Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту



бет24/190
Дата09.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#100076
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   190
Байланысты:
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту


Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы күн сайын ойын түрінде балалардың түрлі әрекеттерінде іске асырылады.
Мақсаты: тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, коммуникативтік-танымдық қабілеттерді, математикалық және логикалық ойлауды дамыту.
Міндеттері:
танымдық қызығушылықтарын, білуге құмарлықты, оқу әрекетіне қызығушылықты дамыту, мектепте оқуға ынтасын арттыру;
зейінді, есте сақтауды, бақылауды, зерттеуді, талдау жасай білуді, себеп салдарлық байланыстарды орнату, қорытынды жасауды дамыту;
балаларды зерттеу барысында жаңа ақпараттарды алуға, обьектілерге зерттеу жүргізу үшін өз әрекетінің алгоритмін жасауға баулу;
математикалық және интелектуалды-шығармашылық қабілеттіліктің алғышарттары көрінуіне ықпал ету.
Математика негіздері.
Жиын.
Жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден (түсі, өлшемі, пішіні, дыбысы, қимылы, қолданылуы бойынша заттардан) құру, жиындарды бөліктерге бөлу және оларды қайта біріктіру, бүтін жиын мен оның әр бөлігі арасында байланыс орнату, жиынның бөліктен үлкен екенін, бөліктің жиыннан кіші екенін, жиынның бөліктерін санау және элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасы негізінде салыстыру. «Бір» сөзінің мағынасы, ол тек бір затты ғана емес, сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретінде заттардың тобын білдіретінін түсіндіру.
Сан және санау.
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9, 10 сандарының пайда болуымен, 0 ден 9 дейінгі цифрмен таныстыру. «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарын ажырату, оларға дұрыс жауап беру.
10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару.
Теңдік туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі заттардан тұратын топтардың санын анықтау, топтарды санау және салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс жалпылау.
Заттардың саны олардың көлеміне, арасындағы қашықтыққа, пішінге, орналасуына, сондай-ақ санау бағытына байланысты емес екенін түсіндіру.
Шама.
Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын анықтай білу, заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыру. Шамасы бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану.
Заттарды әртүрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстыра білуге үйрету. Шартты өлшемнің көмегімен заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу және осы өлшемдер бойынша бірнеше заттарды салыстыру.
Беттестіру, тұстастыру және жұппен салыстыру тәсілдерін қолдана отырып, заттарды салыстыру, заттар тобынан 2-3 белгілері бойынша сәйкес келмейтін затты бөліп алу.
Геометриялық фигуралар
Шеңбермен және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақша пішінмен таныстыру. Геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, оларды ажырата білуге жаттықтыру.
Танымдық-зерттеушілік қызығушылықты, ойлауды, алдына қойылған міндетті шешуде не істеу, қалай істеу керек екенін түсінуге, күрделі формадағы заттарды өзбетінше зерттеуге мүмкіндік беру, қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды табу, олардың пішіндерін анықтау.
Пішіннің бір формасынан екіншісін қалай жасау керектігі туралы ұғымдарды дамыту, қағаз парағын тең және тең емес бөліктерге бөлу, бүтін мен бөлікті салыстыру, 8-10 бөліктерден пішіндерді жинап, құрастыру.
Кеңістікті бағдарлау.
Кеңістік туралы түсініктерді бекіту: заттарды кеңістікте орналастыру (сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде); қозғалыс бағыттары: сол жақтан оң жаққа, оң жақтан сол жаққа, жоғарыдан төменге, алға, артқа.
Сөйлеуде белгілі бір заттың өзіне немесе басқа затқа қатысты орнын көрсете білуге үйрету. Берілген бағытта, оны белгі бойынша өзгерте отырып, бағдарлауын қалыптастыру. Қағаз парағын бағдарлай білуді бекіту.
Уақытты бағдарлау. Әртүрлі оқиғалардың, апта күндерінің, тәулік бөліктерінің реті туралы білімді бекіту. Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау, циферблат бойынша уақытты анықтау.
Тәулік бөліктерінің ауысуын («кеше», «бүгін», «ертең»), оқиғалардың ретін («алдымен – содан кейін», «бұрын – кейінірек») анықтау.
Заттар мен құбылыстардың математикалық мәнін тануға қызығушылық пен эмоционалды көзқарасты, ойлау мәдениетін, таным процесін ерікті реттеу, шыдамдылық, ұқыптылық, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға баулу.
Нүктелерді, өрнектерді салуға, тік және көлбеу таяқшаларды, қисық және қиғаш сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден құрады;
жиындарды бөліктерге бөледі және оларды қайта біріктіреді;
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі;
«Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарын ажыратады, оларға дұрыс жауап береді;
теңсіздіктен теңдік немесе теңдіктен теңсіздік шығарады;
әртүрлі белгілері бойынша заттарды салыстыра алады (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы);
заттардың ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын анықтайды;
заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастырады;
заттарды салыстыруда беттестіру, қасына қою және жұппен салыстыру тәсілдерін қолданады;
геометриялық пішіндерді (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) ажыратады және атайды;
қоршаған ортадан геометриялық фигураларға ұқсас заттарды тауып, олардың пішіндерін анықтайды;
қағаз бетінде бағдарлай біледі, апта күндерін, жыл мезгілдері бойынша айларды ретімен атайды;
заттарды кеңістікте орналастырады, қозғалыс бағыттарын біледі;
пазлдарды жинайды, логикалық ойын тапсырмаларын орындайды;
түрлі сызықтарды салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет