, атрибуттарды пайдаланып ойнау. Қызығушылықтарын арттыру. Музыкалық аспапта ойнау: «Еркем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай). Балаларды музыкалық ұрмалы аспаптарында әуен ырғағымен еркін ойнауға үйретуді жалғастыру.
3. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
- Балалар, бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі ұнады?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет